Ескерту. Бұйрықтың атауы жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2012.05.24 № 18-03/269 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.05.28 № 174 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тұқым шаруашылығы салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2012.05.24 № 18-03/269 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.05.28 № 174 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына жариялау.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекші Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Экономикалық даму және сауда
министрінің міндетін атқарушы министрінің міндетін атқарушы
________________ М. Толыбаев _______________ М. Құсайынов
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 1 қыркүйекте
№ 18-03/495 және
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің міндетін
атқарушының
2011 жылғы 16 қыркүйекте
№ 313 бірлескен бұйрығына
1–қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері
1. Осы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Критерийлері) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау субьектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Критерийлері келесі ұғымдар қолданылады:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тәуекел - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субьектілердің қызметі нәтижесінде малдардың тектік қорына немесе бағалы тұқымның жоғалуына келетін зиянның ықтималдығы, мұнда оның салдарының ауыртпалдығы есепке алынады;
2) бақылау субъектілері – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органымен аттестатталған асыл тұқымды мал шаруашылығындағы жеке және заңды тұлғалар, шаруашылық жүргізуші субъектілер.
3. Бақылау субьектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу алғашқы бөлу кезінде – обьективті, кейінгі бөлу кезінде – субьективті өлшемдер негізінде жүзеге асырылады.
Алғашқы бөлу кезінде бақылау субьектілері 3 түрлі тәуекел дәрежесіне бөлінеді:
- жоғарғы тәуекел дәрежесіне – асыл тұқымды мал зауыттары мен асыл тұқымды шаруашылықтар жатқызылды;
- орташа тәуекел дәрежесіне – асылдандыру орталықтары және дистрибьютерлік орталықтар жатқызылды;
- төменгі тәуекел дәрежесіне – малдардың өсімін молайту бойынша қызметтер көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғалар жатқызылды.
Бақылау субьектілерін кейіннен бөлу бар кемшіліктерді ескере отырып, келесі баллдарды бере отырып жүзеге асырылады:
1) асыл тұқымды мал зауыттары мен асыл тұқымды шаруашылықтар үшін:
асыл тұқымды зауыттар мен шаруашылықтар мамандарының қатысуымен ғылыми ұйымдар ғалымдары әзірлеген малдармен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу жоспарының жоқтығы – 5 балл;
малдардың өнімділігінің сандық көрсеткіштерінің малдардың тиісті тұқымдары мен түрлеріне арналған стандарттардың талаптарына сәйкес келмеуі - 5 балл;
малдардың өнімділігінің сапалық көрсеткіштерінің малдардың тиісті тұқымдары мен түрлеріне арналған стандарттардың талаптарына сәйкес келмеуі - 5 балл;
асыл тұқымды малдарды толыққанды және теңгерімді азықтандырмау - 5 балл;
асыл тұқымды малды күтіп-бағумен, өсірумен, пайдаланумен және азықтандырумен байланысты тиісті зоогигиеналық талаптардың сақталмауы – 5 балл;
асыл тұқымды малдың шығу тегін, өнімділігін және сапасын растайтын белгіленген нысандар бойынша есептің 5 жыл ішінде тиісінше жүргізілмеуі – 5 балл;
малдарды өзінің өнімділігі және ұрпағының сапасы бойынша (асыл тұқымды зауыттар үшін) мақсатқа сай бағалаудың жоқтығы – 5 балл;
асыл тұқымды малдардың сапасын бағалаудың мерзімі мен кезеңділігінің сақталмауы – 5 балл;
жыл сайын сатылатын асыл тұқымды мал төлінің міндетті сертификаттаудан өткізілмеуі – 5 балл;
малдарды өзінің өнімділігі және ұрпағының сапасы бойынша (асыл тұқымды зауыттар үшін) бағалау жөніндегі бақылау-сынау аулалары мен пунктерінің жоқтығы немесе жұмыс істемеуі – 5 балл;
асыл тұқымды төлді бағытталған өсірудің жоқтығы (асыл тұқымды зауыттар үшін) – 5 балл;
бірдейлендіру рәсімінен өтпеген малдардың болуы – 5 балл;
асыл тұқымды малдарда рәсімделген ветеринариялық паспорттардың болмауы – 5 балл;
шаруашылық мұқтаждықтарға арналған аумақтарды, мал шаруашылығы үй-жайларын, сондай-ақ, басқа да құрылыстарды зоогигиеналық талаптарға сай келмейтін жағдайда ұстау – 5 балл;
тиісті білімі бар (зоотехниялық немесе ветеринарлық) мамандардың жоқтығы – 5 балл;
ауданның бас ветеринариялық инспекторы берген малдың жұқпалы аурулары (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қой эпидидимиті, хламидиоз, жылқының шағылысу ауруы, эпизоотиялық лимфангит), сондай-ақ Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның (ХЭБ) "А" тізімі бойынша аурулары жөнінен амандығы туралы ветеринариялық-санитариялық қорытындының жоқтығы – 5 балл;
2) асыл тұқымды орталықтар үшін:
өсірілетін тұқымдар бойынша асыл тұқымды зауыттың селекциялық-асыл тұқымдық жоспарының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін жұмыс жоспарының жоқтығы – 5 балл;
сәйкес келмейтін материалды-техникалық база (типтік өндірістік үй-жайлар кешені) – 5 балл;
тұқымдық малдардың ұрығын төмен температурада мұздатуға және сақтауға арналған арнайы зертхананың жоқтығы - 5 балл;
ветеринарлық объектілердің жоқтығы – 5 балл;
зертханалық және криогенді жабдықтың жоқтығы – 5 балл;
өсірілетін тұқымдардың өнімділігі жоғары асыл тұқымды тұқымдық мал-жақсартушыларының қажетті санының жоқтығы – 5 балл;
өзінің өнімділігі мен ұрпағының сапасы бойынша тұқымдық малдардың асыл тұқымдық құндылығын айқындау бойынша жұмыстардың жүргізілмеуі – 5 балл;
жыл сайын сатылатын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) міндетті сертификаттаудан өткізілмеуі – 5 балл;
асыл тұқымды малдарды зоогигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайда күтіп-бағу, пайдалану және азықтандыру – 5 балл;
асыл тұқымды малдарға бірдейлендіру жүргізбеу – 5 балл;
асыл тұқымды малдарда рәсімделген ветеринариялық паспорттардың болмауы – 5 балл;
асыл тұқымды аталық малдарды толыққанды емес деңгейде азықтандыру – 5 балл;
ұрықтар мен эмбриондарды алудың, жинаудың, сақтаудың есебін тиісті емес деңгейде жүргізу – 5 балл;
асыл тұқымды материалды асыл тұқымдық куәлік бермей сату – 5 балл;
тиісті білімі бар (зоотехниялық немесе ветеринарлық) мамандардың жоқтығы – 5 балл;
ауданның бас ветеринариялық инспекторы берген малдың жұқпалы аурулары (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қой эпидидимиті, хламидиоз, жылқының шағылысу ауруы, эпизоотиялық лимфангит), сондай-ақ Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның (ХЭБ) "А" тізімі бойынша аурулары жөнінен амандығы туралы ветеринариялық-санитариялық қорытындының жоқтығы – 5 балл;
3) дистрибьютерлік орталықтар үшін:
асыл тұқымды зауыттар мен шаруашылықтардың селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстар жоспарына сәйкес келетін жұмыс жоспарының жоқтығы – 3 балл;
сәйкес келмейтін материалды-техникалық база (стационарлы биоқоймасы бар өндірістік үй-жай) – 3 балл;
зертханалық жабдықтың жоқтығы – 3 балл;
криогенді жабдықтың жоқтығы – 3 балл;
ұрпағының сапасы бойынша бағалаудан өтпеген аталық малдардың ұрығын сатып алу және сақтау – 3 балл;
асыл тұқымдық куәлік бермей ұрықтар мен эмбриондар сату – 3 балл;
аталық малдар ұрығы мен эмбриондардың түсуі мен сақталуының есебін тиісінше жүргізбеу – 3 балл;
аталық малдар ұрығы мен эмбриондардың сатылуының есебін тиісінше жүргізбеу - 3 балл;
