Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелерін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 43 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 сәуірде № 7503 тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есепті жүргізуін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелерін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 43 қаулысына
1-қосымша

Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау
мәселелерін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (2008 жылғы № 12 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзгеде орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:

      2-бөлімде:

      3-тарауда:

      3390 91 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:

      "3390 92 Орындаушы алдындағы міндеттемелер";

      3-бөлімде:

      11-тарауда:

      3390 91 шотының сипатынан кейін мынадай мазмұндағы 3390 92 шотының атауымен және сипатымен толықтырылсын:

      "3390 92 "Орындаушы алдындағы міндеттемелер" (пассив).

      Мақсаты: арнайы қаржы компанияларының орындаушы алдындағы міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.

      Шоттың кредиті бойынша арнайы қаржы компаниясының орындаушы алдындағы міндеттемелерінің сомасы жазылады.

      Шоттың дебеті бойынша арнайы қаржы компаниясының кредитормен жасасқан заем шартынан және (немесе) облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны орындаушыға аудару кезіндегі орындаушы алдындағы міндеттемелерінің сомаларын есептен шығару жүргізіледі.".

      2. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 271 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.