Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау әдістемесін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ақша қаражатын басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 9 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 қаңтарда № 7381 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 540 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 706 бірлескен бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.12.2016 № 540 және ҚР Қаржы министрінің 30.12.2016 № 706 бірлескен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 14.12.2015 № 655 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       "Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау әдістемесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша қаражатын басқару тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілсін (қызмет бабында пайдалану үшін).

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің м.а. 14.12.2015 № 655 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2. Мыналардың:

      1) "Мемлекеттік органның бюджет қаражатын тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 673 бұйрығының;

      2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің бюджеттік қаражатты басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 50 бұйрығының;

      3) "Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 645 бұйрығының күші жойылсын.

      3. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Министр

Б. Жәмішев


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 10 қаңтардағы
№ 9 бұйрығына
1-қосымшасы

Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау әдістемесі

      Ескерту. Әдістеменің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 14.12.2015 № 655 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) "Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 14.12.2015 № 655 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2. Әдістеме бюджет қаражатының бекітілген немесе аз көлемін пайдалана отырып, ең жақсы тікелей нәтижеге қол жеткізу мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджет қаражатын пайдаланудың нәтижелігі мен тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың тиімділігін анықтауға арналған.

      3. Орталық мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқарудың тиімділігін бағалауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады (бұдан әрі – Тиімділікті бағалау).

      Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала және астана бюджетінен қаржыландырылатын бюджеттік даму бағдарламаларын, сондай-ақ ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті бюджеттік даму бағдарламаларын іске асыру жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

      4. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қызметінің тиімділігін бағалауды Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады.

      5. Тиiмдiлiктi бағалау жүргiзу үшiн мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары 15 ақпаннан кешіктірмей ұсынымдар мен қаулылар негізінде бағаланатын кезеңдегі бақылау нәтижелері және олардың орындалуы туралы ақпаратты Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік жүйе деңгейлеріне қарай бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға береді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.

       6. Тиімділікті бағалау:

      1) орталық мемлекеттік органдардың төмен тұрған бюджеттеріне бөлінген субвенциялардан, бөлінетін бағдарламалардан, нысаналы трансферттерден және кредиттерден басқа, барлық бюджеттік бағдарламалар.

      Бұл ретте бөлінетін бағдарламалар белгіленген тәртіпте шығыстар бөлінетін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бағалануына жатады.

      2) құқық қорғау органдарының объектілерін дамытуға бағытталған бюджеттік даму бағдарламаларын қоспағанда, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң 2014.09.24 № 412 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің м.а. 14.12.2015 № 655 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

       7. Орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері тиімділікті бағалауды жүргізу үшін ұсынылатын ақпараттың дұрыстығын және толықтығын қамтамасыз етеді.

      8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган барлық мемлекеттік органдар бойынша орталық мемлекеттік органдар және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері ұсынған деректерді іріктеп қайта тексереді.

2. Бюджет қаражатын басқаруды бағалау жүргізу

      9. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне мынадай ақпаратты ұсынады:

      1) Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджет қаражатының игерілмеу себептері;

      2) Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу" критерийі бойынша талдау нәтижелері туралы ақпаратты;

      3) Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылыс және реконструкциялау объектілерінің құнының қымбаттауы туралы ақпаратты;

      4) түсіндірме жазбаны.

      Орталық мемлекеттік органдар, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органды қоспағанда және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдіктері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға мынадай ақпаратты:

      1) Әдістемеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу" критерийі бойынша талдау нәтижелері туралы ақпаратты (орталық мемлекеттік органдардан басқа);

      2) Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылыс және реконструкциялау объектілері құнының қымбаттауы туралы ақпаратты;

      3) түсіндірме жазбаны береді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.

       10. Түсіндірме жазба орталық мемлекеттік/жергілікті атқарушы орган қызметінің тиімділігін жүргізілген талдау нәтижелерін алдыңғы жылмен салыстыра отырып, күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп, мына критерийлер бөлінісінде қамтуы тиіс:

      1) "Бюджетті жоспарлау және атқару сапасының деңгейі" критерийі бойынша:

      тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттік бағдарламалар/облыс, республикалық маңызы бар қала, астана жергілікті атқарушы органының бюджеттік даму бағдарламалары әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының атқарылу пайызы;

      бюджеттік бағдарламалар арасында қаражатты қайта бөлу үшін себептері мен негіздемелерін көрсете отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бюджетінің жалпы көлемінде бюджеттік бағдарламалар арасында бюджетті нақтылау кезінде қайта бөлінген қаражаттың ара қатынасының үлесі;

      бюджеттiк инвестициялық жобаның сметалық құнын ұлғайту фактiлерiнiң болуы және бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнын ұлғайту себептерi;

      дебиторлық және кредиторлық берешектердің пайда болу себептерін және оны қысқарту жөнінде қабылданған шараларды көрсете отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалар/облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бюджеттік даму бағдарламалары әкімшісінің ағымдағы жылды және өткен жылдарды бөле отырып, дебиторлық және кредиторлық берешектердің болмауы/болуы немесе өзгеруі көрсетіледі;

      2) "Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бағаланатын кезеңде тексеру қорытындылары бойынша бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы" критерийi бойынша:

      тексеру жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылау органы;

      есептi кезеңдегi тексерулер саны;

      ішкі бақылау қызметтерінің тексерулерін қоспағанда, мемлекеттік органның және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемі;

      есептi кезеңде анықталған бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтар, оның iшiнде:

      бюджетке қаражаттың түсуi кезiнде (кiрiс бөлiгi);

      бюджет қаражатын және мемлекеттiң активтерiн пайдалану кезiнде;

      бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде;

      мемлекеттік қарыз туралы шартпен белгіленген қарызды жабу датасын ұзартқан кезде;

      бюджеттiк рәсiмдер мен мемлекеттік сатып алу туралы рәсімдерді орындаудың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындауға жатқызылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны таңдаудың белгiленген мерзімін, тәртібін сақтамау көрсетіледі;

      Бұдан әрi есептi кезеңде бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемiнен бұзушылықтардың үлесi келтiрiледi.

      Мемлекеттiк органда анықталған бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтардың жалпы сомасы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған бұзушылықтарды қосу жолымен айқындалады.

      Бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының көлемi мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылаумен қамтыған қаражат көлемдерiн қосу жолымен айқындалады.

      Мемлекеттік органдар шығыстарының жалпы көлемінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тиімділік қағидатына сәйкес келмейтін шығыстар.

      Мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік қаржылық бақылау органдары растаған шағымдардың болмауы/болуы;

      3) "Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген нұсқамаларды және қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар" критерийі бойынша:

      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының енгізілген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес бюджеттің кірісіне қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасының жалпы көлеміне шаққанда белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемi (сот талқылауларына байланысты өтеуге жататын сомаларды қоспағанда);

      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының енгізілген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуды көрсету жолымен қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасының көлемі;

      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының енгізілген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуды көрсету жолымен бюджетке қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасына шаққанда белгiленген мерзiмде қалпына келтiрiлген бұзушылықтар сомасының көлемi (сот талқылауларына байланысты қалпына келтіруге жататын соманы қоспағанда).

      "Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бағалау кезеңіндегі тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы" және "Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының енгiзілген ұсынымдары мен қаулыларын орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар" критерийлері бойынша ішкі бақылау қызметтерінің жұмысы бойынша ақпарат талдамалы мақсатта жеке көрсетіледі.

      4) "Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу" критерийі бойынша:

      республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары бөлінісінде, оның ішінде бөлінетін бюджеттік бағдарламалардан қаражат алынған бағдарламалар бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізу көрсеткіштері көрсетіледі, ал облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша тікелей нәтижелердің көрсеткіштері себептері көрсетіле отырып, тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткен немесе ішінара қол жеткен бюджеттік инвестициялық жобалар бөлінісінде көрсетіледі;

      себептерін көрсете отырып, тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген бюджеттік бағдарламалар тізбеленеді.

      бағаланып отырған кезеңдегі мемлекеттік органның барлық бюджеттік бағдарламалары тікелей нәтижесінің іс жүзінде қалыптасқан орташа балын өткен жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстыру жүзеге асырылады;

      мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрамында бекітілген бюджеттік бағдарламалардың нәтижелік көрсеткіштерін және/немесе стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларын олардың болуына немесе болмауына талдауды жүзеге асырылады;

      объектiлердi белгiленген мерзiмде беру (iске қосу), объектілерді беру (енгізу) көзделген бюджеттік бағдарламалардың саны және есептi кезеңде пайдалануға беру жоспарланған объектiлердiң саны көрсетіледі. Уақтылы пайдалануға берiлмеген объектiлер бойынша объектiлердiң жалпы санына уақтылы пайдалануға берiлмеген объектiлердiң үлесi келтiрiледi, сондай-ақ пайдалануға берудiң кешiгу себептерi көрсетіледі;

      5) "Бюджеттік бағдарламаны орындау тиімділігі" критерийі бойынша бюджеттік бағдарламалардың орындалу тиімділігі бюджетттік бағдарламалар бойынша игерілу пайызымен бірге бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижесіне жеткізудің пайыз қатынасымен айқындалады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599, өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрiнiң 2014.09.24 № 412 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.12.2015 № 655 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

       11. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган дайындаған мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқару тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындылар Әдістемеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға беріледі.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға берілетін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы жалпы қорытындыда:

      жүргізілген бағалау туралы есеп;

      оң жақтары мен кемшіліктері көрсетіле отырып, бағалау критерийлері бойынша нәтижелерді талдау;

      тұрақты сипаттағы бюджетті орындау кезінде анықталған жүйелі кемшіліктер мен түйткілді мәселелер;

      мемлекеттік органдардың қызметін жақсарту бойынша қорытындылар мен ұсынымдар;

      республикалық бюджет бойынша бюджет қаражатын игеру жөніндегі және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бастапқы бекітілген, нақтыланған және түзетілген бюджеттерін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен жергілікті атқарушы органдар бойынша бөле отырып, бюджеттік бағдарламаларын игеру жөніндегі ақпарат;

      "Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бағалау кезеңіндегі тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы" және "Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген ұсынымдар мен қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар" критерийлері бойынша талдамалы мақсатта пайдаланылатын ішкі бақылау қызметінің іс-әрекеті бойынша ақпарат жеке көрсетіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.

       12. Қызмет тиімділігі Әдістемеге 7-қосымшаға сәйкес 100 баллдық шәкіл бойынша баллдар критерийлері және көрсеткіштер бойынша бағаланады.

3. "Бюджетті жоспарлау және атқару сапасының деңгейі" критерийі бойынша бағалау

      Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.

       13. Тиісті қаржы жылына бөлінген қаражатты игеру" көрсеткіші бойынша бағалау республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк бағдарламалары/облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттiк даму бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының атқарылу пайызын көрсетедi.

      Осы көрсеткіш бойынша бағалау жүргізу кезінде мемлекеттік органның игерілмеген қаражат сомасынан Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен тоқтатыла тұрған шығыстар сомасы алып тасталады.

      Бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсi бойынша балл Әдістемеге

      7-қосымшада көрсетілген мәндерге критерийлер мен көрсеткіштер балдарына сәйкес айқындалады.

      Жергiлiктi атқарушы органдар бойынша осы көрсеткіш жөніндегі бағалау барлық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бойынша орташа балл түрiнде айқындалады.

      "Шығыстардың бекітілген көлеміне бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қайта бөлінген қаражатының көлемі" көрсеткіші бойынша бағалау бюджет қаражатының азаюы бөлігінде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бекітілген бюджетінің жалпы көлеміндегі бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша бюджетті нақтылау кезінде қайта бөлінген қаражаттың ара қатынасының үлесін анықтауға негізделеді.

      Қайта бөлінген қаражаттың көлемі қаржы жылының ішінде барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша бекітілген жоспарлы тағайындаулар мен түзетілген жоспар арасындағы айырма жолымен есептеледі. Бұл ретте барлық нақтылаулардағы азайтылған жоспарлы тағайындаулар сомасы есепке қабылданады.

      Осы көрсеткіш бойынша бағалау жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес шығыстарды қысқарту, функциялар мен өкілеттіктердің аражігін ажыратуға байланысты түзету, мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) кезінде, Қазақстан Республикасы шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер енгізу, бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қосымша ақша қаражатын бөлу не секвестрлеу кезінде, бюджетті нақтылау және түзету кезінде бюджеттік бағдарламалардың ақшасын қайта бөлу жағдайлары ескерілмейді.

      Осы көрсеткіш бойынша бағалау жүргізу кезінде кросс-бағамдардың ауытқуларына байланысты нақтылаулар есепке алынбайды.

      "Бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайту фактілерінің болмауы немесе болуы" көрсеткіші бойынша бағалау бюджеттік инвестициялық жобаның құнын ұлғайтуға ұшыратқан бюджеттік инвестициялық жобалардың қаржылық-экономикалық негіздемесін, жобалау-сметалық құжаттамасын түзету жағдайларының бар не жоқ екендігін көрсетеді.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына және қағидаларына өзгерістер енгізу нәтижесінде бюджеттік инвестициялық жобаның құнын ұлғайту жағдайлары ерекшелік болып табылады.

      Бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнын ұлғайту фактілері болған жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің/облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобасының қымбаттау пайызы есептеледі.

      Бұл ретте бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнының қымбаттау пайызы инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасында көзделген оның бастапқы құнына қатысты есептеледі.

      Осы көрсеткіш бойынша бағалау жүргізу кезінде кросс-бағамдардың ауытқуларына байланысты қымбаттаулар ескерілмейді.

      Егер бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жобалау-сметалық құжаттама негізінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды көздемеген жағдайда, осы өлшем бойынша 2 балл беріледі.

      Бұл ретте орталық мемлекеттік органдар мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Әдістемеге 4-қосымшаға бір жыл үшін құрылыс және реконструкция объектілері құнынын қымбаттауы туралы сәйкес ақпарат береді.

      "Дебиторлық және кредиторлық берешектердің болмауы" көрсеткіші бойынша бағалау республикалық бюджеттік бағдарламалар/облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бюджеттік даму бағдарламалары әкімшісінің дебиторлық/кредиторлық берешектерінің болмауын/болуын немесе өзгеруін көрсетеді.

      Дебиторлық берешекте қызметтерді берушілердің растаушы құжаттарды уақтылы бермеуі себебінен бағаланып отырған жылдың аяғында пайда болған, көрсетілген коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтері бойынша келесі жылдың қаңтарында өтелуге жататын ағымдағы дебиторлық берешек есепке алынбайды.

      Дебиторлық берешектің жалпы сомасында жалғасатын халықаралық инвестициялық жобалар бойынша, инновациялық гранттар беру бойынша пайда болған дебиторлық берешек сомасы есепке алынбайды.

      Кредиторлық берешекте мердігердің қабылдаған міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету мақсатында ұсталған орындалған жұмыстар көлемінің 5%-ы мөлшерінде кредиторлық берешек, бюджет қаражатын секвестрлеу нәтижесінде туындаған кредиторлық берешек есепке алынбайды.

      Дебиторлық/кредиторлық берешектің өзгеруін бағалау бағаланып отырған кезеңдегі берешекті өткен жылдың осыған ұқсас көрсеткішімен салыстыру жолымен жүзеге асырылады және Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген критерийлер мен көрсеткіштер балдарына сәйкес айқындалып қойылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң м.а. 14.12.2015 № 655 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       14. Есептi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы, жергілікті, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетi туралы мәслихаттың шешiмi, республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңын және жергiлiктi бюджеттер туралы мәслихаттардың шешiмдерiн iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың қаулылары және бюджеттiк бағдарламалар әкімшісінің мiндеттемелерi мен төлемдерi бойынша қаржыландыру жоспарлары, республикалық және жергiлiктi бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалы есеп, жылдың қорытындылары бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнің атқарылуы туралы есеп, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есепті қаржы жылына арналған дебиторлық берешегі туралы есеп, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің есепті қаржы жылына арналған кредиторлық берешегі туралы есеп ақпарат көздерi болып табылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң м.а. 14.12.2015 № 655 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       15. Республикалық бюджеттік бағдарламалар/облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бюджеттік даму бағдарламалары әкімшісінің тиісті қаржы жылына арналған бюджетті жоспарлау және атқару сапасының деңгейін талдау нәтижелері бойынша Әдістемеге 7-қосымшаға сәйкес тиісті балл беріледі.

4. "Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексеріс
қорытындылары жөніндегі бюджеттік және өзге де заңнаманы
бұзушылықтардың болмауы" критерийі бойынша бағалау

      16. "Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бағалау кезеңіндегі тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы" критерийі бойынша бағалау жүргізу кезінде:

      тексеру жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылау органы;

      есептi кезеңдегi тексерулер саны;

      ішкі бақылау қызметтерінің тексерулерін қоспағанда, мемлекеттік органның және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемі;

      есептi кезеңде анықталған бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтар, оның iшiнде:

      бюджетке қаражаттың түсуi кезiнде (кiрiс бөлiгi);

      мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану кезінде, оның ішінде сатып алу қорытындысына ықпал ететін мемлекеттік сатып алу бойынша;

      бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде;

      мемлекеттік қарыз туралы шартпен белгіленген қарызды жабу датасын ұзартқан кезде;

      бюджеттiк рәсiмдер мен мемлекеттік сатып алу туралы рәсімдерді орындаудың, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны таңдаудың белгiленген мерзімін, тәртібін сақтамау көрсетіледі;

      мемлекеттік органдар шығыстарының жалпы көлемінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тиімділік қағидатына сәйкес келмейтін шығыстар;

      мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік қаржылық бақылау органдары растаған шағымдардың болмауы/болуы көрсетіледі.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң м.а. 14.12.2015 № 655 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       17. Бақылау объектісінің Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге заңнамасының талаптарына, шынайылығына, негізділігіне және қаржылық есептілікті уақтылы жасау және ұсынуға және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру барысында тікелей және түпкі нәтижеге қол жеткізу тиімділігіне сәйкестік мәніне өткізілген тиісті мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау материалдары ақпарат көзі болып табылады, сондай-ақ мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бақылау актілеріне сот шешімдері болып табылады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.

       18. Баға Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес қойылады.

5. "Iшкi бақылау қызметтерi енгiзген ұсынымдары мен
қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған)
шаралар" критерийi бойынша бағалау

      Ескерту. 5-тарау жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2012.12.29 № 581 Бұйрығымен.

       19. "Бюджет қаражатының жалпы көлемiне iшкi бақылау қызметтерiмен тексерiлген бюджет қаражатының көлемi" критерийi бойынша бағалау:

      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасының көлемiн;

      мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген нұсқамалар мен қаулыларға сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасына шаққанда белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемi (сот істеріне байланысты орнын толтыруға жататын сомаларды қоспағанда);

      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасының көлемiн;

      мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша ұсынымдары мен қаулыларына сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алу бойынша көрсету жолымен бюджетке қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасына қарағанда белгiленген мерзiмде қалпына келтiрiлген бұзушылықтар сомасының көлемiн.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599, өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрiнiң 2014.09.24 № 412 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

       20. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген ұсынымдары мен қаулылары ақпарат көзi болып табылады.

      21. Баға Әдiстемеге 7-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес қойылады.

6. "Мемлекеттiк органның iшкi бақылау қызметiнiң жұмысы" критерийi бойынша бағалау

      Ескерту. 6-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.

7. "Шығыстардың бекітілген көлеміне бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің қаражатының қайта бөлінген көлемі" критерийі бойынша бағалау

      Ескерту. 7-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.

8. "Бюджетті атқару жөніндегі ұйымдастыру шаралары"
критерийі бойынша бағалау

      Ескерту. 8-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.

9. "Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу" критерийі бойынша бағалау

      Ескерту. 9-тарау жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.

       34. "Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу" көрсеткіші бойынша бағалау

      Осы бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік қаражат шегінде көзделген орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілдіктер мен көрсететін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасын көрсететін көрсеткіштер тікелей нәтиже көрсеткіштері болып табылады.

      35. Бір бюджеттік бағдарлама бойынша тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалау мақсаттарымен және міндеттерімен бюджет қаражатын тікелей алушылардың іс жүзінде қол жеткен іс-шараларын салыстыру жолымен әрбір іс-шараның іс жүзінде қол жеткізілген сандық көрсеткіштерінің жоспарланғанымен ара қатынасы арқылы жүзеге асырылады.

      Жарғылық капиталдың артуын көздейтін бағдарламалар бойынша нәтижелерге қол жеткізуді бағалау іске асырылуы бағаланатын қаржы жылында көзделген техникалық-экономикалық негіздемеде көрсетілген іс-шаралар бойынша жүзеге асырылады.

      36. Егер бюджеттік бағдарламалар бойынша тікелей нәтижелердің көрсеткіштері тікелей нәтижеге қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік бермейтін сандық сипаттамалардың орнына іс-шараларды көздеген жағдайда, онда осы бюджеттік бағдарлама тікелей нәтижеге қол жеткізілмеген және сапасыз жоспарлаудың нәтижесі ретінде бағаланады.

      37. Бір бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі тікелей нәтижелердің барлық көрсеткіштерінің орташа мәні барлық көрсеткіштердің нәтижелерін, оның ішінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі объективті, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне тәуелсіз себептерге (форс-мажорлық жағдайларға) байланысты қол жеткізбеген көрсеткіштерді ескере отырып шығарылады.