тиісті саладағы білікті мамандардың жоқтығы – 3 балл;
ауданның бас ветеринариялық инспекторы берген жұқпалы аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз), сондай-ақ Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның (ХЭБ) "А" тізімі бойынша аурулар жөнінен аумақтың амандығы туралы ветеринариялық-санитариялық қорытындының жоқтығы – 3 балл;
4) малдардың өсімін молайту бойынша қызмет көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғалар үшін:
тиісті білімі бар мамандардың жоқтығы (заңды тұлғалар үшін) – 3 балл;
малдардың өсімін молайту бойынша қызмет көрсететін жеке және заңды тұлға мәртебесі берілгені туралы аттестаттың жоқтығы – 3 балл;
зертханалық үй-жайдың жоқтығы – 3 балл;
бақылау-өлшеу құралдарының жоқтығы – 3 балл;
аспаптардың жоқтығы – 3 балл;
технологиялық жабдықтың жоқтығы – 3 балл;
тиісті білімінің жоқтығы (жеке тұлғалар үшін) – 3 балл;
ұрықтар мен эмбриондарға асыл тұқымдық куәліктің жоқтығы – 3 балл.
4. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде есептелген баллдардың сомасына байланысты бақылау субъектілері төмендегідей болып бөлінеді:
- жоғары тәуекел дәрежесі – 20 және одан да жоғары балл;
- орташа тәуекел дәрежесі – 11 ден 20-ға дейін;
- төменгі тәуекел дәрежесі – 10-нан көп емес;
5. Бір тәуекел деңгейіндегі субьектілерді тексеруді жоспарлаудың басымдығын айқындау үшін:
- жинақталған баллдардың ең жоғары сомасы;
- бұрынғы тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою нәтижесі (нұсқаманы орындауы);
- соңғы тексеру күні негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 1 қыркүйекте № 18-03/495
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің міндетін атқарушының
2011 жылғы 16 қыркүйекте № 313
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Тұқым шаруашылығы саласындағы
мемлекеттік бақылау бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау Критерийлері
1. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау" және "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының негізінде жасалды.
2. Осы Критерийлерде мынандай ұғымдар қолданылады:
1) бақылау субьектілері – тұқымды өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және сатуға қатысатын жеке және заңды тұлғалар;
2) тұқым шаруашылығы саласындағы тәуекел – оның салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүддесіне, адамның денсаулығына және тұтынушылар мүддесінің бұзылуына зиян келтірудің ықтималдығы.
2. Бақылау субьектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу бастапқы бөлу кезінде объективті критерийлер және кейінгі бөлу кезінде субъективті критерийлер негізінде жүзеге асырылады.
Бастапқы бөлу кезінде бақылау субъектілері тәуекел дәрежесіне бөлінеді:
1) төмен тәуекел дәрежесіне:
тұқым сапасын сараптау жөніндегі зертханалар;
тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын аттестатталған субъектілер (бірегей тұқым өндірушілер, элиталық тұқым шаруашылықтары, тұқым өсіру шаруашылықтары және тұқым өткізушілер) жатады.
3. Бақылау субьектілерін кейінгі бөлу бар кемшіліктерді ескере отырып, мынандай баллдар беріле отырып жүзеге асырылады:
1) Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалар үшін:
сынамаларды тіркеуінің болуы - 5 балл;
тұқым сапасы туралы құжаттарды рәсімдеу тіркеуінің болуы - 5 балл;
тұқым сапасы туралы тиісті құжаттарды беру мерзімінің сақталуы – 5 балл;
тұқым кондициясы туралы куәлік күшінің мерзімінің сақталуы – 5 балл;
тұқымды талдау нәтижелерінің болуы – 5 балл.
2) Бірегей тұқым өндірушілер үшін:
тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын аттестатталған субьектілер біліктілік талаптарын сақтау – әр тармақ бойынша 5 балл.
3) Элиталық тұқым өсіру шаруашылықтары үшін:
тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын аттестатталған субьектілер біліктілік талаптарын сақтау – әр тармақ бойынша 5 балл.
4) Тұқым өсіру шаруашылықтары үшін:
тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын аттестатталған субьектілер біліктілік талаптарын сақтау – әр тармақ бойынша 5 балл.
5) Тұқым өткізушілер үшін:
тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын аттестатталған субьектілер біліктілік талаптарын сақтау – әр тармақ бойынша 5 балл.
Кейінгі бөлу нәтижесі бойынша, жүргізілген тексеру қортындысы бойынша жинақталған баллдың жиынтығына байланысты тексеру субьектілері төмендегіше бөлінеді:
жоғарғы тәуекел дәрежесіне - 46 және одан жоғары;
орташа тәуекел дәрежесіне - 26-дан 46 баллға дейін;
төмен тәуекел дәрежесіне 26-баллдан төмен.
4. Бір тәуекел деңгейі бар субъектілерді тексеруді жоспарлаудың басымдығы үшін:
1) өндірілетін және сатылатын тұқымның көлемі;
2) алдыңғы тексерулер кезінде жіберілген бұзушылықтардың елеулігі;
3) ұзақ тексерілмеген кезең негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 1 қыркүйекте № 18-03/495
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің міндетін атқарушының
2011 жылғы 16 қыркүйекте № 313
бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2012.05.24 № 18-03/269 және ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.05.28 № 174 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.
Мемлекеттік қадағалаудың өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
1. Мемлекеттік қадағалаудың (бұдан әрі – қадағалау) өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау Критерийлері (бұдан әрі - Критерий) Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау», «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» заңдарына сәйкес өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау үшін әзірленді.
2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) қадағалау субъектілері – өсімдіктерді қорғау саласында қызмет ететін, пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтайтын, тасымалдайтын, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық, фумигациялық, авиациялық және жер үсті тәсілдерімен қолданатын, тіркеулік және өндірістік сынақтарды жүргізетін, пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыратын жеке және заңды тұлғалар;
2) өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел – жүргізілген фитосанитарлық іс шаралардың өсімдіктерге, адамның денсаулығы мен жануарларға, қоршаған ортаға өте жоғары дәрежеде зиян келтіруінің мүмкін болуы.
3. Қадағалау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу – алғашқы бөлгенде объективтік критерийлердің негізінде жүргізіледі, ал келесі кезеңде бөлгенде - субъективтік критерийлер бойынша жүргізіледі.
4. Қадағалау субъектілері алғашқы бөлген кезде 3 тәуекел дәрежеге жатқызылады:
1) жоғарғы дәрежедегі тәуекел тобына жатқызылған қадағалау субъектілері:
пестицидтерді (улы химикаттарды) фумигациялық және аэрозольдық тәсілдермен қолдану қызметі;
2) орташа дәрежедегі тәуекел тобына жатқызылған қадағалау субъектілері:
пестицидтерді (улы химикаттарды) жер үсті және авиациялық тәсілдермен (фумигациялық және аэрозольдік тәсілдерден басқа) қолдану қызметі;
пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеулік және өндірістік сынақтан өткізу қызметі;
пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау қызметі;
пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау қызметі;
3) төменгі дәрежедегі тәуекел тобына жатқызылған қадағалау субъектілері:
рұқсат етілмеген, қолдануға жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын залалсыздандыру қызметі.
