Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Жаңажол ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңажол ауылдық көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Оймауыт ауылында:
1) Атамекен
2) Бірлік
3) Достық
4) Білім
5) Мәдениет
6) Бейбітшілік
7) Еңбек
8) Ынтымақ
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз міндетіме аламын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Жаңажол ауылдық округі әкімі | Қ.Қоңқаев |