"Бюджеттiк өтінімдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы № 233 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 651 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 желтоқсанда № 7359 тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бюджеттiк өтінімдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы
№ 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6289 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну ережесінде:
      35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде бюджеттік өтінімдерді және стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларын ескере отырып, стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады.
      Стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобасын Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 6 мамырдағы № 214 бұйрығымен (№ 6265 болып Нормативтік құқықтық кесімдерінде тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптауышын жасау ережесінің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұсынады.
      Осы тармақта көрсетілген құжаттардың нәтижелерін бағалау жүргізілген жағдайда бағалаудың нәтижелері қоса беріледі.
      4. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар:
      Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiн, сондай-ақ стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жобаларын, олардың Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамына, мемлекеттiк қызметтердің қолданылып жүрген заттай нормалары мен стандарттарына сәйкестiгi тұрғысынан;
      стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерiстер мен толықтырулар жобаларының құрамында ұсынылған бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін олардың стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен өзара байланысы тұрғысынан қарайды.
      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді, бюджеттiк бағдарламалардың жобаларын, стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жобаларын қарау қорытындылары бойынша және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысын ескере отырып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары бойынша қорытындыны қалыптастырады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
      Бұл ретте бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының көлеміне әлеуметтік-экономикалық даму болжамында көзделмеген жаңа бастамаларға арналған шығыстар енгізілмеуі тиіс.
      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе оларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді, сондай-ақ бюджеттiк бағдарламалардың жобаларын стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жобаларын қарау қорытындылары нәтижесінде олар бойынша қорытындыларды қалыптастырады және бюджет комиссиясының қарауына жібереді.
      5. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдар, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді тиісті бюджет комиссиясы қарайды.
      Тиісті бюджет комиссиясы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстары бойынша қорытындыны қарайды және ол бойынша ұсыныстар әзірлейді.
      Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң жобаларын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады.
      Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға пысықталған бюджеттік өтінімдерді және стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, сондай-ақ стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар жобаларын ұсынады.»;
      6-тармақтың бесінші бөлігі мынадай мазмұнда жазылсын:
      «Бюджеттiк өтiнiм:
      стратегиялық жоспарлардың жобасының немесе өзгерiс және толықтыру енгiзiлген стратегиялық жоспар жобалары;
      Қазақстан Республикасы бiрыңғай бюджет сыныптамасының өткен қаржы жылындағы бюджеттiк өтiнiмiнiң;
      есептi қаржы жылы стратегиялық жоспардың;
      iске асырылуы туралы есептiң;
      заттай нормалардың;
      мемлекеттiк қызметтiң стандарттардың негiзiнде жасалады.»;
      9-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұнда жазылсын:
      «9. Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi бюджеттiк өтiнiмдi мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға қағаз тасығыштарда нөмiрленген, екi дана, кiтапша түрiнде және мемлекеттiк органдардың электрондық құжат айналымы бiрыңғай жүйесiн пайдалану арқылы электрондық құжат түрiнде немесе электрондық тасығыш арқылы енгiзедi.»;
      11121314-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Бюджеттiк өтiнiмді ұсыну күні бюджеттiк жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органда немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкiлеттi органда тiркелген күнi болып есептеледi.
      12. Әрбiр бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк өтiнiмiн қарау бюджеттiк жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органда немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкiлеттi органға түскен күнiнен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
      13. Бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкiлеттi орган бюджеттiк өтiнiмдердi жасалуы және ұсынылуы Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамаларына сәйкес келмеген жағдайда, оларды бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерiне қарамастан қайтарады.
      14. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi пысықталған бюджеттiк өтiнiмдi ол қайтарылған күннен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде бюджеттiк жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органда немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкiлеттi органға табыс етедi.»;
      Бюджеттiк өтiнiм:
      1) стратегиялық жоспар жобасының, стратегиялық жоспарға немесе стратегиялық жоспарда өзгерістер мен толықтырулар жобасының, стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнің бюджеттiк бағдарламалар жобасының құрамына енгiзiлген әрбiр бюджеттiк бағдарлама бойынша шығыстар түрлерi бойынша есептемелерді, бюджеттiк бағдарламалардың жиынтық тiзбесiн, базалық шығыстар мен жаңа бастамаларға арналған шығыстарды қоса алғандағы ағымдағы бюджеттiк бағдарламалар мен бюджеттiк даму бағдарламалары бойынша шығыстардың жиынтық кестесi;
      2) байланысты гранттар сомасын жұмсалу бағыттары бойынша мiндеттi түрде бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты гранттар туралы ақпаратты;
      3) ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша алынған және пайдаланылған байланысты емес гранттар туралы ақпаратты;
      4) өз билiк етулерiнде қалатын мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзуден түсетiн ақша түсiмдерi мен шығыстарының болжамын;
      5) түсiндiрме жазбаны;
      6) орталық мемлекеттiк органдардың, оның ведомстволарының, аумақтық органдардың, ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң, оның iшiнде, орталық аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң, ведомстволарының және олардың аумақтық органдарының штаттық кестесi; жергiлiктi атқару органдарының және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң штаттық кестесiн және мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган сұрататын басқа да қажеттi ақпаратты қамтиды.»;
      15-тармақ:
      он екінші және он үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық органның стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігі туралы қорытынды;
      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның ұсыныстарын ескере отырып, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсiнiң бюджеттiк кредиттеу арқылы iске асыруға ұсынып отырған бюджеттiк бағдарламалар бойынша бюджеттiк кредиттеудiң орындылығы туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органның қорытындысын қамтиды;»;
      20-тармақ алынып тасталсын;
      21-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:
      «21. Бюджет нақтыланған жағдайда бюджеттiк комиссияның бюджеттi нақтылау туралы ұсынысын ескере отырып, бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бес жұмыс күнi iшiнде бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкiлеттi органға бюджеттiк комиссия өзгерiстерiн мақұлдаған бюджеттiк бағдарламалар бойынша бюджеттiк өтiнiмдi табыс етедi.
      Бюджет нақтыланған кезiнде бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкiлеттi орган бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджеттiк өтiнiмдердi ұсынғаннан кейiн он жұмыс күнi iшiнде бюджеттiк өтiнiмдердi қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және оларды бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi.».
      мынадай мазмұндағы 55-1-тармақпен толықтырылсын:
      «55-1. Бюджеттік өтінім құрамына нысаналы ағымдағы трансферттерді енгізген бюджеттік бағдарлама әкімшілері осы Ереженің 57-1-қосымшасына сәйкес өңірлер және нысан бойынша бағыттар жөнінде соманы бөлуді ұсынады.»;
      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 57-1-қосымшасымен толықтырылсын.
      2. Бюджеттік рәсімдеу әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің     
2011 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 651 бұйрығына      
қосымша           

