"Жеке кәсіпкерлік саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік бақылау бойынша және өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2012 жылғы 24 мамырдағы № 18-03/269 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 28 мамырдағы № 174 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 маусымда № 7767 тіркелді

      Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2009 ж., № 8, 28-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі:
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Қазақстандық:
      «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамының облигациялары.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                       К. Мәсімов