Жаңажол селолық округі әкімінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 4 "Жаңажол селолық округінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 07 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 желтоқсанда № 4099 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 885 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне қоса беріліп отырған инвестициялық жобалардың тізбесіне сәйкес «Ақ бұлақ» бағдарламасы шеңберінде бұдан бұрын іске асырылған, бірақ құрылысы аяқталмай тоқтап тұрған Атырау облысының әлеуметтік маңызы бар 14 объектісін аяқтауға Атырау облысы әкімдігіне нысаналы даму трансферттері түрінде аудару үшін 2014 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 1106667369 (бір миллиард жүз алты миллион алты жүз алпыс жеті мың үш жүз алпыс тоғыз) теңге сомасында қаражат бөлінсін.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов