Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 қаңтарда № 7375 тіркелді.

Жаңартылған

      Қолданушылар назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.01.2016 № 37 бұйрығымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 200-бабының 6-тармағын және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы "Мемлекеттік статистика туралы" Заңның 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 14.01.2014 № 9 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса берілген Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.01.2016 № 37 бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Республикалық мемлекеттік мүлікті басқару және оңалту мен банкроттық әдіснамасы департаменті (Б.Х. Тәшенов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2013 жылғы 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Жәмішев


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 636 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн
енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау
және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесі

      Ескерту. Әдістеменің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.01.2016 № 37 бұйрығымен.

      1. Осы Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) қосу үшін есепке алу объектiлерi деректерiн және мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзу мерзімдерін енгiзу тәртібін анықтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.01.2016 № 37 бұйрығымен.

      2. Осы Әдістеме пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) жылжымайтын мүлік – жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлiк, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтiрiлмей көшiрiлуi мүмкiн болмайтын объектiлер;

      2) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған, өзiне мемлекеттiк мүлiктi ұйымдастыру мен есепке алу саласында бiрыңғай техникалық саясатты iске асыру бойынша мiндеттер жүктелген заңды тұлға;

      3) мүлік – сатуға арналған өзіне негізгі құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлікті, биологиялық активтерді, материалдық емес активтерді, аяқталмаған құрылысты және ұзақ мерзімді активтерді қамтитын ұзақ мерзімді активтер;

      4) паспорттау – жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеруді өткізу және оған техникалық паспорт жасау.

      3. Жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Тізілімге қосу үшін:

      мемлекеттік заңды тұлғалар есепті жыл қорытындылары бойынша олардың теңгерімінде бекітілген мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жөнінде ақпаратты ұсынады;

      мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 468 бұйрық) нысандар бойынша жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.01.2016 № 37; өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 30.05.2019 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Мемлекеттік мекемелердің мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жөнінде ақпараты және жылдық қаржылық есептілігі электрондық форматта (бұдан әрі – электрондық есеп) ұсынылады. Электрондық есеп Бірыңғай оператор әзірлеген "Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі" бағдарламалық қамтамасыз етуді (бұдан әрі - бағдарламалық қамтамасыз ету) қолдану арқылы тапсыруға қалыптастырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.01.2016 № 37 бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік заңды тұлғалар Тізілімге электрондық есепті мынадай тәртіпте ұсынады:

      1) электрондық есеп Интернет желісінде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Тізілімнің веб-порталында орналасқан бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жасалады. Бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу нәтижесінде оған ұлттық куәландыру орталығы берген мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық сандық қолтаңбасы қойылатын осы Әдістеменің 1, 2, 3 және 4-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізу нәтижелері жөніндегі ақпараты және № 468 бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларының 1, 2, 3, 4, 5 және 6 қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік мекемелердің жылдық қаржылық есептілігі бар файлдар қалыптастырылады;

      2) электрондық есепті түгендеуді өткізу туралы мемлекеттік заңды тұлғаның сканирленген шешімін бекітіп, Тізілімнің серверіне бағдарламалық қамтамасыз етуде бар жөнелту үшін сервисті пайдалана отырып (ұйымның Интернетке шығуы бар болғанда) немесе Бірыңғай оператордың өңірлік бөлімшесіне (ақпараттың электрондық тасығыштарында) немесе Тізілімнің веб-порталында көрсетілген Бірыңғай оператордың электрондық мекенжайына жібереді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.01.2016 № 37; өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 29.11.2016 № 623; 30.05.2019 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      6. Бірыңғай оператор электрондық есеп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық сандық қолтаңбасында көрсетілген электрондық мекенжайға Тізілімге электрондық есепті қосу немесе оны қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарламаны жібереді.

      7. Бірыңғай оператордың электрондық сандық қолтаңбасы қойылған электрондық хабарламасы басып шығаруға, бірінші басшы мен бас бухгалтердің қол қоюына және ұйымда сақталуына жатады.

      8. Осы Әдістеменің 4, 5-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік заңды тұлғаның талаптарын сақтамау Бірыңғай оператордың электрондық есепті қабылдаудан бас тарту негізі болып табылады.

      9. Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік техникалық тексеру саласында мемлекеттік саясат пен қызметті мемлекеттік реттеуді жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның деректерімен жылжымайтын мүлікке қатысты мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық есебінің деректерін салыстыру нәтижелері бойынша жылжымайтын мүлік анықталады:

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 4-тарауымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтпеген, соның ішінде жаңадан құрылған;

      "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 4-тарауымен белгіленген тәртіпте тіркелген, оған қатысты реконструкциялау, жаңадан жоспарлау, объектінің құрамының өзгерісі немесе мақсаты жүзеге асырылған және кейіннен мемлекеттік техникалық тексеруден өтпеген;

      балансында тұрған және мемлекеттік заңды тұлғаларға одан әрі бекітіп беру үшін құқық орнатушы құжаттары жоқ (қаржылық жалдауға алынғанды қоспағанда) жылжымайтын мүлік айқындалады.

      10. Осы Әдістеменің 9-тармағына сәйкес салыстыру нәтижесінде айқындалған жылжымайтын мүлік жөніндегі ақпаратты мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның келісімі бойынша Бірыңғай оператор есептік жылдан кейінгі жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде электрондық форматта:

      1) осы Әдістеменің 9-тармағында көрсетілген паспорттандыру және мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу бойынша жұмысты республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемін анықтау үшін мемлекеттік мекемелер бойынша:

      тиісті саланың уәкілетті органына (республикалық мекемелер бойынша);

      облыстық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (облыстық коммуналдық мекемелер бойынша);

      аудандық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (аудандық коммуналдық мекемелер бойынша);

      жергілікті өзін-өзі басқарудың мүлікін басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының коммуналдық мекемелері бойынша);

      2) осы Әдістеменің 9-тармағында көрсетілген паспорттандыру және мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу бойынша шығындарды дамыту жоспарларына қосу үшін мемлекеттік кәсіпорындар бойынша:

      тиісті саланың уәкілетті органына (республикалық кәсіпорындар бойынша);

      облыстық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (облыстық коммуналдық кәсіпорындар бойынша);

      аудандық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (аудандық коммуналдық кәсіпорындар бойынша);

      жергілікті өзін-өзі басқарудың мүлікті басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының коммуналдық кәсіпорындары бойынша) жібереді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 30.05.2019 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімі тізілімінде № 7197 болып тіркелген) Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасына сәйкес мүлікті түгендеуді жүргізеді.

      Мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімі тізілімінде № 10954 болып тіркелген) Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларына сәйкес мүлікті түгендеуді жүргізеді.

      Мемлекеттік мекемелер қайта бағалау моделін қолданған немесе активтерді бағалаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6505 болып тіркелген) бекітілген Есеп саясатына сәйкес мүлікті қайта бағалауды жүргізеді.

      Мемлекеттік кәсіпорындар құнның қайта бағалау бойынша есептеу моделін есеп саясатында таңдаған жағдайда "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңымен анықталған қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мүлікті қайта бағалауды жүргізеді.

      Мемлекеттік заңды тұлғалар олардың теңгерімінде бекітілген жылжымайтын мүлікті паспорттау жүргізу бойынша шаралар қабылдайды. Жылжымайтын мүлікті паспорттау бойынша іс-шараларды мемлекеттік мекемелер жыл ішінде бекітілген қаржы жоспарларына, ал мемлекеттік кәсіпорындар бекітілген даму жоспарларына сәйкес жүргізеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.01.2016 № 37 бұйрығымен.

  Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне
есепке алу объектiлерi
деректерiн енгiзудің, сондай-ақ
мемлекеттiк мүлiкке түгендеу,
паспорттау және қайта бағалау
жүргiзудің бірыңғай
әдістемесіне 1-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
"31.12.20 ___ ж. жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау
және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат"

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.11.2016 № 623 бұйрығымен.

      Есепті кезең _____ 20___ ж.

      Индекс: 1-ЖА

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Тапсырады: мемлекеттік заңды тұлғалар

      Алушы: мемлекеттік мүлік тізілімі

      Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей

      Нысан

      Ұйымның атауы: _______________________________________________

      Ұйымның БСН: _________________________________________________

      Ұйымның заңды мекенжайы: _____________________________________

      мың. теңге

Мүлік түрі


Саны


Алғашқы құн


Жинақталған амортизация


Құнсызданудан шығындар


Теңгерім құны (3-баған - 4-баған - 5-баған)


Қайта бағалау сомасы (+/-)


Қайта бағалаудан кейінгі теңгерім құны (6-баған + 7-баған)


Техникалық паспорттары бар объектілер саны


Есепті жылда паспорттау жүргізілген объектілер саны


Паспорттау жүргізілуі қажет объектілер саны


1


2


3


4


5


6


7


8


9


10


11


1. Ғимараттар, жерлер**












Тұрғын емес ғимараттар












Тұрғын ғимараттар












Жер




x









2. Құрылыстар** (су тартқыштар, стадиондар, бассейндер, жолдар, көпірлер, ескерткіштер, саябақтар, скверлер, қоғамдық бақтар қоршаулары, бұрғы скважиналары, штольнялар және басқалар)












3. Беру қондырғылары












Электр беру және байланыс қондырғылары












Трансмиссиялар және құбыр өткізгіштері












4. Көлік құралдары












Теміржол көлігінің жылжымалы құрамы












Су көлігі












Автомобиль көлігі












Әуе көлігі












Ат көлігі












Өндірістік көлік












Спорттық көлік












5. Машиналар және жабдық












Күш машиналары және жабдық












Жұмыс машиналары және жабдық












Өлшеу аспаптары












Реттеуші аспаптар және қондырғылар












Лабораториялық жабдық












Компьютерлік жабдық












Медициналық жабдық












Кеңсе жабдығы












Өзге де машиналар және жабдық












6. Құралдар, өндірістік және шаруашылық мүкәммал*












Құралдар












Өндірістік мүкәммал және керек-жарақтар












Шаруашылық мүкәммал












Өзге де өндірістік және шаруашылық мүкәммал












7. Өзге де негізгі құралдар












Көгалдандыратын, сәндік отырғызулар және басқа да жасанды көп жылдық отырғызулар












Жерлерді жақсарту бойынша күрделі шығындар












Өзге де мүкәммал












Жұмыс орындайтын мал












Өзге де негізгі құралдар












8. Инвестициялық жылжымайтын мүлік**












Тұрғын емес ғимараттар












Тұрғын ғимараттар












Жер




x









9. Биологиялық активтер












Жануарлар












Көп жылдық отырғызулар












10. Материалдық емес активтер












Бағдарламалық қамтамасыз ету












Авторлық құқықтар












Лицензиялық келісім












Патенттер












Өзге де материалдық емес активтер












11. Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер













      Ескертпе: * осы тармақты мемлекеттік кәсіпорындардың толтыруы міндетті емес

      ** жүргізілген паспорттау бойынша ақпаратты көрсете отырып

      x бұл жайғасым толтыруға жатпайды

      Бірінші басшы ____________________________ __________________

      (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

      Бас бухгалтер ____________________________ __________________

      (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

      Мөр орны

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
"31.12.20 ___ ж. жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау
және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат"
1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме 31.12.20 ___ жылғы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпараттың нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша біріңғай талаптарды анықтайды.

      2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал оның жоқ болған жағдайында оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      3. Нысанның 1-бағанында мүлік түрі көрсетілген.

      4. Нысанның 2-бағанында мүліктің саны көрсетіледі.

      5. Нысанның 3-бағанында мүліктің алғашқы құны, теңгерімге қойған кездегі алғашқы қабылданғаны көрсетіледі.

      6. Нысанның 4-бағанында қолдану кезеңінде жинақталған мүліктің тозуы көрсетіледі.

      7. Нысанның 5-бағанында мүліктің баланстық құны оның қайтару құнынан артық болған құны көрсетіледі.

      8. Нысанның 6-бағанында жинақталған амортизация мен құнсызданудың шығындарын алғаннан кейін мүлік есепке алынатын құны көрсетіледі. (3-баған – 4-баған – 5-баған).

      9. Нысанның 7-бағанында қайта бағалау сомасы көрсетіледі.

      10. Нысанның 8-бағанында қайта бағалаудан кейінгі теңгерімдік құны көрсетіледі (6-баған + 7-баған).

      11. Нысанның 9-бағанында техникалық паспорттары бар объектілер саны көрсетіледі.

      12. Нысанның 10-бағанында есепті жылда паспорттау жүргізілген объектілер саны көрсетіледі.

      13. Нысанның 11-бағанында паспорттау жүргізілуі қажет объектілер саны көрсетіледі.

  Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне
есепке алу объектiлерi
деректерiн енгiзудің, сондай-ақ
мемлекеттiк мүлiкке түгендеу,
паспорттау және қайта бағалау
жүргiзудің бірыңғай
әдістемесіне 2-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
"Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі
туралы ақпарат"

      Ескерту. Әдістеме 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2014.09.08 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.11.2016 № 623 бұйрықтарымен.

      Есепті кезең _____ 20___ ж.

      Индекс: 1- АҚ

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Тапсырады: мемлекеттік заңды тұлғалар

      Алушы: мемлекеттік мүлік тізілімі

      Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей

      Нысан

Р/с №


Үй-жайдың атауы


Мемлекеттік заңды тұлғалар қызметшілерінің саны


Бекітілген нормативтерге сәйкес үй-жайдың алаңы, ш.м.


Үй-жайдың нақты алып отырған алаңы, ш.м.


Мемлекеттік заңды тұлғаны бекітілген нормативке сәйкес орналастыруға арналған қажетті алаң, ш.м.


1


2


3


4


5


6









      Бірінші басшы ______________________________ __________________

      (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

      Бас бухгалтер ____________________________ __________________

      (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

      Мөр орны

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
"Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат"
1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат" нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.

      2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      4. Нысанның 2-бағанында үй-жайдың атауы көрсетіледі, атап айтқанда мемлекеттік заңды тұлғалары орналасқан әрбір жеке үй-жай толтырылады.

      5. Нысанның 3-бағанында мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметшілері саны, атап айтқанда осы үй-жайға орналасқан мемлекеттік заңды тұлғалардың саны көрсетіледі.

      6. Нысанның 4-бағанында бекітілген нормативтеріне сәйкес үй-жайдың алаңы көрсетіледі.

      7. Нысанның 5-бағанында мемлекеттік заңды тұлғаның нақты алып отырған алаңы көрсетіледі.

      8. Нысанның 6-бағанында бекітілген нормативтерге сәйкес орналастыруға арналған мемлекеттік заңды тұлғаларға қажетті алаң көрсетіледі (6-баған, егер 5-бағанда көрсетілген мән 4-бағанында көрсетілген мәннен аз болса толтырылады).

  Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне
есепке алу объектiлерi
деректерiн енгiзудің, сондай-ақ
мемлекеттiк мүлiкке түгендеу,
паспорттау және қайта бағалау
жүргiзудің бірыңғай
әдістемесіне 3-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
"Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың
немесе үй-жайлардың" алаңдары

      Ескерту. Әдістеме 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2014.09.08 № 391 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.11.2016 № 623 бұйрықтарымен.

      Есепті кезең _____ 20___ ж.

      Индекс: 1- АА

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Тапсырады: мемлекеттік заңды тұлғалар

      Алушы: мемлекеттік мүлік тізілімі

      Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей

      Нысан

Р/с №


Ғимараттың немесе үй-жайдың атауы


Ғимараттың немесе үй-жайдың орналасқан жері


Ғимараттың кадастрлік нөмері


Ғимарат немесе үй-жай туралы мәліметтер (жеке тұрған ғимарат, ғимараттың немесе ғимараттағы үй-жайдың бөлігі және т.б.)


Мемлекеттік заңды тұлғаларды орналастыру туралы мәліметтер


Мемлекеттік заңды тұлғалардың алып отырған ғимараттың немесе үй-жайдың алаңы, ш.м.


Жалға алынған алаңның 1 ш.м. үшін құны, теңге*


Ғимаратты немесе үй-жайды жалға алу бойынша бір айдың шығыны, теңге*



Ғимаратты немесе үй-жайды жалға алу бойынша есептік жылдың шығыны, теңге*



Ғимарат немесе үй-жай жедел жүргізу немесе шаруашылық басқару құқығында бекітілген


Басқа мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жайларында орналастырылған


Мемлекеттік емес заңды және/немесе жеке тұлғалардан жалға алынған


Жалпы алаңы


Пайдалы алаңы


1


2


3


4


5


6


7


8


9


10


11


12


13
















      Ескертпе : * 11-13-бағандарды жалға алынатын үй-жайы бар болған жағдайда мемлекеттік мекемелер ғана толтырады

      Бірінші басшы ______________________________ __________________

      (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

      Бас бухгалтер ____________________________ __________________

      (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

      Мөр орны

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
"Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары бойынша ақпарат"
1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары бойынша ақпарат" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.

      2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      4. Нысанның 2-бағанында ғимараттың немесе үй-жайдың атауы көрсетіледі.

      5. Нысанның 3-бағанында ғимараттың немесе үй-жайдың орналасқан жері (мекенжайы) көрсетіледі.

      6. Нысанның 4-бағанында ғимараттың немесе үй-жайдың кадастрлық нөмірі көрсетіледі.

      7. Нысанның 5-бағанында ғимарат немесе үй-жай туралы мәліметтер (жеке тұрған ғимарат, ғимараттың немесе ғимараттағы үй-жайдың бөлігі және т.б.) көрсетіледі.

      8. Нысанның 6, 7, 8 - бағандарында мемлекеттік заңды тұлғаның орналастырылуы туралы мәліметтер көрсетіледі.

      9. Нысанның 9, 10 - бағандарында мемлекеттік заңды тұлға алып отырған ғимараттың немесе үй-жайдың жалпы және пайдалы алаңы көрсетіледі.

      10. Нысанның 11-бағанында жалға алынған алаңның 1 шаршы метрі үшін құны көрсетіледі.

      11. 12-бағанда ғимаратты немесе үй-жайды жалға алу бойынша бір айдың шығыны, теңгеде көрсетіледі.

      12. 13-бағанда ғимаратты немесе үй-жайды жалға алу бойынша есептік жылдың шығыны, теңгеде көрсетіледі.

  Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне
есепке алу объектiлерi
деректерiн енгiзудің, сондай-ақ
мемлекеттiк мүлiкке түгендеу,
паспорттау және қайта бағалау
жүргiзудің бірыңғай
әдістемесіне 4-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
"Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау
бойынша ақпарат"

      Ескерту. Әдістеме 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 29.11.2016 № 623 бұйрығымен.

      Есепті кезең _____ 20___ ж.

      Индекс: 1- АЖ

      Кезеңділігі: жыл сайын

      Тапсырады: мемлекеттік заңды тұлғалар

      Алушы: мемлекеттік мүлік тізілімі

      Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей

      Нысан

р/с



Мемлекеттік заңды тұлғаның атауы


Қызметтік немесе кезекші


(оның ішінде автобустар)


Марка, модель, модификация


Мемлекеттік нөмір


Қозғалтқыштың көлемі, текше см


1


2


3


4


5


6









      Кестенің жалғасы

Автомобильдің жабдықтары туралы мәліметтер


Автомобилді жалға алу бойынша бір айдың шығыны, теңге



Автомобилді жалға алу бойынша есептік жылдың шығыны, теңге



Жедел немесе шаруашылық басқару құқығында бекітіліп берілген автомобиль


Басқа мемлекеттік заңды тұлғалардың пайдалануына берілген


Мемлекеттік емес заңды тұлғалардан және (немесе) жеке тұлғалардан жалға алынған


7


8


9


10


11








      Бірінші басшы ______________________________ __________________

      (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

      Бас бухгалтер ____________________________ __________________

      (тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)

      Мөр орны

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
"Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау бойынша ақпарат"
1 Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау бойынша ақпарат" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.

      2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

      3. Нысанның 1 - бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      4. Нысанның 2 - бағанында мемлекеттік заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

      5. Нысанның 3 - бағанында қызметтік немесе кезекші автомобиль (оның ішінде автобустар) көрсетіледі.

      6. Нысанның 4 - бағанында автомобильдің маркасы, моделі, модификациясы көрсетіледі.

      7. Нысанның 5 - бағанында автомобильдің мемлекеттік нөмірі көрсетіледі.

      8. Нысанның 6-бағанында автомобиль қозғалтқышының көлемі текше см көрсетіледі.

      9. Нысанның 7, 8, 9 - бағандарында автомобильдің жабдықтары туралы мәліметтер көрсетіледі.

      10. 10 - бағанда автомобильді жалға алу бойынша бір айдың шығыны, теңгеде көрсетіледі.

      11. 11 - бағанда автомобильді жалға алу бойынша есептік жылдың шығыны, теңгеде көрсетіледі.