"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99 Кодексінің 422-бабының 2-тармағын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
1. Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу объектілерінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс ХХХХІІ сессиясының төрағасы Р. Есенов
Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Атақаев
2011 жылғы "30" қарашадағы
Сырдария аудандық мәслихаттың
кезектен тыс ХХХХІІ
сессиясының N 361 шешіміне
1-қосымша
Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу объектілерінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары
Рет N |
Салық салу объектісінің атауы | Бірыңғай тіркелген салықтың ставкалары (айлық есептік көрсеткіш) |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |
1. |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
2. |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
3. |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын компьютер |
1 |
4. |
Ойын жолы |
5 |
5. |
Карт |
2 |
6. |
Бильярд үстелі |
3 |