Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 54 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 сәуірде № 7542 тіркелді

Қолданыстағы

      «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 54 қаулысымен  
бекітілді     

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін)
ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не аталған
рұқсатты беруден бас тарту қағидалары

      Осы Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту тәртібін айқындайды.
      1. Сақтандыру ұйымы (сақтандыру холдингі) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды өткізуге рұқсат алуға арналған өтінішті (бұдан әрі - өтініш) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасайды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) ұсынады.
      2. Өтінішке Заңның 62-бабының 4-тармағында көзделген құжаттар қоса беріледі.
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыру талаптары, нысаны, тәртібі мен мерзімдері Қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында айқындалады.
      Ерікті түрде қайта ұйымдастыру талаптарында ерікті түрде қайта ұйымдастырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтанушыларының және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өзге де кредиторларының алдындағы міндеттемелерін орындау мөлшері, мерзімдері мен рәсімі анықталады.
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын қайта ұйымдастыруға берілетін рұқсат сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының орындалуы Қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында белгіленетін мына талаптарды сақтаған кезінде беріледі:
      1) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығы жоқ заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастырылған жағдайда - қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарының болмауы. Іс-шаралар жоспарына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жоғары органының ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылдаған күнгі аудиторлық ұйым куәландырған және сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша міндеттемелерінің жоқ екендігін растайтын қаржылық есептілігі қоса беріледі;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығы бар заңды тұлғаға ерікті түрде қайта ұйымдастырған жағдайда:
      қайта ұйымдастырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымындағы ірі қатысушы белгілеріне сәйкес келетін тұлғаларда ірі қатысушы мәртебесін иеленуге берілген жазбаша келісімнің болуы;
      қайта ұйымдастырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтеріндегі болжамдық мәндерінің Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы № 131 қаулысымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, сақтандыру тобының төлем қабілеттілігі маржасының жеткіліктілігі нормативі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықта (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5331 тіркелген) белгіленген талаптарға сәйкес келуі;
      «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда болжанған қайта ұйымдастыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының талаптарын орындау туралы монополияға қарсы органның қорытындысын ұсыну.
      5. Іс-шаралар жоспарында қайта ұйымдастырылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтердің орындалуын қамтамасыз ету шаралары көрсетіледі.
      Қайта ұйымдастыруды жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) уәкілетті органға жоспарда көрсетілген іс-шараларды орындау мерзімдері аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ұсынады.
      6. Ерікті түрде қайта ұйымдастыру салдарларының қаржылық болжамында мынадай деректер:
      1) жоспарланған ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берілген экономикалық негіздеме;
      2) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған ұйымның (ұйымдардың) болжамдық (есептік) балансы;
      3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін - сақтандырудың нақты сыныптарын (түрлерін) көрсете отырып, сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру резервтерінің жоспарланып отырған көлемінің экономикалық негізделген есебі қамтылады.
      7. Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру холдингінің) өтінішін құжаттардың толық топтамасы берілген күннен бастап екі ай ішінде қарайды.
      8. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) ұсынған құжаттар топтамасын қарастыру нәтижелері бойынша қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру немесе рұқсат беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      9. Заңның 63-бабында көзделген негіздемелер бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беруден бас тартылады.
      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту туралы шешім сақтандыру ұйымына (сақтандыру холдингіне) жазбаша түрде жіберіледі.
      Ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруден бас тарту туралы шешімде бас тарту негіздемесі көрсетіледі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымын (сақтандыру холдингін)
ерікті түрде қайта    
ұйымдастыруға рұқсат беру не
аталған рұқсатты беруден бас
тарту қағидаларына қосымша

Нысан

№ ____ күні ______

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын
бақылау мен қадағалау комитетінің
төрағасына

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін)
ерікті түрде қайта ұйымдастыруға берілетін рұқсатты
алуға арналған
ӨТІНІШ

_____________________________________________________________________
                     (өтініш берушінің атауы)
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі)
      акционерлерінің жалпы жиналысының _____________________________
                                             (өткізілетін орны)
_____ жылғы «____» _______ № ____ шешіміне сәйкес
_____________________________________________________________________
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін)
_____________________________________________________________________
  қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған (заңды тұлғаға (тұлғаларға)
      (біріктіру, қосу, бөлу, бөлініп шығу, қайта құру) арқылы
                (керегінің асты сызылсын)
      сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын (сақтандыру холдингін) ерікті түрде қайта ұйымдастыруға рұқсат беруді сұрайды.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы (сақтандыру холдингі) өтінішке қоса берілген құжаттар мен ақпараттың дәйектілігіне, сондай-ақ өтінішті қарауға байланысты сұралатын қосымша ақпараттың және құжаттардың уәкілетті органға уақтылы берілуіне толығымен жауап береді.
      Қоса берілген құжаттар (жіберілген құжаттардың атаулы әрқайсысы бойынша дана және бет санын көрсету керек):

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы
      (сақтандыру холдингі) акционерлерінің атынан
      уәкілетті адам __________________________ ___________________
                           (қолы)                       мөр

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 54 қаулысына  
қосымша      

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде қайта құру ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 54 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1475 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1475 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын ерікті түрде қайта құру ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 54 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 525 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2145 тіркелген).
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының «Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2004 жылғы 25 қазандағы № 304 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3236 тіркелген) 1-тармағының 4) тармақшасы.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 184 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6766 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2011 жылғы 16 қыркүйекте жарияланған, № 7) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне енгізетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 1-тармағы.