Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Жаңажол селолық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңажол селолық көшелеріне келесі атаулар берілсін:
Оймауыт селосына:
1) Атамекен
2) Бірлік
3) Достық
4) Білім
5) Мәдениет
6) Бейбітшілік
7) Еңбек
8) Ынтымақ
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз міндетіме аламын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңажол селолық округі әкімі Қ.Қоңқаев