Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 54 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 сәуірде № 7542 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Г. Марченко

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 54 қаулысымен
бекітілді

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркiмен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидалары

      Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Кіріспе алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 263 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) өз еркімен қайта ұйымдастырылуына рұқсат алуға арналған өтінішхатты (бұдан әрі – өтінішхат) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасайды және Заңның 62-бабының 4-тармағында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, электрондық құжат нысанында "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы ұсынады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 263 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Алып тасталды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 263 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыру талаптары, нысаны, тәртібі мен мерзімдері Қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында айқындалады.

      Ерікті түрде қайта ұйымдастыру талаптарында ерікті түрде қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушыларының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өзге де кредиторларының алдындағы міндеттемелерін орындау мөлшері, мерзімдері мен рәсімі анықталады.

      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта ұйымдастыруға берілетін рұқсат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы орындалуы Қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында белгіленетін мынадай талаптарды сақтаған кезде беріледі:

      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығы жоқ заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастырылған жағдайда – қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының болмауы. Іс-шаралар жоспарына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жоғары органының ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған күнгі аудиторлық ұйым куәландырған және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерінің жоқ екендігін растайтын қаржылық есептілігі қоса беріледі;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығы бар заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастырған жағдайда:

      npl:Z000000126_қайта ұйымдастырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы ірі қатысушы белгілеріне сәйкес келетін тұлғаларда ірі қатысушы мәртебесін иеленуге берілген жазбаша келісімнің болуы;

      қайта ұйымдастырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтерінің болжамды мәндерінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14794 тіркелген "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру тобының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндерін және оларды есептеу әдістемесін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін, Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру топтарының пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігін табыс ету қағидаларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының немесе сақтандыру холдингтерінің еншілес ұйымдары сатып алатын заңды тұлғалардың акцияларына (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сақтандыру холдингтері сатып алатын халықаралық қаржы ұйымдары облигацияларының тізбесін, сақтандыру холдингтері сатып алатын облигациялар үшін талап етілетін ең төмен рейтингті және рейтингтік агенттіктердің тізбесін, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сатып алатын қаржы құралдарының (акциялар мен жарғылық капиталына қатысу үлестерін қоспағанда) тізбесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 304 қаулысында белгіленген талаптарға сәйкес келуі;

      2015 жылғы 25 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген жағдайларда болжанған қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын орындау туралы монополияға қарсы органның қорытындысын ұсыну.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.03.2017 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      5. Іс-шаралар жоспарында қайта ұйымдастырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтердің орындалуын қамтамасыз ету шаралары көрсетіледі.

      Қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) жоспарда көрсетілген іс-шараларды орындау мерзімдері аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 263 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Ерікті түрде қайта ұйымдастыру салдарларының қаржылық болжамында мынадай деректер:

      1) жоспарланған ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берілген экономикалық негіздеме;

      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған ұйымның (ұйымдардың) болжамдық (есептік) балансы;

      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін - сақтандырудың нақты сыныптарын (түрлерін) көрсете отырып, сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру резервтерінің жоспарланып отырған көлемінің экономикалық негізделген есебі қамтылады.

      7. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өтінішін құжаттардың толық топтамасы берілген күннен бастап екі ай ішінде қарайды.

      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) ұсынған құжаттар топтамасын қарастыру нәтижелері бойынша қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      9. Заңның 63-бабында көзделген негіздемелер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беруден бас тартылады.

      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту туралы шешім сақтандыру ұйымына (сақтандыру холдингіне) жазбаша түрде жіберіледі.

      Ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тарту туралы шешімде бас тарту негіздемесі көрсетіледі.

  Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымының (сақтандыру
холдингінің) өз еркімен қайта
ұйымдастырылуына рұқсат беру
не аталған рұқсатты беруден бас
тарту қағидаларына
қосымша
  Нысан
  ____________________________
(уәкілетті органның атауы)
басшысына

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуына рұқсат алуға арналған өтінішхат

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 263 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

                              (өтініш берушінің атауы)

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлерінің жалпы жиналысының

      _____ жылғы"____" _____________ № __________шешіміне сәйкес _____

      __________________________________________________________________

                              (өткізілген орны)

      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін)

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған (заңды тұлғаға (тұлғаларға) (біріктіру, қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) арқылы (керегінің асты сызылсын) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өз еркімен қайта ұйымдастырылуына рұқсат беруді сұрайды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішхатты қарауға байланысты сұратылатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуіне толығымен жауап береді.

      Қоса беріліп отырған құжаттар (жіберілетін құжаттардың атаулы тізбесін, әрқайсысы бойынша дана және парақ санын көрсету керек):

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) акционерлерінің атынан уәкілетті адам

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісім беремін.

      _________________________

                              (қолы)

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 54 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде қайта құру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы № 54 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1475 тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1475 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде қайта құру ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы № 54 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 525 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2145 тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3236 тіркелген) 1-тармағының 4) тармақшасы.

      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 184 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6766 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2011 жылғы 16 қыркүйекте жарияланған, № 7) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 1-тармағы.