5. Қадағалау субъектілерінің кейіннен бөлінуі орын алған заң бұзушылықтардың негізінде мынадай баллдар беріліп жүргізіледі:
1) пестицидтерді (улы химикаттарды) фумигациялық және аэрозольдік тәсілдерімен қолдану қызметімен айналысатын субъектілер үшін:
мемлекеттік тіркеуден өтпеген және Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің (улы химикаттардың) пестицидтердің (улы химикаттардың) енгізілмеген пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану – 10 балл;
жеке меншіктік немесе басқа да заңдық негіздегі арнаулы техникалар мен құрал жабдықтардың болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілмен қолдануға қажетті арнаулы техникалар мен құрал жабдықтардың шығарушы завод берген паспортының болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) регламентін сақтамай пайдалану (жұмсау мөлшері, өңдеу тәсілі және қайталанылуы, шектеулер) – 10 балл;
қолданылмаған пестицидтерді (улы химикаттарды) уақытша сақтайтын арнаулы орынның болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жұмыстарын жүргізген кезде жеке сақтандыру құралдарының болмауы - 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жұмыстары жүргізілетін орынның қауіпсіздік шаралары туралы көрнекті оқу құралдары, нұсқамалар, естеліктерсіз дайындалуы – 10 балл;
тиісті білімі (басшылар үшін – жоғары техникалық немесе агрономиялық білім, мамандар үшін – жоғары немесе орта арнаулы (техникалық немесе агрономиялық білім)), бiлiктi құрамының болмауы – 10 балл;
пестицидтермен (улы химикаттармен) істелген жұмысты тіркейтін нөмірленген және жіптелген журналдың болмауы – 5 балл;
2) пестицидтерді (улы химикаттарды) жер үсті және авиациялық тәсілдермен (аэрозольдік және фумигациялық тәсілдерден басқа) қолдану қызметін жүзеге асыратын субъектілер үшін:
мемлекеттік тіркеуден өтпеген және Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің (улы химикаттардың) пестицидтердің (улы химикаттардың) енгізілмеген пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға қажетті арнаулы техникалар мен құрал жабдықтардың шығарушы завод берген паспортының болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану регламенттеріне сәйкессіз пайдалану (жұмсау мөлшері, өңдеу тәсілі және қайталанылуы, шектеулер) – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) жер үсті аппаратураларымен қолданған кезде желдің жылдамдығы секундына 3 метрден, авиациямен қолданған кезде желдің жылдамдығы секундына 2 метрден болған кезде өсімдіктерді бүркуді жүзеге асыруды ерте таңғы және кешкі сағаттарда жүргізбеу – 10 балл;
қолданылмаған пестицидтерді (улы химикаттарды) уақытша сақтайтын арнаулы орынның болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жұмыстарын жүргізген кезде жеке сақтандыру құралдарының болмауы - 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жұмыстары жүргізілетін орынның қауіпсіздік шаралары туралы көрнекті оқу құралдары, нұсқамалар, естеліктерсіз дайындалуы – 10 балл;
пестицидтермен (улы химикаттармен) істелген жұмысты тіркейтін нөмірленген және жіптелген журналдың болмауы – 5 балл;
3) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу мен өндірістік сынақтан өткізу қызметін жүзеге асыратын субъектілер үшін:
пестицидтерге (улы химикаттарға) тіркеулік және өндірістік сынақтар жүргізуге қажетті пестицидтердің тәжірибелік үлгілерінің, эталондық пестицидтердің және пестицидтердің әсер етуші заттарының аналитикалық стандарттарының болмауы – 10 балл;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы № 1396 қаулысымен бекітілген, пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеулік, өндірістік сынақтау және мемлекеттік тіркеу жүргізу Қағидасына 3-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіретін аудандарда зиянды организмдердің ерекшеліктерін (ұрпақ санын, зияндылығын, резистенттігін, экономикалық әсерін, таралу ареалын) ескере отырып пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік сынақтарын, өндiрiстiк сынақтарды дақылға және зиянды организмге қарай бір-төрт топырақтық-климаттық аймақта өткізбеу – 10 балл;
пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарын өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті ведомствомен бекітілген пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарын жүргізуді жоспарға сәйкес емес жүргізу – 10 балл;
пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарын пестицидтерді (улы химикаттарды) ұсынылған қолдану регламенттеріне сәйкес емес жүзеге асыру – 10 балл;
пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарының жүргізілу мерзімін сақтамау – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жұмыстарын жүргізген кезде жеке сақтық құралдарының болмауы – 5 балл;
4) пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін:
пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау үшін арнаулы қойманың болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қойманың санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) ыдыстың этикеткасында көрсетілген талаптарды және белгілі бір пестицидтің пайдалану әдістемесін орындамай сақтау – 10 балл;
физико-химиялық қасиетіне (ұшу, тотығу), өрт қауіптілігіне және жарылу қауіптілігіне, реакциялық белсенділігіне, сақтаудың температуралық режиміне байланысты топтастыруға келмейтін пестицидтерді бірге сақтау – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қойманың еденінде үйіп сақтауға жол берілсе – 10 балл;
пестицидтер (улы химикаттар) тұғырықтар мен стеллаждарда сақталмаса – 10 балл;
пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстарының этикеткасында көрсетілген мөлшердегі дезактивация жасайтын заттардың болмауы – 10 балл;
пестицидтермен (улы химикаттармен) істелген жұмысты тіркейтін нөмірленген және жіптелген журналдың болмауы – 5 балл;
5) пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауды жүзеге асыратын субъектілер үшін:
пестицидтерді (улы химикаттарды) арнаулы жабдықталмаған және тиісті белгілері жоқ, қауіпті жүктерді тасымалдау ережесінің талаптарына сәйкес келмейтін, транспорттың әр түрлерінде қолданылатын тасымалдау кезіндегі қауіп туралы ақпарат жүйесінің апат карточкасы жоқ («Сақ бол – пестицидтер (улы химикаттар)») транспорттық құралдармен тасымалдау – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауға арналған көлік құралында удың күшін жоятын заттардың, өрт сөндіргіштердің, құм қорының және жүргізуші мен жүкке жауапты қызметкердің жеке қорғау құралдарының болмауы – 10 балл;
тасымалданатын пестицидтерді (улы химикаттарды) есепке алатын жіптелген және нөмірленген кітаптың болмауы – 5 балл;
6) пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын залалсыздандыруды жүзеге асыратын субъектілер үшін:
пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын көметін арнаулы қоймалар мен (көмбелердің) болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) жеткізушілер (өндірушілер, импорттаушылар, сатушылар) әзірлеген және ұсынған қолдануға жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын заларсыздандыру әдістемелері мен технологиясының болмауы – 10 балл;
бүтінділікті қамтамасыз етпейтін және қоршаған ортаны пестицидтермен (улы химикаттармен) ластандыру мүмкіндігі бар қажеттілігі бойынша әрі қарай қолдануға жарамсыз бірінші класты қауіптілікті пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау – 10 балл;
қауіптілігі екінші классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) қажет болған жағдайда арнаулы қабаттары жоқ, полимерден жасалынған көп қабатты ыдысқа (пестицидтің (улы химикаттың) ерекшелігіне байланысты) орау – 10 балл;
ыдыстары бұзылған пестицидтерді (улы химикаттарды) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін, біртұтастығы бұзылған ыдыстарға қайтадан салу – 10 балл;
пестицидтердің (улы химикаттардың) қағаз немесе ағаш ыдыстарын жағу арқылы құрту үшін, заңға сәйкес экологиялық және елдің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қадағалайтын мемлекеттік орган белгілеп берген жерде, жағылатын қосылымдардың улы емес (қауіпсіз) заттарға дейін ыдырауын қамтамасыз ететін, жоғары температуралы құрылғылардың болмауы – 10 балл;
пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстарын өртеу барысында бөлінетін газ және күл түріндегі ластағыштарға жүйелі бақылау мен мониторингтің болмауы – 10 балл;
тыйым салынған, жарамсыз болған пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын тиеу, тасу және түсіру үшін механизациялық құралдардың болмауы – 10 балл;
залалсыздандыруға (утилизациялауға, жоюға) жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) тиісті жағдайы бар бір орталықта сақтауға арналған қоймаға бөтен адамдардың кіруіне жол беру – 5 балл;
мекеменің атауы, залалсыздандырылатын пестицидтің аты, мөлшері, залалсыздандыру тәсілі мен орны, жұмысты жүргізуге жауапты тұлғаның фамилиясы көрсетілген, әрі қарай қолдануға жарамайтын пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру (утилизациялау, жою) актісінің болмауы – 5 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруға қатысушы жұмыскерлердің жеке қорғау құралдарының болмауы – 10 балл.
