"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тұқым шаруашылығы салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жеке кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына жариялау.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекші Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Экономикалық даму және сауда
министрінің міндетін атқарушы министрінің міндетін атқарушы
________________ М. Толыбаев _______________ М. Құсайынов
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 1 қыркүйекте № 18-03/495
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің міндетін
атқарушының
2011 жылғы 16 қыркүйекте № 313
бірлескен бұйрығына
1–қосымша
Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері
1. Осы асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – Критерийлері) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау субьектілерін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін "Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы" және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Осы Критерийлері келесі ұғымдар қолданылады:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тәуекел - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субьектілердің қызметі нәтижесінде малдардың тектік қорына немесе бағалы тұқымның жоғалуына келетін зиянның ықтималдығы, мұнда оның салдарының ауыртпалдығы есепке алынады;
2) бақылау субъектілері – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) уәкілетті органымен аттестатталған асыл тұқымды мал шаруашылығындағы жеке және заңды тұлғалар, шаруашылық жүргізуші субъектілер.
3. Бақылау субьектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу алғашқы бөлу кезінде – обьективті, кейінгі бөлу кезінде – субьективті өлшемдер негізінде жүзеге асырылады.
Алғашқы бөлу кезінде бақылау субьектілері 3 түрлі тәуекел дәрежесіне бөлінеді:
- жоғарғы тәуекел дәрежесіне – асыл тұқымды мал зауыттары мен асыл тұқымды шаруашылықтар жатқызылды;
- орташа тәуекел дәрежесіне – асылдандыру орталықтары және дистрибьютерлік орталықтар жатқызылды;
- төменгі тәуекел дәрежесіне – малдардың өсімін молайту бойынша қызметтер көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғалар жатқызылды.
Бақылау субьектілерін кейіннен бөлу бар кемшіліктерді ескере отырып, келесі баллдарды бере отырып жүзеге асырылады:
1) асыл тұқымды мал зауыттары мен асыл тұқымды шаруашылықтар үшін:
асыл тұқымды зауыттар мен шаруашылықтар мамандарының қатысуымен ғылыми ұйымдар ғалымдары әзірлеген малдармен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу жоспарының жоқтығы – 5 балл;
малдардың өнімділігінің сандық көрсеткіштерінің малдардың тиісті тұқымдары мен түрлеріне арналған стандарттардың талаптарына сәйкес келмеуі - 5 балл;
малдардың өнімділігінің сапалық көрсеткіштерінің малдардың тиісті тұқымдары мен түрлеріне арналған стандарттардың талаптарына сәйкес келмеуі - 5 балл;
асыл тұқымды малдарды толыққанды және теңгерімді азықтандырмау - 5 балл;
асыл тұқымды малды күтіп-бағумен, өсірумен, пайдаланумен және азықтандырумен байланысты тиісті зоогигиеналық талаптардың сақталмауы – 5 балл;
асыл тұқымды малдың шығу тегін, өнімділігін және сапасын растайтын белгіленген нысандар бойынша есептің 5 жыл ішінде тиісінше жүргізілмеуі – 5 балл;
малдарды өзінің өнімділігі және ұрпағының сапасы бойынша (асыл тұқымды зауыттар үшін) мақсатқа сай бағалаудың жоқтығы – 5 балл;
асыл тұқымды малдардың сапасын бағалаудың мерзімі мен кезеңділігінің сақталмауы – 5 балл;
жыл сайын сатылатын асыл тұқымды мал төлінің міндетті сертификаттаудан өткізілмеуі – 5 балл;
малдарды өзінің өнімділігі және ұрпағының сапасы бойынша (асыл тұқымды зауыттар үшін) бағалау жөніндегі бақылау-сынау аулалары мен пунктерінің жоқтығы немесе жұмыс істемеуі – 5 балл;
асыл тұқымды төлді бағытталған өсірудің жоқтығы (асыл тұқымды зауыттар үшін) – 5 балл;
бірдейлендіру рәсімінен өтпеген малдардың болуы – 5 балл;
асыл тұқымды малдарда рәсімделген ветеринариялық паспорттардың болмауы – 5 балл;
шаруашылық мұқтаждықтарға арналған аумақтарды, мал шаруашылығы үй-жайларын, сондай-ақ, басқа да құрылыстарды зоогигиеналық талаптарға сай келмейтін жағдайда ұстау – 5 балл;