Бюджеттiк өтінімдi жасау
және ұсыну ережесiнің  
57-1-қосымшасы      

нысан           

Нысаналы ағымдағы трансферттерді бөлу



Кодтар

Жылы

______________________

__________
|__________|

Функционалдық тобы

______________________

__________
|__________|

Бағдарлама әкімшісі

______________________

__________
|__________|

Мемлекеттік мекеме

______________________
       (атауы)

__________
|__________|



__________
|__________|

Бағдарлама

______________________

__________
|__________|

Кіші бағдарлама

______________________

__________
|__________|

Атауы

____ жылғы есеп

Түзетілген жоспар ___ ж.

Жоспар

_____ж.

_____ж.

_____ж.

Өңірдің атауы






Бағыттың атауы* 1






бағыттың атауы**  1-1






бағыттың атауы**  1-2






Бағыттың атауы* 2






бағыттың атауы**  2-1






бағыттың атауы**  2-2






Бағыттың атауы* 3






бағыттың атауы**  3-1






бағыттың атауы**  3-2






* бағыттар бойынша бөлу қажеттілігі болған жағдайда толтырылады
** түрлер бойынша бағыттарды бөлу қажеттілігі болған жағдайда толтырылады

Орталық атқарушы органының жауапты хатшысы/мемлекеттік мекеме басшысы

Бас бухгалтер (ҚЭБ бастығы)