"Бюджеттiк өтінімдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 233 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 127 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 наурызда № 7489 тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бюджеттiк өтінімдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6289 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері:
      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде - бюджеттік өтінімдерді және стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларын ескере отырып, стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын;
      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде - бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын және басым бюджеттік инвестициялар жөніндегі ұсыныстарды;
      Стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобаларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6265 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын жасау ережесінің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады.
      Нәтижелерді бағалау жүргізген жағдайда осы тармақта көрсетілген құжаттарға бағалау нәтижелері қоса беріледі.»;
      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар:
      бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы табиғи нормаларға және мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкестiгi тұрғысынан;
      стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар жобаларының құрамында ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан қарайды;
      стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлері ұсынған бюджеттiк бағдарламалар жобаларында берілген нәтиже мен тиімділік көрсеткіштерінің бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң функцияларына, өкілеттеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.»;
      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген бюджетті нақтылау және түзету жағдайларын қоспағанда, бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жыл сайын бір бюджеттік өтінім жасайды. Бюджеттік өтінім әзірлеу, қарау және бекіту сатыларында, сондай-ақ бюджетті нақтылау және түзету жағдайларында сәйкес келтірілуі тиіс.
      9. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттiк өтiнiмдi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға қағаз тасығышта нөмiрленген беттерімен, кітапша түрінде және мемлекеттiк органдардың электрондық құжат айналымы бiрыңғай жүйесiн пайдалану арқылы электрондық құжат түрiнде енгізеді, сондай-ақ бюджеттік өтінім деректерін мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесіне енгiзедi.
      Мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесінде бюджеттік өтінім болмаған (оның ішінде бюджет шығыстары экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша шығыстар есептеулерінің нысандары толық толтырылмаған жағдайда) және/немесе қағаз тасығышта берілген бюджеттік өтініммен сәйкес келмеген жағдайда, аталған бюджеттік өтінім республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қараусыз қайтарылады.
      Бұдан басқа республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік өтінімдер жөніндегі ақпаратты қалыптастыру үшін бюджеттік жоспарлау және болжамдау функцияларын жүзеге асыратын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне:
      бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бюджеттік бойынша шығыстар жиынтық есебінің көшірмесін;
      Бюджеттік бағдарламалардың жиынтық тізбесінің көшірмесін;
      түсіндірме жазбаның көшірмесін;
      Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi бюджеттiк өтiнiмдi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға қағаз тасығыштарда нөмiрленген беттерімен екi данада, кiтапша түрiнде және мемлекеттiк органдардың электрондық құжат айналымы бiрыңғай жүйесiн пайдалану арқылы электрондық құжат түрiнде не электрондық тасығышта енгiзедi.
      Егер бюджеттік бағдарламалар әкімшісі стратегиялық жоспардың жобасында немесе стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулардың жобасында қосымша шығыстарды немесе бюджет кірістерін қысқартуды талап ететін нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынса, онда бюджеттік өтініммен бір мезгілде тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасы енгізіледі.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi пысықталған бюджеттiк өтiнiмдi ол қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде бюджеттiк жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкiлеттi органға ұсынады.»;
      мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:
      «14-1. Бюджеттік өтінім:
      1) стратегиялық жоспар жобасының, стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар жобасының не стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің бюджеттiк бағдарламалар жобасының құрамына енгiзiлген әрбiр бюджеттiк бағдарлама жөніндегі шығыстардың түрлерi бойынша есептеулерді;
      2) байланысты гранттар сомасын жұмсалу бағыттары бойынша мiндеттi түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты гранттар туралы ақпаратты;
      3) ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты емес гранттар туралы ақпаратты;
      4) мемлекеттiк мекемелердiң өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуінен түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының болжамын;
      5) түсiндiрме жазбаны;
      6) бюджеттiк бағдарламалардың жиынтық тiзбесiн, базалық шығыстар мен жаңа бастамаларға арналған шығыстарды қамтитын ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары бойынша шығыстардың жиынтық кестесi, орталық мемлекеттiк органдардың, оның ведомстволарының, аумақтық органдарының, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелерінiң, оның iшiнде, орталық аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң, ведомстволарының және олардың аумақтық органдарының ағымдағы жылға бекітілген штат кестесін және жоспарлы кезеңге арналған штат кестесінің жобасын; тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санын және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган сұрататын басқа да қажетті ақпаратты қамтиды.»;
      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Бюджеттiк өтiнiмге осы Ереженің 14-1-тармағында көзделген құжаттардың тiзбесiнен басқа мыналар:
      республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерiне нысаналы трансферттер бөлiнген жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен келiсiлген нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiм жобалары, қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп;
      облыстық бюджеттен аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерiне, нысаналы трансферттер, облыстың бюджеттерге бөлiнетiн және одан әрi аудан бюджеттерiне бөлуге жатқызылатын республикалық трансферттер бөлiнген жағдайда ауданның жергiлiктi атқарушы органдарымен келiсiлген нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келiсiмдердің жобалары;
      егер бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қосымша шығыстарды немесе бюджет түсiмдерiн қысқартуды талап ететiн нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеудi немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi ұсынған жағдайда тиiстi нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы;
      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заң жобаларын әзірлеу орындылығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмысының перспективтік жоспарына сәйкес болуы туралы қорытындысы;
      тиiстi сараптамалардың қорытындылары бар инвестициялық ұсыныстар;
      техникалық-экономикалық негiздеменi әзiрлеудi қажет етпейтiн жобаларды қоспағанда, бюджеттiк инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi, құрылысқа арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы мемлекеттік сараптамасының оң қорытындысы, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыру кезінде бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі жөніндегі экономикалық сараптаманың оң қорытындысы;
      бюджеттен бірлесіп қаржыландыру шарттарында концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi, бюджеттен бірлесіп қаржыландыру шарттарында концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi жөніндегі экономикалық сараптаманың оң қорытындысы, бюджеттiк инвестицияларды концессиялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру арқылы жүзеге асыру кезiнде концессиялық жобаны бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және қолда бар республикалық меншiк объектiлерi бойынша республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсу;
      мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестицияларды жоспарлаған жағдайда заңды тұлғалардың стратегиялық даму құжаттары;
      мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жүзеге асырылатын бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесi, ол бойынша экономикалық сараптаманың оң қорытындысы;
      республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi ұсынатын тақырыптар бойынша зерттеулер жүргiзу орындылығын қарау жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның қорытындысы;
      республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынатын тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулердің мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық сараптамасының қорытындысы;
      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық органның стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігі туралы қорытынды;
      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсыныстарын есепке ала отырып, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк кредиттеу арқылы iске асыруға ұсынып отырған бюджеттiк бағдарламалар бойынша бюджеттiк кредиттеудiң орындылығы туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның қорытындысы;
      республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi есептеу техникасын, телекоммуникациялық жабдықты, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудi, ақпараттық жүйелердi әзiрлеу және дамыту бойынша қызметтердi сатып алуға жұмсалатын шығыстарды жоспарлаған кезде ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның қорытындысы;
      бюджеттік бағдарламалар әкімшісі штат санын ұлғайтуға жұмсалатын шығыстарды жоспарлаған кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысы;
      жекелеген мемлекеттік қызметтерді көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және заңнамаға сәйкес мемлекеттік тапсырма нысанында мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да міндеттерді орындауға арналған ұсыныстар;
      нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстарды жоспарлау кезінде дербес білім беру ұйымдарының қамқорлық кеңестерінің шешімдері қоса берiледi.
      Ерекше маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялар бойынша мынадай құжаттар беріледі:
      Қазақстан Республикасы Президентінің және/немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі тапсырмаларының көшірмелері;
      жылдар бойынша бөле отырып, жоба құнының негіздемесі жөніндегі есеп;
      бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің жобаны іске асырудың мақсаттылығына қорытындысы;
      қажет болған жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган сұрататын басқа да құжаттар беріледі.»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Бюджетті нақтылаған және түзеткен жағдайда бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік өтінімдерді ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде олар бойынша қорытынды дайындайды және бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Бюджет комиссиясының ұсыныстарын есепке ала отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бес жұмыс күні ішінде олар бойынша өзгерістерді бюджет комиссиясы мақұлдаған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімдерді нақтылайды және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға қағаз тасығышта ұсынады, бұдан басқа республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік өтінім деректерін мемлекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесіне енгізеді.»;
      22-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) нәтижелік және тиімділік көрсеткіштерін көрсете отырып, жоспарлы кезеңге қаражат жұмсаудың негізгі бағыттарын;»;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. 01-114 нысаны (18-қосымша) әскери қызметшiлердің, iшкi iстер органдары қызметкерлерiнің жинақтаушы зейнетақы қорларына соттардың белгіленген міндетті зейнетақы жарналарына қосымша және міндеттi зейнетақы жарналарына жұмсалатын шығыстарды есептеуге арналған.
      Мына нысаны бойынша есептеу жасаған кезде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алған жөн.
      Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының аппараттарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберу жөнінде жоспарланатын шығыстарды негіздеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері беріледі.
      2-бағанда 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай кемінде 10 жыл әскери қызметте, Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында қызмет өтiлі бар әскери қызметшiлердің және iшкi iстер және Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi, қаржы полициясы және өртке қарсы мемлекеттiк қызмет органдары қызметкерлерiнің лауазымдық еңбек ақыларын және әскери (арнайы) атағы бойынша жалақының (қосымша ақының) сомаларынан тұратын айына ақшалай ұстау сомасы көрсетiледi.»;
      мынадай мазмұндағы 43-1-тармағымен толықтырылсын:
      «43-1. Ел ішінде және елден тысқары жерлерге қызметтік іссапарларға жоспарланатын шығыстарды негіздеу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ағымдағы жылға арналған іссапарлардың бекітілген жоспарларын және жоспарлы кезеңге арналған іссапарлар жоспарларының жобаларын ұсынады.»;
      мынадай мазмұндағы 45-1-тармағымен толықтырылсын:
      «45-1. Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстарды жоспарлаған кезде есептеулер тиісті құжаттарды және шығыстардың әрбір түрі бойынша негіздемені қоса бере отырып, басқа ерекшеліктер бойынша шығыстардың осы түрлері үшін көзделген нысандар бойынша шығыстардың түрлері бойынша 441 «Нысаналы салым» ерекшелігі бойынша жасалады.»;
      52-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (А.Н.Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                   Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 
2012 жылғы 1 наурыздағы
№ 127 бұйрығына 
қосымша     

