Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/120 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 сәуірде № 7602 тіркелді.

Жаңартылған

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 № 18-03/624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Нысанбаев Е.Н.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мамытбеков

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 26 наурыздағы
№ 25-03-02/120 бұйрығымен
бекітілген

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру Қағидасы "Жануралар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Заңға сәйкес әзірленді және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру тәртібін айқындайды.

      2. "Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер", "Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер" құрметті атақтары (бұдан әрі – құрметті атақтар), "Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін", "Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін" төсбелгілері (бұдан әрі – төсбелгілер) және құрмет грамоталары:

      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне;

      2) Комитеттің қарамағындағы ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне;

      3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлеріне;

      4) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми қызметкерлерге;

      5) аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің қызметкерлеріне;

      6) аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қауымдастықтарының, сондай-ақ балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің қызметкерлеріне;

      7) аңшылық және балық шаруашылығының дамуына қомақты үлес қосқан басқа да адамдарға, оның ішінде зейнеткерлік жасқа толуына байланысты құрметті демалысқа шыққан адамдарға беріледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.06.2019 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Құрметті атақ аңшылық және балық шаруашылығы саласын дамытуға, жануарлар дүниесі объектілерін сақтауға және көбейтуге елеулі үлес қосқан, сондай-ақ лауазымдарда кемінде 15 жыл мінсіз және толассыз жұмыс істеген жоғары білікті мамандарға жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және ғылыми талдамаларды өндіріске енгізгені үшін беріледі.

      "Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер", "Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер" құрметті атақтар осы Қағиданың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес үлгілері бойынша белгілерімен атап өтіледі.

      4. Төсбелгілерімен осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген үміткерлер, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен көбейтуді қамтамасыз етуде елеулі табыстарға қол жеткізген, сондай-ақ лауазымдарда кемінде 10 жыл мінсіз және толассыз жұмыс істеген қызметкерлер жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және ғылыми талдамаларды өндіріске енгізгені үшін беріледі.

      5. Құрмет грамотасы саналы жұмысы, кәсіби шеберлігі, сала алдына қойылған міндеттерді шешуге жеке үлес қосқан және осы ұжымда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлер мен жұмыскерлерге, сондай-ақ жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін еңбек ұжымдарына беріледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 № 18-03/624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Құрметті атақтар,төсбелгілерін, және құрмет грамоталарын беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 № 18-03/624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беру жөніндегі ұсыныстарды қарау және оларды дайындау үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 № 18-03/624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Ведомстволық наградаға ұсыну немесе ұсынбау туралы шешімді Комиссия көпшілік дауыспен, ашық дауыс беріп қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      9. Марапаттаудың ресми мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады.

2. Төсбелгілердің және олармен марапатталған тұлғалардың
мәртебесі

      10. Төсбелгілер кеуденің оң жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан төмен тағылады.

      11. Қызметкердің еңбек кітапшасы мен жеке ісіне марапаттау туралы бұйрықтың күні мен нөмірі көрсетіліп, тиісті жазба жасалады.

3. Құрметті атақпен, төсбелгісімен және құрмет грамотасымен
беру тәртібі және оларды тапсыру

      12. Құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беруге ұсынымдарды Комитетке:

      1) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің;

      2) жергілікті мемлекеттік басқару органдарының;

      3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік мекемелері мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының;

      4) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдарының;

      5) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің;

      6) аңшылардың және аңшылық шаруашылық субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтары, сондай-ақ балықшылардың және балық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің басшылары ұсынады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.06.2019 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12-1. Құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беруге ұсынымдарды Комитет Министрлікке жолдайды.

      Ескерту. 12-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 № 18-03/624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13. Алып тасталды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.06.2019 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беруге ұсыным осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.06.2019 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беруге ұсынымдарды Комитет Министрлікке мерекелік, мүшелтойлық күндерге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей жібереді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 № 18-03/624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Қызметкерлер мен еңбек ұжымдарын ынталандырудың барлық түрін есепке алуды Комитеттің кадр қызметі жүзеге асырады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 № 18-03/624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Құрметті атақтарды, төсбелгілерін және олардың куәліктерін, сондай-ақ құрмет грамоталарын тапсыру Министр немесе басқа да лауазымды тұлғалар арқылы салтанатты жағдайда жүргізіледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 № 18-03/624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын тапсыру кезінде осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша құрметті атақтар, төсбелгілерін беруге және құрмет грамотасын тапсыруға хаттамалар толтырылады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 № 18-03/624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. "Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін", "Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін" төсбелгілерімен олардың куәліктері осы Қағидаға 6 және 7-қосымшаларда көрсетілген сипаттамаларға сәйкес жасалады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 № 18-03/624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Құрмет грамоталарын жасау осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 № 18-03/624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4. Қорытынды ережелер

      21. Құрметті атақтарды, сонымен қатар төсбелгілерін қайталап беру жіберілмейді.

      22. Төсбелгілер немесе Құрмет грамотасы жоғалған жағдайда көшірмелері берілмейді.

  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет
грамоталарын беру қағидасында
1-қосымша
  Үлгі

"Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер"
құрметті атағының төсбелгісі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 № 18-03/624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      "Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер" құрметті атағына төс белгі емен жапырақты екі бұтақтан өрілген сопақша венок пішінді. Бұтақтардың ұштарына төменгі жағынан лента оралған. Веноктың ортасында құрметті атақтың атауы жазылған өрнекті жазба орналастырылған. Жазбаның төбесінде – Қазақстан Республикасының елтаңбасы. Жазбаның астында терек жапырағы мен ұшып бара жатқан бүркіт бейнеленген. Белгінің сырт жағы дөңес. Барлық суреттер мен жазба бедерлі. Белгінің сыртқы жағында – киімге бекітетін винт. Белгінің мөлшері: биіктігі – 40 миллиметр, ені – 30 миллиметр, күмістен жасалады.

      Құрметті атақтың куәлігі

      Куәлік көлемі 100х70 миллиметр жасыл түсті бүктемелі кітапша түрінде жасалып, мундиор материалынан орындалады.

      Сыртқы бетінде ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі жағында мынадай жазба бар:

      Куәлік

      Удостоверение

      Ішкі сол жақ жапсырмада мынадай жазбалар бар:

      жоғарғы жағында – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті;

      Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      Куәлік №_____

      Удостоверение

      Парақ ортасында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің эмблемасы.

      Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:

      Құрметті атақ аңшылық және балық шаруашылығы саласын дамытуға, жануарлар дүниесі объектілерін сақтауға және көбейтуге елеулі үлес қосқан, сондай-ақ лауазымдарда кемінде 15 жыл мінсіз және толассыз жұмыс істеген жоғары білікті мамандарға жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және ғылыми талдамаларды өндіріске енгізгені үшін беріледі;

      "Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер" құрметті атағы берілді.

      Министр _____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)

      _____________________________________________________________________

      (марапатталған күні, айы, жылы)

      М.О.

  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет
грамоталарын беру қағидасында
2-қосымша
  Үлгі

"Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер"
құрметті атағына төсбелгісі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 № 18-03/624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      "Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер" құрметті атағына төсбелгісінің емен жапырақты екі бұтақтан өрілген көк түсті кестеленген формасы алтын сияқты жапсырылған.

      Қалқанын былайша бедерленіп салынған:

      Қазақстан Республикасының елтаңбасының жоғарғы бөлігі алтын түстес (сырт жағы дөңес);

      орта бөлігінде – "Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер" деген жазу – шрифты алтын түстес (сырт жағы дөңес);

      төменгі бөлігі – шеңбердің ішінде көк түсті толқын бейнеленген, оған шығып келе жатқан күн бейнеленген. Негізгі шеңберде "бекіре" балығы ирек жолақпен бейнеленген.

      Белгінің сыртқы жағында – киімге бекітетін винт.

      Белгінің мөлшері: биіктігі – 40 миллиметр, ені – 30 миллиметр, күмістен жасалады.

      Құрметті атақтың куәлігі

      Куәлік көлемі 100х70 миллиметр жасыл түсті бүктемелі кітапша түрінде жасалып, мундиор материалынан орындалады.

      Сыртқы бетінде ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі жағында мынадай жазба бар:

      Куәлік

      Удостоверение

      Ішкі сол жақ жапсырмада мынадай жазбалар бар:

      жоғарғы жағында – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

      Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      Куәлік № _____

      Удостоверение

      Парақ ортасында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің эмблемасы.

      Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:

      Құрметті атақ аңшылық және балық шаруашылығы саласын дамытуға, жануарлар дүниесі объектілерін сақтауға және көбейтуге елеулі үлес қосқан, сондай-ақ лауазымдарда кемінде 15 жыл мінсіз және толассыз жұмыс істеген жоғары білікті мамандарға жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және ғылыми талдамаларды өндіріске енгізгені үшін беріледі.

      Министр _____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)

      _____________________________________________________________________

      (марапатталған күні, айы, жылы)

      М.О.

  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет
грамоталарын беру қағидасына
3-қосымша

      Нысан

Құрметті атақтар, төсбелгілер және Құрмет грамоталарын беруге
ұсыным

      ____________________________________________________________________

      (республика, облыс, аудан)

      ____________________________________________________________________

      1. Тегі, аты, әкесінің аты _________________________________________

      ____________________________________________________________________

      2. Туған күні ______________________________________________________

      (күні, жылы)

      3. Туған жері ______________________________________________________

      (республика, облыс, қала, аудан, село)

      ____________________________________________________________________

      4. Ұлты ____________________________________________________________

      5. Жынысы __________________________________________________________

      6. Білімі __________________________________________________________

      (оқу орнының атауы, бітірген жылы)

      7. Білімі бойынша мамандығы ________________________________________

      8. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ___________________________________

      ____________________________________________________________________

      9. Жұмыс орны және атқаратын қызметі _______________________________

      ____________________________________________________________________

      10. Қандай мемлекеттік наградалармен марапатталған және марапатталған

      күні _______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      11. Мекенжайы ______________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      12. Жалпы жұмыс өтілі ______________________________________________

      13. Саладағы жұмыс өтілі ___________________________________________

      14. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі _______________________________

      15. Марапаттауға ұсынылып отырған тұлғаның сіңірген нақты еңбегі

      көрсетілген мінездемесі ____________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      16. Кандидатура жұмыс орны бойынша ұсынылды (20___ жылғы "___"

      ___________ № ____ хаттама)

      ____________________________________________________________________

      (награданың түрі)

      марапаттауға ұсынылады.

      Басшы ______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты және қолы)

      ____ жылғы "___" ____________

      (мөр орны)

      Жануарлар дүниесін қорғау,

      өсімін молайту және пайдалану

      саласында құрметті атақтар,

      төсбелгілер және құрмет

      грамоталарын беру қағидасында

      4-қосымша

      Нысан

Құрметті атақ беру төсбелгілерімен марапаттау мен
құрмет грамоталарын тапсыру хаттамасы

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 № 18-03/624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _____________________________________________________________________

      (қаланың (селоның) атауы, тапсырылған күні, айы, жылы)

      Мен, ________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрінің тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 20___жылғы

      "____"_____________ № ____ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі атынан:_________________________________

      _____________________________________________________________________

      (марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және

      лауазымы)

      _____________________________________________________________________

      __________________________________________________________ тапсырдым.

      Министр: ____________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы және

      министрліктің мөрі)

      Комиссия хатшысы_____________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)

      Марапатталған тұлғаның (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      қолы):

      _____________________________________________________________________

      Жануарлар дүниесін қорғау,

      өсімін молайту және пайдалану

      саласында құрметті атақтар,

      төсбелгілер және құрмет

      грамоталарын беру қағидасына

      5-қосымша

Құрметті атақ беру және төсбелгілерімен марапаттау мен
Құрмет грамоталарын тапсыру хаттамасы

      Ескерту. 5-қосымша алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 № 18-03/624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Жануарлар дүниесін қорғау,

      өсімін молайту және пайдалану

      саласында құрметті атақтар,

      төсбелгілер және құрмет

      грамоталарын беру қағидасында

  6-қосымша

      Нысан

"Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін"
төсбелгісінің сипаттамасы

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 № 18-03/624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      Төсбелгісі диаметрі 34 миллиметр металл шеңбер (бұдан әрі – шеңбер) болып табылады, онда стильді үш элемент: терек жапырағы, ұшып бара жатқан бүркіт және су бейнеленген, оның ішінде ақ түсте "Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" деген бедерлі жазу бар.

      Терек жапырағы орманды бейнелейді және терек жапырағының бейнесі Қазақстанның бүкіл аумағында өсетін теректі білдіреді.