6. Жүргізілген тексерудің қорытындысы негізінде, жиналған баллдардың қосындысына байланысты қадағалау субъектілері тәуекел дәрежелері бойынша былайша бөлінеді:
1) пестицидтерді (улы химикаттарды) (аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бақылау субъектілері алған баллдарының қосындылары бойынша:
11 және одан көп балл алғандар – жоғары дәрежелі тәуекел тобына жатады;
6-дан 11 баллға дейін алғандар – орта дәрежелі тәуекел тобына жатады;
5-тен көп емес балл алғандар - аз дәрежелі тәуекел тобына жатады;
2) пестицидтерді (улы химикаттарды) авиациялық және жер үсті тәсілдерімен қолдану, пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеулік және өндірістік сынақтау, сақтау, тасымалдау жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын бақылау субъектілері алған баллдарының қосындылары бойынша:
21 және одан көп балл алғандар – жоғары дәрежелі тәуекел тобына жатады;
6-дан 21 баллға дейін алғандар – орта дәрежелі тәуекел тобына жатады;
5-тен көп емес балл алғандар - аз дәрежелі тәуекел тобына жатады;
3) пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын залалсыздандыру қызметін жүзеге асыратын қадағалау субъектілері алған баллдары бойынша:
51 және одан көп балл алғандар - жоғары дәрежелі тәуекел тобына жатады;
16-тен 51-ге дейін балл алғандар - орта дәрежелі тәуекел тобына жатады;
5-тен көп емес балл алғандар - аз дәрежелі тәуекел тобына жатады.
7. Бір дәрежедегі тәуекелге жататын қадағалау субъектілеріне жүргізілетін тексеру жұмыстарын жоспарлаған кезде, бірінші орынға қою үшін келесілер негіз болады:
1) пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін:
бірінші және екінші сыныпты қауіптілікті пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданатын субъектілер;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аса қауіпті және карантиндік зиянды организмдерге қарсы қолданатын субъектілер;
өткен тексеру барысында көп балл жинаған субъектілер;
2) пестицидтерді (улы химикаттарды) авиациялық және жер үсті тәсілдерімен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін:
бірінші және екінші сыныпты қауіптілікті пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданатын субъектілер;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аса қауіпті және карантиндік зиянды организмдерге қарсы қолданатын субъектілер;
өткен тексеру барысында көп балл жинаған субъектілер;
3) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеулік және өндірістік сынақтауды жүзеге асыратын субъектілер үшін:
қауіптілігі бірінші және екінші классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеулік және өндірістік сынақтауды жүзеге асыратын субъектілер;
пестицидтерді (улы химикаттарды) аса қауіпті және карантиндік зиянды организмдерге қарсы тіркеулік және өндірістік сынақтауды жүзеге асыратын субъектілер;
өткен тексеру барысында көп балл жинаған субъектілер;
4) пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін:
қауіптілігі бірінші және екінші классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауды жүзеге асыратын субъектілер;
пестицидтерді (улы химикаттарды) көп көлемде сақтауды жүзеге асыратын субъектілер;
аса қауіпті зиянды және карантиндік организмдерге қарсы пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтайтын субъектілер;
өткен тексеру барысында көп балл жинаған субъектілер;
5) пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауды жүзеге асыратын субъектілер үшін:
қауіптілігі бірінші және екінші классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауды жүзеге асыратын субъектілер;
пестицидтерді (улы химикаттарды) көп көлемде тасымалдауды жүзеге асыратын субъектілер;
ерекше қауіпті зиянды және карантиндік организмдерге қарсы пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауды жүзеге асыратын субъектілер;
өткен тексеру барысында көп балл жинаған субъектілер;
6) пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруды жүзеге асыратын субъектілер үшін:
пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын залалсыздандыруға арналған үлкен сыйымдылықтары бар субъектілер;
қадағалау объектілері елді мекендерге жақын орналасқан субъектілер;
өткен тексеру барысында көп балл жинаған субъектілер.