РҚАО-ның ескертпесі!
Бұл хаттама Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енген күнінен бастап қолданылуын тоқтатады - ҚР 14.10.2014 N 240-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 113-баптан қараңыз).
2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербургте жасалған 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |
2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық
шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберіндегі Кеден одағына (бұдан әрі - кеден одағы) мүше мемлекеттердің үкіметтері
2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісімінің (бұдан әрі - Келісім) 11-бабына сәйкес төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. Келісімнің 1-бабында:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"өнімнің (тауарлардың) қауіпсіздігін растайтын құжат" - санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімнің (тауарлардың) адам денсаулығы үшін қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын және уәкілетті органдар беретін құжат (мемлекеттік тіркеу туралы куәлік)".
2. Келісімнің 2-бабының үшінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Бірыңғай санитариялық талаптар бақылаудағы тауарлардың осы түріне ЕурАзЭҚ техникалық регламенттер қабылдағанға дейін қолданылады".
3. 5-бапта:
екінші абзацтағы "Бірыңғай санитариялық талаптарға" деген сөздерден кейін "немесе қайта ресімдемей, ЕурАзЭҚ техникалық регламенттеріне" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші абзацтағы "Бірыңғай санитариялық талаптарға" деген сөздерден кейін "немесе ЕурАзЭҚ техникалық регламенттеріне" деген сөздермен толықтырылсын.
4. 7-баптың алтыншы абзацындағы және 9-баптың бесінші абзацындағы "Бірыңғай санитариялық талаптарға" деген сөздерден кейін "немесе ЕурАзЭҚ техникалық регламенттеріне" деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап
Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар консультациялар және келіссөздер жүргізу жолымен шешіледі.
Егер Тараптардың бірінің басқа Тараптарға жолдаған консультациялар және келіссөздер жүргізу туралы ресми жазбаша өтініші келіп түскен күннен бастап алты ай ішінде Тараптар дауды реттемесе, Тараптардың кез келгені бұл дауды қарау үшін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына береді.
3-бап
Осы Хаттаманың күшіне ену, оған қосылу және одан шығу тәртібі 2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының шарттық-құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған халықаралық шарттардың күшіне ену, олардан шығу және оларға қосылу тәртібі туралы хаттамамен айқындалады.
2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербург қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Кеден одағының комиссиясында сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір Тарапқа расталған көшірмені жолдайды.
Беларусь | Қазақстан | Ресей |
Республикасының | Республикасының | Федерациясының |
Үкіметі үшін | Үкіметі үшін | Үкіметі үшін |
Осымен 2010 жылғы 21 мамырда Санкт-Петербург қаласында қол қойылған 2009 жылғы 11 желтоқcандағы Кеден одағының санитариялық шаралар жөніндегі келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманың куәландырылған көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екендігін растаймын.
Қазақстан Республикасы | |
Сыртқы істер министрлігі | |
Халықаралық құқық департаментінің | |
Басқарма бастығы | Б. Пискорский |