Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу, сондай-ақ орналастыру, айналысқа жіберу және жою мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 77 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 сәуірде № 7535 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 115 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2016 № 115 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы және  «Бағалы қағаздар рыногы туралы»2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу, сондай-ақ орналастыру, айналысқа жіберу және жою мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
      2. Мынадай қаулылардың:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы агенттігі үшін пруденциалдық нормативтер және қаржы агенттігі мәртебесін жоғалту тәртібі туралы» 2003 жылғы 25 шілдедегі № 251 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2449 тіркелген);
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 131 қаулысының қосымшасы 3-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6554 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы 
№ 77 қаулысына қосымша 

Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын тіркеу, сондай-ақ
орналастыру, айналысқа жіберу және жою мәселелері бойынша
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық
актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың
тізбесі

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгi Басқармасының «Мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары жөніндегі ережені бекіту туралы» 2005 жылғы 30 шілдедегі № 269 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3822 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды орналастыру және өтеу, облигациялар шығарылымының күшін жою қорытындылары туралы есептi қарау ережесiнде:
      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Облигациялардың шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) және облигациялық бағдарлама шегiндегi облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу»;
      11-1 және 1-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Эмитент облигациялардың шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі - уәкілетті орган) Заңның 12-бабының 1-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады.
      Эмитент агенттік облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін Заңның 12-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне сәйкес қаржы агенті ретінде экономика салаларында белгіленген мемлекеттік инвестициялық саясатын іске асыруға оның өкілеттілігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсынады.
      Жай акцияларына айырбасталатын облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін акционерлердің жалпы жиналысының шешімінде айырбасталатын бағалы қағаздардың түрі, саны, облигациялары айырбасталатын акцияларды орналастыру бағасы, сондай-ақ айырбастау нәтижесінде сатып алынған облигация қайта орналастыруға жатпайтыны туралы ақпарат көрсетіледі.
      Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсi осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдауышта Acrobat Reader форматында және электронды тасымалдауышта мемлекеттiк және орыс тiлiнде (қоғамның қаржылық есебiн қоспағанда) екі данада жасалады. Екi дананың әр қайсысында мемлекеттiк және орыс тiлдерiндегi акциялар шығарылымының (облигациялық бағдарлама) проспектiсi бар.
      Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарлама) ажырамас бөлігі болып табылады:
      аудиторлық есептермен расталған соңғы екi қаржы жылының ішінде эмитенттің жылдық қаржы есептіліктің көшірмелері, сондай-ақ аудиторлық есептердің және эмитенттің есептік саясатының көшірмелері (еншілес ұйымы (ұйымдары) бар болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады);
      облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарлама) мемлекеттiк тiркеуге құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсан аяғындағы жағдай бойынша эмитенттiң қаржылық есептiлiгiнің көшірмелері (еншілес ұйымы (ұйымдары) бар болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады);
      облигацияларды ұстаушылар өкiлдерiмен жасалған шарттардың көшірмелері;
      эмиссиялық бағалы қағаздарды ұйымдастырылмаған нарықта облигацияларды орналастыруды жоспарлайтын эмитенттер үшін қор биржасының ресми тізіміне енгізу және тұрғылықты орны мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйымдармен бірге жасалған шарттардың көшірмелері (егер шартты жасау Заңның талаптарында көзделсе);
      эмитенттің кірісін жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастыру құқықтық нысанда құрылған эмитенттер үшін қатысушылары арасында бөлу тәртібі.
      Жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа концессиялық шарттың және кепiлдiк шарттың көшiрмелерi инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң ажырамас бөлiктерi болып табылады.
      Оригинатордың соңғы жыл үшiн аудиторлық есебi, оригинатор мен арнайы қаржы компаниясы арасында жасалған секъюритилендiрудiң осы мәмiлесi бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру шарты арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығарылымы проспектiсiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
      Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсiндегi мәліметтер, облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттік тiркеу үшiн құжаттарды берер алдындағы соңғы тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша қаржылық есептілікке сәйкес көрсетiлетін эмитенттiң қаржылық жай-күйi туралы ақпаратты қоспағанда (Ереженiң 1 және 2-қосымшаларының 5-тарауында көрсетiлген), уәкiлеттi органға құжаттарды тапсыру күнiнiң алдындағы айдың соңғы күнiне келтiрiледі.
      Ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап 1 маусымға дейiнгi кезеңде аяқталған қаржы жылы үшiн аудит жасалған қаржылық есеп болмаған жағдайда (еншілес ұйымы (ұйымдары) бар болған және аудиторлық есеппен расталған жеке қаржылық есептілік болған жағдайда жеке қаржылық есептілік ұсынылады) қоғам соңғы аяқталған қаржы жылының алдындағы екi жыл үшiн аудит жасалған қаржылық есептi уәкiлеттi органға ұсынады (аяқталған қаржы жылы үшiн аудит жасалған қаржылық есептi қоғам акционерлердiң жалпы жиналысы аудит жасалған жылдық қаржылық есептi бекiткен күннен бастап бiр ай iшiнде ұсынады).
      1-1. Облигациялар шығарылымын (облигациялық бағдарламаны) мемлекеттiк тiркеу үшiн эмитент левереджiнiң мөлшерi (банктерді, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарын қоспағанда) (облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылатын соңғы қаржылық есептіліктің деректеріне сәйкес) уәкiлеттi органға құжаттарды беру алдындағы соңғы тоқсанның қорытындысы бойынша 2-ден аспайды.
      1-2. Агенттік облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуі эмитенттің мынадай талаптарды сақтаған жағдайында жүзеге асырылады:
      1) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсыну күнінде айналыстағы бағалы қағаздарды (акцияларды қоспағанда) шығару талаптарын (оның ішінде сыйақы төлеу немесе бағалы қағаздарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді) уақтылы орындамау немесе орындамау жағдайларының болмауы;
      2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсыну күнінде айналыстағы бағалы қағаздардың (акцияларды қоспағанда) делистингі жағдайларының болмауы;
      3) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды уәкілетті органға ұсынудың алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары бойынша левереджінің мөлшері 2-ден аспайды.»;
      1-3 және 1-4-тармақтар алып тасталсын;
      1-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-5. Егер эмитент қайта ұйымдастыру арқылы қайта құрылу жағдайда облигациялар (облигация бағдарламасы) шығарылымының проспектісі құқықтық мирасқоры эмитент болып табылатын заңды тұлғалардың қаржылық есептілігі қоса берілген, қайта құрылу нәтижесінде қайта туындаған заңды тұлғалардың тіркеу күніне дейін екі жылға дейінгі кезеңнің мәліметтерінен тұрады.»;
      2-1-тармақ алып тасталсын;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-» төмен емес ең төменгі кредиттік рейтингі не басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенті облигациялар шығарылымын (шетел валютасында номиниирленген облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді қоспағанда) мемлекеттік тіркеу мынадай талаптар орындалған жағдайда жүзеге асырылады:
      1) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті органның және шет мемлекеттің бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі тиісті уәкілетті органының (бұдан әрі – резидент еместің уәкілетті органы) арасында ақпаратпен алмасу туралы келісімнің болуы;
      2) резидент емес эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізімінің «(ең жоғары санат) рейтинг бағасы бар борыштық бағалы қағаздар» санатының «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізуіне және олардың сонда болуына қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының резидент емес эмитентінің орындауы;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес облигациялар шығаруға резидент емес уәкілетті органның рұқсатының болуы не Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенті елінің заңнамасы бойынша осындай рұқсат талап етілмейтіні туралы резидент емес уәкілетті органның хаты (Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенті қаржы ұйымы болып табылған жағдайда);
      4) Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенті облигацияларды мемлекеттік тіркеуге өтініш беру күніне дейінгі үш ай ішіндегі кезеңде пруденциалдық нормативтерді және уәкілетті орган белгілеген өзге нормалар мен лимиттерді сақтау туралы Қазақстан Республикасының резидент емес уәкілетті органының хаты (Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенті қаржы ұйымы болып табылған жағдайда).
      Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақта көзделген Қазақстан Республикасының резидент емес эмитенті мыналарды ұсынады:
      1) еркiн нысанда жазылған өтiнiштi;
      2) эмитент органының облигацияларды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу, облигацияларды орналастыру нәтижесiнде эмитент алған қаражатты пайдалану тәртiбi, облигациялардың шығарылу көлемi, саны мен түрi, облигациялардың нақтылы құны, облигациялар ұстаушылардың құқықтары туралы мәлiметтер бар облигациялар шығару туралы шешiмiнiң көшiрмесiн;
      3) осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдауышта (мемлекеттік және орыс тiлдерiнде) екi данада және Acrobat Reader форматында электронды тасымалдауышта (проспекттің электрондық нұсқасы эмитенттің қаржылық есебiн қоспай, мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады) жасалған облигациялар шығарылымының проспектiсiн. Бұл ретте екі дананың әр қайсысында мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигациялар шығарылымы проспектісі бар;
      4) мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған нотариатта куәландырылған жарғының көшірмесін және оның тұрған жеріндегі мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретіндегі эмитенттің тіркелгенін растайтын құжаттың мемлекеттік және орыс тілдеріне аударылған нотариатта куәландырылған көшірмесін;
      5) қамтамасыз етілген облигациялар шығарылған жағдайда, эмитенттің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттар;
      6) облигацияларды ұстаушылар өкілімен шарттың көшірмесін;