тиісті білімі бар (зоотехниялық немесе ветеринарлық) мамандардың жоқтығы – 5 балл;
ауданның бас ветеринариялық инспекторы берген малдың жұқпалы аурулары (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қой эпидидимиті, хламидиоз, жылқының шағылысу ауруы, эпизоотиялық лимфангит), сондай-ақ Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның (ХЭБ) "А" тізімі бойынша аурулары жөнінен амандығы туралы ветеринариялық-санитариялық қорытындының жоқтығы – 5 балл;
2) асыл тұқымды орталықтар үшін:
өсірілетін тұқымдар бойынша асыл тұқымды зауыттың селекциялық-асыл тұқымдық жоспарының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін жұмыс жоспарының жоқтығы – 5 балл;
сәйкес келмейтін материалды-техникалық база (типтік өндірістік үй-жайлар кешені) – 5 балл;
тұқымдық малдардың ұрығын төмен температурада мұздатуға және сақтауға арналған арнайы зертхананың жоқтығы - 5 балл;
ветеринарлық объектілердің жоқтығы – 5 балл;
зертханалық және криогенді жабдықтың жоқтығы – 5 балл;
өсірілетін тұқымдардың өнімділігі жоғары асыл тұқымды тұқымдық мал-жақсартушыларының қажетті санының жоқтығы – 5 балл;
өзінің өнімділігі мен ұрпағының сапасы бойынша тұқымдық малдардың асыл тұқымдық құндылығын айқындау бойынша жұмыстардың жүргізілмеуі – 5 балл;
жыл сайын сатылатын асыл тұқымды өнімнің (материалдың) міндетті сертификаттаудан өткізілмеуі – 5 балл;
асыл тұқымды малдарды зоогигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін жағдайда күтіп-бағу, пайдалану және азықтандыру – 5 балл;
асыл тұқымды малдарға бірдейлендіру жүргізбеу – 5 балл;
асыл тұқымды малдарда рәсімделген ветеринариялық паспорттардың болмауы – 5 балл;
асыл тұқымды аталық малдарды толыққанды емес деңгейде азықтандыру – 5 балл;
ұрықтар мен эмбриондарды алудың, жинаудың, сақтаудың есебін тиісті емес деңгейде жүргізу – 5 балл;
асыл тұқымды материалды асыл тұқымдық куәлік бермей сату – 5 балл;
тиісті білімі бар (зоотехниялық немесе ветеринарлық) мамандардың жоқтығы – 5 балл;
ауданның бас ветеринариялық инспекторы берген малдың жұқпалы аурулары (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, қой эпидидимиті, хламидиоз, жылқының шағылысу ауруы, эпизоотиялық лимфангит), сондай-ақ Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның (ХЭБ) "А" тізімі бойынша аурулары жөнінен амандығы туралы ветеринариялық-санитариялық қорытындының жоқтығы – 5 балл;
3) дистрибьютерлік орталықтар үшін:
асыл тұқымды зауыттар мен шаруашылықтардың селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстар жоспарына сәйкес келетін жұмыс жоспарының жоқтығы – 3 балл;
сәйкес келмейтін материалды-техникалық база (стационарлы биоқоймасы бар өндірістік үй-жай) – 3 балл;
зертханалық жабдықтың жоқтығы – 3 балл;
криогенді жабдықтың жоқтығы – 3 балл;
ұрпағының сапасы бойынша бағалаудан өтпеген аталық малдардың ұрығын сатып алу және сақтау – 3 балл;
асыл тұқымдық куәлік бермей ұрықтар мен эмбриондар сату – 3 балл;
аталық малдар ұрығы мен эмбриондардың түсуі мен сақталуының есебін тиісінше жүргізбеу – 3 балл;
аталық малдар ұрығы мен эмбриондардың сатылуының есебін тиісінше жүргізбеу - 3 балл;
тиісті саладағы білікті мамандардың жоқтығы – 3 балл;
ауданның бас ветеринариялық инспекторы берген жұқпалы аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз), сондай-ақ Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның (ХЭБ) "А" тізімі бойынша аурулар жөнінен аумақтың амандығы туралы ветеринариялық-санитариялық қорытындының жоқтығы – 3 балл;
4) малдардың өсімін молайту бойынша қызмет көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғалар үшін:
тиісті білімі бар мамандардың жоқтығы (заңды тұлғалар үшін) – 3 балл;
малдардың өсімін молайту бойынша қызмет көрсететін жеке және заңды тұлға мәртебесі берілгені туралы аттестаттың жоқтығы – 3 балл;
зертханалық үй-жайдың жоқтығы – 3 балл;
бақылау-өлшеу құралдарының жоқтығы – 3 балл;
аспаптардың жоқтығы – 3 балл;
технологиялық жабдықтың жоқтығы – 3 балл;
тиісті білімінің жоқтығы (жеке тұлғалар үшін) – 3 балл;
ұрықтар мен эмбриондарға асыл тұқымдық куәліктің жоқтығы – 3 балл.
