Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидалары;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының "Инвестициялық қордың активтерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде инвестициялау ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы № 258 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3131 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Басқарушы компаниялар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап үш айдың ішінде өз қызметін осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Г. Марченко |
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 60 қаулысына 1-қосымша |
Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Осы Қаржы құралдарын және инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін өзге де мүлікті инвестициялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын және өзге мүлікті инвестициялау тәртібін белгілейді.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 262 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) баға белгілеу – почта, электронды немесе факсимильді байланыс арқылы алынған қаржы құралдары бойынша қарсы әріптестерінің баға ұсыныстары;
2) басқарушы компания - қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) берген лицензиясы негізінде инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;
3) инвестициялық қор – Заңға сәйкес құрылған акционерлік немесе инвестициялық қор;
4) қарсы әріптес – Қазақ Республикасының немесе шетел мемлекеттің заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер жасау құқығына ие заңды тұлға;
5) халықаралық қаржы ұйымы – халықаралық шарты (келісімі) не жарғы негізінде құрылған және қолданыстағы халықаралық мәртебесі бар ұйым;
6) Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – баға белгілеу сол немесе өзге активтер (акциялар, облигациялар, тауар өнімдері – мұнай, алтын, бидай және т.б.) сыныбына не индекстерге байланысты гибридтік сауда құралы;
7) principal protected notes – негізгі борыш сомасын толық қайтару бойынша эмитенттің кепілдігі белгіленген борыштық бағалы қағаздары;
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.12.2019 № 262 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Басқарушы компания инвестициялық қордың активтерін инвестициялық басқаруды Заңның, осы Қағидалардың, "Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9248 тіркелген), "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8796 тіркелген) талаптарына және инвестициялық қордың инвестициялық декларациясына сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Басқарушы компания брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болған кезде не Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде инвестициялық қор активтерінің есебінен мәмілелер жасаған кезде) заңнамасына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер жасау құқығына ие заңды тұлғалардың қызметтерін пайдалана отырып, инвестициялық басқаруға қабылданған инвестициялық қорлар активтерінің есебінен мәмілелерді дербес жасайды.
Басқарушы компания инвестициялық басқаруға қабылдаған инвестициялық қор активтерінің есебінен бастапқы ұйымдастырылмаған нарықтағы мемлекеттік емес бағалы қағаздармен (оларды орналастырған кезде), сондай-ақ бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналысқа жіберілмеген бағалы қағаздармен және заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу үлестерімен мәмілелерді басқарушы компания дербес жасайды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 239 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).4. Басқарушы компания қаржы құралдарымен мәмілелер жасаған кезде "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында, "Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру қағидаларын, брокердің және (немесе) дилердің банк операцияларын жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 9 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9249 болып тіркелген) белгіленген талаптарды басшылыққа алады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Егер инвестициялық қордың инвестициялық портфелін басқару бойынша шартымен басқарушы компания осы шарттың талаптарын орындалуын үшінші тұлғаға беру мүмкіндігі көзделсе, онда шарт мыналарды:
1) акционерлік инвестициялық қордың не инвестициялық пай қорының ұстаушылары алдындағы міндеттемелері бойынша басқарушы компанияның жауапкершілігін;
2) осы Қағидаларды және осы инвестициялық қордың инвестициялық декларациясын сақтауымен инвестициялық қордың активтерін басқару шартын көздейді.
6. Басқарушы компания инвестициялық басқарудағы ашық және аралық инвестициялық пай қорларының және жылжымайтын мүлік қорларының активтерін Заңның 37-бабының 3-тармағына сәйкес белгіленген акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесіне инвестициялайды.
Басқарушы компанияда инвестициялық басқаруындағы акционерлік инвестициялық қорлардың (жылжымайтын мүлік қорларын қоспағанда) және жабық инвестициялық қорларының активтері инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында белгіленген инвестициялау объектілерінің тізбесінде инвестицияланады.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Жылжымайтын мүлік қорларының, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының активтері есебінен туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға осы туынды қаржы құралдары Заңның 37-бабының 3-тармағына сәйкес айқындалған акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіре алатын қаржы құралдарының тізбесінде көзделген жағдайда хеджирлеу мақсаты үшін рұқсат етіледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.8. Басқарушы компания инвестициялық қор активтерін инвестициялауды Заңда және инвестициялық қордың инвестициялық декларациясында белгіленген инвестициялау лимиттерін сақтаған кезде жүзеге асырады.