      7) эмитенттің облигациялар шығарылымының проспектісінде осы облигациялар қор биржасының сауда жүйесінде айналыста болуы көзделген жағдайда эмитенттің және ол шығаратын облигациялардың қор биржасы тізімінің «(ең жоғары санат) рейтинг бағасы бар борыштық бағалы қағаздар» санатының «борыштық бағалы қағаздар» секторына енгізуіне және олардың сонда болуына қойылатын талаптарға сәйкес келетіні туралы қор биржасының қорытындысын, сондай-ақ инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша шектеулерді эмитенттің бағалы қағаздар шығарылымының проспектісіне енгізу жөнінде қор биржасының листинг комиссиясының ұсынымдарын.»;
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      «3-1. Қазақстан Республикасының резидент емес эмитентінің немесе осы Қағидалардың 7-қосымшасында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының шетел валютасында номиниирленген облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес, сондай-ақ эмитенттің мынадай талаптарды сақтаған жағдайда жүзеге асырылады:
      1) Қазақстан Республикасының резидент емес эмитентінің немесе осы Қағидалардың 7-қосымшасында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының Standard & Poor’s агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-дан төмен емес ең төменгі кредиттік рейтингінің не басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингінің болуы;
      2) Қазақстан Республикасының резидент емес эмитентінің немесе осы Қағидалардың 7-қосымшасында көрсетілген халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялар шығарылымының проспектісінде осы облигациялар бойынша сыйақыны және негізгі борышты төлеу шығарылым валютасында жүзеге асырылатыны жөнінде міндетті талабы болуы тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Облигацияларды акционерлік қоғамның жай акцияларына айырбастауды жүзеге асыратын тұлғалар Заңның 47-бабының 2-тармағында, «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 17-бабының 5-тармағында, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 36-бабының 1-1-тармағында, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келеді.»;
      1-1233-14-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. Облигациялар шығарылымының (облигациялық бағдарламаның) проспектiсiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу»;
      «2. Айналыс мерзiмi жиырма айдан аспайтын облигациялар шығарылымын мемлекеттік тiркеу»;
      «3. Облигацияларды орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептi қарау»;
      «3-1. Облигациялар шығарылымының күшiн жою»;
      «4. Қосымша ережелер»;
      1313-114 және 14-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін эмитенттің ең төменгі кредиттік рейтингі алдыңғы шығарылымдардың облигациялары айналыста болған кезде - Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В»-дан немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасынан төмен болмауы тиіс.
      13-1. Облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін банктің ең төменгі кредиттік рейтингі алдыңғы шығарылымдардың облигациялары айналыста болған кезде - Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В-»-тен немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасынан төмен болмауы тиіс.
      14. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, олардың бұрын шығарылған облигациялары қайталама бағалы қағаздар нарығында айналыста болған кезде және мына:
      1) қайталама бағалы қағаздар нарығында айналыстағы облигациялар бойынша сыйақы төлеу бойынша уақтылы орындалмаған және орындалмаған міндеттемелердің болмау;
      2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне дейін соңғы аяқталған екі қаржы жылының біреуінің қорытындысы бойынша эмитенттің шығынсыз қызметі немесе оның аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес соңғы аяқталған екі қаржы жылының біреуінде эмитенттің қызметінен алынған ақшалай қаражатының таза ағындары оң болып табылады;
      3) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне, сондай-ақ құжаттарды беру күніне дейінгі үш ай ішіндегі кезеңде пруденциалдық нормативтерді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген өзге де нормалар мен лимиттерді сақтамау фактілерінің болмау;
      4) осы шығарылымның облигациялары және эмитент Бағалы қағаздар рыногы туралы заңмен және сауда-саттықты ұйымдастырушысымен белгіленген эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына қатысты, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына белгілеген талаптарға сәйкес келетін (егер эмитент және осы шығарылым облигациялары қор биржасының ресми тізіміне енгізілуі болжанған жағдайда) талаптарды сақтаған кезде облигациялардың шығарылымын жүзеге асырады.
      Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген талаптарды сақтаған кезде, сондай-ақ мына:
      жаңадан шығарылатын облигациялардың ипотекалық облигациялар болып табылатын;
      уәкілетті органға облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның осы Ереженің 13-тармағында белгіленген ең төменгі кредиттік рейтингісі болатын;
      уәкілетті органға облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды беру күніне банктің осы Ереженің 13-1-тармағында белгіленген ең төменгі кредиттік рейтингісі болатын талаптарының біреуін сақтаған кезде облигациялардың шығарылымын жүзеге асырады.
      Осы тармақтың талаптары банкті қайта құрылымдауды жүргізу туралы сот шешіміне сәйкес жүргізілетін банктің бұрын шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелерді қайта құрылымдауды жүргізуі жағдайларына қолданылмайды.
      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасының талаптары банктің акцияларға айырбасталатын реттелген облигациялар түріндегі облигацияларының шығарылымына қолданылмайды.
      14-1. Егер эмитенттің осы Ереженің 13-тармағында белгіленген ең төменгі кредиттік рейтингісі болмаса (ипотекалық облигациялар эмитенттерін, сондай-ақ осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген эмитенттерді қоспағанда), эмитент бұрын шығарған облигациялар бағалы қағаздардың қайталама нарығында айналыста болған кезде эмитент облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды ұсыну алдындағы соңғы тоқсанның қорытындылары бойынша эмитенттің левередж шамасының есебін ұсынады.»;
      14-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14-3. Эмитент соттың осыдан кейінгі облигациялар шығарылымын, облигациялық бағдарламаны мемлекеттік тіркеу үшін құрылымды қайта қарауды өткізу жөніндегі сот шешіміне сәйкес құрылымды қайта қарауды өткізген жағдайында мынадай құжаттарды береді:
      1) еркін нысанда жазылған өтінішін;
      2) жарғының көшірмесін;
      3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;
      4) облигацияларды ұстаушылардың өкілімен жасалған шарттың көшірмесін;
      5) сот бекіткен құрылымды қайта қарауды өткізу жоспарының көшірмесін қоса бере отырып, эмитент құрылымын қайта қарауды өткізу туралы сот шешімінің көшірмесін;
      6) осы Ереженің 1-қосымшасына немесе 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі данада жасалған қағаз тасымалдауыштағы (мемлекеттік және орыс тілдеріндегі) облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама) проспектісі және Аcrobat Reader форматындағы электронды тасымалдауышта (қоғамның қаржылық есеп беруінсіз) мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада. Бұл ретте әрбір екі данада мемлекеттік және орыс тілдеріндегі облигациялар шығарылымы (облигациялық бағдарлама) проспектісі бар;
      7) Банктер туралы заңның 59-3-бабының 6-тармағында көрсетілген талаптардың орындалуын растайтын мерзімді баспасөз басылымы беттерінің көшірмесін.
      Эмитент облигациялық бағдарлама шегінде облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін осы тармақтың 1), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларымен көзделген құжаттарды береді.»;
      16-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-3. Эмитент облигациялар бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде және есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмейтін мерзімде тоқсан сайын уәкілетті органға облигациялар бойынша міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған кезең ішінде осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес ақпараттарды ұсынады.»;
      1-қосымшада:
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      «4-1. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі»;
      7-1 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7-1. Егер эмитент қаржы агенттігі болып табылса, мынадай мәліметтерді көрсету қажет:
      1) эмитент соған сәйкес Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексіне сәйкес қаржы агенттігі ретінде экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатын іске асыруға уәкілетті болатын құжат;
      2) қаржы агенттігі мәртебесін иелену күні (бар болса).
      8. Эмитентке немесе ол шығарған бағалы қағаздарға халықаралық рейтингiлiк агенттiктерi және (немесе) Қазақстан Республикасының рейтингiлiк агенттiктерi тағайындаған рейтингiлердiң болуы туралы мәлiметтер.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Эмитенттiң атқарушы органы.
      Осы тармақта:
      1) эмитенттің жеке дара атқарушы органының функциясын жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, бар болса - әкесінің аты және туған жылы не эмитенттің алқалы атқарушы органы мүшелерiнiң әрқайсысының тегі, аты, бар болса - әкесінің аты және туған жылы;
      2) эмитенттiң жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасы не эмитенттiң алқалы атқарушы органы мүшелерiнiң әрқайсының соңғы үш жылда атқарған және қазiргi уақытта атқаратын, оның iшiнде қоса атқарған қызметтері хронологиялық тәртіппен, олардың қызметтеріне кірісу күні және өкілеттері;
      3) эмитенттің жеке дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асыратын тұлғасының не эмитенттің алқалы атқарушы органының әрбір мүшелерiнiң әрқайсының қатысу үлесін көрсете отырып эмитенттің және ұйымдардың төленген жарғылық капиталына қатысуы көрсетiледi.»;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары).
      Осы тармақта:
      1) эмитент (егер эмитент акционерi (қатысушысы) заңды тұлға болып табылса осы заңды тұлғаның iрi не осы заңды тұлғалардың жарғылық капиталында қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын иеленетін қатысушылары көрсетiледi) акционерлерiнiң (қатысушыларының) жалпы саны және эмитент үлестерiнiң (орналастырылған және дауыс берушi акцияларының) он және одан да көп пайызын иеленген акционерлерлері (толық және қысқартылған атауы, заңды тұлғаның мекен-жайы не жеке тұлғаның тегі, аты, бар болса - әкесінің аты) туралы ақпарат;
      2) эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары) болып табылмайтын, бiрақ басқа ұйымдары арқылы эмитенттiң қызметiн бақылау құқығы бар тұлғалар туралы мәлiметтер көрсетiледi.
      Егер эмитент банк болып табылған жағдайда, осы тармақта, осы тармақтың 1)-2) тармақшаларында аталған ақпараттардан басқа, банктiң орналастырылған акцияларының он және одан да көп пайызын тiкелей немесе жанама иеленген, банктiң орналастырылған акцияларының он және одан да көп пайызын тiкелей немесе жанама дауыс беруге не банк шарттың күшiмен немесе өзге жағдаймен эмитент қабылдаған шешiмге ықпал етуге мүмкiндiгi бар акционерлер туралы ақпаратты көрсету керек.»;
      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Эмитент қызметiнiң сипаты (эмитент IAS 27 қаржылық есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес топтың құрамына кірген жағдайда, осы тарау барлық топтың шоғырландырылған қаржылық есептілік негізінде, сондай-ақ эмитенттің өзінің қаржылық есептілік негізінде де толтырылады)»;
      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «38. Облигациялар туралы мәліметтер:
      1) облигациялардың түрi (купондық немесе дисконттық, инфрақұрылымдық немесе арнайы қаржы компаниясымен шығарылатын), қамтамасыз етiлудiң болуы (қамтамасыз етiлген немесе қамтамасыз етiлмеген, оның iшiнде реттелген), номиналдық құнын немесе сыйықы мөлшерiн (индекстелген) есептеу сипаты;
      2) шығарылатын облигациялардың саны және облигациялар шығарылымның жалпы көлемi (облигациялар шығарылымының жалпы көлемiн номиналдық құны бойынша көрсету керек);
      3) бiр облигацияның номиналдық құны;
      4) облигациялар орналастырудың басталу күні және айналысының басталу күнi;
      5) облигациялар бойынша мыналар қоса көрсетiлген сыйақы:
      облигациялар бойынша сыйақының ставкасы;
      сыйақыны есептеу басталатын күн, сыйақы төлеудiң кезеңдiлiгi және күнi, тәртiбi және оны төлеу шарттары (егер инвестор Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылған жағдайда, төлем валютасы және айырбастау бағамы көрсетiледi);
      сыйақы есептеу үшiн қолданылатын уақыт кезеңi;
      индекстелген облигациялар шығару кезiндегi есептеу тәртiбi.
      Егер сыйақының ставкасы белгiленбеген болса, оның мөлшерiн белгiлеу тәртiбi көрсетiледi;
      6) мыналар қоса көрсетілген облигациялардың айналысы және өтеу туралы мәліметтер:
      облигациялардың айналыс мерзiмi және оларды өтеу шарттары;
      облигацияларды өтеу күні;
      облигациялар өтелетiн орын (орындар);
      облигацияларды өтеу тәсiлi;
      орны және облигацияларды эмитент кассасы арқылы қолма-қол ақшамен өтеу кезiнде хабарласуға тиiстi тұлғалар;
      7) облигацияларға төлем жасаудың талаптары мен тәртiбi:
      облигацияларға төлем жасаудың талаптары, тәртiбi (осы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзiмi аяқталған облигацияларды қоса алғанда), есеп айырысу тәсiлдерi, оның iшiнде қайта құрылымдау жоспарында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, көрсетiледi;
      8) облигациялар бойынша қамтамасыз ету (ипотекалық және өзге де қамтамасыз етiлген облигацияларды шығарған кезде):
      қамтамасыз етiлген облигациялар шығарылған жағдайда:
      кепiл пәнi, оның құны және кепiл пәнiн өндiрiп алу тәртiбi;
      облигацияларды қамтамасыз ету туралы шарттың талаптары;
      егер облигациялар банктiң кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлсе - атауын, орналасқан жерiн, байланыс телефондарын, кепiлдiк мерзiмi мен шарттарын көрсете отырып, кепiлдiк берген банктiң деректерi көрсетiледi;
      9) арнайы қаржы компаниясының облигациялары шығарылған кезде қосымша:
      тиiстi шарттардың нөмiрлерi мен жасалған күндерiн көрсете отырып, оригинатордың, кастодиан-банктiң, басқарушы агенттiң және басқаға берiлген талап ету құқықтары бойынша төлемдердi жинайтын тұлғаның атауы мен орналасқан жерi;
      секьюритилендiру мәмiлесiнде оригинатор қызметiнiң пәнi, құқықтары мен мiндеттерi;
      талап ету құқықтарының сипаттамасы, бөлiнген активтердiң құрамына кiретiн талап ету құқықтары бойынша ақша түсiмiнiң шарттары, тәртiбi мен мерзiмi және олардың орындалуына бақылау жасау тәртiбi;
      оригинатордың және секьюритилендiру мәмiлесiне қатысатын тұлғалардың секьюритилендiрудi қолдану тәжiрибесiнiң болуы;
      талап ету құқықтары бiртектiлiгiнiң критерийлерi;
      секьюритилендiру мәмiлесiн қамтамасыз ететiн бөлiнген активтер өсiмiнiң мөлшерi, құрамы мен болжамды талдауы;
      қосымша қамтамасыз ету туралы мәлiметтер;
      осы облигациялық бағдарлама шегiнде шығарылған облигациялардың әр түрлi шығарылымдарын өтеу кезектiлiгi көрсетiледi;
      10) облигация ұстаушылардың өкiлi туралы мәлiметтер (атауы, орналасқан жерi, байланыс телефондары, бiрiншi басшының, атқарушы орган мүшелерiнiң тегі, аты, бар болса - әкесiнiң аты);
      11) инфрақұрылымдық облигациялар шығарылған кезде концессиялық шарттың және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiң кепiлдемесiн беру туралы қаулысының деректемелерi көрсетiледi;
      12) облигациялар бойынша құқықтарды есепке алу тәртiбi:
      тiркеушiнiң атауы, оның орналасқан жерi, телефон нөмiрлерi, шарттың жасалған күнi мен нөмiрi көрсетiледi;
      13) төлем агентi туралы мәлiметтер:
      оның атауы, орналасқан жерi, телефон нөмiрлерi, тиiстi шарттың жасалған күнi мен нөмiрi көрсетiледi;
      14) эмитенттiң облигациялар шығарылымын мерзiмнен бұрын өтеу құқығы (егер осы құқық эмитент органының облигациялар шығарылымы туралы шешiмiнде көзделсе).
      эмитенттiң облигацияларды мерзiмнен бұрын өтеу құқығын iске асыру тәртiбi, талаптары және мерзiмдерi көрсетiледi;
      15) төленуi осы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзiмi аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен жасалатын облигациялар шығарылған кезде осы облигациялардың мемлекеттiк тiркелу күнi мен нөмiрi, олардың түрi және саны қосымша көрсетiледi;
      16) облигацияларды қор биржасының ресми тiзiмiне енгiзу және олардың тiзiмде болу мәселелерi бойынша консультациялық қызметтер көрсететiн ұйымдар туралы мәліметтер (егер осындай ұйымдармен шарт жасасу мiндетi осы Заң талаптарында көзделсе);
      17) мыналар көрсетiлген облигациямен оның ұстаушысына берiлетiн құқықтар:
      эмитенттен шығарылым проспектiсiнде көзделген мерзiмде облигацияның номиналды құнын алу не өзге де мүлiктiк баламасын алу, сондай-ақ облигацияның номиналды құнынан ол бойынша белгiленген пайызын алу құқығын не өзге де мүлiктiк құқықтарды алу құқықтары;
      эмитенттiң облигацияларды мерзiмнен бұрын өтеуiн талап ету құқықтары – осы проспектiде белгiленген, оның iшiнде облигациялар шығарылымы проспектiсiнде көзделген шектеулердi (ковенантты) бұзған кезде осы құқықты iске асыру талаптары, тәртiбi және мерзiмдерi;
      сыйақыларды және (немесе) негiзгi борышты төлеу облигациялар шығарылымының проспектiсiне сәйкес басқа мүлiктiк құқықтармен жүргiзiлген жағдайда осы құқықтарды, олардың сақталу тәсiлiн, бағалау тәртiбiн және көрсетiлген құқықтарды бағалауды жүзеге асыруға құқығы бар тұлғаларды, сондай-ақ осы құқықтардың өтуiн iске асыру тәртiбiн сипаттау;
