Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 16 сәуірде № 7586 тіркелді

Қолданыстағы

      «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтары күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Имашев

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникациялар
      министрі
      ______________ А. Жұмағалиев
      2012 жылғы 28 наурыз

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің  
2012 жылғы 28 наурыздағы
№ 131 бұйрығына   
1 қосымша      

Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке және тіркеудің өзге де объектілерінде қазіргі бар және тоқтатылған құқықтар, жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары, құқық иелері туралы ақпаратты ұсыну тәртібін белгілейді (бұдан әрі - Ақпарат).
      2. Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы ақпаратты ұсыну тегін негізде жүзеге асырылады.
      3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) тіркеуші орган - мемлекеттік тіркеуді жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша жүзеге асыратын аумақтық әділет органдары;
      2) құқықтық кадастрдан мәліметтер - құқықтық кадастрда қамтылған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілері туралы ақпарат және тіркеуші орган ұсынатын тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелері;
      3) Халыққа қызмет көрсету орталығы - жеке және (немесе) заңды тұлғаларға «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсетілуін ұйымдастыруды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын.
      4. Мемлекеттік құпияларға жататын ақпараттарды беру Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңымен бекітілген нормаларын сақтай отырып жүзеге асырылады.
      5. Құқық иесін сәйкестендіретін мәліметтерді (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және туған күні, заңды тұлғаның атауы мен тіркеу нөмірі) қоспағанда, азаматтар (дербес деректер) және басқа құқық иелері туралы ақпаратты ашатын мәліметтер берілмейді.
      6. Осы Ереженің 11-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, ақпараттар жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - өтініш беруші) жылжымайтын мүліктің нақты бір объектісі бойынша ғана ұсынылады.