      Жергілікті атқарушы орган бойынша бір инвестициялық жоба шеңберіндегі тікелей нәтижелердің барлық көрсеткіштерінің орташа мәні барлық көрсеткіштердің нәтижелерін, оның ішінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі объективті, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне тәуелсіз себептерге (форс-мажорлық жағдайларға) байланысты қол жеткізбеген көрсеткіштерді ескере отырып шығарылады, одан әрі бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде барлық инвестициялық жобалар бойынша орташа мән шығарылады.

      38. Бір бюджеттік бағдарлама шеңберіндегі тікелей нәтиженің балы Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес айқындалады.

      39. Одан әрі барлық республикалық бюджеттік бағдарламалар, облыстың жергілікті атқарушы органы, республикалық маңызы бар қала, астана әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының тікелей нәтижелері көрсеткіштерінің орташа балы айқындалады.

      Жергілікті атқарушы органдарды критерий бойынша бағалау барлық жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тікелей нәтижелері көрсеткіштерінің орташа баллы түрінде анықталады.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң 2014.09.24 № 412 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       40. Барынша жоғары балл Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілгеннен аса алмайды.

      41. Бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде осы критерийдің көрсеткіштері артық орындалған жағдайда "100%" көрсеткіші бойынша балл беріледі.

      42. "Бюджеттік бағдарламалар нәтижелігінің көрсеткіштерін жоспарлау сапасы" көрсеткіші бойынша бағалау мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының және/немесе стратегиялық жоспарды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары құрамында бекітілген бюджеттік бағдарламалар тиімділігінің көрсеткіштерін талдау жолымен жүзеге асырылады.

      Барлық бюджеттік бағдарламаларында мемлекеттік органның тиісті мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары мен бағалауына жататын сандық өлшемді болып табылатын нәтижелік көрсеткіштерінің болған жағдайда ең жоғары балл беріледі.

      Тiкелей және/немесе түпкiлікті нәтижелер болмаған не тiкелей нәтижеге қол жеткiзудi бағалауға мүмкiндiк бермейтiн сандық сипатының орнына, түпкiлікті нәтижелерi бар тiкелей нәтижелердi қайталайтын түпкі нәтижелерімен тікелей нәтижелерді қайталайтын іс-шаралардың болуы, басқа бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштерімен бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерін қайталау, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мақсаттары мен міндеттеріне және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің сәйкес келмеуі болған жағдайда 0 балл беріледі.

      Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша тиісті балл берілетін осы көрсеткіш бойынша тиімділіктің орташа балы анықталады.

      Республикалық бюджеттік бағдарламалар, облыстың жергілікті атқарушы органы, республикалық маңызы бар қала, астананың әкімшісі бойынша барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша тиісті балл берілетін осы көрсеткіш бойынша бағаланатын барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша орташа балл анықталады.

      Баға Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес қойылады.

      Ескерту. 42-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрiнiң 2014.09.24 № 412 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       43. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының 7 "Бюджеттік бағдарламалар" тарау және оны іске асыру жөніндегі есеп, ал стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша бекітілген бюджеттік бағдарламалар мен оларды іске асыру жөніндегі есептер, сондай-ақ есепті кезеңдегі тікелей көрсеткіштерге қол жеткізудің іс жүзіндегі мәнін растайтын құжаттар, оның ішінде орындалған жұмыстардың актілері, объектілерді қабылдап алу, мемлекеттік сараптама қорытындылары, жүкқұжаттар, қабылдап алу-тапсыру актілері.

      Белгіленген тәртіппен шығыстар бөлінген бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері, бұйрықтар, сондай-ақ оларға тиісті негіздер мен есептеулер, технико-экономикалық негіздеме.

      Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң 2014.09.24 № 412 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

10. "Бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижелерінің серпіні"
критерийі бойынша бағалау

      Ескерту. 10-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.

11. "Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігінің көрсеткіштерін
жоспарлау сапасы" критерийі бойынша бағалау

      Ескерту. 11-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.

12. "Бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тиімділігі"
критерийі бойынша бағалау

      48. "Бюджеттiк бағдарламаларды орындаудың тиiмдiлiгi" критерийi бойынша бағалау бюджеттiк бағдарламаның тiкелей нәтижеге қол жеткiзу пайызын тиiстi қаржылық жылға бөлiнген қаражатты iс жүзiнде игерiлуiнiң пайызына бөлу жолымен жүзеге асырылады.

      Бюджеттiк бағдарламаны орындаудың тиiмдiлiгi былай анықталады:

      Эф б/б = % ПР / % OC х 100%

      мұнда, Эф б/б – бюджеттiк бағдарламаны орындау тиiмдiлiгi;

      % ПР – тiкелей нәтижеге қол жеткiзу пайызы;

      % OC – бюджет қаражатын игеру пайызы.

      Бюджеттiк бағдарламаны орындаудың тиiмдiлiгiн бағалау Әдiстемеге 7-қосымшада көрсетiлген мәндерге сәйкес айқындалады.

      Бюджеттiк бағдарламаның тiкелей нәтижесiне 90,1%-дан кем қол жеткiзiлген болса, онда бюджеттiк бағдарламаның тиiмдiлiгi "0 пайызға" тең болады.

      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бойынша барлық бюджеттiк бағдарламалар бойынша тиiстi балл берiлетiн тиiмдiлiктiң орташа баллы әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша баллдарды қосу және алынған соманы бюджеттік бағдарламаның жалпы санына бөлу жолымен айқындалады.

      Жергiлiктi атқарушы органдар бойынша осы критерий бойынша бағалау жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың барлық әкiмшiлерi бойынша бюджеттiк даму бағдарламаларды орындаудың тиiстi балл берiлетiн тиiмдiлiгi критерийiнiң орташа баллы түрiнде айқындалады.

      Ескерту. 48-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2012.04.25 № 219 (мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi); 2012.12.29 № 581 Бұйрықтарымен.

       49. Республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау туралы талдамалық есептер, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының және/немесе стратегиялық жоспарды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының 7 "Бюджеттік бағдарламалар" бөлімі ақпарат көзі болып табылады.

      Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң 2014.09.24 № 412 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

13. "Дебиторлық берешектің болмауы" критерийі бойынша бағалау

      Ескерту. 13-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.

14. "Кредиторлық берешектің болмауы" критерийі бойынша бағалау

      Ескерту. 14-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.

15. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың
бюджет қаражатын басқару тиiмдiлiгiн қорытынды бағалау

      Ескерту. 15-тарау жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2012.12.29 № 581 Бұйрығымен.

       54. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың бюджет қаражатын басқару тиiмдiлiгiн қорытынды бағалау барлық критерийлер бойынша баллдарды қосумен және алынған мәнді түзету коэффициентіне көбейтумен айқындалады.

      Қорытынды бағана есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:



      мұнда,

      Q – бағаланатын мемлекеттік органды бағалаудың қорытындысы;

      T – барлық критерийлер бойынша алынған баллдардың қосындысы;

      P – түзету коэффициенті.

      54-1. Алынған тиімділіктің қорытынды бағасының мәні 100-ден артық болған жағдайда қорытынды баға 100 баллға тең болып алынады.

      54-2. Түзету коэффициенті – басқа бағаланатын мемлекеттік органдармен салыстырғанда бюджет қаражатын басқару бойынша артық жүктемесі бар мемлекеттік органның қорытынды бағасын түзету мақсатында есептелетін көрсеткіш.

      54-3. Түзету коэффициенті "жүктеме индексі" көрсеткішімен өлшенетін, бағаланатын мемлекеттік органның жүктемелік деңгейінің негізінде айқындалады.

      54-4. Жүктеме индексі орта деңгейден артық мемлекеттік органдар үшін түзету коэффициенті 1,01-ден 1,10-ға дейінгі интервалындағы (қалыпты қадаммен) мәнді қабылдайды - осы мемлекеттік органдардың арасында аз жүктелгендерден көбіне қарай тең бөлінеді. Жүктемесі ең көп мемлекеттік мекемеге қолданылатын түзету коэффициентінің барынша көп мәні 1,10 құрайды.

      54-5. Жүктеме индексі орта деңгейден төмен мемлекеттік органдар үшін түзету коэффициенті 1 тең болып қабылданады.

      54-6. Жүктеменің орташа деңгейі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар үшін жеке айқындалады және бағаланатын орталық мемлекеттік/жергілікті атқарушы органдардың жүктеме индексінің орташа арифметикалық ретінде есептеледі.

      54-7. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі үшін жүктеме индексін есептеу мүмкін еместігіне байланысты түзету коэффициенті 1 тең болып қабылданады.

      54-8. Түзету коэффициентін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бағаланатын мемлекеттік орган үшін жеке есептейді. Мемлекеттік органдардың түзету коэффициенттерінің барынша көп және барынша аз мәндерін айқындау орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар үшін жеке жүргізіледі.

      54-9. Жүктеме индексі – бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік органға арналған жүктеменің деңгейін айқындайтын көрсеткіш.

      Жүктеме индексі мемлекеттік органның бағаланатын бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражаты көлемінің көрсеткіші негізінде (есепті кезеңде түзетілген бюджет) мың теңге есептеледі.

      Ескерту. 54-9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.

      54-10. Алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.

      54-11. Жеке мемлекеттік орган үшін жүктеме индексін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:

      Si = bi

       мұнда,

       Si – осы көрсеткіштің мәні;

       bi – салыстырмалы түрге келтірілген, мемлекеттік органдардың бағаланатын бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражаты көлемінің көрсеткіші (i).

      Ескерту. 54-11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.

       54-12. Салыстырмалы түрге келтірілген, мемлекеттік органдардың бағаланатын бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражаты көлемінің көрсеткішін есептеу мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда,


мемлекеттік органдардың бағаланатын бюджеттік бағдарламалары бойынша бюджет қаражаты көлемінің көрсеткіші (i);

бағаланатын мемлекеттік органдардың арасында бағаланатын бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражаты көлемі көрсеткішінің ең аз мәні;

      

бағаланатын мемлекеттік органдардың арасында бағаланатын бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражаты көлемі көрсеткішінің ең көп мәні.

      54-13. Алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.

      54-14. Алынған бағалау нәтижесіне сәйкес мемлекеттік орган қызметінің тиімділігі деңгейі анықталады. Мемлекеттік орган тиімділігінің жоғары деңгейі 90-нан 100 баллға дейін бағалау көрсеткішіне, 70-тен 89, 99 баллға дейін орташа баллға, 50-ден 69, 99 баллға дейін төменгі баллға сәйкес келеді. Бағалау нәтижесі бойынша 49, 99 баллдан кем алған мемлекеттік органның қызметі тиімсіз деп танылады.

      Ескерту. Әдістеме 54-14-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599, жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң 2014.09.24 № 412 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

16. Бағалау нәтижелерін қайта тексеру

      55. Тексеру іс-шаралары Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша не бағаланатын мемлекеттік органдардың растайтын құжаттары бар келіспеушіліктері түскен кезде жүзеге асырылуы мүмкін.

      Күнтiзбелiк он бес күн iшiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне және бағаланатын мемлекеттiк органдарға қайта тексеру нәтижелерi бойынша келiспеушiлiктердi қабылдау не қабылдамау туралы негiзделген қорытындыларды жiбередi. Келiспеушiлiктер қабылданған жағдайда бағалау нәтижелерi туралы қорытындыға тиiстi түзетулер енгiзiледi.

      Ескерту. 55-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2012.04.25 № 219 (мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.

       56. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган нәтижелерді қайта тексеру үшін бағалаудың объективтілігі мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында, құрамына бағалауға қатысқан мемлекеттік органдардың қызметкерлері кіре алмайтын арнайы комиссия құрады.

      57. Есептілік деректері қосымша зерделеуді және растайтын құжаттарымен таныстыруды талап ететін мемлекеттік органдардың тізбесін және қайта тексеру жүргізу мерзімін Кіші жұмыс тобы айқындайды.

17. Мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын басқару
тиімділігін бағалау нәтижелері жөніндегі
Сарапшылық комиссиясының ұсынымдарын іске асыру бойынша
іс-шаралардың пост-аудиті

      Ескерту. 17-тарау алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2012.12.29 № 581 Бұйрығымен.

18. Қайта ұйымдастырылған және таратылған мемлекеттік
органдарды бағалау жүргізу тәртібі

      Ескерту. Әдістеме 18-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2012.12.29 № 581 Бұйрығымен.

       64. Бағаланатын мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда бағаланатын жылдың бірінші жартыжылдығында осы органды бағалау мемлекеттік органды - құқық мирасқорын бағалау шеңберінде жүзеге асырылады және мемлекеттік орган – құқық мирасқорын бағалаудың қорытынды баллын есептеу кезінде ескеріледі.

      65. Бағаланатын мемлекеттік орган бағаланатын жылдың екінші жартыжылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда осы органды бағалау жүзеге асырылмайды.

      66. Бағаланатын жылдың екінші жартыжылдығында қайта ұйымдастырылған немесе таратылған мемлекеттік органның қызметін талдау мемлекеттік органды - құқық мирасқорын бағалау шеңберінде ескеріледі, ұсынымдар ретінде пайдаланылады және мемлекеттік органның - құқық мирасқорының қорытынды балына енгізілмейді.

19. Бағалау нәтижелерін қайта шағымдану рәсімі

      Ескерту. Әдістеме 19-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2012.12.29 № 581 Бұйрығымен.

       67. Бағалау нәтижелерін алған күннен бастап бағаланатын орган бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда, бес жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға растайтын құжаттармен наразылық жіберуге құқылы.

      68. Бағалау нәтижелеріне наразылық болмаған жағдайда бағаланатын мемлекеттік орган бес жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға тиісті хабарлама ұсынуға міндетті. Белгіленген мерзім өткеннен кейін бағаланатын мемлекеттік органдардың наразылықтары қабылданбайды.

      69. Қайта шағымдану рәсімін жүргізу үшін ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органда Арнайы комиссия құрылады, оның құрамына наразылықтарын ұсынған мемлекеттік органдарды бағалауға қатысқан қызметкерлер кіруі мүмкін. Арнайы комиссияның саны мен құрамын ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган дербес айқындайды, бірақ бес адамнан кем болмауы тиіс.

      70. Бағаланатын мемлекеттік органдардан растайтын құжаттары бар наразылықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган Әдістеменің 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бюджет қаражатын басқару қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша келіспеушілік кестесін (бұдан әрі - Келіспеушілік кестесі) қалыптастырады және Арнайы комиссияның қарауына енгізеді.

      71. Арнайы комиссия наразылықтарды қарау және бағалау нәтижелерінің объективтілігін айқындау бойынша отырыстар өткізеді, оған наразылық берген бағаланатын мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ мүдделі салалық орталық мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылады.

      72. Арнайы комиссия отырыстарының және наразылықтарды қарау қорытындысы туралы алқа шешімінің қабылдануы нәтижелері бойынша Келіспеушілік кестесі пысықталады және Арнайы комиссияның төрағасы және бағаланатын мемлекеттік органның өкілі қол қояды.

      73. Бағаланатын мемлекеттік органдардан растайтын құжаттары бар наразылықты алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде Арнайы комиссияның қайта тексеруінің нәтижелері бойынша бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган Сарапшылық комиссиясының жұмыс органына және бағаланатын мемлекеттік органдарға наразылықты қабылдайтыны не қабылдамайтыны туралы негізделген қорытындыны жібереді. Наразылықтар қабылданған жағдайда сонымен бірге бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік органның қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелері туралы түзетілген қорытынды жіберіледі.

20. Мемлекеттік органдардың толық емес және сапасыз ақпарат ұсынуы

      Ескерту. Әдістеме 20-тараумен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2012.12.29 № 581 Бұйрығымен.

       74. Бағаланатын мемлекеттік орган бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға Әдістеменің 2, 3, 4-қосымшаларға сәйкес толық және дәйекті ақпаратты Бағалау жүргізу кестесінде белгіленген мерзімде ұсынады.

      Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.

       75. Уақтылы емес, толық емес және дәйексіз есептік ақпарат ұсынылған жағдайда мемлекеттік органның қорытынды бағасынан осы бағыт бойынша айыппұл баллдары шегеріледі.

      76. Бағалауға уәкілетті мемлекеттік органға Бағалау жүргізу кестесінде көзделген мерзімнен кеш ұсынылған есептік ақпарат уақтылы емес деп танылады.

      Мемлекеттік органның уақытылы емес есепті ақпарат ұсынғаны үшін 1 айыппұл баллы көзделген.

      77. Есепті ақпараттың құрылымына белгіленген талаптарда көзделген элементтері (қосымшалар, бөлімдер, тараулар, кестелер, көрсеткіштердің мәндері және т.б.) жоқ есепті ақпарат Әдістемеге қосымшаларға сәйкес толық емес деп танылады.

      Мемлекеттік органның толық емес есепті ақпарат ұсынғаны үшін 1 айыппұл балын шегеру көзделген.

      78. Қайта тексеру барысында дұрысқа сәйкес келмейтін фактілер анықталған есепті ақпарат дәйексіз деп танылады.

      Мемлекеттік органның дәйексіз есепті ақпарат ұсынғаны үшін 1 айыппұл баллы көзделген.

      79. Уақтылы емес, толық емес, дұрысқа сәйкес келмейтін ақпараттардың фактілері бағаланатын мемлекеттік органдардың есепті ақпаратында қамтылған деректерді қайта тексеру қорытындысы бойынша жасалатын Әдістеменің 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша салыстыру актісінде тіркелуі тиіс.

      80. Анықталған фактілер бойынша ақпарат Мемлекеттік органның қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелері туралы қорытындының "Қорытындылар мен ұсынымдар" бөлімінде көрсетіледі.

  Мемлекеттік органның бюджет
қаражатын басқарудың
тиімділігін бағалау әдістемесіне
1-қосымшасы

Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдардың бақылау нәтижелері
және нұсқамалар мен қаулылардың орындалуы туралы ақпарат
____________ жылғы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.

р/н

ББӘ атауы

Бюджеттік бағдарлама атауы

тексеру кезеңі

бақылаумен қамтылған қаражат көлемі

оның ішінде бағалатын кезеңде

бағалау кезеңінде анықталған
бұзушылықтар көлемі

барлығы

оның ішінде:

тиімсіз пайдалану

қаражат бюджетке түскен кезде (кіріс бөлігі)

бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде

бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде

мемлекеттік сатып
алу рәсімдерін
жүзеге асыру кезінде

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

      

      жалғасы

өтеуге анықталғаны

сомада өтелгені

қалпына келтіруге анықталғаны

сомада қалпына келтірілгені

Бақылау нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарына істі қарауға туралы мәлімет

жауапкершілікке тарту туралы ақпарат

нұсқамалар мен қаулылар жіберілді

оның ішінде белгіленген мерзімде толық көлемде орындалғаны

барлығы жіберілген (фактілер бойынша көрсету)

қозғалған қылмыстық істердің саны

тәртіптік жазалар бойынша саны

тексеру нәтижелері бойынша жұмыстан босатылғандар саны

әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қозғалған істер саны

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23


      Мемлекеттік қаржылық бақылау

      органының басшысы _____________ ________________________

       (қолы) (қолын толық жазу)

  Мемлекеттік органның бюджет
қаражатын басқарудың
тиімділігін бағалау әдістемесіне
2-қосымшасы

20___жылғы Бюджет қаражатының игерілмеу себептері

      ________________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      (мың тенге)

ББК коды

ББӘ-ның (бюджеттік бағдарламаның) атауы)

Бір жылға арналған түзетілген бюджет

Қабылданбаған міндеттемелер сомасы

Төленген міндеттемелер

Атқарылу %

Атқарылмау сомасы

1

2

3

4

5

6

7


БАРЛЫҒЫ
ББӘ бойынша жиыны
Бюджеттік бағдарламалар







      кестенің жалғасы

Оның ішінде

Ескертпе

Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемдеу

Объективті, Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен тәуелсіз

Басқа себептер

оның ішінде мыналардың есебінен

Бәсекелестік орта болмағандықтан мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілмеген конкурстар (маркетингтік талдаудың болмауы)

ББӘ-нің бюджеттік бағдарламаны тиімсіз басқаруы (конкурстық рәсімдерді уақтылы өткізбеу, оларды өткізу мерзімін көшіру, өнім берушінің шарт талаптарын бұзуы, орындалған жұмыс актілерін, тауар жеткізушілердің нарығын талдаудың шот-фактураларын уақтылы ұсынбау)

Қаражатты негіздемесіз жоспарлау (бюджет қаражатының қажет болмауы, аса көтеріңкі құндық көрсеткіштер, жылдық жоспарлардың айлар бойынша дұрыс бөлінбеуі)

Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау және басқа себептер

8

9

10

11

12

13

14

15










      Орталық мемлекеттік органның

      басшысы/облыстың,

      республикалық маңызы бар

      қаланың, астананың әкімі ___________ ________________

       (қолы) (таратып жазылуы)

  Мемлекеттік органның бюджет
қаражатын басқарудың
тиімділігін бағалау әдістемесіне
3-қосымшасы

"Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу" критерийі бойынша талдау нәтижелері туралы ақпарат

      ______________________________________________________________

      (орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның атауы)

      ______________

      (есепті кезең)

      Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды мен атауы: __________________

      Бюджеттік бағдарлама __________________

      Сипаттау: __________________

Атауы

Өлшем бірліктері

Есепті қаржы жылына жоспарланған бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштері

Көрсеткіштердің нақты орындалуы

Ауытқу

Көрсеткіштердің орындалу % (4бағ./3бағ.*100%)

Бюджеттік бағдарламалар қаражатының орындалмау және нәтижелерге қол жеткізбеу себептері /нәтижеге қол жеткізуді растау
(№ және күні, құжаттың атауы)

1

2

3

4

5

6

7

Тікелей нәтиженің көрсеткіші, оның ішінде:







- бюджеттік инвестициялық жобалар







- іс-шаралар бөлінісінде








      Орталық мемлекеттік органның

      басшысы/облыстың,

      республикалық маңызы бар

      қаланың, астананың әкімі ___________ ________________

       (қолы) (қолын толық жазу)

  Мемлекеттік органның бюджет
қаражатын басқарудың
тиімділігін бағалау әдістемесіне
4-қосымшасы

___жылы құрылыс және реконструкциялау объектілерінің құнының қымбаттауы туралы ақпараты

      ________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      (мың теңге)

ББӘ (бюджеттік бағдарламаның) коды (атауы)

Объектінің атауы, қымбаттауды мақұлдаған бюджеттік комиссия шешімінің нөмірі мен күні

Объектісінің бастапқы құны

Түзетуден кейінгі құрылыстың құны

Қымбаттау

Себебі

1

2

3

4

5

6








      Орталық мемлекеттік органның

      басшысы/облыстың,

      республикалық маңызы бар

      қаланың, астананың әкімі ___________ ________________

       (қолы) (қолын толық жазу)

  Мемлекеттік органның бюджет
қаражатын басқарудың
тиімділігін бағалау әдістемесіне
5-қосымшасы

____ жылы уақтылы пайдалануға берілмеген объектілер туралы ақпарат

      Ескерту. 5-қосымша алынып тасталды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599 бұйрығымен.

  Мемлекеттік органның бюджет
қаражатын басқарудың
тиімділігін бағалау әдістемесіне
6-қосымша

Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқару тиімділігін
бағалау нәтижелері туралы қорытынды

      _______________________________________________________________

      (орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның атауы)

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599, өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрiнiң 2014.09.24 № 412 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

       _______________

      (есепті кезең)

р\р

Бағалау критерийлері

Нақты орындалуы

Әрбір критерийдің баллдары

1

Бюджетті атқару және жоспарлау сапасының деңгейі



1-1

Тиісті қаржы жылына бөлінген қаражатты игеру



1-2

Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қаражатты үнемдеу



1-3

Шығыстардың бекітілген көлеміне бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қайта бөлінген қаражатының көлемі



1-4

Бюджеттiк инвестициялық жобаның сметалық құнын ұлғайту фактiлерiнiң болмауы немесе болуы



1-5

Дебиторлық және кредиторлық берешектердің болмауы



2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы



2-2

Мемлекеттік органдар шығыстарының жалпы көлемінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тиімділік қағидатына сәйкес келмейтін шығыстар



3

Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген нұсқамалар мен қаулыларды орындау бойынша қабылданған (iске асырылған) шаралар



3-1

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген нұсқамалар мен қаулыларға сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасына шаққанда белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемi



3-2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген нұсқамалар мен қаулыларға сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткiзу және/немесе есепке алуда көрсету жолымен бюджетке қалпына келтiруге жататын бұзушылықтар сомасына қарағандағы белгiленген мерзiмде қалпына келтiрiлген бұзушылықтар сомасының көлемi



4

Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу



4-1

Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу



4-2

Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелілігінің көрсеткіштерін жоспарлау сапасы



5.

Бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тиімділігі



Жалпы баға:




      Орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның қызметінің тиімділігін бағалау критерийлері

      1. "Бюджетті атқару және жоспарлау сапасының деңгейі" критерийі бойынша:

      _____________________________________________________________________

      2. "Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге

      _____________________________________________________________________

      3. "Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары енгiзген нұсқамалар мен қаулыларды орындау бойынша

      _____________________________________________________________________

      4. "Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу" деген критерий бойынша":

      _____________________________________________________________________

      5. "Бюджеттік бағдарламаларды орындаудың тиімділігі" критерийі бойынша:

      _____________________________________________________________________

      Қорытындылар мен ұсынымдар:

      _____________________________________________________________________

      Бюджеттің атқарылуы жөніндегі

      орталық уәкілетті органның басшысы ________ ___________________

       (қолы) (қолын толық жазу)

       20___ж. "____ "____________

  Мемлекеттік органның бюджет
қаражатын басқарудың тиімділігін
бағалау әдістемесіне
7-қосымша

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрiнiң м.а. 14.12.2015 № 655 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Критерийлер мен көрсеткіштердің балдары

р\р

Критерийдің/көрсеткіштің атауы

балл


1

Бюджетті атқару және жоспарлау сапасының деңгейі - 28 балл


1-1

Тиісті қаржы жылына бөлінген қаражатты игеру

12


100%

12


99,9 - 99,7%

11


99,6 - 99,4%

10


99,3 - 99,1%

9


99,0 - 98,8%

8


98,7 - 98,5%

7


98,4 - 98,2%

6


98,1 - 97,9%

5


97,8 - 97,6%

4


97,5 - 97,3%

3


97,2 - 97,0%

2


96,9 - 96,7%

1


96,6 % және одан кем

0

1-2

Шығыстардың бекітілген көлеміне бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қайта бөлінген қаражатының көлемі

4


Бекітілген бюджеттен қаражатты қайта бөлудің болмауы

4


Қайта бөлінген қаражаттың көлемі:



5%-ға дейін

3


5,1 - 7%

2


7,1 - 10%

1


10,1%-дан астам

0

1-3

Бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнын ұлғайту фактілерінің болмауы/болуы

4


Бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайту фактілерінің болмауы

4


Бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнының ұлғаюы



2%-ға дейін

2


2%-дан астам

0


Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінде бюджеттік инвестициялық жобалардың болмауы

2

1-4

Дебиторлық және кредиторлық берешектердің болмауы

8


Дебиторлық берешектің болмауы

4


Дебиторлық берешектің өзгерістері:



азаю жағына қарай:



1-20%

1


21-50%

2


51-99,9%

3


ұлғаю жағына қарай

0


Кредиторлық берешектің болуы

4


Кредиторлық берешектің өзгерістері



азаю жағына қарай

1


1-20%

1


21-50%

2


51-99,9%

3


ұлғаю жағына қарай

0

2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы - 12 балл

2-1

Бұзушылықтардың болмауы/болуы

8


Бұзушылықтардың болмауы

8


Есепті кезеңде қаржылық бақылау органдарының тексерулер жүргізбеуі

4


Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде айқындалған бұзушылықтардың сыныптауышына сәйкес бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемінен бұзушылықтардың болуы (тиімсіз шығыстары қоспағанда)


5%-ға дейін

3


5,1 - 9,9%

2


10,0 - 14,9%

1


15%-дан астам

0

2-2

Мемлекеттік органдар шығыстарының жалпы көлемінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тиімділік қағидатына жауап бермейтін шығыстар