4. Жүргізілген тексерулер нәтижесінде есептелген баллдардың сомасына байланысты бақылау субъектілері төмендегідей болып бөлінеді:
- жоғары тәуекел дәрежесі – 20 және одан да жоғары балл;
- орташа тәуекел дәрежесі – 11 ден 20-ға дейін;
- төменгі тәуекел дәрежесі – 10-нан көп емес;
5. Бір тәуекел деңгейіндегі субьектілерді тексеруді жоспарлаудың басымдығын айқындау үшін:
- жинақталған баллдардың ең жоғары сомасы;
- бұрынғы тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою нәтижесі (нұсқаманы орындауы);
- соңғы тексеру күні негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 1 қыркүйекте № 18-03/495
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің міндетін атқарушының
2011 жылғы 16 қыркүйекте № 313
бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Тұқым шаруашылығы саласындағы
мемлекеттік бақылау бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау Критерийлері
1. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша жеке кәсіпкерлік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау" және "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының негізінде жасалды.
2. Осы Критерийлерде мынандай ұғымдар қолданылады:
1) бақылау субьектілері – тұқымды өндіруге, сақтауға, тасымалдауға, қайта өңдеуге және сатуға қатысатын жеке және заңды тұлғалар;
2) тұқым шаруашылығы саласындағы тәуекел – оның салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүддесіне, адамның денсаулығына және тұтынушылар мүддесінің бұзылуына зиян келтірудің ықтималдығы.
2. Бақылау субьектілерін тәуекел дәрежелеріне жатқызу бастапқы бөлу кезінде объективті критерийлер және кейінгі бөлу кезінде субъективті критерийлер негізінде жүзеге асырылады.
Бастапқы бөлу кезінде бақылау субъектілері тәуекел дәрежесіне бөлінеді:
1) төмен тәуекел дәрежесіне:
тұқым сапасын сараптау жөніндегі зертханалар;
тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын аттестатталған субъектілер (бірегей тұқым өндірушілер, элиталық тұқым шаруашылықтары, тұқым өсіру шаруашылықтары және тұқым өткізушілер) жатады.
3. Бақылау субьектілерін кейінгі бөлу бар кемшіліктерді ескере отырып, мынандай баллдар беріле отырып жүзеге асырылады:
1) Тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалар үшін:
сынамаларды тіркеуінің болуы - 5 балл;
тұқым сапасы туралы құжаттарды рәсімдеу тіркеуінің болуы - 5 балл;
тұқым сапасы туралы тиісті құжаттарды беру мерзімінің сақталуы – 5 балл;
тұқым кондициясы туралы куәлік күшінің мерзімінің сақталуы – 5 балл;
тұқымды талдау нәтижелерінің болуы – 5 балл.
2) Бірегей тұқым өндірушілер үшін:
тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын аттестатталған субьектілер біліктілік талаптарын сақтау – әр тармақ бойынша 5 балл.
3) Элиталық тұқым өсіру шаруашылықтары үшін:
тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын аттестатталған субьектілер біліктілік талаптарын сақтау – әр тармақ бойынша 5 балл.
4) Тұқым өсіру шаруашылықтары үшін:
тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын аттестатталған субьектілер біліктілік талаптарын сақтау – әр тармақ бойынша 5 балл.
5) Тұқым өткізушілер үшін:
тұқым шаруашылығы саласында қызмет атқаратын аттестатталған субьектілер біліктілік талаптарын сақтау – әр тармақ бойынша 5 балл.
Кейінгі бөлу нәтижесі бойынша, жүргізілген тексеру қортындысы бойынша жинақталған баллдың жиынтығына байланысты тексеру субьектілері төмендегіше бөлінеді:
жоғарғы тәуекел дәрежесіне - 46 және одан жоғары;
орташа тәуекел дәрежесіне - 26-дан 46 баллға дейін;
төмен тәуекел дәрежесіне 26-баллдан төмен.
4. Бір тәуекел деңгейі бар субъектілерді тексеруді жоспарлаудың басымдығы үшін:
1) өндірілетін және сатылатын тұқымның көлемі;
2) алдыңғы тексерулер кезінде жіберілген бұзушылықтардың елеулігі;
3) ұзақ тексерілмеген кезең негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 1 қыркүйекте № 18-03/495
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрінің міндетін атқарушының
2011 жылғы 16 қыркүйекте № 313
бірлескен бұйрығына
3-қосымша
Мемлекеттік қадағалаудың өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
1. Мемлекеттік қадағалаудың (бұдан әрі – қадағалау) өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау Критерийлері (бұдан әрі - Критерий) Қазақстан Республикасының "Өсімдіктерді қорғау", "Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" заңдарына сәйкес өсімдіктерді қорғау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекел дәрежесін бағалау үшін әзірленді.
2. Осы критерийлерде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) қадағалау субъектілері – өсімдіктерді қорғау саласында қызмет ететін, пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіретін (формуляциясын жасайтын), өткізетін, сақтайтын, тасымалдайтын, пестицидтерді фумигациялық, аэрозольдық, авиациялық және жер үсті тәсілдерімен қолданатын, тіркеулік және өндірістік сынақтарды жүргізетін, пестицидтерді залалсыздандыратын жеке және заңды тұлғалар;
2) өсімдіктерді қорғау саласындағы тәуекел – жүргізілген фитосанитарлық іс шаралардың өсімдіктерге, адамның денсаулығы мен жануарларға, қоршаған ортаға өте жоғары дәрежеде зиян келтіруінің мүмкін болуы.
3. Қадағалау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу – алғашқы бөлгенде объективтік критериилердің негізінде жүргізіледі, ал келесі кезеңде бөлгенде - субъективтік критериилер бойынша жүргізіледі.
4. Қадағалау субъектілері алғашқы бөлген кезде 3 тәуекел дәрежеге жатқызылады:
1) жоғарғы дәрежедегі тәуекел тобына жатқызылған қадағалау субъектілері:
пестицидтерді (улы химикаттарды) шығару (формуляциясын жасау) қызметі;
пестицидтерді (улы химикаттарды) фумигациялық және аэрозольдық тәсілдермен қолдану қызметі;
2) орташа дәрежедегі қатерлік тобына жатқызылған қадағалау субъектілері:
пестицидтерді (улы химикаттарды) жер үсті және авиациялық тәсілдермен (фумигациялық және аэрозольдік тәсілдерден басқа) қолдану қызметі;
пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеулік және өндірістік сынақтан өткізу қызметі;
пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу қызметі;
пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау қызметі;
пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау қызметі;
3) төменгі дәрежедегі тәуекел тобына жатқызылған қадағалау субъектілері:
рұқсат етілмеген, қолдануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын залалсыздандыру қызметі.
5. Объективтік критерийлер бойынша алғашқыда жоғарғы және орташа дәрежедегі тәуекел тобына жатқызылған қадағалау субъектілері дәрежесі төмен қатерлік тобына ауыстырылмайды.
6. Қадағалау субъектілерінің кейіннен бөлінуі орын алған заң бұзушылықтардың негізінде мынадай баллдар беріліп жүргізіледі:
1) пестицидтерді (улы химикаттарды) (фумигациялық және аэрозольдік тәсілдерден басқа) авиациялық және жер үсті тәсілдермен қолдану қызметімен айналысатын субъектілер үшін:
химиялық өңдеу жұмыстарының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ететін пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға қажетті жеке меншіктік немесе арендаға алынған арнаулы техникалар мен құрал жабдықтардың болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға қажетті арнаулы техникалар мен құрал жабдықтардың шығарушы завод берген паспортының болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркелген регламентін сақтамай қолдану (жұмсау мөлшері, өңдеу тәсілі және қайталанылуы, шектеулер) – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) жер үсті аппаратураларымен қолданған кезде желдің жылдамдығы 3 м/с, авиациямен қолданған кезде желдің жылдамдығы 2 м/с болған кезде өсімдіктерді бүркуді жүзеге асыруды ерте таңғы және кешкі сағаттарда жүргізбеу – 10 балл;
қолданылмаған пестицидтерді (улы химикаттарды) уақытша сақтайтын арнаулы орынның болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жұмыстарын жүргізген кезде жеке сақтандыру құралдарының болмауы - 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жұмыстары жүргізілетін орынның қауіпсіздік шаралары туралы көрнекті оқу құралдары, нұсқамалар, естеліктерсіз дайындалуы – 10 балл;
сәйкес келетін білімі (агрономиялық) бар, квалификациялы мамандар құрамының болмауы – 10 балл;
пестицидтермен (улы химикаттармен) істелген жұмысты тіркейтін нөмірленген және жіптелген кітаптың болмауы – 5 балл;
2) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу мен өндірістік сынақтан өткізетін субъектілер үшін:
химиялық өңдеу жұмыстарының қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ететін пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдануға қажетті жеке меншіктік немесе арендаға алынған арнаулы техникалар мен құрал жабдықтардың болмауы – 10 балл;