2. Ақпаратты ұсынудың тәртібі

      7. Жеке және заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы ақпараттарды беру құқықтық кадастрдан (бұдан әрі - Сауал) жеке және заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтар) мемлекеттік тіркеу туралы ақпаратты алу жазбаша сауалдары негізінде осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
      Іс жүргізуінде қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша құқық қорғау, сот және атқарушы органдар, салық органдары, адвокаттар нотариустар, мұрагерлер, банкроттық рәсіміндегі конкурстық және оңалту басқарушыларының, сырттай байқау әкімшісі, қорғаншы және қамқоршы органдардың құзырларына сәйкес жазбаша өтініш жасаған жағдайларда, хатта талап етілген ақпарат негізі, сондай-ақ сұралатын ақпараттардың пайдалану мақсаты және сұралатын субъектілердің мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және жеке тұлғаның ЖСН бар болған жағдайда; заңды тұлғаның атауы және БСН бар болған жағдайда) көрсетіледі.
      8. Құқық қорғау, сот және салық органдардың, сонымен қорғаншы  және қамқоршы органдардың өкілеттігінің құзыреті ресми бланкісінде басылған және мөрмен куәландырылған ақпарат алуға жазбаша сұрау хат ұсынуымен расталады.
      Конкурстық және оңалту басқарушыларының, сырттай байқау әкімшісінің құзыреті дәрменсіз борышкерлерді банкроттық тану туралы шығарылған соттың шешімі, сырттай байқау енгізу туралы сот ұйғарымы және конкурстық немесе оңалту басқарушылардың, сырттай байқау әкімшісінің тағайындау туралы банкроттық саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен расталады.
      Мұрагерлердің жылжымайтын мүлікке мұра берушіге тіркелген құқықтар туралы ақпарат алуға өкілеттігі мұраға құқығы туралы куәлікпен немесе мүліктік емес құқықтардан тұратын мұраға құқығы туралы куәлікпен расталады.
      9. Тіркеуші орган өтініш берушінің сауал салуының негізінде ақпарат алуға сұрау салу берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ақпарат беруге тиіс.
      10. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат:
      1) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар.
      Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамада нақты жылжымайтын мүлік объектісіне қазіргі кезде бар құқықтар (ауыртпалықтар) көрсетіледі;
      2) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар.
      Жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамасында жеке және заңды тұлғаларға жататын (соның ішінде иелігінен шығарылған) жылжымайтын мүлік объектілерінің барлық мәліметтері көрсетіледі;
      3) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иесі) туралы мәліметті қамтитын техникалық паспортқа қосымша;
      4) жылжымайтын мүлік объектісінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда тіркеуші органдар растаған тіркеу істері құжаттарының көшірмелерін беру түрінде жүзеге асырылады.
      11. Құқықтық кадастрдың тіркеу ісінде тұрған құжаттардың көшірмелері Заңның 17-бабы 2-тармағына сәйкес ұсынылады.
      Ереженің 10-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген ақпарат  құқық иесінің (уәкілетті өкілдің), құқық қорғау, сот органдарының, іс жүргізіліп жатқан қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот орындаушыларының, салық органдарының, адвокаттардың, нотариустардың, мұрагерлердің, банкроттық рәсімдеріндегі конкурстық және оңалтушы басқарушылардың, сырттай байқау әкімшісінің, қорғаншы және қамқоршы органдардың сауалдары бойынша беріледі.
      Ереженің 10-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген ақпарат жылжымайтын мүліктің меншік иесіне (құқық иесіне) ұсынылады.
      12. Ақпараттық қызметтер нысандарында қамтылған деректер берілген сәтінде жарамды болып табылады.
      13. Құқықтық кадастрдан қағаз жеткізушіде ақпарат алуға сауал, оған қоса берілген өтініш берушінің құжаттары және ақпараттық анықтаманың екінші данасы тіркеуші органның мұрағатында сауал берілген күннен бастап екі жыл бойы сақталады.
      14. Құқықтық кадастардан ақпарат электрондық түрде Халыққа қызмет көрсету орталығынан (бұдан әрі - Орталық) немесе өтініш иесінің электрондық қолтаңбасы бар болған жағдайда Интернет-ресурс арқылы «электрондық үкімет» порталынан «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» Мемлекеттік деректер қоры» (бұдан әрі - «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ) ақпараттық жүйесін пайдаланып беріледі.
      15. Орталық өтініш иесінің сауалының негізінде «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ-дан ақпаратты сауал келіп түскен сәттен бастап 20 минут ішінде электрондық түрде ұсынады. Осы ереженің 10-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін, өтініш беруші осы ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалға қол қояды.
      16. Электрондық құжат нысанындағы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат ұсыну тегін негізде жүзеге асырылады.
      17. Электрондық ақпараттық қызмет көрсету нысандарында қамтылған деректер қызмет көрсетуді ұсыну сәтінде жарамды болып табылады.
      18. Құқықтық кадастрдан электронды түрде ақпарат алуға сауал  және өтініш берушінің оған қоса берілген құжаттары Орталық мұрағатында сауал берілген күннен бастап екі жыл бойы сақталады.
      19. «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ-дан электрондық құжат түрінде берілген ақпарат ресми және тіркеуші орган ұсынатын ақпаратпен тең ақпарат болып табылады.
      20. «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ-нан «электрондық үкімет» порталын пайдаланып Интернет-ресурс арқылы ақпарат ұсыну кезінде, электрондық құжат жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
      Егер ақпаратты бірнеше тіркеуші органдар ұсынса, онда электрондық құжат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
      21. Тіркеуші орган мынадай:
      1) тиісті емес тұлға жүгінген;
      2) құжаттар толық ұсынылмаған;
      3) құжаттар тиісті түрде рәсімделмеген жағдайларда ақпаратты беруден бас тартады.
      Осындай жағдайларда, тіркеуші орган өтініш берушіге бас тарту себебін көрсетіп жазбаша дәлелді хабарлама жолдайды.

Құқықтық кадастрдан ақпарат
ұсыну ережесіне     
1-Қосымша         

Нысан   

____________________________________________________________________
   (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)

Құқықтық кадастардан жылжымайтын мүлікке құқықтарды
(құқықтық ауыртпалықты) мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат алуға
сауал № ________________

Мен, _______________________________________________________________
          (Т.А.Ә., паспорт деректері (жеке куәлігінің деректері)
____________________________________________________________________
                  және жеке тұлғаның тұратын жері,
____________________________________________________________________
         заңды тұлғаның атауы және деректемелері)
__________________________________________________________ негізінде
     (өкілеттігін куәландыратын құжатының деректері)
________________________________________________ атынан әрекет етуші
         (уәкілетті өкіл толтырылады)

Маған беруіңізді сұраймын: керегіне белгі қою
      - жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы;
      - жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы;
      - жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иесі) туралы мәлімет қамтылған техникалық паспортқа қосымша;
      - жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда тіркеуші орган растаған тіркеу істері құжаттарының көшірмесін.

Жылжымайтын мүлік объектісінің түрі ________________________________
Объектінің тұрған жері _____________________________________________
Мына құжаттарды қоса беремін:
____________________________________________________________________
Күні _____, ________________________________/_______________________
       (өтініш берушінің/уәкілетті өкілдің Т.А.Ә. және қолы)
____________________________________________________________________
           (өтінішті қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі: _________________________________
тексерілді: күні _________ 20____ ж.
____________________________________________________________________
                    (маманның Т.А.Ә. және қолы)

      Ескертпе:
      Сауалда арыз берушінің мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда), құжат мәліметтері, жеке басын растайтын төлқұжат деректер, жеке тұлғаның тұрған жері, заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда) және деректемелері, берілетін ақпараттар түрі, жылжымайтын мүлік объектісінің түрі, мекенжай, нақты жылжымайтын мүлік объектісіне ақпарат алу үшін кадастрлік нөмір көрсетіледі.

Құқықтық кадастрдан ақпарат
ұсыну ережесіне     
2-Қосымша        

Нысан 

____________________________________________________________________
   (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама

№ _________                                   «___» __________ ___ ж.

Берілді ____________________________________________________________
          (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жеке тұлғаның ЖСН;
____________________________________________________________________
  заңды тұлғаның атауы және БСН, өкілінің тегі, аты, әкесінің аты)

      жылжымайтын мүліктің мына объектілеріне растама:

Жылжымайтын мүліктің түрі

Кадастрлық нөмірі

Нысаналы мақсаты (жоспары бойынша литер)

Мекен-жай, мекен-жайдың тіркеу коды (бар болған жағдайда

Құрамдарының саны

Қабат саны, қабаты

Жалпы ауданы, көлемі, ұзындығы

Пайдалы алаңы

Бөлінуі (ЖУ)

Ескертпе











      1) құқығы тіркелді:

Құқықтық түрі

Мазмұны

Құқық иесі

Ортақ меншік нысаны, үлесі

Құқықтың туындау негіздемесі

Тіркелген күні, уақыты







      2) құқықтық ауыртпалығы тіркелді:

Ауыртпалықтың түрі

Мазмұны

Құқық иесі немесе уәкілетті орган (мүдделі тұлға)

Ортақ меншік нысаны, үлесі

Ауыртпалықтың пайда болуының негіздемесі

Тіркелген күні, уақыты







      3) жылжымайтын мүлікке құқықтардың немесе құқықтық ауыртпалықтардың туындауына әкеп -, соқтырмайтын заңдық талаптар және мәмілелер тіркелді:

Заңдық талаптар және мәмілелер

Мазмұны

Өтініш беруші (мүдделі тұлға)

Туындау негіздемесі

Тіркелген күні, уақыты






      Орындаушы: ____________ _____________________________
                     (қолы)     (тегі, аты, әкесінің аты)

      Бөлім бастығы: ___________ __________________________
                        (қолы)    (тегі, аты, әкесінің аты)

      Басшысы: _________________ __________________________
                     (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты)

      М.О.

_____________________________________________________________________
Ескертпе: Анықтамада қамтылған мәліметтер берілген сәтінде жарамды болып табылады.