      Ұшып бара жатқан бүркіт Қазақстанның жануарлар дүниесін бейнелейді, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің сақталуына бақылауды білдіреді.

      Су тамшысы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өмірінің негізін, сондай-ақ ормандардың су қорғау рөлін білдіреді.

      Шеңбер тартпа мен сақинаның көмегімен мөлшері 55х34 миллиметр қалыпқа бекітілген, ол жасыл матамен керілген, алтын түсті жолақтары бар алтын жиектемемен көмкерілген.

      Құрметті төсбелгісі мыс – никель құймасынан жасалады.

      Төсбелгінің сыртында (реверс) тіркеу нөмірі ойылған.

Төсбелгісі куәлігінің сипаттамасы

      "Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" төсбелгісінің куәлігі бүктемелі кітапша түрінде тығыз қағаздан жасалған.

      Бланкінің бүктелген күйіндегі мөлшері 75х110 миллиметр.

      Ашық күйінде сол жақ бетінде төсбелгісінің бейнесі орналасқан.

      Ашық күйінде оң жағында жоғарғыда "№ ____ КУӘЛІК" деген жазу бар, оның астында марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) жазылатын орын бар, ал одан кейін:

      "Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" төсбелгісімен марапатталады" деп жазылған.

      Төменде:

      "20___ жылғы "___"_____________ №____ бұйрық"

      Төмендегі мәтін:

      "Министр"

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)

      (мөр орны)

  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет
грамоталарын беру қағидасында
7-қосымша
  Үлгі

"Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін"
төсбелгісінің сипаттамасы

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 № 18-03/624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      Латуннан жасалған және диаметрі 34 миллиметр дұрыс металл шеңбер.

      Төсбелгісінің сырт жағында ортада шеңбер орналасқан. Шеңбердің ішінде үстінде шығып келе жатқан күн бейнеленген су айдынын білдіретін көгілдір түсті толқындар салынған. Шеңбердің бетінде ирек сызықтар астында "бекіре" балығы бейнеленген.

      Шеңберді айнала "Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін" деп жазылған.

      Сырт жағында шеңбер бейнеленген, оның ортасында "ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті" деп және одан төмен сызық астында "№ және сегіз санды нөмірден тұратын белгіден тұратын төсбелгісінің реттік нөмірі жазылған.

      Белгі құлақша мен сақинаның көмегімен бес бұрышты тартпаға қосылған, ол латуннан жасалып, ені 32 миллиметр, ұзындығы 50 миллиметр сарытүсті 3 жолақпен Қазақстан Республикасының жалауы түстес жібек муарлы лентамен көмкерілген.

      Төсбелгісіндегі барлық бейнелер мен жазбалар бедерлі.

      Белгі түйреуішпен киімге бекітіледі.

Төсбелгісі куәлігінің сипаттамасы

      "Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметіүшін" төсбелгісінің куәлігі бүктемелі кітапша түрінде тығыз қағаздан жасалған.

      Куәліктің бүктелген күйіндегі көлемі 75х110 миллиметр.

      Сыртқы бетінде ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі жағында мынадайжазба бар:

      Куәлік

      Удостоверение

      Ашық күйінде сол жақ бетінде төсбелгісінің бейнесі орналасқан.

      Ашық күйінде оң жағында жоғарғыда "№ ____ КУӘЛІК" деген жазу бар, оның астында марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты жазылатын орын бар,(бар болған жағдайда), ал одан кейін:

      "Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін" төсбелгісімен марапатталады" деп жазылған.

      Төменде:

      "20___ жылғы "___"_____________ №____ бұйрық"

      Төмендегі мәтін:

      "Министр"

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)

      (мөр орны)

  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет
грамоталарын беру қағидасында
8-қосымша
  Үлгі

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.06.2019 № 238 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



 


 

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ
____________________________
_____________________________
______________________________
М А Р А П А Т Т А Л А Д Ы
Министр
Нұр-Сұлтан 20__жыл

Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан
ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА
Н А Г Р А Ж Д А Е Т С Я
_______________________________
_______________________________
_______________________________
Министр
Нур-Султан 20__ год

     

  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет
грамоталарын беру қағидасына
9-қосымша

      Ескерту. 9-қосымша алып тасталды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.07.2015 № 18-03/624 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.