Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 131 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 16 сәуірде № 7586 тіркелді

Жаңартылған

      «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтары күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Имашев

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасының
      Көлік және коммуникациялар
      министрі
      ______________ А. Жұмағалиев
      2012 жылғы 28 наурыз

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің  
2012 жылғы 28 наурыздағы
№ 131 бұйрығына   
1 қосымша      

Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке және тіркеудің өзге де объектілерінде қазіргі бар және тоқтатылған құқықтар, жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары, құқық иелері туралы ақпаратты ұсыну тәртібін белгілейді (бұдан әрі - Ақпарат).
      2. Құқықтық кадастрдан жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы ақпаратты ұсыну тегін негізде жүзеге асырылады.
      3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) тіркеуші орган - мемлекеттік тіркеуді жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша жүзеге асыратын аумақтық әділет органдары;
      2) құқықтық кадастрдан мәліметтер - құқықтық кадастрда қамтылған жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілері туралы ақпарат және тіркеуші орган ұсынатын тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелері;
      3) Халыққа қызмет көрсету орталығы - жеке және (немесе) заңды тұлғаларға «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсетілуін ұйымдастыруды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорын.
      4. Мемлекеттік құпияларға жататын ақпараттарды беру Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңымен бекітілген нормаларын сақтай отырып жүзеге асырылады.
      5. Құқық иесін сәйкестендіретін мәліметтерді (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және туған күні, заңды тұлғаның атауы мен тіркеу нөмірі) қоспағанда, азаматтар (дербес деректер) және басқа құқық иелері туралы ақпаратты ашатын мәліметтер берілмейді.
      6. Ескерту. 6-тармақ алынып тасталды - ҚР Әділет министрiнiң 2012.10.18 351 (бастапқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

2. Ақпаратты ұсынудың тәртібі

      7. Жеке және заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы ақпараттарды беру құқықтық кадастрдан (бұдан әрі - Сауал) жеке және заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқық ауыртпалықтар) мемлекеттік тіркеу туралы ақпаратты алуға жазбаша сауалдары негізінде осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
      Құқық қорғау, сот органдарының өндірістегі қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша, сот орындаушыларының өндірісіндегі атқарушылық құжат бойынша, мемлекеттік кіріс органдарының, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының олардың құзыретіне сәйкес жазбаша өтініш жасаған жағдайларда, хатта талап етілген ақпарат негізі, сұралатын ақпараттарды пайдалану мақсаты, сондай-ақ сұралатын субъектілердің деректері (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және жеке тұлғаның ЖСН, заңды тұлғаның атауы және БСН) көрсетіледі.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.02.2015 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Құқық қорғау, сот органдары өкілдерінің, сот орындаушыларының, мемлекеттік кіріс органдарының, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілеттігі ресми бланкіде басылған және мөрмен куәландырылған ақпарат алуға жазбаша сұрау хатты ұсынумен расталады.
      Адвокаттың нақты істі жүргізуге өкілеттігі заң консультациясы немесе адвокат кеңсесі, ал ол өз қызметін заңды тұлғаны тіркемей жеке жүзеге асырған кезде адвокаттар алқасының төралқасы берген ордермен куәландырылады.
      Уақытша, банкроттық және оңалту басқарушыларының өкілеттігі соттың борышкерді дәрменсіз деп тану туралы шешімімен және сыртқы бақылауды енгізу туралы ұйғарымымен және банкроттық саласындағы уәкілетті органның уақытша, банкроттық және оңалту басқарушыларын тағайындау туралы бұйрығымен расталады.
      Мәжбүрлі таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушы) өкілеттігі тарату комиссиясының құрамын тағайындау туралы бұрығымен және тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхатпен расталады.
      Мұрагерлердің жылжымайтын мүлікке мұра берушіге тіркелген құқықтары туралы ақпарат алуға өкілеттігі мұраға құқығы туралы куәлікпен немесе мүліктік емес құқықтардан тұратын мұраға құқығы туралы куәлікпен расталады.
      Кондоминиум объектісі қатысушының өкілеттігі құқық белгілейтін құжатты не кондоминиумның осы қатысушысына меншік құқығының негізінде жататын жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісіне құқық белгілейтін құжатының нотариалды куәландырылған көшірмесін немесе кондоминиум қатысушыларының жалпы жиналысының кондоминиум қатысушылары өкілдерінің өкілеттігін растайтын хаттамасын ұсынумен расталады.
      Өзге тұлғалардың өкілеттігі құқық иесінің жазбаша нотариалды куәландырылған келісімімен расталады.
      Кондоминиум объектісі қатысушыларына жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама ғана беріледі.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.02.2015 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Тіркеуші орган құқық қорғау, сот органдарының өндірістегі қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша, сот орындаушыларының өндірісінде атқарушылық құжат бойынша, мемлекеттік кіріс органдарының, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының ақпарат алуға сұрау салу берілген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей ақпарат береді.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.02.2015 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат төмендегі анықтамаларды беру түрінде жүзеге асырылады:
      1) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар.
      Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамада жылжымайтын мүліктің нақты объектісіне бар құқық (ауыртпалық) көрсетіледі;
      2) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар.
      Жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамада бұрын осы жылжымайтын мүлік объектісіне құқықтары тіркелген барлық жеке және заңды тұлғалар туралы мәліметтер көрсетіледі;
      3) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамалар.
      Жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтамада жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі жылжымайтын мүлік объектілері туралы барлық мәліметтер (оның ішінде иеліктен айырылған) көрсетіледі;
      4) осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иеленушісі) туралы мәліметте қамтитын техникалық паспортқа қосымша;
      5) жылжымайтын мүлік объектісінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда тіркеуші орган куәландырған тіркеу ісі құжатының көшірмелері.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрiнiң 2012.10.18 351 (бастапқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      11. Ереженің 10-тармағында көрсетілген ақпарат Заңның 17-бабының 2 және 3 тармақтарына сәйкес беріледі.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрiнiң 2012.10.18 351 (бастапқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      12. Ақпараттық қызметтер нысандарында қамтылған деректер берілген сәтінде жарамды болып табылады.
      13. Құқықтық кадастрдан қағаз жеткізушіде ақпарат алуға сауал, оған қоса берілген өтініш берушінің құжаттары және ақпараттық анықтаманың екінші данасы тіркеуші органның мұрағатында сауал берілген күннен бастап екі жыл бойы сақталады.
      14. Құқықтық кадастардан ақпарат электрондық түрде Халыққа қызмет көрсету орталығынан (бұдан әрі - Орталық) немесе өтініш иесінің электрондық қолтаңбасы бар болған жағдайда Интернет-ресурс арқылы «электрондық үкімет» порталынан «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» Мемлекеттік деректер қоры» (бұдан әрі - «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ) ақпараттық жүйесін пайдаланып беріледі.
      15. Орталық өтініш иесінің немесе уәкілетті өкілінің, адвокаттың, уақытша, банкроттық және оңалту басқарушыларының, тарату комиссиясының (таратушы), кондоминиум объектісі қатысушысының сауалының негізінде «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ-дан ақпаратты сауал келіп түскен сәттен бастап 20 минут ішінде электрондық түрде ұсынады. Осы ереженің 10-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды алғанға дейін, өтініш беруші осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалға қол қояды.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.02.2015 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16. Электрондық құжат нысанындағы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат ұсыну тегін негізде жүзеге асырылады.
      17. Электрондық ақпараттық қызмет көрсету нысандарында қамтылған деректер қызмет көрсетуді ұсыну сәтінде жарамды болып табылады.
      18. Құқықтық кадастрдан электронды түрде ақпарат алуға сауал  және өтініш берушінің оған қоса берілген құжаттары Орталық мұрағатында сауал берілген күннен бастап екі жыл бойы сақталады.
      19. «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ-дан электрондық құжат түрінде берілген ақпарат ресми және тіркеуші орган ұсынатын ақпаратпен тең ақпарат болып табылады.
      20. «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» МДҚ-нан «электрондық үкімет» порталын пайдаланып Интернет-ресурс арқылы ақпарат ұсыну кезінде, электрондық құжат жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша тіркеуші органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Ақпаратты бірнеше тіркеуші органдар ұсынған жағдайда, электрондық құжат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.02.2015 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      21. Тіркеуші орган мынадай:
      1) тиісті емес тұлға жүгінген;
      2) құжаттар толық ұсынылмаған;
      3) құжаттар тиісті түрде рәсімделмеген жағдайларда ақпаратты беруден бас тартады.
      Осындай жағдайларда, тіркеуші орган өтініш берушіге бас тарту себебін көрсетіп жазбаша дәлелді хабарлама жолдайды.

Құқықтық кадастрдан ақпарат
ұсыну ережесіне     
1-Қосымша         

Нысан   

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.02.2015 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

_____________________________________________________________________
      (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)

      Құқықтық кадастардан жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтық
ауыртпалықты) мемлекеттік тіркеу туралы ақпарат алуға сауал №_________

Мен,_________________________________________________________________
   (Т.А.Ә., паспорт деректері (жеке куәлігінің деректері және жеке
тұлғаның тұратын жері, заңды тұлғаның атауы және деректемелері)
__________________________________________________атынан әрекет етуші
      (уәкілетті өкіл толтырылады)
____________________________________________________________негізінде
      (өкілеттігін куәландыратын құжатының деректері)
Маған беруіңізді сұраймын: керегіне белгі қою
      - жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтаманы;
      - жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтаманы;
      - жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы;
      - жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иесі) туралы мәлімет қамтылған техникалық паспортқа қосымша;
      - жылжымайтын мүлік объектілерінің жоспарын (сызбасын) қоса алғанда тіркеуші орган растаған тіркеу істері құжаттарының көшірмесін.

Жылжымайтын мүлік объектісінің түрі__________________________________
Объектінің тұрған жері_______________________________________________
Мына құжаттарды қоса беремін:________________________________________
Күні_______,_______________________________________/_________________
     (өтініш берушінің/уәкілетті өкілдің Т.А.Ә. және қолы)
_____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған маманның Т.А.Ә. және қолы)
Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі:______тексерілді: күні__20_____ж.
_____________________________________________________________________
      (маманның Т.А.Ә. және қолы)

      Ескертпе:
      Сауалда арыз берушінің мәліметтері (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі, құжат мәліметтері, жеке басын растайтын төлқұжат деректер, жеке тұлғаның тұрған жері, заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі және деректемелері, берілетін ақпараттар түрі, жылжымайтын мүлік объектісінің түрі, мекенжай, нақты жылжымайтын мүлік объектісіне ақпарат алу үшін кадастрлік нөмір көрсетіледі.

Құқықтық кадастрдан ақпарат
ұсыну ережесіне     
2-қосымша        

Нысан            

______________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)

Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 26.05.2014 № 181 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ _________                                  «___» __________ ___ жыл

Берілді
_____________________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жеке тұлғаның ЖСН;
_____________________________________________________________________
заңды тұлғаның атауы және БСН, өкілінің тегі, аты, әкесінің аты)
жылжымайтын мүліктің мына объектілеріне растама:

Жылжымайтын мүліктің түрі

Кадастрлық нөмірі

Нысаналы мақсаты (жоспары бойынша литер)

Мекен-жай, мекен-жайдың тіркеу коды (бар болған жағдайда

Құрамдарының саны

Қабаттылығы, қабаты

Жалпы ауданы/ көлемі/ ұзындығы

Тұрғын/ негізгі/ пайдалы алаңы

Бөлінуі (ЖУ)

Ескертпе











      1) құқығы тіркелді:

Құқықтық түрі

Мазмұны

Құқық иесі

Ортақ меншік нысаны, үлесі

Құқықтың туындау негіздемесі

Тіркелген күні, уақыты







      2) құқықтық ауыртпалығы тіркелді:

Ауыртпалықтың түрі

Мазмұны

Құқық иесі немесе уәкілетті орган (мүдделі тұлға)

Ортақ меншік нысаны, үлесі

Ауыртпалықтың пайда болуының негіздемесі

Тіркелген күні, уақыты







      3) жылжымайтын мүлікке құқықтардың немесе құқықтық ауыртпалықтардың туындауына әкеп соқтырмайтын заңдық талаптар және мәмілелер тіркелді:

Заңдық талаптар және мәмілелер

Мазмұны

Өтініш беруші (мүдделі тұлға)

Туындау негіздемесі

Тіркелген күні, уақыты






      Орындаушы: ______________  ____________________________________
                      (қолы)        (тегі, аты, әкесінің аты)
      Бөлім бастығы: ____________  __________________________________
                       (қолы)        (тегі, аты, әкесінің аты)
      Басшысы: ______________  ____________________________________
                    (қолы)           (тегі, аты, әкесінің аты)

      М.О.

_________________________________________________________________
Ескертпе: анықтамада қамтылған мәліметтер берген сәтінде жарамды болып табылады.

Құқықтық кадастрдан ақпарат
ұсыну ережесіне     
3-қосымша        

Нысан 

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.02.2015 № 107 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

__________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)

      Жылжымайтын мүлікке тіркелген және тоқтатылған құқықтар туралы анықтама

«___»_________                                  №_______

_____________________________________________________________берілген
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, туғаны күні және ЖСН);
_____________________________________________________________________
заңды тұлғаның атауы мен БСН (оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты)

оның ішінде жылжымайтын мүлік объектісіне:

Жылжымайтын мүліктің түрі

Кадастрлық нөмірі

Нысаналы мақсаты (жоспары бойынша литер)

Мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды (бар болған жағдайда)





1) құқығы тіркелді:

Құқықтың түрі

Мазмұны

Құқық иесі жеке тұлғаның - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, заңды тұлғаның атауы

Ортақ меншік нысаны, үлесі

Құқықтың туындау негіздемесі

Тіркелген күні, уақыты







2) құқықтық ауыртпалығы тіркелді:

Ауыртпалықтың түрі

Мазмұны

Құқық иесі немесе уәкілетті орган (мүдделі тұлға)

Ортақ меншік нысаны, үлесі

Ауыртпалықт ың пайда болуының негіздемесі

Тіркелген күні, уақыты







3) жылжымайтын мүлікке құқықтардың немесе құқықтық ауыртпалықтардың туындауына әкеп соқтырмайтын заңдық талаптар және мәмілелер тіркелді:

Заңдық талаптар және мәмілер

Мазмұны

Өтініш беруші (мүдделі тұлға)

Туындау негіздемесі

Тіркелген күні, уақыты






Бұрын көрсетілген жылжымайтын мүлік объектісіне тіркелген:

1) құқығы тіркелді:

Құқықтық

Мазмұны

Құқық иесі жеке тұлғаның - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, заңды тұлғаның атауы

Ортақ меншік нысаны, үлесі

Құқықтың туындау негіздемесі, тіркелген күні, уақыты

Құқықтың тоқтатылған негіздемесі, тіркелген күні, уақыты







2) құқықтық ауыртпалығы тіркелді:

Ауыртпалықтың түрі

Мазмұны

Құқық иесі немесе уәкілетті орган (мүдделі тұлға)

Ортақ меншік нысаны, үлесі

Ауыртпалықтың пайда болуының негіздемесі, тіркелген күні, уақыты

Ауыртпалықтың тоқтатылған негіздемесі, тіркелген күні, уақыты

3) жылжымайтын мүлікке құқықтардың немесе құқықтық ауыртпалықтардың туындауына әкеп соқтырмайтын заңдық талаптар және мәмілелер тіркелді:

Заңдық талаптар және мәмілелер

Мазмұны

Өтініш беруші (мүдделі тұлға)

Туындау негіздемесі, тіркелген күні, уақыты

Тоқтатылған негіздемесі, тіркелген күні, уақыты






Орындаушы:___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                  (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Бөлім бастығы:_______________________________________________________
                  (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Басшысы:_____________________________________________________________
                  (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

М.О.
_____________________________________________________________________
Ескертпе: Анықтамада қамтылған мәліметтер берілген сәтінде жарамды болып табылады.

Құқықтық кадастрдан ақпарат
ұсыну ережесіне     
4-қосымша        

Нысан            

______________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органы)

Жылжымайтын мүлкінің бар (жоқ) екендігі туралы анықтама

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 26.05.2014 № 181 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ ________                                    «___» ________ ____ жыл

Берілді
_____________________________________________________________________
      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және ЖСН;
_____________________________________________________________________
заңды тұлғаның атауы және БСН, оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
тұлғаға
(жеке тұлға үшін - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні және ЖСН)
_____________________________________________________________________
заңды тұлға үшін - атауы және БСН)

Тіркелді:
      1) Мекенжайда орналасқан жылжымайтын мүлікке құқық:
_____________________________________________________________________
(мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)

Жылжымайтын мүлік объектісі (объект түрі, нысаналы мақсаты, кадастрлық нөмірі)


Құқықтың түрі, меншік нысаны (дара немесе жалпы үлес)


Құқықтың пайда болу негізі, тіркеу күні және уақыты


Тіркелген ауыртпалықтардың болуы (ауыртпалықтың түрі, мүдделі тұлға, ауыртпалықтың туындау негізі, тіркеу күні және уақыты)


Жылжымайтын мүлікке құқықтардың немесе құқықтық ауыртпалықтардың туындауына әкеп соқтырмайтын заңдық талаптар мен мәмілелердің тіркелуі


      2) мекенжайы бойынша:
_____________________________________________________________________
     (мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)
.........
       2. Жылжымайтын мүлікке жалға беру, өтеусіз пайдалану, сенімгерлікпен басқару құқығы тіркелген, құқық иесі (меншік иесі) басқа тұлға болып табылады.

      1) мекенжайы бойынша:
_____________________________________________________________________
      (мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)

Жылжымайтын мүлік объектісі (объект түрі, нысаналы мақсаты, кадастрлық нөмірі)


Құқық иеленуші, (меншік иесі)


Меншік құқықтың пайда болу негізі, тіркеу күні және уақыты


Жалға беру, өтеусіз пайдалану, сенімгерлікпен басқару негізі, тіркеу күні және уақыты


      2) мекенжайы бойынша:
_____________________________________________________________________
     (мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)
...........
      3. Бұрын осы тұлғаға жылжымайтын мүлікке құқықтары тіркелген:

      1) Мекенжайы бойынша:
_____________________________________________________________________
      (мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)

Жылжымайтын мүлік объектісі (объект түрі, нысаналы мақсаты, кадастрлық нөмірі)


Құқықтың түрі, меншік нысаны (дара немесе жалпы, үлес)


Құқықтың пайда болу негізі, тіркеу күні және уақыты


Құқықты тоқтату негізі, тіркеу күні және уақыты


      2) мекенжайы бойынша:
_____________________________________________________________________
      (мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)
...........
      4. Бұрын осы тұлғаға жылжымайтын мүлікке жалға беру, өтеусіз пайдалану, сенімгерлікпен басқару құқығы тіркелген, құқық иесі (меншік иесі) басқа тұлға болып табылады.

      1) мекенжайы бойынша:
_____________________________________________________________________
        (мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)

Жылжымайтын мүлік объектісі (объект түрі, нысаналы мақсаты, кадастрлық нөмірі)


Құқық иеленуші, (меншік иесі)


Жалға беру, өтеусіз пайдалану, сенімгерлікпен басқару құқығының пайда болу негізі, тіркеу күні және уақыты


Жалға беру, өтеусіз пайдалану, сенімгерлікпен басқару құқығының тоқтату негізі, тіркеу күні және уақыты


      2) мекенжайы бойынша:
_____________________________________________________________________
         (мекенжай, мекенжайдың тіркеу коды - бар болған жағдайда)
...........

      Орындаушы: ____________________________________________________
                            (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
      Бөлім бастығы: ________________________________________________
                            (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
      Басшысы: ______________________________________________________
                            (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

      М.О.
_________________________________________________________________
Ескертпе: анықтамада қамтылған мәліметтер берген сәтінде жарамды болып табылады.

Құқықтық кадастрдан ақпарат
ұсыну ережесіне     
5-қосымша        

      Ескерту. 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрiнiң 2012.10.18 351 (бастапқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Нысан

Жылжымайтын мүліктің меншік иесі (құқық иесі) туралы мәліметті
қамтитын техникалық паспортқа қосымша

№ _______                                      «___» _________ ____ж.

1. Кадастр нөмірі ___________________________________________________
2. Жылжымайтын мүлік объектінің мекенжайы ___________________________
3. Меншік иесі (құқық иесі) _________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Құқықтың пайда болу негіздері ____________________________________
_____________________________________________________________________
5. Тіркелген күні ___________________________________________________

      Орындаушы: _________ _________________________________
                   (қолы)        (тегі, аты, әкесінің аты)

      Бөлім бастығы: ___________ ___________________________
                      (қолы)      (тегі, аты, әкесінің аты)

      Басшысы: ________________ ____________________________
                       (қолы)     (тегі, аты, әкесінің аты)

      М.О.

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің  
2012 жылғы 28 наурыздағы
№ 131 бұйрығына   
2 қосымша      

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір күшін жойған
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1) «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 239 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4926 тіркелген, 2007 жылғы 19 қазандағы № 161 «Заң газетінде» жарияланған);
      2) «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 239 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2008 жылғы 3 желтоқсандағы № 330 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5391 тіркелген, 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 195 (1595) «Заң газетінде» жарияланған);
      3) «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 239 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 20 ақпандағы № 18 бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5555 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2009 жыл, № 4 жарияланған).