Құқықтық кадастрдан ақпарат
ұсыну ережесіне     
3-қосымша        

Нысан 

_____________________________________________________________________
   (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)

Жылжымайтын мүлкінің бар (жоқ) екендігі туралы
анықтама

№ ________                                     «___» _________ ____ж.

Берілді _____________________________________________________________
         (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және ЖСН;
____________________________________________________________________,
заңды тұлғаның атауы және БСН, оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________ тұлғаға
(жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және ЖСН)
_____________________________________________________________________
                 заңды тұлға үшін - атауы және БСН)

Тіркелді:
      1) Мекен-жайда орналасқан жылжымайтын мүлікке құқық:
_____________________________________________________________________
    (мекен-жай, мекен-жайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)

Жылжымайтын мүлік объектісі (объект түрі, нысаналы мақсаты, кадастрлық нөмірі)


құқықтың түрі, меншік нысаны (дара немесе жалпы, үлес)


Құқықтың пайда болу негізі, тіркеу күні  және уақыты


Тіркелген ауыртпалықтардың болуы (ауыртпалықтың түрі, мүдделі тұлға, ауыртпалықтың туындау негізі, тіркеу күні және уақыты)


Жылжымайтын мүлікке құқықтардың немесе құқықтық ауыртпалықтардың туындауына әкеп соқтырмайтын заңдық талаптар мен мәмілелердің тіркелуі


      2) Мекен-жайда орналасқан жылжымайтын мүлікке құқық:

___________________________________________________________________
     (мекен-жай, мекен-жайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)
      .........

      Бұрын осы тұлғаға тіркелген:
      1) Мекен-жайда орналасқан жылжымайтын мүлікке құқық:
___________________________________________________________________
     (мекен-жай, мекен-жайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)

Жылжымайтын мүлік объектісі (объект түрі, нысаналы мақсаты, кадастрлық нөмірі)


Құқықтың түрі, меншік нысаны (дара немесе жалпы, үлес)


Құқықтың пайда болу негізі, тіркеу күні  және уақыты


Құқықтың тоқтату негізі, тіркеу күні және уақыты


      2) Мекен-жайда орналасқан жылжымайтын мүлікке құқық:

____________________________________________________________________
    (мекен-жай, мекен-жайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)
      ..........

      Орындаушы: _________ _________________________________
                   (қолы)      (тегі, аты, әкесінің аты)

      Бөлім бастығы: ___________ ___________________________
                        (қолы)    (тегі, аты, әкесінің аты)

      Басшысы: ________________ ____________________________
                    (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты)

      М.О.

____________________________________________________________________
Ескертпе: анықтамада қамтылған мәліметтер берген сәтінде жарамды болып табылады.

Құқықтық кадастрдан ақпарат
ұсыну ережесіне     
4-қосымша        

Нысан 

Жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иесі) туралы мәліметті
қамтитын техникалық паспортқа қосымша

№ _______                                      «___» _________ ____ж.

1. Кадастр нөмірі __________________________________________________
2. Жылжымайтын мүлік объектінің мекен-жайы _________________________
3. Меншік иесі (құқық иесі) ________________________________________
____________________________________________________________________
4. Құқықтың пайда болу негіздері ___________________________________
____________________________________________________________________
5. Тіркелген күні __________________________________________________

Маман (тіркеуші): ______________________
                         (қолы)

Бөлім бастығы: _________________________
                        (қолы)

Басшысы: ________________________                 М.О.
                (қолы)

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің  
2012 жылғы 28 наурыздағы
№ 131 бұйрығына   
2 қосымша      

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір күшін жойған
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1) «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 239 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4926 тіркелген, 2007 жылғы 19 қазандағы № 161 «Заң газетінде» жарияланған);
      2) «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 239 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 330 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5391 тіркелген, 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 195 (1595) «Заң газетінде» жарияланған);
      3) «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 239 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 20 ақпандағы № 18 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5555 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2009 жыл, № 4 жарияланған).