2


Тиімділік қағидатына жауап бермейтін шығыстардың болмауы

2


1.1-көрсеткішінің игерілген бюджет қаражатының сомасынан мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тиімділік қағидатына жауап бермейтін шығыстар

0

2-3

Мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік қаржылық бақылау органдары растаған шағымдардың болмауы/болуы

2


Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексерулерімен расталған шағымдардың болуы

0


Шағымдардың, сондай-ақ мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексерулерімен расталмаған шағымдардардың болмауы

2

3

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары енгізген нұсқамалар мен қаулыларды орындау бойынша қабылданған (іскеасырылған) шаралар - 10 балл

3-1

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары енгізген нұсқамалар мен қаулыларға сәйкес бюджеттің кірісіне қайтарылуға жататын бұзушылықтардың жалпы сомасын ашаққанда белгіленген мерзімде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемі (сот талқылауларына байланысты өтеуге жататын сомаларды қоспағанда)

5


Бюджетке өтелетін соманың болмауы

5


Белгіленген мерзімде бюджетке өтелген бұзушылықтар сомасының 100% көлемі

2


70,0 - 99,9%

1


70%-дан кем

0


Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі

2

3-2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының енгізілген нұсқамаларымен қаулыларға сәйкес жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар жеткізу және/немесе есепке алуды көрсету жолымен қалпына келтіруге жататын бұзушылықтар сомасының жалпы көлеміне шаққанда белгіленген мерзімде қалпына келтірілген бұзушылықтар сомасының көлемі (сот талқылауларына байланысты қалпына келтіруге жататын соманы қоспағанда)

5


Бюджетке қалпына келтірілетін соманың болмауы

5


Белгіленген мерзімде қалпына келтірілген бұзушылықтар сомасының 100% көлемі

2


70,0 - 99,9 %

1


70,0 %-дан кем

0


Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі

2

4

Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қолжеткізу - 28 балл


4-1

Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қолжеткізу

24


100%

24


99,9 - 99,3%

23


99,2 - 98,6%

22


98,5 - 97,9%

21


97,8 - 97,2%

20


97,1 - 96,5%

19


96,4 - 95,8%

18


95,7 - 95,1%

16


95,0 - 94,4%

14


94,3 - 93,7%

12


93,6 - 93,0%

10


92,9 - 92,3%

8


92,2 - 91,6%

6


91,5 - 90,9%

4


90,8 - 90,2%

2


90,1% және кем

0

4-2

Бюджеттік бағдарламалар нәтижелілігінің көрсеткіштерін жоспарлау сапасы

4


Бюджеттік бағдарламада мемлекеттік органның тиісті мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары мен бағалауына жататын сандық өлшемді болып табылатын нәтижелік көрсеткіштерінің болуы

4


Бюджеттік бағдарламада тиімділік көрсеткіштерінің бірінің болмауы, тікелей нәтижеге қолжеткізуді бағалауға мүмкіндік бермейтін сандық сипаттаманың орнына іс-шаралардың болуы, түпкі нәтижелері бар тікелей нәтижелердің қайталануы, басқа бюджеттік бағдарламаның көрсеткіштері мен бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің қайталануы, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің мақсаттары мен міндеттеріне тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің сәйкес келмеуі

0

5.

Бюджеттік бағдарланы орындау тиімділігі - 22 балл



100%

22


99,9 - 99,3%

21


99,2 - 98,6%

20


98,5 - 97,9%

19


97,8 - 97,2%

18


97,1 - 96,5%

17


96,4 - 95,8%

16


95,7 - 95,1%

15


95,0 - 94,4%

14


94,3 - 93,7%

12


93,6 - 93,0%

10


92,9 - 92,3%

8


92,2 - 91,6%

6


91,5 - 90,9%

4


90,8 - 90,2%

2


90,1% және одан кем

0

  Мемлекеттік органның бюджет
қаражатын басқарудың тиімділігін
бағалау әдістемесіне
8-қосымша

      Ескерту. Әдістеме 8-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2012.12.29 № 581 Бұйрығымен.

      Нысан

Бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызмет тиімділігін бағалау
нәтижелері бойынша келіспеушіліктер кестесі

      _______________________________________________________

      (бағаланатын мемлекеттік орган)

р/с №

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы

Бағаланатын мемлекеттік органның қарсылығы

Шағымдану қорытындысы бойынша шешім қабылданады/қабылданбайды

Қарсылықтың қабылданбау себебі

1

2

3

4

5

1




2





      Шағымдануды ескере отырып жалпы балл _______________ құрады

      Комиссия төрағасы, лауазымы ________ ___________________

       қолы қолды таратып жазу

      Шағымдану қорытындысымен таныстым:

      Мемлекеттік органның өкілі, лауазымы ________ ___________________

       қолы қолды таратып жазу

  Бюджет қаражатын басқарудың
тиімділігін бағалау әдістемесіне
9-қосымша

      Ескерту. Әдістеме 9-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің м.а. 2012.12.29 № 581 Бұйрығымен.

       Нысан

Есепті ақпаратта қамтылған деректерді қайта тексеру
қорытындысы бойынша
САЛЫСТЫРУ АКТІСІ

      ____________________________________________________________________

      (орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның атауы)

      ____________________

       (есепті кезең)

Атауы

Шегерілетін баллдар

1

Есепті ақпаратты уақтылы ұсынбау


2

Толық емес ақпаратты ұсыну


3

Дәйексіз ақпаратты ұсыну


БАРЛЫҒЫ:



      1. Бағалау кестесіне сәйкес мемлекеттік органның есепті ақпаратты

      жіберу мерзімі: 20___ жылғы "____" ____________.

      Есепті ақпаратты ұсынудың нақты күні: 20__ жылғы "___" ___________

      Шегерім: ______ баллды құрайды.

      2. Толық емес ақпарат ұсынылды, оның ішінде есепті ақпараттың

      құрылымында белгіленген талаптарда көзделген мынадай элементтер

      (қосымшалар, бөлімдер, кестелері, көрсеткіштердің мәндері және т.б.) жоқ:

      1) _________________________________________________________________

      2) _________________________________________________________________

      …

      Шегерім: ______ баллды құрайды.

      3. Дәйексіз ақпарат ұсынылды. Қайта тексеру барысында мынадай дұрысқа

      сәйкес келмейтін фактілер анықталды:

      1) __________________________________________________________________

      2) __________________________________________________________________

      …

      Шегерім: ______ баллды құрайды.

      ЖИЫНТЫҚ ШЕГЕРІМ: ______ балл.

      Уәкілетті органның өкілі,

      лауазымы _____ _____ _____________________

       (күні) (қолы) (қолды таратып жазу)

      Бағаланатын мемлекеттік

      органның өкілі, лауазымы ______ _______ _____________________

       (күні) (қолы) (қолды таратып жазу)

  Қызмет бабында пайдалану үшін
№ дана
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2012 жылғы 10 қаңтардағы
№ 9 бұйрығына
2-қосымшасы

      РҚАО-ның ескертпесі: "ҚБПҮ" грифімен берілген 2-қосымша "Заң" деректер базасына енгізілмейді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша қаражатын
басқарудың тиімділігін бағалау әдістемесі

      Ескерту. Әдістемеге өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің м.а. 31.12.2013 № 599, 2014.09.24 № 412 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.12.2015 № 655 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.