Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркеуге арналған өтінім мен сауалнама нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 335 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 29 қыркүйекте № 7214 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1293 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 31.12.2015 № 1293 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1 қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатусышысы ретінде тіркеуге арналған өтінім нысаны;
      2) осы бұйрыққа 2 қосымшаға сәйкес арнайы экономикалық аймақтың қатусышысы ретінде тіркеуге арналған сауалнама нысаны бекітілсін.
      2. «Жеке және заңды тұлғаларды арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметтi жүзеге асырауға жiберу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң 2007 жылғы 15 қазандағы № 302 бұйрықтың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4986 болып тіркелді, 2007 жылғы 28 желтоқсанда № 197 (1226) «Заң газеті» газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті (А.Ж.Серіков) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П.Рауға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары –
      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа технологиялар
      министрі                                           Ә. