Қолданушылар назарына!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 200-бабының 6-тармағын және Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңның 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 14.01.2014 № 9 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзу пішімі, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Республикалық мемлекеттік мүлікті басқару және оңалту мен банкроттық әдіснамасы департаменті (Б.Х. Тәшенов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2013 жылғы 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 636 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн
енгiзу пішімі, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттiк мүлiкке
түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай
әдістемесі
1. Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзу пішімі, сондай-ақ бірдей мерзімдерде мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) қосу үшін есепке алу объектілерінің деректерін және мемлекеттік мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізу мерзімдерін енгізу тәртібін анықтайды.
2. Осы Әдістеме пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) жылжымайтын мүлік – жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлiк, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтiрiлмей көшiрiлуi мүмкiн болмайтын объектiлер;
2) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған, өзiне мемлекеттiк мүлiктi ұйымдастыру мен есепке алу саласында бiрыңғай техникалық саясатты iске асыру бойынша мiндеттер жүктелген заңды тұлға;
3) мүлік – сатуға арналған өзіне негізгі құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлікті, биологиялық активтерді, материалдық емес активтерді, аяқталмаған құрылысты және ұзақ мерзімді активтерді қамтитын ұзақ мерзімді активтер;
4) паспорттау – жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеруді өткізу және оған техникалық паспорт жасау.
3. Мемлекеттік заңды тұлғалар жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей Тізілімге қосу үшін олардың балансында бекітіліп берілген мүлікте жүргізілген түгендеу, паспорттау және мүлікті қайта бағалау нәтижелері бойынша ақпарат береді. Ақпарат есепті кезеңнің 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жасалады.
4. Мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жөнінде ақпарат электрондық форматта (бұдан әрі – электрондық есеп) ұсынылады. Электрондық есеп Бірыңғай оператор әзірлеген «Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі» бағдарламалық қамтамасыз етуді (бұдан әрі - бағдарламалық қамтамасыз ету) қолдану арқылы тапсыруға қалыптастырылады.
5. Мемлекеттік заңды тұлғалар Тізілімге электрондық есепті мынадай тәртіпте ұсынады:
1) Интернет желіде www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Тізілімнің веб-порталында орналасқан бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жасалады. Бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыстың нәтижесінде осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес түгендеу бойынша жиынтық ақпараты бар бір мұрағаттық файл қалыптастырылады, оған ұлттық куәландыру орталығы берген мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық сандық қол таңбасын қою қажет;
2) электрондық есепті түгендеуді өткізу туралы мемлекеттік заңды тұлғаның сканирленген шешімін бекітіп, Тізілімнің серверіне бағдарламалық қамтамасыз етуде бар жөнелту үшін сервисті пайдалана отырып (ұйымның Интернетке шығуы бар болғанда) немесе Бірыңғай оператордың өңірлік бөлімшесіне (ақпараттың электрондық тасығыштарында) немесе Тізілімнің веб-порталында көрсетілген Бірыңғай оператордың электрондық мекенжайына жібереді.
6. Бірыңғай оператор электрондық есеп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық сандық қолтаңбасында көрсетілген электрондық мекенжайға Тізілімге электрондық есепті қосу немесе оны қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарламаны жібереді.
7. Бірыңғай оператордың электрондық сандық қолтаңбасы қойылған электрондық хабарламасы басып шығаруға, бірінші басшы мен бас бухгалтердің қол қоюына және ұйымда сақталуына жатады.
8. Осы Әдістеменің 4, 5-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік заңды тұлғаның талаптарын сақтамау Бірыңғай оператордың электрондық есепті қабылдаудан бас тарту негізі болып табылады.
9. Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік техникалық тексеру саласында мемлекеттік саясат пен қызметті мемлекеттік реттеуді жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның деректерімен жылжымайтын мүлікке қатысты мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық есебінің деректерін салыстыру нәтижелері бойынша жылжымайтын мүлік анықталады:
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 4-тарауымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтпеген, соның ішінде жаңадан құрылған;
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 26 шілдедегі Заңының 4-тарауымен белгіленген тәртіпте тіркелген, оған қатысты реконструкциялау, жаңадан жоспарлау, объектінің құрамының өзгерісі немесе мақсаты жүзеге асырылған және кейіннен мемлекеттік техникалық тексеруден өтпеген;
балансында тұрған және мемлекеттік заңды тұлғаларға одан әрі бекітіп беру үшін құқық орнатушы құжаттары жоқ (қаржылық жалдауға алынғанды қоспағанда) жылжымайтын мүлік айқындалады.
10. Осы Әдістеменің 9-тармағына сәйкес салыстыру нәтижесінде айқындалған жылжымайтын мүлік жөніндегі ақпаратты мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның келісімі бойынша Бірыңғай оператор есептік жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде электрондық форматта:
1) осы Әдістеменің 9-тармағында көрсетілген паспорттандыру және мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу бойынша жұмысты республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемін анықтау үшін мемлекеттік мекемелерге:
тиісті саланың уәкілетті органына (республикалық мекемелер бойынша);
облыстық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (облыстық коммуналдық мекемелер бойынша);
аудандық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (аудандық коммуналдық мекемелер бойынша);
2) осы Әдістеменің 9-тармағында көрсетілген паспорттандыру және мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу бойынша шығындарды дамыту жоспарларына қосу үшін мемлекеттік кәсіпорындар бойынша:
тиісті саланың уәкілетті органына (республикалық кәсіпорындар бойынша);
облыстық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (облыстық коммуналдық кәсіпорындар бойынша);
аудандық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (аудандық коммуналдық кәсіпорындар бойынша) жібереді.
11. Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімі тізілімінде № 7197 болып тіркелді) Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасына сәйкес мүлікті түгендеуді жүргізеді.
Мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 1172 қаулысымен бекітілген Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларына сәйкес мүлікті түгендеуді жүргізеді.
Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6443 болып тіркелді) бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6505 болып тіркелді) бекітілген Есеп саясатына сәйкес қайта бағалау моделін немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес жүргізілетін активтерді бағалау жағдайында мүлікті қайта бағалауды жүргізеді.
Мемлекеттік кәсіпорындар құнның қайта бағалау бойынша есептеу моделін есеп саясатында таңдаған жағдайда «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңымен анықталған қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мүлікті қайта бағалауды жүргізеді.
Мемлекеттік заңды тұлғалар баланста тұрған қозғалмайтын мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалауды жүргізу бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Қозғалмайтын мүлікті паспорттау бойынша іс-шаралар мемлекеттік мекемелермен жыл ішінде бекітілген қаржы жоспарларына, мемлекеттік кәсіпорындармен бекітілген даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 14.01.2014 № 9 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 636 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке
алу объектiлерi деректерiн енгiзу
пішіміне, сондай-ақ бірдей
мерзімдерде мемлекеттiк мүлiкке
түгендеу, паспорттау және қайта
бағалау жүргiзудің бірыңғай
әдістемесіне қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
31.12.20 ___ ж. жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау
және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат Есепті кезең _____ 20___ ж.
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 14.01.2014 № 9 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Индекс: 1-ЖА
Кезеңділігі: жыл сайын
Тапсырады: мемлекеттік заңды тұлғалар
Алушы: мемлекеттік мүлік тізілімі
Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей
нысан
Ұйымның атауы: _______________________________________________
Ұйымның БСН: _________________________________________________
Ұйымның заңды мекенжайы: _____________________________________
31.12.20 ___ ж. жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау
және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат
мың теңге
Мүлік түрі |
Саны |
Алғашқы құн |
Жинақталған амортизация |
Құнсызданудан шығындар |
Теңгерім құны (3-баған - 4-баған - 5-баған) |
Қайта бағалау сомасы (+/-) |
Қайта бағалаудан кейінгі теңгерім құны (6-баған + 7-баған) |
Техникалық паспорттары бар объектілер саны |
Есепті жылда паспорттау жүргізілген объектілер саны |
Паспорттау жүргізілуі қажет объектілер саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
1. Ғимараттар, жерлер** |
||||||||||
Тұрғын емес ғимараттар |
||||||||||
Тұрғын ғимараттар |
||||||||||
2. Құрылыстар** (су тартқыштар, стадиондар, бассейндер, жолдар, көпірлер, ескерткіштер, саябақтар, скверлер, қоғамдық бақтар қоршаулары, бұрғы скважиналары, штольнялар және басқалар) |
х |
|||||||||
3. Беру қондырғылары |
||||||||||
Электр беру және байланыс қондырғылары |
||||||||||
Трансмиссиялар және құбыр өткізгіштері |
||||||||||
4. Көлік құралдары |
||||||||||
Теміржол көлігінің жылжымалы құрамы |
||||||||||
Су көлігі |
||||||||||
Автомобиль көлігі |
||||||||||
Әуе көлігі |
||||||||||
Ат көлігі |
||||||||||
Өндірістік көлік |
||||||||||
Спорттық көлік |
||||||||||
5. Машиналар және жабдық |
||||||||||
Күш машиналары және |
||||||||||
Жұмыс машиналары және жабдық |
||||||||||
Өлшеу аспаптары |
||||||||||
Реттеуші аспаптар және қондырғылар |
||||||||||
Лабораториялық жабдық |
||||||||||
Компьютерлік жабдық |
||||||||||
Медициналық жабдық |
||||||||||
Кеңсе жабдығы |
||||||||||
Өзге де машиналар және жабдық |
||||||||||
6. Құралдар, өндірістік және шаруашылық мүкәммал* |
||||||||||
Құралдар |
||||||||||
Өндірістік мүкәммал және керек-жарақтар |
||||||||||
Шаруашылық мүкәммал |
||||||||||
Өзге де өндірістік және шаруашылық мүкәммал |
||||||||||
7. Өзге де негізгі құралдар |
||||||||||
Көгалдандыратын, сәндік отырғызулар және басқа да жасанды көп жылдық отырғызулар |
||||||||||
Жерлерді жақсарту бойынша күрделі шығындар |
||||||||||
Өзге де мүкәммал |
||||||||||
Жұмыс орындайтын мал |
||||||||||
Өзге де негізгі құралдар |
||||||||||
8. Инвестициялық жылжымайтын мүлік** |
||||||||||
Тұрғын емес ғимараттар |
||||||||||
Тұрғын ғимараттар |
Х |
|||||||||
Жер |
||||||||||
9. Биологиялық активтер |
х |
|||||||||
Жануарлар |
||||||||||
Көп жылдық отырғызулар |
||||||||||
10. Материалдық емес активтер |
||||||||||
Бағдарламалық қамтамасыз ету |
||||||||||
Авторлық құқықтар |
||||||||||
Лицензиялық келісім |
||||||||||
Патенттер |
||||||||||
Өзге де материалдық емес активтер |
||||||||||
11. Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер |
Ескертпе: * осы тармақты мемлекеттік кәсіпорындардың толтыруы
міндетті емес
** жүргізілген паспорттау бойынша ақпаратты көрсете отырып
Бірінші басшы ____________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Бас бухгалтер ____________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (қолы)
Мөр орны
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру
бойынша түсіндірме «31.12.20 ___ ж. жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау
және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат»
1. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме 31.12.20 ___ ж. жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпараттың нысанын (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша біріңғай талаптарды анықтайды.
2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал оның жоқ болған жағдайында оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.
2. Есеп нысанын толтыру бойынша түсіндірме
3. Нысанның 1-бағанында мүлік түрі көрсетілген.
4. Нысанның 2-бағанында мүліктің саны көрсетіледі.
5. Нысанның 3-бағанында мүліктің алғашқы құны, теңгерімге қойған кездегі алғашқы қабылданғаны көрсетіледі.
6. Нысанның 4-бағанында қолдану кезеңінде жинақталған мүліктің тозуы көрсетіледі.
7. Нысанның 5-бағанында мүліктің баланстық құны оның қайтару құнынан артық болған құны көрсетіледі.
8. Нысанның 6-бағанында жинақталған амортизация мен құнсызданудың шығындарын алғаннан кейін мүлік есепке алынатын құны көрсетіледі. (3-баған – 4-баған – 5-баған).
9. Нысанның 7-бағанында қайта бағалау сомасы көрсетіледі.
10. Нысанның 8-бағанында қайта бағалаудан кейінгі теңгерімдік құны көрсетіледі (6-баған + 7-баған).
11. Нысанның 9-бағанында техникалық паспорттары бар объектілер саны көрсетіледі.
12. Нысанның 10-бағанында есепті жылда паспорттау жүргізілген объектілер саны көрсетіледі.
13. Нысанның 11-бағанында паспорттау жүргізілуі қажет объектілер саны көрсетіледі.