      18) эмитенттiң облигациялар ұстаушыларды ақпараттың мазмұнын, осы ақпаратты ашу тәртiбiн, мерзiмдерiн және тәсiлiн көрсете отырып, өзiнiң қызметi және қаржылық жағдайы туралы хабардар ету, оның iшiнде облигациялар шығарылымы проспектiсiнде көзделген шектеулердi (ковенантты) бұзғаны туралы хабардар ету тәртiбi;
      19) басталуы бойынша эмитенттiң облигациялары бойынша дефолт хабарлануы мүмкiн оқиғалар көрсетiледi.
      Облигациялар бойынша дефолт жағдайында эмитенттiң қандай шаралар қолданатыны, облигациялар бойынша сыйақылар төлеу жөнiндегi мiндеттемелер орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған кезде облигациялар ұстаушылардың құқығын қорғау рәсiмi, оның iшiнде мiндеттемелердiң қайта құрылымдау тәртiбi мен талаптары көрсетiледi.
      Эмитент облигациялар ұстаушыларға мәлiмет үшiн орындалмаған мiндеттемелердiң көлемiн, мiндеттемелердi орындамау себебiн, сондай-ақ облигациялар ұстаушылардың өзiнiң талаптарын қанағаттандыру бойынша ықтимал iс-әрекеттерiн, оның iшiнде эмитентке, эмитенттiң облигациялар бойынша орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайдағы эмитенттiң мiндеттемелерi бойынша бiрлескен немесе қосымша жауапкершiлiктi көтеретiн тұлғаларға талап қою тәртiбiн қамтыған дефолт фактiлерi туралы ақпаратты жеткiзу тәртiбiнiң, мерзiмiнiң және тәсiлдерiнiң толық сипаттамасы көрсетiледi. Егер көрсетiлген ақпаратты ашу эмитент өзге заңды тұлғаға тапсырса осы тұлғаның толық және қысқартылған атауы және оның орналасқан жерi көрсетiледi.
      Эмитенттiң облигациялар бойынша орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда мiндеттемелерi бойынша ортақ немесе қосымша жауапкершiлiкте болатын тұлғалармен жасалған шарттың күнi мен нөмiрi, сондай-ақ заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу күнi мен нөмiрi көрсетiледi;
      20) облигациялық заемның нысаналы мақсаты;
      21) опциондар туралы ақпарат:
      егер опциондар эмитенттiң облигацияларын сатып алуға мүмкiндiк берсе, онда осы тармақшада опцион жасау шарттары көрсетiледi;
      22) қор биржасының листинг комиссиясының эмитенттiң бағалы қағаздар шығару проспектiсiне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi қосымша шектеулердi енгiзу жөнiндегi ұсынымдары.
      Эмитент қор биржасының листинг комиссиясының эмитенттiң бағалы қағаздар шығару проспектiсiне инвесторлардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету үшiн қажеттi қосымша шектеулердi енгiзу жөнiндегi ұсынымдарын қабылдау немесе қабылдамау негіздемелері көрсетіледі.»;
      394040-1 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «39. Айырбасталатын облигациялар:
      айырбасталатын облигациялар шығарылған және орналастырылған жағдайда облигация айырбасталатын акциялардың түрi, санаты, саны және орналастыру бағасы, акциялар бойынша құқықтары, сондай-ақ осындай айырбастау тәртiбi мен шарттары көрсетiледi (егер облигациялар шығарылымы толық айырбасталатын болса, онда айырбастау аяқталу күнінен соң бір ай ішінде облигациялар шығарылымының күші жойылады, егер облигациялар шығарылымы толық айырбасталмаса, онда осы шығарылымның сатып алынған облигациялары бұдан әрі орналастырылмайды, айналыс мерзімінің соңында өтелетіні жөнінде көрсету қажет).
      40. Облигацияларды орналастыру тәсiлi:
      1) облигацияларды, оның ішінде ұйымдастырылмаған нарықта орналастырудың басталу және аяқталу күні;
      2) акцияларға айырбасталған облигацияларды орналастырған кезде айырбастау шарттары көрсетiледi;
      3) облигациялар орналастыруға қатысқан ұйымдар туралы мәліметтер:
      облигациялар орналастыруға қатысқан ұйымдардың атауы, орналасқан жері, тиiстi шарттардың күнi және нөмiрi көрсетiледi;
      40-1. Эмитент қабылдайтын өзге шектеулер (ковенанттар) және заңмен көзделмеген (егер бұл облигациялар шығарылымы кезінде эмитент органының шешімінде көзделсе).
      Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі эмитенттің және облигациялар ұстаушылардың әрекет ету тәртібі, оның ішінде облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу бойынша эмитенттің іс-әрекеттері толық жазылады.
      41. Облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны пайдалану.
      Эмитенттің облигацияларды орналастырудан алатын ақшаларды қолдану мақсаттары және тәртібі көрсетiледi, сондай-ақ осындай өзгерiстердi көрсете отырып алынған ақшаны бөлулерді жоспарлау кезiндегi болуы мүмкін өзгерістер пайда болған кездегі талаптар көрсетiледi.
      Арнайы қаржы компаниясының облигациялар шығарылған кезде:
      бөлінген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялау тәртібі;
      секьюритилендіру мәмілесі бойынша қызметті төлеумен байланысты шығыстар және соларға сай арнайы қаржы компаниясы осы шығыстарды бөлінген активтерден есептен шығаруға құқылы болатын шарттар көрсетіледі.
      Эмитенттiң облигацияларды орналастырудан алатын ақшаны пайдалануы туралы мәліметтер көрсетiледi, сондай-ақ осындай өзгерiстердi көрсете отырып алынған ақшаны бөлулерді жоспарлау кезiндегi болуы мүмкін өзгерістер пайда болған кездегі талаптар көрсетiледi.
      Инфрақұрылымдық облигациялары шығарылған кезде:
      жасалған шарттың талаптарына сәйкес облигацияларды ұстаушылар өкілінің қызметін төлеумен байланысты шығыстар;
      облигациялар ұстаушылардың алдындағы эмитенттің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуі болып табылатын мүліктің сипаттамасы көрсетіледі.»;
      41-1-тармақ алып тасталсын;
      2-қосымшада:
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Эмитенттiң акционерлерi (қатысушылары).
      Осы тармақта:
