«2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қаңтардағы № 398-IV Заңын, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 146-бабын, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 461 Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Балалардың тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу ережесін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 546 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5858 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2010 жыл № 1 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Балалардың тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу ережесін белгілеу туралы»;
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Балалардың тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу ережесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Балалардың тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу ережесінде:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Балалардың тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу ережесі»:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ереже Қазақстан Республикасында балалардың тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін (бұдан әрі - өнімдер) заттар) мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алуға қойылатын негізгі талаптарды белгілейді»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Өнімдерді (заттарды) мемлекеттік тіркеуді және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алуды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі - Комитет) жүзеге асырады.»;
2-бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тамақ өнімдерін және адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу тәртібі»;
3-тармақтың 2-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) енгізуді.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өнімдерге (заттарға) сараптама жүргізу, сондай-ақ оларды тіркеу туралы шешімді қабылдау Комитет жанында құрылатын өнімдерді (заттарды) тіркеу жөніндегі сараптау комиссиясына жүктеледі. Сараптама қорытындысы немесе тіркеуден бас тарту туралы дәлелденген шешім Комитетке беріледі.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Тізілімге енгізілген өнімдерге (заттарға) осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комитет төрағасы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қоятын Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беріледі.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бір өтініш берушіге (жеке немесе заңды тұлғаға) ғана беріледі. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы өтініш берушіге немесе сеніп тапсырылған адамға беріледі.»;
11 және 18-тармақтар алынып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Комитет шешім қабылдағаннан кейін өнімдерді (заттарды) мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы жазбаша түрде өтініш берушіге хабарлайды.»;
3-бөлім алып тасталсын;
21-тармақпен толықтырылсын:
«21. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің жарамдылық мерзімі өнімнің дайындалуының немесе бақылаудағы тауарларды Кеден одағының аумағына қоюдың барлық кезеңіне белгіленеді.»;
1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 17 қаңтардағы № 17 бұйрығына
қосымша
Балалардың тамағы өнімдерін,
тағамға тағамдық және биологиялық
активті қоспаларды, генетикалық турлендірілген
объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау,
дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын,
сумен және тағам өнімдерімен жанасатын
материалдар мен бұйымдарды,
химиялық заттарды, адамның денсаулығына
зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың
жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу
және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді
кері қайтарып алу ережесіне
қосымша
нысан
ЕУРАЗЭҚ ЛОГОТИПІ
БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ,
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ, РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ
КЕДЕН ОДАҒЫ
________________________________________
(Тараптардың уәкілетті органы)
________________________________________
(уәкілетті органның басшысы)
________________________________________
(әкімшілік-аумақтық бөлімнің атауы)
Мемлекеттік тіркеу туралы
КУӘЛІК
______ _____________________№ _______
Өнім:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
өнімнің атауы, өнім дайындалған нормативтік және (немесе) техникалық
құжаттар, дайындаушының (өндірушінің), алушының атауы және орналасқан
орны)
сәйкес келеді _______________________________________________________
мемлекеттік тіркеуден өтті, Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің
тізіліміне енгізілді және өндіруге, өткізуге және пайдалануға рұқсат
етіледі.
Осы куәлік мыналардың негізінде (зерттеу жүргізген ұйымның
(сынау зертханасының, орталықтың) атауын, қаралған зерттеу
хаттамаларын, басқа да қаралған құжаттарды атап көрсету)) берілді:
Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің жарамдылық мерзімі өнімнің
дайындалуының немесе бақылаудағы тауарларды Кеден одағының аумағына
қоюдың барлық кезеңіне белгіленеді.
Құжат берген уәкілетті адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты,
лауазымы және құжат берген органның (мекеменің) мөрі
________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты/қолы) М.О.