РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2012.06.27 N 59 шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99 Кодексінің 422-бабының 2-тармағын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
1. Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2012.06.27 N 59 шешімімен.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс ХХХХІІ сессиясының төрағасы Р. Есенов
Аудандық мәслихаттың хатшысы А. Атақаев
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрлігі Салық
Комитетінің Қызылорда
облысы бойынша Салық
департаментінің Сырдария
ауданы бойынша Салық
басқармасының бастығы
_____________Ф. Қожабергенов
30 қараша 2011 жыл
Ескерту. Келісу таңбасына өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2012.03.20 N 36 шешімімен.
2011 жылғы "30" қарашадағы
Сырдария аудандық мәслихаттың
кезектен тыс ХХХХІІ
сессиясының N 361 шешіміне
1-қосымша
Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу объектілерінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2012.06.27 N 59 шешімімен.
Рет N |
Салық салу объектісінің атауы | Бірыңғай тіркелген салықтың ставкалары (айлық есептік көрсеткіш) |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |
1. |
Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
2. |
Бiреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткiзуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
3. |
Ойын өткiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер |
1 |
4. |
Ойын жолы |
5 |
5. |
Карт |
2 |
6. |
Бильярд үстелі |
3 |