      1) эмитент акционерлерiнiң (қатысушыларының) (егер эмитент акционері (қатысушысы) заңды тұлға болып табылсы осы заңды тұлғаның ірі акционерлері немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он және одан да көп пайызын иеленген қатысушылар көрсетіледі) жалпы саны, заңды тұлғаның атауы, мекенжайы не эмитент орналастырылған акцияларының (жарғылық капиталындағы үлестерiнiң) он және одан да көп пайызын иеленген акционерлердің (қатысушылардың) тегі, аты;
      2) эмитенттің акционерлері (қатысушылары) болып табылмайтын, бірақ басқа ұйымдар арқылы эмитенттің қызметін бақылау құқығы бар тұлғалар туралы мәлiметтер көрсетiледi.»;
      25-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      25-1. Эмитент қабылдайтын және заңмен көзделмеген шектеулер (ковенанттар) (егер бұл облигациялар шығарылымы кезінде эмитент органының шешімінде көзделсе).
      Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі эмитенттің және облигациялар ұстаушылардың әрекет ету тәртібі, оның ішінде облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу бойынша эмитенттің іс-әрекеттері толық жазылады.»;
      3-қосымшада:
      3-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3-2. Эмитент қабылдайтын және заңмен көзделмеген шектеулер (ковенанттар) (егер бұл облигациялар шығарылымы кезінде эмитент органының шешімінде көзделсе).
      Шектеулерді (ковенанттарды) бұзған кездегі эмитенттің және облигациялар ұстаушылардың әрекет ету тәртібі, оның ішінде облигацияларды мерзімнен бұрын өтеу бойынша эмитенттің іс-әрекеттері толық жазылады.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Облигацияларды орналастыру тәсiлi:
      1) облигацияларды орналастыру мерзiмi және тәртiбi:
      облигациялар ұйымдастырылмаған нарықта орналастырылған жағдайда облигацияларды орналастырудың басталу және аяқталу күнi (бар болған кезде) көрсетiледi;
      2) акцияларға айырбасталған облигациялар жазылу арқылы орналастырылған жағдайда айырбастау шарттары көрсетiледi;
      3) облигацияларға төлем жасаудың талаптары мен тәртiбi:
      облигацияларға төлем жасаудың талаптары, тәртiбi, есеп айырысу тәсiлдерi, оның iшiнде құрылымды қайта қарау жоспарында көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, көрсетiледi.»;
      5-қосымшада:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Облигацияларды орналастыру туралы мәліметтер:
      1) орналастыру кезеңiнiң басталу күнін және аяқталу күнiн, орналастырылған облигациялар санын және әрбiр алдыңғы есептi облигацияларды орналастыру кезеңіне жеке тартылған ақша сомасын, сондай-ақ облигацияларды орналастырмау туралы ақпаратты мәлімет үшін қабылдаған күнін көрсете отырып, алдыңғы есепті (есептердi) бекіту күні;
      2) есеп ұсынылатын кезеңдегі орналастырудың басталу және аяқталу күні;
      3) ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығындағы жазу және аукциондық жолмен орналастырылған облигациялар саны және тартылған ақша сомасы. Облигацияларды аукцион өткізу жолымен орналастырған жағдайда оларды жүргізген күні және аукциондағы ең жоғарғы сату бағасы көрсетіледі;
      4) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында облигацияларды орналастыру туралы ақпарат (caуда-саттықты ұйымдастырушылар тiзiмiнiң санаты, облигацияларды орналастыру аяқталған күнге облигациялардың нарықтық құны, сауда-саттықтағы ең жоғарғы баға және бiрiншi және соңғы сауда-саттықтағы күні, орналастырылған акциялардың саны және тартылған ақшаның сомасы);
      5) есептi кезеңде орналастырылған облигациялардың және олардың айналысқа түскен күнінен бастап осының алдында орналастырылған барлық облигациялардың саны;
      6) облигациялар шығарылымының мемлекеттік тіркелу күнін және нөмiрiн, осы облигациялар түрін, санын көрсете отырып, төленуі осы эмитент бұрын шығарған, айналыста болу мерзiмi аяқталған облигациялар бойынша талап ету құқықтарымен жасалатын орналастырылған облигациялар туралы ақпарат;
      7) есептi кезең аяқталған күнге сатып алынған облигациялардың саны, сатып алу туралы шешiм қабылданған күн, сондай-ақ эмитент оларды сатып алған кезде шеккен шығындар;
      8) шет мемлекеттің аумағында облигацияларды орналастыруға уәкілетті органнан рұқсат алу күнін көрсете отырып шет мемлекеттің аумағында орналастырылған облигациялардың саны;
      9) облигацияларды шығару андеррайтерлерi (эмиссиялық консорциумдар) туралы ақпарат. Осы тармақта мынадай ақпарат көрсетіледі:
      бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атауы, эмитентпен жасалған андеррайтер қызметін көрсетуге шарттың күнi мен нөмiрi, сондай-ақ эмиссиялық консорциумның қатысушылары туралы;
      андеррайтерлерге немесе орналастырудың басқа қатысушыларына, орналастырудың жалпы көлемiнiң пайыздық көрсетiлiмде, әрбір орналастырылған облигациялардың дисконты және комиссиясы көлемінде өкілдерге төленген (төленуі тиіс) дисконт және комиссия және шығыстар туралы басқа да мәліметтер;
      бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысының атауы, андеррайтердiң қызметiн көрсетуге қоғам жасаған шарттың күнi және нөмiрi туралы, сондай-ақ эмиссиялық консорциумның қатысушылары туралы;
      андеррайтерлердi тартпастан орналастырылған облигациялардың саны және орналастырудың болашақ жоспарлары туралы көрсетіледі;
      10) меншік иелерiнiң санаттары бойынша облигацияларды иеленушiлердiң саны туралы мәліметтер: резиденттер және резидент еместер; жеке және заңды тұлғалар;
      жоғарыда көрсетілген әр санаттағы тұлғалардың иеленушiлерiне жататын облигациялар санын көрсете отырып зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, екiншi деңгейдегі банктер, банктік емес ұйымдар, брокер-дилерлер және басқалар;
      осы аффилиирленген тұлғалардың деректерін көрсете отырып, аффилиирленген тұлғаларға орналастырылған облигациялар саны;
      11) орналастырылмаған облигациялардың саны көрсетiледi.»;
      10-қосымшасы осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының     
Ұлттық Банкі Басқармасының    
2012 жылғы 24 ақпандағы      
№ 77 қаулысына 1-қосымша     

