"Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы N 239 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2008 жылғы 3 желтоқсандағы N 330 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 9 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5391 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 Бұйрығымен

      "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына , "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне 2008 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Алматы қаласы бюджетінің дамуына нысаналы трансферттер түрінде "Ақпараттық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін ПС 110/10 кВ N 16 "Новая" және ВЛ 110 кВ (220 кВ көлемінде) N 118 екінші тізбектің аспасы құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 125000000 (бір жүз жиырма бес миллион) теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов