"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есепті жүргізуін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелерін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 43 қаулысына
1-қосымша
Бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау
мәселелерін реттейтін кейбір нормативтік құқықтық актілерге
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (2008 жылғы № 12 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзгеде орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:
2-бөлімде:
3-тарауда:
3390 91 шотынан кейін мынадай мазмұндағы шотпен толықтырылсын:
"3390 92 Орындаушы алдындағы міндеттемелер";
3-бөлімде:
11-тарауда:
3390 91 шотының сипатынан кейін мынадай мазмұндағы 3390 92 шотының атауымен және сипатымен толықтырылсын:
"3390 92 "Орындаушы алдындағы міндеттемелер" (пассив).
Мақсаты: арнайы қаржы компанияларының орындаушы алдындағы міндеттемелерінің сомаларын есепке алу.
Шоттың кредиті бойынша арнайы қаржы компаниясының орындаушы алдындағы міндеттемелерінің сомасы жазылады.
Шоттың дебеті бойынша арнайы қаржы компаниясының кредитормен жасасқан заем шартынан және (немесе) облигацияларды орналастырудан түскен ақшаны орындаушыға аудару кезіндегі орындаушы алдындағы міндеттемелерінің сомаларын есептен шығару жүргізіледі.".
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы № 100 қаулысына (2008 жылғы № 12 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзгеде орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жалпы ережелер";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленген және арнайы қаржы компанияларының (бұдан әрі - ұйымдар) бухгалтерлік есепті жүргізуін толықтырады.
2. Осы Нұсқаулықта "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарында көзделген ұғымдар пайдаланылады.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Бөлінген активтердің бухгалтерлік есебі";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Қазіргі немесе болашақтағы талап ету құқығын ұйымдастыруға өткен кезде тиісті шоттардың дебеті (бұдан әрі – Дт) және кредиті (бұдан әрі – Кт) бойынша мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1280 91 "Арнайы қаржы компаниясының бөлінген активтері"
Кт 3390 91 "Оригинатор алдындағы міндеттемелер",
3390 92 "Орындаушы алдындағы міндеттемелер".";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Облигациялардың бухгалтерлік есебі";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Бөліп көрсетілген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны оригинаторға және (немесе) орындаушыға беру кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 3390 91 "Оригинатор алдындағы міндеттемелер",
3390 92 "Орындаушы алдындағы міндеттемелер"
Кт 1030 "Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары".";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Бөліп көрсетілген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялау операцияларының бухгалтерлік есебі";
13, 14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Бөліп көрсетілген активтер бойынша уақытша еркін түсімдерді "өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар" және "сату үшін қолда бар бағалы қағаздар" санатына жіктелген борыштық бағалы қағаздарға және акцияларға (мәміле бойынша шығындар қосылатын сатып алу құнына) инвестициялау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) сатып алынған борыштық бағалы қағаздардың таза құнына (оның номиналды құнынан аспайтын сомаға) және акцияларды сатып алуға байланысты шығындар қосылатын акцияларды сатып алу құнына:
Дт 1120 01 "Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтері",
1140 01 "Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржылық
инвестициялар",
2030 01 "Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялар"
Кт 1060 91 "Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі
ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтер";
2) борыштық бағалы қағаздарды сатып алуға байланысты шығындар қосылатын сыйлықақы сомасына:
Дт 1120 03 "Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып
алынған қаржы активтері бойынша сыйлықақы",
1140 03 "Сату үшін қолда бар, сатып алынған қаржылық
инвестициялар бойынша сыйлықақы",
2030 03 "Сату үшін қолда бар, сатып алынған ұзақ мерзімді
қаржылық инвестициялар бойынша сыйлықақы"
Кт 1060 91 "Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі
ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтер";
3) дисконт (жеңілдік) сомасына:
Дт 1120 01 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтері»,
1140 01 «Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржылық
инвестициялар»,
2030 01 «Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялар»
Кт 1120 02 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып
алынған қаржы активтері бойынша дисконт»,
1140 02 «Сату үшін қолда бар, сатып алынған қаржылық
инвестициялар бойынша дисконт»,
2030 02 «Сату үшін қолда бар, сатып алынған ұзақ мерзімді
қаржылық инвестициялар бойынша дисконт»;
4) бұрынғы ұстаушылар есептеген сыйақы сомасына:
Дт 1270 04 «Бағалы қағаздар бойынша бұрынғы ұстаушылар
есептеген сыйақы»,
2170 03 «Бағалы қағаздар бойынша бұрынғы ұстаушылар
есептеген сыйақы»
Кт 1060 91 «Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі
ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтер».
14. Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар сатып алынған борыштық бағалы қағаздар мен акциялар бойынша сыйақыны есептеу кезінде ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен есептелген сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1270 01 «Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
түрінде есептелген кірістер»,
2170 01 «Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
түрінде есептелген кірістер»
Кт 6110 01 «Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға
байланысты кірістер».
15. Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақыны немесе дисконтты (жеңілдікті) амортизациялау кезінде ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) сыйлықақы амортизациясының сомасына:
Дт 7310 02 «Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы
амортизациясына байланысты шығыстар»
Кт 1120 03 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып
алынған қаржы активтері бойынша сыйлықақы»,
1140 03 «Сату үшін қолда бар, сатып алынған қаржылық
инвестициялар бойынша сыйлықақы»,
2030 03 «Сату үшін қолда бар, сатып алынған ұзақ мерзімді
қаржылық инвестициялар бойынша сыйлықақы»;
2) дисконттың (жеңілдіктің) амортизация сомасына:
Дт 1120 02 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып
алынған қаржы активтері бойынша дисконт»,
1140 02 «Сату үшін қолда бар, сатып алынған қаржылық
инвестициялар бойынша дисконт»,
2030 02 «Сату үшін қолда бар, сатып алынған ұзақ мерзімді
қаржылық инвестициялар бойынша дисконт»
Кт 6110 03 «Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт
амортизациясына байланысты кірістер».»;
16-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Осы Нұсқаулықтың 14 және 15-тармақтарына сәйкес сыйақыны және сыйлықақының немесе дисконттың (жеңілдіктің) амортизациясын есептегеннен кейін өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар сатып алынған борыштық бағалы қағаздарды және акцияларды ұйымның есеп саясатында белгіленген кезеңділікпен әділ құны бойынша қайта бағалау жүргізіледі және мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын борыштық бағалы қағаздар және акциялар бойынша:
егер борыштық бағалы қағаздардың және акциялардың әділ құны олардың есепке алу құнынан асып кететін болса:
Дт 1120 04 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтерінің әділ құнын оң түзету»
Кт 6150 01 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы
қағаздар құнының өзгеруінен іске асырылмаған
кірістер»;
егер борыштық бағалы қағаздардың және акциялардың есепке алу құны олардың әділ құнынан асып кететін болса:
Дт 7470 03 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы
қағаздардың құнын өзгертуден болған, іске
асырылмаған шығыстар»
Кт 1120 05 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтерінің әділ құнын теріс түзету»;
борыштық бағалы қағаздардың және акциялардың әділ құнына есептелген оң немесе теріс түзету сомасына:
Дт 1120 05 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтерінің әділ құнын теріс түзету»
Кт 1120 04 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында

активтерінің әділ құнын оң түзету»;»;
17-тармақтың бірінші абзацы және 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Құны шетел валютасымен көрсетілген, өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар борыштық бағалы қағаздарды және акцияларды қайта бағалау кезінде валюталардың айырбас бағамы бойынша мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын борыштық бағалы қағаздар және акциялар бойынша:
валюталардың айырбас бағамы оң бағам айырмасы сомасына ұлғайған кезде:
Дт 1120 01 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтері»,
1120 03 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып
алынған қаржы активтері бойынша сыйлықақы»,
1120 04 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында

активтерінің әділ құнын оң түзету»,
1270 01 «Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
түрінде есептелген кірістер»,
1270 04 «Бағалы қағаздар бойынша бұрынғы ұстаушылар
есептеген сыйақы»
Кт 6250 01 «Шетел валютасын қайта бағалаудан іске асырылмаған
кірістер»;
және сонымен бір мезгілде, теріс айырма бағасына:
Дт 7430 01 «Шетел валютасын қайта бағалаудан болған, іске
асырылмаған шығыстар»
Кт 1120 02 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып
алынған қаржы активтері бойынша дисконт»,
1120 05 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтерінің әділ құнын теріс түзету»;
валюталардың айырбас бағамы теріс бағам айырмасының сомасына азайған кезде:
Дт 7430 01 «Шетел валютасын қайта бағалаудан болған, іске
асырылмаған шығыстар»
Кт 1120 01 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтері»,
1120 03 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып
алынған қаржы активтері бойынша сыйлықақы»,
1120 04 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтерінің әділ құнын оң түзету»,
1270 01 «Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
түрінде есептелген кірістер»,
1270 04 «Бағалы қағаздар бойынша бұрынғы ұстаушылар
есептеген сыйақы»;
және сонымен бір мезгілде, оң айырма бағасына:
Дт 1120 02 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып
алынған қаржы активтері бойынша дисконт»,
1120 05 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтерінің әділ құнын теріс түзету»
Кт 7430 01 «Шетел валютасын қайта бағалаудан болған, іске
асырылмаған шығыстар»;»;
18, 19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Эмитенттен өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар сатып алынған борыштық бағалы қағаздар және акциялар бойынша есептелген сыйақы алу кезінде алынған сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1060 91 «Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі
ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтер»
Кт 1270 01 «Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
түрінде есептелген кірістер»,
1270 04 «Бағалы қағаздар бойынша бұрынғы ұстаушылар
есептеген сыйақы»,
2170 01 «Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
түрінде есептелген кірістер»,
2170 03 «Бағалы қағаздар бойынша бұрынғы ұстаушылар
есептеген сыйақы»
19. Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар сатып алынған борыштық бағалы қағаздарды және акцияларды сату кезінде осы Нұсқаулықтың 14 және 16-тармақтарына сәйкес сыйақыны есептегеннен, сыйлықақының немесе дисконттың (жеңілдіктің) амортизациясынан және борыштық бағалы қағаздарды және акцияларды әділ құны бойынша қайта бағаланғаннан кейін мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар борыштық бағалы қағаздар бойынша амортизацияланбаған сыйлықақы сомасына:
Дт 1120 01 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтері»,
1140 01 «Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржылық
инвестициялар»,
2030 01 «Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялар»
Кт 1120 03 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтері бойынша сыйлықақы»,
1140 03 «Сату үшін қолда бар, сатып алынған қаржылық
инвестициялар бойынша сыйлықақы»,
2030 03 «Сату үшін қолда бар, сатып алынған ұзақ мерзімді
қаржылық инвестициялар бойынша сыйлықақы»;
2) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар борыштық бағалы қағаздар бойынша амортизацияланбаған дисконт (жеңілдік) сомасына:
Дт 1120 02 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын
сатып алынған қаржы активтері бойынша дисконт»,
1140 02 «Сату үшін қолда бар сатып алынған қаржылық
инвестициялар бойынша дисконт»,
2030 02 «Сату үшін қолда бар, сатып алынған ұзақ мерзімді
қаржылық инвестициялар бойынша дисконт»
Кт 1120 01 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтері»,
1140 01 «Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржылық
инвестициялар»,
2030 01 «Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялар»;
3) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар борыштық бағалы қағаздарды және акцияларды сату бойынша жасалған мәміле сомасына:
Дт 1060 91 «Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі
ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтер»
Кт 1120 01 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтері»,
1140 01 «Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржылық
инвестициялар»,
1270 01 «Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
түрінде есептелген кірістер»,
1270 04 «Бағалы қағаздар бойынша бұрынғы ұстаушылар
есептеген сыйақы»,
2030 01 «Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялар»,
2170 01 «Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
түрінде есептелген кірістер»,
2170 03 «Бағалы қағаздар бойынша бұрынғы ұстаушылар
есептеген сыйақы»;
4) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар борыштық бағалы қағаздарды және акцияларды сату бойынша жасалған мәміле сомасы олардың есепке алу құнынан асып кеткен жағдайда, айырма сомасына:
Дт 1060 91 «Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі
ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтер»
Кт 6280 09 «Бағалы қағаздарды сатып алудан-сатудан кірістер»;
5) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар борыштық бағалы қағаздардың және акциялардың есепке алу құны оларды сату бойынша жасалған мәміле сомасынан асып кеткен жағдайда айырма сомасына:
Дт 7470 10 «Бағалы қағаздарды сатып алу-сатудан болған
шығыстар»
Кт 1120 01 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтері»,
1140 01 «Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржылық
инвестициялар»,
2030 01 «Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялар»;
6) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын борыштық бағалы қағаздарды және акцияларды әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске асырылған кірістер сомасына:
Дт 6150 01 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы
қағаздар құнының өзгеруінен іске асырылмаған
кірістер»
Кт 6150 03 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату
үшін қолда бар бағалы қағаздар құнының өзгеруінен
іске асырылған кірістер»,
7470 03 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы
қағаздардың құнын өзгертуден болған, іске
асырылмаған шығыстар»;
7) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын борыштық бағалы қағаздарды және акцияларды әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске асырылған шығыстар сомасына:
Дт 6150 01 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы
қағаздар құнының өзгеруінен іске асырылмаған
кірістер»,
7470 06 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату
үшін қолда бар бағалы қағаздар құнының өзгеруінен
іске асырылмаған шығыстар»
Кт 7470 03 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында

қағаздардың құнын өзгертуден болған іске
асырылмаған шығыстар;
8) сату үшін қолда бар борыштық бағалы қағаздарды және акцияларды әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске асырылған кірістер сомасына:
Дт 5440 «Сатуға арналған қаржылық активтерді қайта
бағалауға арналған резерв»
Кт 6150 03 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату
үшін қолда бар бағалы қағаздар құнының өзгеруінен
іске асырылған кірістер»;
9) сату үшін қолда бар борыштық бағалы қағаздарды және акцияларды әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске асырылған шығыстар сомасына:
Дт 7470 06 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату
үшін қолда бар бағалы қағаздар құнының өзгеруінен
іске асырылмаған шығыстар»
Кт 5440 «Сатуға арналған қаржылық активтерді қайта
бағалауға арналған резерв»;
10) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар борыштық бағалы қағаздар және акциялар бойынша оң бағам айырмасынан іске асырылған кірістер сомасына:
Дт 6250 01 «Шетел валютасын қайта бағалаудан іске асырылмаған
кірістер»
Кт 6250 02 «Шетел валютасын қайта бағалаудан іске асырылған
кірістер»,
7430 01 «Шетел валютасын қайта бағалаудан болған, іске
асырылмаған шығыстар»;
11) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар борыштық бағалы қағаздар және акциялар бойынша теріс бағам айырмасынан іске асырылған шығыстар сомасына:
Дт 6250 01 «Шетел валютасын қайта бағалаудан іске асырылмаған
кірістер»,
7430 02 «Шетел валютасын қайта бағалаудан болған, іске
асырылған шығыстар»
Кт 7430 01 «Шетел валютасын қайта бағалаудан болған, іске
асырылмаған шығыстар».
20. Эмитент өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар борыштық бағалы қағаздарды және акцияларды өтеу кезінде осы Нұсқаулықтың 14 және 16-тармақтарына сәйкес сыйақыны есептегеннен, сыйлықақының немесе дисконттың (жеңілдіктің) амортизациясынан және борыштық бағалы қағаздарды және акцияларды әділ құны бойынша қайта бағаланғаннан кейін мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар сатып алынған борыштық бағалы қағаздардың және акциялардың эмитентінен түскен ақша сомасына:
Дт 1060 91 «Арнайы қаржы компанияларының кастодиан банктегі
ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтер»
Кт 1120 01 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтері»,
1140 01 «Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржылық
инвестициялар»,
1270 01 «Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
түрінде есептелген кірістер»,
1270 04 «Бағалы қағаздар бойынша бұрынғы ұстаушылар
есептеген сыйақы»,
2030 01 «Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялар»,
2170 01 «Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
түрінде есептелген кірістер»,
2170 03 «Бағалы қағаздар бойынша бұрынғы ұстаушылар
есептеген сыйақы»;
2) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын борыштық бағалы қағаздарды және акцияларды әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске асырылған кірістер сомасына:
Дт 6150 01 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы
қағаздар құнының өзгеруінен іске асырылмаған
кірістер»
Кт 6150 03 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату
үшін қолда бар бағалы қағаздар құнының өзгеруінен
іске асырылған кірістер»,
7470 03 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы
қағаздардың құнын өзгертуден болған, іске
асырылмаған шығыстар»;
3) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын борыштық бағалы қағаздарды және акцияларды әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске асырылған шығыстар сомасына:
Дт 6150 01 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы
қағаздар құнының өзгеруінен іске асырылмаған
кірістер»,
7470 06 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату
үшін қолда бар бағалы қағаздар құнының өзгеруінен
іске асырылмаған шығыстар»
Кт 7470 03 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы
қағаздардың құнын өзгертуден болған, іске
асырылмаған шығыстар»;
4) сату үшін қолда бар борыштық бағалы қағаздарды және акцияларды әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске асырылған кірістер сомасына:
Дт 5440 «Сатуға арналған қаржылық активтерді қайта
бағалауға арналған резерв»
Кт 6150 03 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату
үшін қолда бар бағалы қағаздар құнының өзгеруінен
іске асырылған кірістер»;
5) сату үшін қолда бар борыштық бағалы қағаздарды және акцияларды әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске асырылған шығыстар сомасына:
Дт 7470 06 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату
үшін қолда бар бағалы қағаздар құнының өзгеруінен
іске асырылмаған шығыстар»
Кт 5440 «Сатуға арналған қаржылық активтерді қайта
бағалауға арналған резерв»;
6) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар борыштық бағалы қағаздар және акциялар бойынша оң бағам айырмасынан іске асырылған кірістер сомасына:
Дт 6250 01 «Шетел валютасын қайта бағалаудан іске асырылмаған
кірістер»
Кт 6250 02 «Шетел валютасын қайта бағалаудан іске асырылған
кірістер»,
7430 01 «Шетел валютасын қайта бағалаудан болған, іске
асырылмаған шығыстар»;
7) өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын және сату үшін қолда бар борыштық бағалы қағаздар және акциялар бойынша теріс бағам айырмасынан іске асырылған шығыстар сомасына:
Дт 6250 01 «Шетел валютасын қайта бағалаудан іске асырылмаған
кірістер»,
7430 02 «Шетел валютасын қайта бағалаудан болған, іске
асырылған шығыстар»
Кт 7430 01 «Шетел валютасын қайта бағалаудан болған, іске
асырылмаған шығыстар».»;
28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Сату үшін қолда бар борыштық бағалы қағаздардың және акциялардың, сондай-ақ өтеуге дейін ұсталатын борыштық бағалы қағаздардың құнсыздануынан болатын залалдарды жабуға арналған резервтер (провизиялар) құру кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 7440 01 «Сату үшін қолда бар және өтеуге дейін ұсталатын
бағалы қағаздар бойынша резервтерді (провизияларды)
қалыптастыру бойынша шығыстар»
Кт 1290 23 «Сату үшін қолда бар және өтеуге дейін ұсталатын
бағалы қағаздар бойынша залалдарды жабуға арналған
резервтер (провизиялар)».
29. Сату үшін қолда бар борыштық бағалы қағаздар және акциялар, сондай-ақ өтеуге дейін ұсталатын бағалы қағаздар бойынша құнсызданудан болатын залалдарды жабуға арналған резервтерді (провизияларды) азайту (жою) кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 1290 23 «Сату үшін қолда бар және өтеуге дейін ұсталатын
бағалы қағаздар бойынша залалдарды жабуға арналған
резервтер (провизиялар)»
Кт 6240 01 «Сату үшін қолда бар және өтеуге дейін ұсталатын
бағалы қағаздар бойынша құрылған резервтерді
(провизияларды) қалпына келтіруден (жоюдан)
кірістер».»;
31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Эмитент резервтер (провизиялар) есебінен баланстан есептен шығарылған, сату үшін қолда бар борыштық бағалы қағаздарды және акцияларды, сондай-ақ өтеуге дейін ұсталатын борыштық бағалы қағаздарды өтеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
Дт 1030 «Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары»,
Кт 6240 01 «Сату үшін қолда бар және өтеуге дейін ұсталатын
бағалы қағаздар бойынша құрылған резервтерді
(провизияларды) қалпына келтіруден (жоюдан)
кірістер».
Сонымен бір мезгілде баланстан тыс есепте сату үшін қолда бар борыштық бағалы қағаздар және акциялар, сондай-ақ өтеуге дейін ұсталатын борыштық бағалы қағаздар бойынша өтелген берешек құнына:
Шығыс 8730 «Залалға есептен шығарылған борыштар».
32. Борыштық бағалы қағаздарды «сату үшін қолда бар бағалы қағаздар» және «өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар» санатынан «өтеуге дейін ұсталынатын бағалы қағаздар» санатына қайта жіктеу кезінде осы Нұсқаулықтың 14-16-тармақтарына сәйкес сыйақы есептелгеннен, сыйлықақыны немесе дисконтты (жеңілдіктерді) амортизациялағаннан, қайта жіктелетін борыштық бағалы қағаздардың әділ құны бойынша қайта бағалағаннан кейін мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнына:
Дт 1130 01 «Өтеуге дейін ұсталатын қысқа мерзімді
инвестициялар»,
2020 01 «Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді
инвестициялар»
Кт 1120 01 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтері»,
1140 01 «Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржылық
инвестициялар»,
2030 01 «Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялар»;
2) борыштық бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақы сомасына:
Дт 1270 01 «Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
түрінде есептелген кірістер» (өтеуге дейін
ұсталынатын борыштық бағалы қағаздардың жеке шоты),
1270 04 «Бағалы қағаздар бойынша бұрынғы ұстаушылар
есептеген сыйақы» (өтеуге дейін ұсталынатын
борыштық бағалы қағаздардың жеке шоты),
2170 01 «Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
түрінде есептелген кірістер» (өтеуге дейін
ұсталынатын борыштық бағалы қағаздардың жеке шоты),
2170 03 «Бағалы қағаздар бойынша бұрынғы ұстаушылар
есептеген сыйақы» (өтеуге дейін ұсталынатын
борыштық бағалы қағаздардың жеке шоты)
Кт 1270 01 «Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
түрінде есептелген кірістер» (өзгерістері пайда
немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн
бойынша бағаланатын борыштық бағалы қағаздардың
жеке шоты),
1270 04 «Бағалы қағаздар бойынша бұрынғы ұстаушылар
есептеген сыйақы» (өзгерістері пайда немесе
залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша
бағаланатын борыштық бағалы қағаздардың жеке шоты),
1270 01 «Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
түрінде есептелген кірістер» (сату үшін қолда бар
борыштық бағалы қағаздардың жеке шоты),
1270 04 «Бағалы қағаздар бойынша бұрынғы ұстаушылар
есептеген сыйақы» (сату үшін қолда бар борыштық
бағалы қағаздардың жеке шоты),
2170 01 «Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
түрінде есептелген кірістер» (сату үшін қолда бар
борыштық бағалы қағаздардың жеке шоты),
2170 03 «Бағалы қағаздар бойынша бұрынғы ұстаушылар
есептеген сыйақы» (сату үшін қолда бар борыштық
бағалы қағаздардың жеке шоты);
3) амортизицияланбаған сыйлықақы сомасына:
Дт 1130 03 «Өтеуге дейін ұсталатын, сатып алынған қысқа
мерзімді инвестициялар бойынша сыйлықақы»,
2020 03 «Сатып алынған, өтеуге дейін ұсталатын ұзақ
мерзімді инвестициялар бойынша сыйлықақы»
Кт 1120 03 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып
алынған қаржы активтері бойынша сыйлықақы»,
1140 03 «Сату үшін қолда бар, сатып алынған қаржылық
инвестициялар бойынша сыйлықақы»,
2030 03 «Сату үшін қолда бар сатып алынған ұзақ мерзімді
қаржылық инвестициялар бойынша сыйлықақы»;
4) амортизицияланбаған дисконт (жеңілдік) сомасына:
Дт 1120 02 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып
алынған қаржы активтері бойынша дисконт»,
1140 02 «Сату үшін қолда бар сатып алынған қаржылық
инвестициялар бойынша дисконт»,
2030 02 «Сату үшін қолда бар, сатып алынған ұзақ мерзімді
қаржылық инвестициялар бойынша дисконт»
Кт 1130 02 «Өтеуге дейін ұсталатын сатып алынған қысқа
мерзімді инвестициялар бойынша дисконт»,
2020 02 «Сатып алынған, өтеуге дейін ұсталатын ұзақ
мерзімді инвестициялар бойынша дисконт»;
5) борыштық бағалы қағаздарды әділ құны бойынша оң қайта бағалау сомасына:
Дт 1120 02 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып
алынған қаржы активтері бойынша дисконт»,
1120 03 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып
алынған қаржы активтері бойынша сыйлықақы»,
1140 02 «Сату үшін қолда бар, сатып алынған қаржылық
инвестициялар бойынша дисконт»,
1140 03 «Сату үшін қолда бар, сатып алынған қаржы
инвестициялары бойынша сыйлықақы»,
2030 02 «Сату үшін қолда бар, сатып алынған ұзақ мерзімді
қаржылық инвестициялар бойынша дисконт»,
2030 03 «Сату үшін қолда бар, сатып алынған ұзақ мерзімді
қаржылық инвестициялар бойынша сыйлықақы»
Кт 1120 04 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтерінің әділ құнын оң түзету»,
1140 04 «Сату үшін қолда бар қаржы инвестицияларының әділ
құнын оң түзету»,
2030 04 «Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялардың әділ құнын оң түзету»;
6) борыштық бағалы қағаздарды әділ құны бойынша теріс қайта бағалау сомасына:
Дт 1120 05 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтерінің әділ құнын теріс түзету»,
1140 05 «Сату үшін қолда бар қаржылық инвестициялардың әділ
құнын теріс түзету»,
2030 05 «Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялардың әділ құнын теріс түзету»
Кт 1120 02 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып
алынған қаржы активтері бойынша дисконт»,
1120 03 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып
алынған қаржы активтері бойынша сыйлықақы»,
1140 02 «Сату үшін қолда бар сатып алынған қаржылық
инвестициялар бойынша дисконт»,
1140 03 «Сату үшін қолда бар, сатып алынған қаржылық
инвестициялар бойынша сыйлықақы»,
2030 02 «Сату үшін қолда бар, сатып алынған ұзақ мерзімді
қаржылық инвестициялар бойынша дисконт»,
2030 03 «Сату үшін қолда бар сатып алынған ұзақ мерзімді
қаржылық инвестициялар бойынша сыйлықақы».».
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Борыштық бағалы қағаздарды және акцияларды «өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар» және «саудаға арналған бағалы қағаздар» санатынан «өтеуге дейін ұсталынатын бағалы қағаздар» санатына қайта жіктеу кезінде осы Нұсқаулықтың 14-16-тармақтарына сәйкес сыйақыны есептегеннен, сыйлықақыны немесе дисконтты (жеңілдікті) амортизациялағаннан, қайта жіктелетін борыштық бағалы қағаздардың әділ құны бойынша қайта бағалағаннан кейін және/немесе осы Нұсқаулықтың 22 және 23-тармақтарына сәйкес өтеуге дейін ұсталынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыны есептегеннен, сыйлықақыны немесе дисконтты (жеңілдікті) амортизациялағаннан кейін мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) борыштық бағалы қағаздарына номиналды құнына және акциялардың есептік құнына:
Дт 1140 01 «Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржылық
инвестициялар»,
2030 01 «Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялар»
Кт 1120 01 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтері»,
1130 01 «Өтеуге дейін ұсталатын қысқа мерзімді
инвестициялар»,
2020 01 «Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді
инвестициялар»;
2) борыштық бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақы сомасына:
Дт 1270 01 «Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
түрінде есептелген кірістер» (сату үшін қолда бар
борыштық бағалы қағаздардың жеке шоты),
1270 04 «Бағалы қағаздар бойынша бұрынғы ұстаушылар
есептеген сыйақы» (сату үшін қолда бар борыштық
бағалы қағаздардың жеке шоты),
2170 01 «Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
түрінде есептелген кірістер» (сату үшін қолда бар
борыштық бағалы қағаздардың жеке шоты),
2170 03 «Бағалы қағаздар бойынша бұрынғы ұстаушылар
есептеген сыйақы» (сату үшін қолда бар борыштық
бағалы қағаздардың жеке шоты),
Кт 1270 01 «Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
түрінде есептелген кірістер» (өтеуге дейін
ұсталынатын борыштық бағалы қағаздардың жеке шоты),
1270 04 «Бағалы қағаздар бойынша бұрынғы ұстаушылар
есептеген сыйақы» (өтеуге дейін ұсталынатын
борыштық бағалы қағаздардың жеке шоты),
1270 01 «Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
түрінде есептелген кірістер» (өзгерістері пайда
немесе залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн
бойынша бағаланатын борыштық бағалы қағаздардың
жеке шоты),
1270 04 «Бағалы қағаздар бойынша бұрынғы ұстаушылар
есептеген сыйақы» (өзгерістері пайда немесе
залалдың құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша
бағаланатын борыштық бағалы қағаздардың жеке шоты),
2170 01 «Сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы
түрінде есептелген кірістер» (өтеуге дейін
ұсталынатын борыштық бағалы қағаздардың жеке шоты),
2170 03 «Бағалы қағаздар бойынша бұрынғы ұстаушылар
есептеген сыйақы» (өтеуге дейін ұсталынатын
борыштық бағалы қағаздардың жеке шоты);
3) амортизицияланбаған сыйлықақы сомасына:
Дт 1140 03 «Сату үшін қолда бар, сатып алынған қаржылық
инвестициялар бойынша сыйлықақы»,
2030 03 «Сату үшін қолда бар, сатып алынған ұзақ мерзімді
қаржылық инвестициялар бойынша сыйлықақы»
Кт 1120 03 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып
алынған қаржы активтері бойынша сыйлықақы»,
1130 03 «Өтеуге дейін ұсталатын сатып алынған қысқа
мерзімді инвестициялар бойынша сыйлықақы»,
2020 03 «Сатып алынған, өтеуге дейін ұсталатын ұзақ
мерзімді инвестициялар бойынша сыйлықақы»;
4) амортизицияланбаған дисконт (жеңілдік) сомасына:
Дт 1120 02 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын сатып
алынған қаржы активтері бойынша дисконт»,
1130 02 «Өтеуге дейін ұсталатын сатып алынған қысқа
мерзімді инвестициялар бойынша дисконт»,
2020 02 «Сатып алынған, өтеуге дейін ұсталатын ұзақ
мерзімді инвестициялар бойынша дисконт»
Кт 1140 02 «Сату үшін қолда бар сатып алынған қаржылық
инвестициялар бойынша дисконт»,
2030 02 «Сату үшін қолда бар, сатып алынған ұзақ мерзімді
қаржылық инвестициялар бойынша дисконт»;
5) борыштық бағалы қағаздарды және акцияларды әділ құны бойынша оң қайта бағалау сомасына:
Дт 1140 04 «Сату үшін қолда бар қаржы инвестицияларының әділ
құнын оң түзету»,
2030 04 «Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялардың әділ құнын оң түзету»
Кт 1120 04 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтерінің әділ құнын оң түзету»;
6) борыштық бағалы қағаздарды және акцияларды әділ құны бойынша теріс қайта бағалау сомасына:
Дт 1120 05 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтерінің әділ құнын теріс түзету»
Кт 1140 05 «Сату үшін қолда бар қаржылық инвестициялардың әділ
құнын теріс түзету»,
2030 05 «Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялардың әділ құнын теріс түзету».»;
37-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) форвард талаптарына сәйкес базалық актив сатып алған кезде:
сатып алынған актив құнына:
Дт 1120 01 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтері»,
1130 01 «Өтеуге дейін ұсталатын қысқа мерзімді
инвестициялар»,
1140 01 «Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржылық
инвестициялар»,
1150 07 «Тазартылған қымбат металдар»,
1150 08 «Жолдағы тазартылған қымбат металдар»,
1150 09 «Металл шоттарда орналастырылған тазартылған қымбат
металдар»,
2020 01 «Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді
инвестициялар»,
2030 01 «Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялар»,
3390 02 «Форвард мәмілесі бойынша міндеттемелер»
Кт 1060 91 «Арнайы қаржы компаниясының кастодиан банктегі
ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтер»,
1280 03 «Форвард мәмілесі бойынша талаптар»;
4) форвард талаптарына сәйкес базалық активті сатқан кезде:
сатылатын актив құнына:
Дт 1060 91 «Арнайы қаржы компаниясының кастодиан банктегі
ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтер»,
3390 02 «Форвард мәмілесі бойынша міндеттемелер»
Кт 1120 01 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтері»,
1130 01 «Өтеуге дейін ұсталатын қысқа мерзімді
инвестициялар»,
1140 01 «Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржылық
инвестициялар»,
1150 07 «Тазартылған қымбат металдар»,
1150 08 «Жолдағы тазартылған қымбат металдар»,
1150 09 «Металл шоттарда орналастырылған тазартылған қымбат
металдар»,
1280 03 «Форвард мәмілесі бойынша талаптар»,
2020 01 «Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді
инвестициялар»,
2030 01 «Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялар»;»;
46-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) сатып алынған «колл» опционының талаптарына сәйкес базалық актив сатып алған кезде:
сатып алынған активтер құнына:
Дт 1120 01 «Өзгерістері пайда немесе залалдың құрамында
көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы
активтері»,
1130 01 «Өтеуге дейін ұсталатын қысқа мерзімді
инвестициялар»,
1140 01 «Сату үшін қолда бар қысқа мерзімді қаржылық
инвестициялар»,
1150 07 «Тазартылған қымбат металдар»,
