Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң "Нотариаттық қызмет саласындағы тексеру парағының нысанын және тәуекел дәрежесiнiң бағалау өлшемдерiн бекiту туралы" 2011 жылғы 29 маусымдағы № 245 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 35 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 29 ақпанда № 7450 тіркелді

Қолданыстағы

      «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-1-бабын, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 131415-баптарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң «Нотариаттық қызмет саласындағы тексеру парағының нысанын және тәуекел дәрежесiнiң бағалау өлшемдерiн бекiту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7100 болып тіркелген 2011 жылғы 29 маусымдағы № 245 бұйрығына (бұдан әрі – бұйрық) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мыналар:
      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк нотариустардың қызметiн тексеру парағының нысаны;
      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттердi жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдардың қызметiн тексеру парағының нысаны;
      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жеке практикамен айналысатын нотариустардың (жекеше нотариустар) қызметiн тексеру парағының нысаны;
      4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесiнiң өлшемдерi;
      5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес аумақтық нотариаттық палаталардың қызметiн тексеру парағының нысаны бекiтiлсiн.»;
      4-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда 5-қосымшамен толықтырылсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету Комитетiнiң төрағасына жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
         Әдiлет министрi                         Б. Имашев

Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрiнiң  
2012 жылғы 31 қаңтардағы
№ 35 бұйрығына   
1-қосымша     

«Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрiнiң 
2011 жылғы 29 маусымдағы
№ 245 бұйрығына  
4-қосымша     

Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекелдер дәрежесiн
бағалау өлшемдерi

      1. Осы Өлшем "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тәуекел дәрежесiмен нотариаттық қызметтi жүзеге асыратын бақылау субъектiсiнiң тәуекел көрсеткiшiн анықтау үшiн әзiрленген.
      2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) тәуекел – нотариустардың нотариаттық қызметтi жүзеге асыру нәтижесiнде ауырлық дәрежесi ескерiле отырып, жеке заңды тұлғалардың және мемлекеттiң заңды мүдделерiне зиян келтiру ықтималдығы;
      2) тәуекелдердi бағалау жүйесi-нотариаттық қызмет саласындағы бақылау субъектiсiн тексерулердi жоспарлау мақсатында өкiлеттi орган жүргiзетiн iс-шаралар кешенi;
      3) тәуекел дәрежесiн бағалау өлшемдерi – бақылау субъектiсiнiң тiкелей қызметiмен байланысты әртүрлi тәуекел дәрежесiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығы;
      4) бақылау субъектiсi - "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нотариаттық қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, аумақтық нотариаттық палаталар.
      3. Бақылау субъектiсiнiң қызметтi тәуекелдерiн бағалау оның жұмыс өтiлi, тексерулер нәтижесi, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер бойынша анықталған заң бұзушылықтар ескерiле отырып жүргiзiледi.
      4. Бақылау субъектiлерiн тәуекел дәрежесiне тәуелдiлiгiне бойынша бөлу:
      1) тәуекел дәрежесi жоғары субъектiлерге - жұмыс тәжiрибесi 1 жылдан кем емес мемлекеттiк және жекеше нотариустар, сондай-ақ бұрын жүргiзiлген тексеру нәтижесiмен жоғары айыппұл балл жинағандар, жеке қаулылар немесе ұйғарым шығару фактiлерiмен, лицензиясының күшiн тоқтата тұру, фактiсiнiң болуы, "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген тұлғалар, аттестациядан өткен сәттен бастап бiр жыл iшiнде нотариаттық iс-әрекеттер жасауға кiрiскендер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Заңына сәйкес бұрын тексеруге жатқызылмаған аумақтық нотариаттық палаталар;
      2) тәуекел дәрежесi орташа субъектiлерге - орташа балл иемденгендер;
      3) тәуекел дәрежесi болмашы субъектiлерге - болмашы балл иемденгендер;
      5. Бақылау субъектiсiнiң тәуекел дәрежесi оның нотариаттық қызметiнiң нәтижесiне сәйкес сапалық өлшемдерiне байланысты қайта бөлiнедi.
      Тәуекелдi бағалау ақпараттарды жүйелi пайдалану жолымен жүзеге асырылады.
      Әдiлет органдары алдыңғы жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер бойынша деректерге, құқық қорғау органдарының және соттардың мәлiметтерi, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары өтiнiштерi және нотариаттық палатадан алынған мәлiметтерi, сондай-ақ бақылау субъектiсiнiң қызметiне қатысты басқа да құжаттар және (немесе) мәлiметтер бойынша талдау жүргiзедi.
      6. Бақылау субъектiсi балл санын төмендегi өлшемдерге сәйкес иеленедi:
      1) нотариус лауазымында жұмыс өтiлi 1 жылға дейiн - 10 балл;
      2) нотариат туралы заңнама нормаларының жою мүмкiн болмайтын бұзушылықтар анықталғанда - 5 балл (ең соңғы нәтижесi тексеру нәтижесi бойынша әрбiр заң бұзушылық үшiн);
      3) тексеру нәтижесiнде нотариат туралы заңнама нормалары жойылған заң бұзушылықтар - 1 үшiн балл (ең соңғы жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша әрбiр заң бұзушылық үшiн);
      4) тексеру нәтижесiнде Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтар № 32 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы нотариаттық іс жүргізу Ережесі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 болып тіркелген) (бұдан әрi - iс-жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық) жою мүмкiн болмайтын бұзушылықтар анықталғанда - 3 балл (ең соңғы жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша әрбiр заң бұзушылық үшiн);
      5) тексеру нәтижесiнде iс-жүргiзу жөнiндегi Нұсқаулығының жойылатын бұзушылықтар анықталғанда - 1 балл (ең соңғы жоспарлы тексеру қорытындысы бойынша әрбiр заң бұзушылық үшiн);
      6) бақылау субъектiсiне нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн соттың шығарған жеке қаулысы күшiне енгенде - 15 балл (тәуекелдердi бағалау дәрежесiне жүргiзiлген соңғы жыл iшiнде шығарылған әрбiр қаулыға);
      7) бақылау субъектiсiнiң куәландырылған мәмiлесi заңсыз деп танылып, бақылау субъектiсiнiң кiнәлiлiгi көрсетiле отырып шығарылған, заң күшiне енген соттың шешiмiне – 20 балл (тәуекелдердi бағалау дәрежесiне тексеру жүргiзiлгенге дейiнгi жыл iшiнде);
      8) бақылау субъектiсiнiң нотариаттық iс-әрекеттерiне түскен негiздi шағымға және оларды жасау кезiнде заңсыз бас тартылғанда заңды күшiне енген сот шешiмi шығарылған жағдайда – 15 балл (тәуекелдердi бағалау дәрежесiне тексеру жүргiзiлгенге дейiнгi жыл iшiнде);
      9) бақылау субъектiсiнiң нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берiлген лицензиясының күшi тоқтатылған жағдайда:
      бақылау субъектiсiнiң нотариаттық iс-әрекеттердi жасағаны үшiн қолданыстағы нотариат туралы заңнаманы бұзғаны үшiн - 20 балл (тәуекелдердi дәрежесiн бағалау жүргiзiлгенге дейiнгi соңғы 1 жыл iшiнде әрбiр тоқталғаны үшiн);
      «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау субъектiсiнiң қызмет ету аумағын сақтамағандығы анықталғанда - 10 балл (тәуекелдер дәрежесiн бағалау жүргiзiлгенге дейiнгi соңғы 1 жыл iшiнде әрбiр тоқталғаны үшiн);
      бақылау субъектiсiнiң бiр ай iшiнде аумақтық әдiлет органына тегi, аты, әкесiнiң аты өзгертiлгендiгiн, сондай-ақ үй-жайының мекен-жайы өзгертiлгендiгiн хабарламағаны анықталғанда - 10 балл (тәуекелдер дәрежесiн бағалау жүргiзiлгенге дейiнгi соңғы 1 жыл iшiнде әрбiр тоқталғаны үшiн);
      бақылау субъектісінің оның есептік тіркеуінен тыс үй-жайды орналастыруы нотариаттық қызметті есептік тіркеусіз жүзеге асырғанмен тең - 10 балл (тәуекелдер дәрежесiн бағалау жүргiзiлгенге дейiнгi соңғы 1 жыл iшiнде әрбiр тоқталғаны үшiн);
      10) әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылғаны үшiн «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшiн - 5 балл, "Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруды (жылыстатуды) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны үшiн - 5 балл, "Жекеше нотариустарды азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгінiң келiсiм-шарты болмағандығы анықталғанда - 10 балл;
      11) кәсiпкерлiк қызметпен айналысқаны үшiн - 5 балл;
      12) нотариустың ар-намыс Кодексiн бұзғаны үшiн тәртiптiк шара болғаны жағдайда – 2 балл (тәуекелдер дәрежесiн бағалау жүргiзiлгенге дейiнгi соңғы 1 жыл iшiндегi әрбiр тәртiптiк шара үшiн);
      13) «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау субъектiсi жауапкершiлiкке тартылған жағдайда:
      сот жеке қаулы немесе ұйғарым шығарғанда - 15 балл;
      бақылау субъектiсiнiң куәландырылған мәмiлесi бақылау субъектiсiнiң кiнәлiлiгi көрсетiле отырып заңсыз деп табылған заң күшiне енген соттың шешiмi анықталғанда – 20 балл (тәуекелдер дәрежесiн бағалау жүргiзiлгенге дейiнгi соңғы жыл iшiнде);
      нотариаттық iс-әрекеттер жасаған уақытта өзiнiң қызметтiк өкiлеттiктерiн атқарумен байланысты шағым түсiп, шағым негiздi деп танылғанда - 15 балл (тәуекелдер дәрежесiн бағалау жүргiзiлгенге дейiнгi соңғы жыл iшiнде);
      14) аумақтық нотариаттық палатада жеке нотариаттық мұрағаттың болмауы – аумақтық нотариаттық палатаның жеке нотариаттық мұрағатта нотариаттық құжаттарды жинау, сақтау және пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтамауына тең, бұл нотариаттық құжаттардың жоғалуына, бүлінуіне және т.б. әкелді – 20 балл;
      15) нотариустар арасында түсіндіру жұмыстарының болмауын білдіретін жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды ұйымдастыру бойынша аумақтық нотариаттық палатаның болмауы немесе сапасыз жұмысы, нотариустардың сақтандыру мәліметтеріне мониторинг жүргізу – 10 балл;
      16) нотариаттық қызметке орналасу құқығына үміткер тұлғалардың тағылымдамаларын ұйымдастыру және жеке нотариустарды оқыту бойынша аумақтық нотариаттық палатаның болмауы немесе сапасыз жұмысы – 5 балл, оның ішінде:
      жеке үйренуші нотариустарды оқыту және тағылымдамаларын ұйымдастыру бойынша аумақтық нотариаттық палатаның жұмысына дәлелді шағымдардың болуы - 7 балл;
      тағылымдамаға үміткерлерді қабылдауда дәлелді бас тартулардың болуы – 10 балл;
      тағылымдамадан өтушілердің тағылымдамадан өту барысы туралы аумақтық нотариаттық палатаның мәжілістерінде тоқсан сайын тыңдау жүргізуден дәлелді бас тартудың болуы – 7 балл.
      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтар № 36 бұйрығымен бекітілген Тағылымдамадан өтушілердің кәсіби дайындығының бірыңғай бағдарламасы сәйкес аумақтық нотариаттық палата жүргізетін оқулардың болмауы тексеру нәтижесiнде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7451 болып тіркелген) – 10 балл.
      7. Әрбiр тәуекел өлшемдерi шектi мөлшердегi тиiстi бал санын иеленедi.
      8. Барлық өлшемдердiң жиынтық қорытындысын анықтау үшiн тәуекел өлшемi бал санының жиынтығы жинақталады.
      9. Бақылау субъектiсiнiң тәуекел дәрежесiн саралау үшiн барлық тәуекел өлшемдерiнiң жиынтық қорытындысы пайдаланылады.
      10. Бақылау субъектiсiнiң тәуекел дәрежесiн саралау төмендегi негiздерге сәйкес жүзеге асырылады:
      1) жекеше нотариустар:
      жоғары тәуекел дәрежелi субъектi - 25 балдан жоғары;
      орташа тәуекел дәрежелi субъектi - 10 балдан 25 балға дейiн;
      болмашы тәуекел дәрежелi - 10 балға дейiн.
      2) мемлекеттiк нотариустар:
      жоғары тәуекел дәрежелi субъектi - 25 балдан жоғары;
      орташа тәуекел дәрежелi субъектi - 10 балдан 25 балға дейiн;
      болмашы тәуекел дәрежелi - 10 балға дейiн.
      3) нотариаттық iс-әрекеттердi жасауға уәкiлеттi атқарушы органдардың лауазымды адамдары:
      жоғары тәуекел дәрежелi субъектi - 10 балдан жоғары;
      орташа тәуекел дәрежелi субъектi - 5 балдан 10 балға дейiн;
      болмашы тәуекел дәрежелi - 5 балға дейiн.
      4) аумақтық нотариаттық палаталар:
      жоғары тәуекел дәрежелi субъектi - 20 балдан жоғары;
      орташа тәуекел дәрежелi субъектi - 10 балдан 20 балға дейiн;
      болмашы тәуекел дәрежелi субъекті - 10 балға дейiн.
      11. Жоспарлы тексерудi жүргiзудiң кезеңдерi:
      1) жоғары тәуекел дәрежелi субъектiлерге жылына 1 рет;
      2) орташа дәрежелi субъектiлерге 3 жылда 1 рет;
      3) болмашы тәуекел дәрежелi субъектiлерге 5 жылда 1 рет.
      12. Бiр тәуекел топтың iшiнде жоспарлы тексеру жүргiзуге бақылау субъектiсiн iрiктеу балл сандарының көпшiлiк қағидасы негiзiнде жүзеге асырылады.
      13. 1 жылға дейiнгi қызмет өтiлi бар бақылау субъектiсi нотариаттық қызметiне жасау құқығына аттестациядан өткен, нотариус лауазымына кiрiскен, есептiк тiркеуге алынған сәттен бастап 1 жылдың iшiнде тексерiлуi тиiс. Тексеру қорытындысымен бақылау субъектiсiнiң тәуекел дәрежесi анықталады.».

Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрiнiң  
2012 жылғы 31 қаңтардағы
№ 35 бұйрығына   
2-қосымша     

«Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрiнiң   
2011 жылғы 29 маусымдағы
№ 245 бұйрығына  
5-қосымша      

нысан

мемлекеттiк нотариустардың
қызметiн
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ

Тексерудi тағайындайтын орган _______________________________________
Тексерудi тағайындау туралы акт _____________________________________
                                            (№, күнi)
Тексерiлетiн бақылау субъектiсiнiң Т.А.Ә., қызметi __________________
Жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) _____________________________________
Тексеру жүргiзiлетiн үй-жайдың мекен-жайы, орналасқан жерi __________
Тексерiлетiн кезең __________________________________________________
Тексеру жүргiзудiң мерзiмi __________________________________________
                          (тексеру жүргiзуге кеткен күндер) ________
Тексеру жүргiзудiң басталуы және аяқталуы __________________________
                                               (күнi, сағаты)

Талаптар тiзбесi

иә

жоқ

1

Жеке нотариаттық мұрағаттар құру, нотариаттық құжаттарды жинау, сақтау және пайдалану бойынша олардың функцияларын ұйымдастыру жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына аумақтық нотариаттық палаталар қызметінің сәйкес келуі



2

Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына аумақтық нотариаттық палаталар қызметінің сәйкес келуі



3

Нотариаттық қызметке орналасу құқығына үміткер тұлғалардың тағылымдамаларын ұйымдастыру жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына аумақтық нотариаттық палаталар қызметінің сәйкес келуі



4

Жеке нотариустарды оқытуды ұйымдастыру жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына аумақтық нотариаттық палаталар қызметінің сәйкес келуі



Лауазымды тұлға:
____________________________________ _________________
      (Т.А.Ә. лауазымы)                    (қолы)
____________________________________ _________________
      (Т.А.Ә. лауазымы)                   (қолы)

Бақылау субъектiсi:
____________________________________ _________________
         (Т.А.Ә. лауазымы)                (қолы)

      Ескеру: бiрнеше парақта жазылған тексеру парағын тексеру жүргiзетiн орган баулайды, нөмiрлейдi.».