пестицидтерге (улы химикаттарға) тіркеулік және өндірістік сынақтар жүргізуге қажетті пестицидтердің тәжірибелік үлгілерінің, эталондық пестицидтердің және пестицидтердің әсер етуші заттарының аналитикалық стандарттарының болмауы – 10 балл;
ауыл шаруашылығы өсімдіктерін өсіретін аудандарда зиянды организмдердің ерекшеліктерін (ұрпақ санын, зияндылығын, резистенттігін, экономикалық әсерін, таралу ареалын) ескере отырып пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарын өткізбеу – 10 балл;
пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарының әдістемелерінің сақталмауы – 10 балл;
пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарын пестицидтердің (улы химикаттардың) көрсетілген қолдану регламентін сақтамай жүргізу – 10 балл;
пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарының жүргізілу мерзімін сақтамау – 10 балл;
пестицидтердің (улы химикаттардың) тіркеулік және өндірістік сынақтарының нәтижесі бойынша есептің болмауы – 10 балл;
сынақ жүргізіліп жатқан пестицидтің (улы химикаттың) өсімдік өнімі мен қоршаған орта объектілеріндегі қалдық мөлшерін анықтамау – 10 балл;
білімі (агрономиялық), сәйкес келетін мамандығы (энтомолог, фитопатолог, герболог) бар, квалификациялы мамандар құрамының болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жұмыстарын жүргізген кезде жеке сақтық құралдарының болмауы – 5 балл;
3) пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу қызметімен айналысатын субъектілер үшін:
ауыл шаруашылығында, орман және коммуналдық шаруашылықтарда қолдануға қажетті пестицидтерді (улы химикаттарды) шығарушы өндіріс орнының қоймасынан немесе Қазақстан Республикасының заңына сәйкес белгіленген талапқа жауап беретін пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға және босатуға арналған қоймалардан тыс жерден босатуды жүзеге асыруы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтайтын қоймаға меншіктік құқық беретін мемлекеттік тіркеу куәлігінің болмауы, немесе қойманы жалдау келісім шартының болмауы – 10 балл;
өндірушінің ыдысында пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану кезіндегі сақтық шаралары туралы, пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын залалсыздандыру туралы ақпарат болмаған жағдайда пестицидтерді (улы химикаттарды) тұтынушыларға босату – 10 балл;
өткізілетін пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстарының зақымдалуы, ыдыс зақымдалған жағдайда және ұсынушыға қайтарылғанда пестицидтерді (улы химикаттарды) басқа ыдыстарға салу шараларының қолданылмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) босатуға байланысты жұмыстарды жүргізгенде жеке сақтандыру құралдарының болмауы – 10 балл;
сәйкес келетін (агрономиялық) білімі бар квалификациялы маманның болмауы – 10 балл;
бақтарда және бақшаларда зиянды организмдермен, сонымен бірге жеке меншік шаруашылығы жағдайында кеміргіштермен күресуге арналған пестицидтерді (улы химикаттарды) азық түлік дүкендеріне жатпайтын арнаулы дүкендерсіз өткізу – 10 балл;
өткізілетін пестицидтерді (улы химикаттарды) есепке алатын жіптелген және нөмірленген кітаптың болмауы – 5 балл;
4) пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтаумен айналысатын субъектілер үшін:
пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау үшін арнаулы қойманың немесе оларды жалға алу келісім-шартының болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған қойманың санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) ыдыстың этикеткасында көрсетілген талаптарды және белгілі бір пестицидтің пайдалану әдістемесін орындамай сақтау – 10 балл;
физико-химиялық қасиетіне (ұшу, тотығу), өрт қауіптілігіне және жарылу қауіптілігіне, реакциялық белсенділігіне, сақтаудың температуралық режиміне байланысты топтастыруға келмейтін пестицидтерді бірге сақтау – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) азық-түлік өнімдерімен, мал азығымен, ауыз сумен бірге сақтағаны үшін – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қоймаларда үйіп сақтауға жол берілсе – 10 балл;
пестицидтер (улы химикаттар) өз аралары және қабырғамен ара қашықтықтары 1,5 м кем болмайтын тұғырықтар мен стеллаждарда сақталмаса – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қаптарда, темір барабандарда, сиымдылығы 5 л кем болмайтын бөшкелерде, картон және полимерлік қораптарда, бәктерде сақтағанда үйіндінің биіктігі үш қатардан көп болса – 10 балл;
пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстарының этикеткасында көрсетілген мөлшердегі дезактивация жасайтын заттардың болмауы – 10 балл;
сақталатын пестицидтердің (улы химикаттардың) көлемі мен қойма сыйымдылығының сәйкес келмеуі – 10 балл;
стеллаждардағы пестицидтердің (улы химикаттардың) жарамдылық мерзімі және сақталуға түскен мезгілі бойынша классификациясының болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға байланысты жұмыстарды жүргізуге қажетті жеке сақтық құралдарының болмауы – 10 балл;
қоймаға ауаны кіргізетін және шығаратын желдеткіштердің болмауы – 10 балл;
қоймада арту-түсіру жұмыстарының механизацияланбауы (штаблдеушінің, монорельстің, кран-балканың, электрокардың, автопогрузчиктің, тележка және автокардың болмауы) – 5 балл;
сақтауға түскен пестицидтердің (улы химикаттардың) есебін жүргізетін жіптелген және нөмірленген кітаптың болмауы – 5 балл;
5) пестициидтерді (улы химикаттарды) тасымалдайтын субъектілер үшін:
жеке меншік құқығына және жалға алынған пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану үшін арнайы техника және жабдықтар арқылы немесе пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау үшін қолданатын көлік құралдарының болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) өндірушінің біртұтастығы бұзылған ыдыстарында тасымалдау жүргізілсе – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) арнаулы жабдықталмаған және тиісті белгілері жоқ, қауіпті жүктерді тасымалдау ережесінің талаптарына сәйкес келмейтін, транспорттың әр түрлерінде қолданылатын тасымалдау кезіндегі қауіп туралы ақпарат жүйесінің апат карточкасы жоқ ("Сақ бол – пестицидтер (улы химикаттар)") транспорттық құралдармен тасымалдау – 10 балл;
көлік құралдарын пестицидтерді (улы химикаттарды), дәріленген тұқымдарды және азық-түлік өнімдерін, мал азығын, ауыз суды бірге тасу үшін пайдалану – 10 балл;
бұрын пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауға пайдаланған көлік құралдарын азық-түлік өнімдерін, мал азығын, ауыз суды тасымалдау үшін пайдалану – 10 балл;
тағамға жатпайтын жүктерді тасымалдау үшін бұрын пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдаған көлік құралдарына алдын-ала тазалау және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізбеу – 10 балл;
физико-химиялық қасиеттері (ұшпалылығы, тотығуы), өрт қауіпі және жарылу қауіпі бойынша сәйкес келмейтін пестицидтерді (улы химикаттарды) бірге тасымалдау – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау кезінде көлік құралдарында бөтен адамдардың болуы – 10 балл;
дәріленген тұқымды тасымалдау үшін "дәріленген" деген анық белгісі бар, пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізбейтін мықты материалдан жасалған арнайы қаптың болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауға арналған көлік құралында удың күшін жоятын заттардың, өрт сөндіргіштердің, құм қорының және жүргізуші мен жүкке жауапты қызметкердің жеке қорғау құралдарының болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) қажетті жерге апарып түсіргеннен кейін, ыдыстың этикеткасында және тасымалдау құжатында көрсетілген талаптарға сәйкес тасымалдау көлігіне алдын ала тазарту және залалсыздандыру жұмыстарының жүргізілмеуі – 5 балл;
тасымалданатын пестицидтерді (улы химикаттарды) есепке алатын жіптелген және нөмірленген кітаптың болмауы – 5 балл;
6) пестицидтерді және олардың бос ыдыстарын залалсыздандыратын субъектілер үшін:
тиым салынған, қолдануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын көметін арнаулы қоймалар мен (көмбелердің) болмауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) жеткізшушілер (өндірушілер, импорттаушылар, сатушылар) әзірлеген және ұсынған қолдануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын заласыздандыру әдістемелері мен технологиясының болмауы – 10 балл;
қауіптілігі бойынша әр түрлі классқа жататын тиым салынған, қолдануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) арнаулы қоймаларда (көмбелерде) бөлмей көму – 10 балл;
қауіптілігі бойынша 1 классқа жататын тыйым салынған және қолдануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) темір бетоннан жасалынған көмбелерді, қабырғаларының қалыңдығы 10 мм кем, ауа өткізбеуі екі рет тексерілетін толтырылғанға дейін және толтырылғаннан кейін, толтырылған контейнердің салмағы 2 тоннадан көп болатын, ауа өткізбейтін металдан жасалынған арнаулы контейнерлерді пайдаланбай көму – 10 балл;
контейнерге тыйым салынған және қолдануға жарамсыз пестицидтердің (улы химикаттардың) бір түрінен көп немесе бір химиялық тобынан басқа пестицидтерді (улы химикаттарды) жуылмайтын краскамен атын жазып орналастыру – 10 балл;
суда ерімейтін қауіптілігі 1 классқа жататын және суда еритін қауіптілігі 2 және 3 классқа жататын тыйым салынған және қолдануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) суды өткізу коэфициенті секундына 10-8 см болатын (әрі қарай см/с), түбі және жанының қалыңдығы 1 м кем топыраққа көму – 10 балл;
суда ерімейтін қауіптілігі 2 және 3 классқа жататын қолдануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) тапталған саздан жасалған қабаты бар, топырағы суды өткізетін, суды өткізу коэфициенті секундына 10-7 см көп, түбі және жанының қалыңдығы 1 м кем котловандарда көму – 10 балл;
қауіптілігі 4 классқа жататын тыйым салынған және қолдануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) суды өткізу коэфициенті секундына 10-5 см көп, түбінің изоляциясы бар, тығыздалған жанының қалыңдығы 0,5м кем котлованда көму – 10 балл;
қауіптілігі 2 классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) арнаулы қабаттары жоқ, полимерден жасалынған көп қабатты ыдысқа (пестицидтің (улы химикаттың) ерекшелігіне байланысты) салу – 10 балл;
ыдыстары бұзылған пестицидтерді (улы химикаттарды) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін, бір тұтастығы бұзылған ыдыстарға қайтадан салу – 10 балл;
пестицидтердің (улы химикаттардың) қағаз немесе ағаш ыдыстарын жағу арқылы құрту үшін, заңға сәйкес экологиялық және елдің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қадағалайтын мемлекеттік орган белгілеп берген жерде, жағылатын қосылымдардың улы емес (қауіпсіз) заттарға дейін ыдырауын қамтамасыз ететін, жоғары температуралы құрылғылардың болмауы – 10 балл;
пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстарын өртеу барысында бөлінетін газ және күл түріндегі ластағыштарға жүйелі бақылау мен мониторингтің болмауы – 10 балл;
пестицидтердің (улы химикаттардың) металдан және полимерден жасалған арнайы ыдыстарын жоюдың алдында, оларды әрбір пестицидті (улы химикатты) залалсыздандыру (утилизациялау, жою) әдістемесінде көрсетілген талаптарды бұзып залалсыздандыру – 10 балл;
арнайы қоймаларды (көмбелерді) желдің елді мекенге басым соғатын бағытында және елді мекеннен 5000 м кем қашықтықта орналастыру - 10 балл;
арнайы қоймалардың (көмбелердің) айналасында, химиялық қауып туралы белгісі бар қоршауларының болмауы – 10 балл;
тиым салынған, қолдануға жарамсыз пестицидтердің (улы химикаттардың) және олардың бос ыдыстарының көмбелеріне субъектілердің инвентаризация жүргізбеуі – 10 балл;
тиым салынған, қолдануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын залалсыздандырғанға дейін уақытша сақтайтын қоймалардың болмауы – 10 балл;
тиым салынған, қолдануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын бүтін ыдыстарда анық маркировкаларымен сақтау талаптарының орындалмауы – 10 балл;
тиым салынған, қолдануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын арту және түсіру жұмыстарының механизацияланбауы – 10 балл;
пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруға қатысушы жұмыскерлердің жеке қорғау құралдарының болмауы – 10 балл;
залалсыздандыруға (утилизациялауға, жоюға) жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) тиісті жағдайы бар бір орталықта сақтауға арналған қоймаға бөтен адамдардың кіруіне жол беру – 5 балл;
мекеменің аты, залалсыздандырылатын пестицидтің аты, мөлшері, залалсыздандыру тәсілі мен орны, жұмысқа жауапты кісінің фамилиясы көрсетілген, әрі қарай қолдануға жарамайтын пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру (утилизациялау, жою) актісінің болмауы – 5 балл;
субъектіде көмуге келіп түскен, тиым салынған, қолдануға жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын есепке алатын жіптелген және нөмірленген кітаптың болмауы – 5 балл.
7. Жүргізілген тексерудің қорытындысы негізінде, жиналған баллдардың қосындысына байланысты қадағалау субъектілері тәуекел дәрежелері бойынша былайша бөлінеді:
1) пестицидтерді (улы химикаттарды) жер үсті және авиациялық тәсілдермен (фумигациялық және аэрозольдік тәсілдерден басқа) қолдану, тіркеу және өндірістік сынақтан өткізу, өткізу, сақтау және тасымалдау қызметтерімен айналысатын қадағалау субъектілері алған баллдарының қосындылары бойынша:
6 және одан көп балл алғандар-жоғары дәрежелі қатерлік тобына жатады;
5-тен көп емес балл алғандар-орта дәрежелі қатерлік тобына жатады;
2) пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын залалсыздандыру қызметімен айналысатын қадағалау субъектілері алған баллдары бойынша:
16 және одан көп балл алғандар-жоғары дәрежелі қатерлік тобына жатады;
6-дан 15-ке дейін балл алғандар-орта дәрежелі қатерлік тобына жатады;
жинаған қадағалау субъектілері жатады;
5-тен көп емес балл алғандар-аз дәрежелі қатерлік тобына жатады;
8. Бір дәрежедегі тәуекелге жататын қадағалау субъектілеріне жүргізілетін тексеру жұмыстарын жоспарлаған кезде, бірінші орынға қоюға негіз болады:
1) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) қызметімен айналысатын субъектілер үшін:
олар осы қызмет түріне лицензиясыз пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) жөніндегі қызметті жүзеге асырған субъектілер;
қауіптілігі 1-ші және 2-ші классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) шығаратын субъектілер;
үлкен өндірістік қуаттылығы бар субъектілер;
ерекше қауіпті зиянды және карантиндік организмдерге қарсы қолданылатын пестицидтерді (улы химикаттарды) шығаратын (формуляциялайтын) субъектілер;
бұдан ертеректе пестицидтерді (улы химикаттарды) лицензиясыз өндірген (формуляциялаған) субъектілер;
алдыңғы тексеру барысында бұзушылықтар анықталған субъектілер;
2) пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданумен айналысатын субъектілер үшін:
олар осы қызмет түріне лицензиясыз пестицидтерді (улы химикаттарды) фумигациялық және аэрозольдік тәсілмен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асырған субъектілер;
1-ші және 2-ші классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданушы субъектілер;
ерекше қауіпті зиянды және карантиндік организмдерге қарсы пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданатын субъектілер;
бұдан ертеректе пестицидтерді (улы химикаттарды) фумигациялық және аэрозольдік тәсілмен лицензиясыз қолданған субъектілер;
алдыңғы тексеру барысында бұзушылықтар анықталған субъектілер;
3) пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеулік және өндірістік сынақтан өткізетін субъектілер үшін:
қауіптілігі 1-ші және 2-ші классқа жататын пестицидтерді тіркеулік және өндірістік сынақтан өткізетін субъектілер;
ерекше қауіпті зиянды және карантиндік организмдерге қарсы қолданылатын пестицидтерді тіркеулік және өндірістік сынақтан өткізетін субъектілер;
пестицидтерді үлкен көлемде тіркеулік және өндірістік сынақтан өткізетін субъектілер;
бұрын пестицидтерді (улы химикаттарды) тіркеулік және өндірістік сынақтан өткізгенде әдістемені бұзғаны анықталған субъектілер;
алдыңғы тексеру барысында бұзушылықтар анықталған субъектілер;
4) пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтайтын субъектілер үшін:
олар бұрын пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтауға арналған арнайы қойма үй-жайларына санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың қорытындысын субъектілер;
қауіптілігі 1-ші және 2-ші классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтайтын субъектілер;
пестицидтерді (улы химикаттарды) көп көлемде сақтайтын субъектілер;
пестицидтерді сақтау қоймаларына жасалынған санитарлық-эпидемиялогиялық қорытындыны бермеген субъектілер;
ерекше қауіпті зиянды және карантиндік организмдерге қарсы пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтайтын субъектілер;
алдыңғы тексеру барысында бұзушылықтар анықталған субъектілер;
5) пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдайтын субъектілер үшін:
бұрын лицензиясыз пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдаған субъектілер;
қауіптілігі 1-ші және 2-ші классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдайтын субъектілер;
пестицидтерді (улы химикаттарды) көп мөлшерде тасымалдайтын субъектілер;
ерекше қауіпті зиянды және карантиндік организмдерге қарсы пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдайтын субъектілер;
алдыңғы тексеру барысында бұзушылықтар анықталған субъектілер;
6) пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізетін субъектілер үшін:
бұрын пестицидтерді (улы химикаттарды) лицензиясыз өткізген субъектілер;
қауіптілігі 1-ші және 2-ші классқа жататын пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізетін субъектілер;
пестицидтерді (улы химикаттарды) көп көлемде өткізетін субъектілер;
алдыңғы тексеру барысында бұзушылықтар анықталған субъектілер;
7) тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыратын субъектілер үшін:
пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың бос ыдыстарын көмуге арналған үлкен орындары бар субъектілер;
қадағалау объектілері елді мекендерге жақын орналасқан субъектілер;
алдыңғы тексеру кезінде осы қызмет түрінде бұзушылықтар анықталған субъектілер.