Бюджеттік өтінімді жасау және
Ұсыну ережесіне    
52-қосымша       
02-411-нысан      

Автомобильдік көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын
шығыстарды есептеу

                                                Код
Жылы:                                         _________
Деректердің түрі (болжам, жоспар, есеп)      |_________|
Функционалдық топ:                           |_________|
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі:            |_________|
Мемлекеттік мекеме:                          |_________|
Бюджеттік бағдарлама:                        |_________|
Ерекшелік: негізгі құралдарға                |   411   |
жатқызылатын тауарларды сатып алу            |_________|

Автомобильдік көлік құралының атауы

Бекітілген нормативтер бойынша саны (бірл.)

Қолда бар автомобильдік көлік құралдарының іс жүзіндегі саны (бірл.)

Шығарылған жылы

Тозу (%)

Ағымдағы жылдың бюджетінде көзделген сома (мың теңге)

Сатып алуға жоспарланатын көлік құралдарының саны (бірл.)

Бір бірлігі үшін құны (теңге)

Жалпы құны (8-бағ.х 9-бағ.)/1000 (мың теңге)

баланста

жалдау

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Қызметтік жеңіл автомобильдер




















Жиыны:




















2. Кезекші жеңіл автомобильдер:




















Жиыны:




















3. Арнайы жеңіл автомобильдер:




















Жиыны:










Орталық атқарушы органның жауапты хатшысы/
мемлекеттік мекеменің басшысы _____________________ _________________
                                    (қолы)             (Т.А.Ә.)
Бас бухгалтер (ҚЭБ бастығы)  ______________________ _________________
                                    (қолы)              (Т.А.Ә.)