1150 08 «Жолдағы тазартылған қымбат металдар»,
1150 09 «Металл шоттарда орналастырылған тазартылған қымбат
металдар»,
2020 01 «Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді
инвестициялар»,
2030 01 «Сату үшін қолда бар ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялар»,
Кт 1060 91 «Арнайы қаржы компаниясының кастодиан банктегі
ағымдағы шоттарындағы бөліп көрсетілген активтер»,
1280 04 «Опцион мәмілесі бойынша талаптар»;»;
мынадай мазмұндағы 6-тараумен толықтырылсын:
«6. Заем шарттарының бухгалтерлік есебі
68. Жобалық қаржыландыру мәмілелерін орындау мақсатында бөлінген активтермен қамтамасыз етілген кредитормен заем шарттарын жасау күніне мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) тартылған заем сомасына (шарт бойынша нақты сомадан аспайтын сомаға):
Дт 1030 «Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары»
Кт 3010 «Қысқа мерзімді банк заемдары»
3050 04 «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді заемдар»
4010 «Ұзақ мерзімді банк заемдары»
4030 03 «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді заемдар»
2) заем алуға байланысты комиссиялық шығындар түрінде ұйым шығарған шығындар сомасына (жеңілдік сомасына):
Дт 3050 06 «Алынған қысқа мерзімді заемдар бойынша дисконт»
4030 12 «Алынған ұзақ мерзімді заемдар бойынша дисконт»
Кт 3010 «Қысқа мерзімді банк заемдары»
3050 04 «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді заемдар»
4010 «Ұзақ мерзімді банк заемдары»
4030 03 «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді заемдар»
69. Кредитордан алынған ақшаны орындаушыға беру кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 3390 92 «Орындаушы алдындағы міндеттемелер»
Кт 1030 «Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары».
70. Дисконттың (жеңілдіктің) амортизациясын қоса алғанда, тартылған заемдар бойынша шығыстарды есептеу кезінде әрбір есепті күнге мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
1) есептелген сыйақы сомасына:
Дт 7310 24 «Алынған заемдар бойынша сыйақы төлеуге байланысты
шығыстар»
Кт 3380 25 «Алынған заемдар бойынша сыйақы түрінде есептелген
шығыстар»
2. дисконтты амортизациялау сомасына:
Дт 7310 07 «Алынған заемдар бойынша дисконт амортизациясы
бойынша шығыстар»
Кт 3050 06 «Алынған қысқа мерзімді заемдар бойынша дисконт»
4030 12 «Алынған ұзақ мерзімді заемдар бойынша дисконт»
71. Заем шарты бойынша есептелген сыйақыны төлеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
Дт 3380 25 «Алынған заемдар бойынша сыйақы түрінде есептелген
шығыстар»
Кт 1030 «Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары»
72. Заемның негізгі борышын өтеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
Дт 3010 «Қысқа мерзімді банк заемдары»
3050 04 «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардан алынған қысқа мерзімді заемдар»
4010 «Ұзақ мерзімді банк заемдары»
4030 03 «Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді заемдар»
Кт 1030 «Ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары».».
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Арнайы қаржы компаниясының және ислам арнайы қаржы компаниясының жылдық қаржылық есептілігінің нысандарын бекіту туралы» 2011 жылғы 29 сәуірдегі № 44 қаулысына (2011 жылғы № 26 Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзгеде орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6992 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
5-қосымша осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 43 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2011 жылғы 29 сәуірдегі
№ 44 қаулысына
5-қосымша
№ 5 нысан
_______________________________________________________________
(арнайы қаржы компаниясының толық атауы)
20___ жылғы «___» ____________ жағдай бойынша
бөлінген активтер және облигациялар бойынша бухгалтерлік баланс
(мың теңгемен)
Баптың атауы |
Жол коды |
Есепті жылдың аяғында |
Өткен жылдың аяғында |
1 |
2 |
3 |
4 |
Активтер |
|||
Бөлінген активтер |
1 |
||
оның ішінде: |
|||
талап ету құқықтары |
1.1 |
||
кастодиан банктің шоттарындағы бөлінген активтер |
1.2 |
||
Екінші деңгейдегі банктердегі салымдар |
2 |
||
Акциялар |
3 |
||
Борыштық бағалы қағаздар |
4 |
||
Туынды бағалы қағаздар |
5 |
||
Активтердің жиынтығы |
6 |
||
Міндеттемелер |
|||
Шығарылған облигациялар |
7 |
||
Есептелген купон бойынша кредиторлық берешек |
8 |
||
Тартылған заемдар |
9 |
||
Міндеттемелердің жиынтығы |
10 |
Бірінші басшы
(ол болмаған кезеңде –
оның орнындағы тұлға) _______________ күні ____________
Бас бухгалтер _______________ күні ____________
Орындаушы _______________ күні ____________
Телефон _______________
Мөрдің орны