9. Басқарушы компания инвестициялық қор (тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорларды қоспағанда) активтерін басқару процесінде мыналарды болжайтын инвестициялық шешімдерді қабылдамайды:
1) эмитентте дефолт болған (эмитенттің бағалы қағаздарын және басқа міндеттемелерін эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау мақсатында шығарылған осы эмитенттің бағалы қағаздарына айырбастауды қоспағанда) не қор биржасының осы қаржы құралдарымен сауда-саттықты тоқтау күнінен бастап акционерлік инвестициялық қордың, сондай-ақ ашық және инвестициялық аралық пай қорының активтері есебінен қаржы құралдарын сатып алу;
2) ұйымдастырылмаған нарықта талаптарында мәміле мәні болып табылатын қаржы құралдарын қайта сатып алу не қайта сату міндеттемесі көзделген қаржы құралдарымен мәмілелер жасау;
3) ашық және инвестициялық аралық пай қорларының активтерімен жай серіктестіктерде қатысу;
4) инвестициялық шешім қабылдау күнінде теріс меншікті капиталы бар шаруашылық серіктестіктерде қатысу үлесін сатып алу;
5) активтерінің елу пайызынан астамы сот талқылауының мәні болып табылатын заңды тұлғалар шығарған (ұсынған) қаржы құралдарын сатып алу.
10. Инвестициялық қордың активтері есебінен мәмілелер мынадай талаптарды орындау кезінде халықаралық (шетелдік) бағалы қағаздар нарығында жасалады:
1) акцияларды (акциялар олардың базалық активі болып табылатын депозитарлық сенімхаттарды) сатып алу бойынша мәміле Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінде ұсынылған ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралы айналысында болған халықаралық (шетелдік) қор биржаларында мәміле жасау күнінде болған осы қаржы құралы бойынша бағасының барынша көп мәнінен аспайтын баға бойынша жасалады;
2) акцияларды (акциялар олардың базалық активі болып табылатын депозитарлық сенімхаттарды) сату бойынша мәміле Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінде ұсынылған ақпаратқа сәйкес осы қаржы құралдары айналысында болған халықаралық (шетелдік) қор биржаларында мәміле жасау күнінде болған осы қаржы құралы бойынша бағасының ең аз мәнінен аспайтын баға бойынша жасалады;
3) борыштық бағалы қағаздар бойынша, principal protected notes қоспағанда, сондай-ақ туынды қаржы құралдары бойынша Bloomberg немесе Reuters ақпараттық талдау жүйелерінен сатып алуға және (немесе) сатуға баға белгілеулердің талдамасы бар не осындай баға белгілеулер болмаған жағдайда әртүрлі үш қарсы әріптестің кем дегенде үш баға белгілеуі болады. Қарсы әріптестің осы қаржы құралы бойынша баға ұсыныстары болмаған жағдайда қарсы әріптестің баға белгілеулерінің жоқтығы немесе қаржы құралына баға белгілеуден бас тартуы туралы хабарламасы мәміле жасау туралы есепке (құжатқа) енгізіледі.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.11. Инвестициялық қордың активтері есебінен рrincipal protected notes сатып алу кезінде есеп айырысулар "жеткізілім төлемге қарсы" қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
12. Басқарушы компания инвестициялық қордың активтері есебінен мүлікті сатып алуды сатып алынатын мүлікке қатысты инвестициялық қордың меншік құқығын белгілейтін құжаттарды ресімдеу жолымен жүзеге асырады.
13. Инвестициялық қор активтері құрылымының осы Қағидаларда және (немесе) инвестициялық декларацияда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне әкеп соқтырған, басқарушы компанияның іс-қимылына байланысты емес жағдайлар туындаған кезде басқарушы компания осындай сәйкессіздікке байланысты инвестициялық қызметін тоқтатады және бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға іс-шаралардың атауын, оларды орындауға жауапты басқарушы компанияның басшы қызметкерлерін және орындау мерзімін көрсете отырып, сәйкессіздікті жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса беріп, осындай сәйкессіздік фактісі мен себептері туралы хабарлайды.
Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын бес жұмыс күні ішінде қарайды. Уәкілетті орган іс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда басқарушы компания оны іске асыруға кіріседі және уәкілетті органға іс-шаралар жоспарында белгіленген іс-шараларды орындаудың мерзімі аяқталған соң бес жұмыс күнінен кешіктірмей іс-шаралардың орындалуы туралы есеп береді. Іс-шаралар жоспарына қатысты уәкілетті органның ескертулерін алған кезде басқарушы компания уәкілетті органның іс-шаралар жоспарын қарау нәтижелері туралы хат алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей түзетілген іс-шаралар жоспарын ұсынады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2019 № 262 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 60 қаулысына 2-қосымша |
Акционерлік және инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіруі мүмкін қаржы құралдарының тізбесі
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 07.10.2019 № 165 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Басқарушы компания инвестициялық басқаруындағы әрбір жеке ашық не аралық инвестициялық пай қорының активтерін инвестициялайтын қаржы құралдарының тізбесі және оларға қойылатын талаптар:
№ | Қаржы құралының атауы |
1. | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес эмиссияланған), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен шығарылған бағалы қағаздар |
2. | Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған және (немесе) шетел валютасында номинирленген және "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында қызметті жүзеге асыратын қор биржасында жария саудаға салуға рұқсат етілген облигациялар |
3. | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы және оның еншілес ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар |
4. |
Мына талаптардың біріне сәйкес келгенде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар: |
5. |
Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар: |
6. | Standard & Poor's prіncіpal stabіlіty fund ratіngs "BBm-" төмен емес не Standard & Poor's Fund credіt qualіty ratіngs "BBf-" төмен емес халықаралық рейтингілік бағасы бар инвестициялық қорлардың пайлары |
7. | Базалық активі осы тармақтың 5, 12, 13-жолдарында көрсетілген акциялар болып табылатын не базалық активі Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша рейтингісі "В-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы бар эмитенттердің бағалы қағаздары болып табылатын депозитарлық қолхаттар |
8. | Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар |
9. | Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетел валютасы |
10. | Лондон қымбат металдар нарығының қауымдастығы (London bullіon market assocіatіon) қабылдаған халықаралық сапа стандартына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында Лондондық сапалы жеткізілім (London good delіvery) стандарты ретінде белгіленген тазартылған қымбат металдар мен он екі айдан аспайтын мерзімі бар металл депозиттері, оның ішінде Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктеріндегі металл депозиттер |
11. |
Мынадай халықаралық қаржы ұйымдары шығарған бағалы қағаздар: |
12. |
Шетел ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздар, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасымен танылатын шетел аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалықағаздар; |
13. | Қазақстан Республикасының резиденттері "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 22-1-бабының 3-тармағына сәйкес танитын шетел ұйымы шығарған, Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасымен танылатын шетел аумағында жұмыс істейтін қор биржасының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздар |
14. |
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар ұйымдар шығарған Prіncіpal protected notes, ол мына талаптардың біріне сәйкес келеді: |
15. | Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар бейрезидент банктердегі салымдары |
16. |
Базалық активі ашық және аралық инвестициялық пай қорлары активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдары, шетел валютасы, сондай-ақ мынадай есепті көрсеткіштер (индекстер) болып табылатын, хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары (фьючерстер, опциондар, своптар, форвардтар): |
17. | Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысу үлесі |
18. | Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ" төмен емес тәуелсіз рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі тәуелсіз рейтингілік бағасы бар шет мемлекеттердің аумағында жұмыс істейтін қор биржаларында саудаланатын Exchange Traded Fund пайлары |
2. Басқарушы компания инвестициялайтын қаржы құралдарының тізбесі, жылжымайтын мүлік әрбір жеке қорының инвестициялық басқарудағы активтері және оларға қойылатын талаптар:
№ | Қаржы құралының атауы |
1. | Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттің заңнамасына сәйкес эмиссияланған), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдігімен шығарылған бағалы қағаздар |
2. | Қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған облигациялар |
3. | "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы және оның еншілес ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар |
4. | Мына талаптардың біріне сәйкес келгенде Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар: Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі "В-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzBВ-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар банктер; банктер бейрезидент бас банкі Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі "А-" төмен емес немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы бар бейрезидент еншілес банктер болып табылады |
5. | Мәміле жасау күніне олардың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасы индексінің өкілдік тізімінде болған жағдайдағы акциялар |
6. | Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осындай деңгейдегі рейтингілік бағасы немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzА-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұлттық шәкілі бойынша ұқсас деңгейдегі рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар |
7. | Шетел ұйымдары шығарған Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "АА-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар |
8. | Шетел ұйымдары шығарған Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "АА-" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар акциялар |
9. |
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар мынадай халықаралық қаржы ұйымдары: |
10. | Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен емес тәуелсіз рейтинг немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар |
11. | Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ" төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шетел валютасы |
12. | Лондон қымбат металдар нарығының қауымдастығы (London bullіon market assocіatіon) қабылдаған халықаралық сапа стандартына сәйкес келетін және осы қауымдастықтың құжаттарында Лондондық сапалы жеткізілім (London good delіvery) стандарты ретінде белгіленген тазартылған қымбат металдар мен он екі айдан аспайтын мерзімі бар металл депозиттері, оның ішінде Standard & Рооr's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" төмен емес рейтингілік бағасы бар немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент банктеріндегі металл депозиттер |
13. | Хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары осы Тізбеге сәйкес базалық активі жылжымайтын мүлік қоры активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары болып табылады. |
14. | Жылжымайтын мүлік қорына кіретін мүлікке қызмет көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғаға қатысу үлесі |