Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 64 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 сәуірде № 7511 тіркелді

Қолданыстағы

      Қолданушылардың назарына!
      Бұйырықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілсін.
      2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-қосымшасының 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының  
2012 жылғы 24 ақпандағы 
№ 64 қаулысына    
1-қосымша       

Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Орталық депозитарийдің есептерді ұсыну ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 21 тамыздағы № 252 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3072 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 27 қыркүйектегі № 113 (737) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Орталық депозитарийдің есептерді ұсыну ережесіне:
      кіріспе және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Ереже орталық депозитарийдің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) есептер ұсыну тәртібі мен нысандарын белгілейді.
      1. Орталық депозитарий тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға есепті тоқсанның мынадай есептерді ұсынады:
      1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес орталық депозитарийдің депоненттері туралы есеп;
      2) орталық депозитарийде номиналды ұстауда тұрған бағалы қағаздар және осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес олармен жасалған операциялар туралы есеп;
      3) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес орталық депозитарийде номиналды ұстауда тұрған инвестициялық корлардың пайларын (акцияларын) ұстаушылар саны туралы мәліметтер.»;
      4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
                                              «Орталық депозитарийдің
                                            есептерді ұсыну ережесіне
                                                          3-қосымша».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 121 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5325 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесінде:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - тіркеушілер) сақтауы міндетті «меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентінің» пруденциалдық нормативін есептеу тәртібін белгілейді.
      Тіркеушінің аффилиирленген тұлғалары бөлігіндегі осы Ережемен көзделген нормалар заңды тұлғаларға және аффилиирленген тұлғалары «Самұрық-Казына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының аталған ұйымдардың дауыс беруші акцияларының жиырма бес және одан астам пайызын тікелей (банктер бойынша - жанама) иелену нәтижесінде тіркеушімен аффилиирленген болып табылатындарға қолданылмайды.
      Ереже бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай тіркеушіге қолданылмайды.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Standard & Poor's агенттігінің рейтинг бағасынан басқа қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) ретінде сондай-ақ Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің және олардың еншілес рейтинг ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтинг агенттіктері) рейтингтік бағалары танылады.».
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар ұстаушылар тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есептерін ұсыну ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5563 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның есептерін ұсыну ережесін бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ұсынылып отырған Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның есептерін ұсыну ережесі бекітілсін.»;
      Аталған қаулымен бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның есептерін ұсыну ережесінде:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын ұйымның есептерін ұсыну ережесі»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
      1) тiркеушi - бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргiзу жөнiндегi кәсiби қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға, оның ішінде бірыңғай тіркеуші;
      2) басшы - тiркеушiнiң алқалы атқарушы органының басшысы болып табылатын тұлға немесе тiркеушiнiң атқарушы органының функцияларын жеке дара орындайтын тұлға немесе тiркеушiнiң алқалы атқарушы органы басшысының орынбасары болып табылатын және тiркеушiнiң iшкi ережелерiне сәйкес бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға жетекшiлiк жасау жүктелген тұлға;
      3) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Есепте осы Ереженің 16-қосымшаларына сәйкес жасалған нысандар енгізіледі.»;
      5-тармақ алынып тасталсын;
      1-қосымшада:
      оң жақ жоғарғы бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
                                        «Бағалы қағаздарды
                                     ұстаушылардың тізілімдер
                                 жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын
                                  ұйымның есептерін ұсыну ережесіне
                                            1-қосымша»;
      «Тіркеуші туралы мәліметтер» кестесіндегі 4-ші реттік нөмірі бар жол мынадай редакцияда жазылсын:

«


4.

Тіркеушінің акцияларына ие тұлғалар туралы мәліметтер:
1) резиденттер:
заңды тұлғалар үшін:
заңды тұлғаның атауы;
заңды тұлғаны мемлекеттік (қайта) тіркеу туралы мәліметтер;
салық төлеушіні тіркеу нөмірі;
заңды тұлғаға тиесілі акциялар санының тіркеушінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы;
жеке тұлға үшін:
тегі, аты, бар болса әкесінің аты;
туған күні;
жеке тұлғаға тиесілі акциялар санының тіркеушінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы;
2) резидент еместер:
заңды тұлға үшін:
заңды тұлғаның атауы;
заңды тұлғаны тіркеу және орналасқан орны;
заңды тұлғаға тиесілі акциялар санының тіркеушінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы;
жеке тұлға үшін:
азаматтығы және тұрғылықты орны (заңды мекен-жайы);
жеке тұлғаға тиесілі акциялар санының тіркеушінің дауыс беруші акцияларының жалпы санына арақатынасы.



»;

      2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
                              «Бағалы қағаздарды ұстаушылардың
                            тізілімдер жүйесін жүргізуді жүзеге
                              асыратын ұйымның есептерін ұсыну
                                     ережесіне 2-қосымша»;
      3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
                             «Бағалы қағаздарды ұстаушылардың
                               тізілімдер жүйесін жүргізуді
                           жүзеге асыратын ұйымның есептерін ұсыну
                                      ережесіне 3-қосымша»;
      4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
                                         «Бағалы қағаздарды
                                      ұстаушылардың тізілімдер
                                        жүйесін жүргізуді жүзеге
                                       асыратын ұйымның есептерін
                                       ұсыну ережесіне 4-қосымша»;
      5-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
                                       «Бағалы қағаздарды
                                    ұстаушылардың тізілімдер
                                    жүйесін жүргізуді жүзеге
                                   асыратын ұйымның есептерін
                                   ұсыну ережесіне 5-қосымша»;
      6-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
                                         «Бағалы қағаздарды
                                      ұстаушылардың тізілімдер
                                       жүйесін жүргізуді жүзеге
                                      асыратын ұйымның есептерін
                                      ұсыну ережесіне 6-қосымша».

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 64 қаулысына  
2-қосымша     

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасының
нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативті есептеу ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 22 тамыздағы № 121 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5325 тіркелген).
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушылар жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 5 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5578 тіркелген) 2-тармағы.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушыларының тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметтерін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 5 тамыздағы № 185 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5777 тіркелген) 2-тармағы.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілім жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың және инвестициялық портфельді басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 265 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6039 тіркелген) 2-тармағы.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6554 тіркелген) қосымшаның 19-тармағы.
      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 20 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7439 тіркелген) қосымшаның 4-тармағы