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының     
Ұлттық Банкі Басқармасының    
2012 жылғы 24 ақпандағы      
№ 77 қаулысына 2-қосымша     

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының     
Ұлттық Банкі Басқармасының    
2012 жылғы 24 ақпандағы      
№ 77 қаулысына 3-қосымша     

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының     
Ұлттық Банкі Басқармасының    
2012 жылғы 24 ақпандағы      
№ 77 қаулысына 4-қосымша     

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.02.2016 № 76 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының     
Ұлттық Банкі Басқармасының    
2012 жылғы 24 ақпандағы      
№ 77 қаулысына 5-қосымша     

Мемлекеттік емес облигациялардың  
шығарылымын мемлекеттiк тiркеу және
облигацияларды орналастыру және өтеу
қорытындылары туралы есептi қарау 
ережесiнiң 10-қосымшасы      

      Нысан

___________ жағдай бойынша (эмитенттің атауы) облигациялары
бойынша міндеттемелерді орындамау не тиісінше орындамау
фактілері туралы ақпарат

Облигация-
лардың ҰСН

Облига-
циялардың
коды

Облига-
циялардың
түрі

Өтелетін
күні

Шыға-
рылым
көлемі,
тг

Облигацияның саны

Купонды
мөлшерле-
мелердің
мөлшері

Орнала-
стырылған
облигациялар
саны

Орналас-
тырылмаған
облигациялар
саны

1

2

3

4

5

6

7

8









Кестенің жалғасы
 

Купонды
мөлшер-
лемелердің
түрі,
Купон
төлемде-
рінің
мерзім-
ділігі

Дефолт
күні

Төленген
купонды
сыйақы
сомасы

купонды
сыйақы
бойынша
берешек
сомасы

Негізгі
борыш
бойынша
берешек
сомасы

Реттелмеген борыштың
қалдығы, мың. тг.
(реттелмеген борыш деп
мерзімінен кешіктіру
үшін өсімпұл және
айыппұлды ескере отырып,
ол бойынша дефолт орын
алған берешек сомасын
есептейді)

9

10

11

12

13

14


Күні, айы, жылы





Кестенің жалғасы

Облигация ұстаушылардың
арасында Қазақстан
Республикасының
резиденті еместердің
үлесі

Облигация
ұстаушылардың
арасында қаржы
ұйымдарының үлесі
(пайызбен)

15

16



Қазақстан Республикасының     
Ұлттық Банкі Басқармасының    
2012 жылғы 24 ақпандағы      
№ 77 қаулысына 6-қосымша     

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Қазақстан Республикасының     
Ұлттық Банкі Басқармасының    
2012 жылғы 24 ақпандағы      
№ 77 қаулысына 7-қосымша     

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 251 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.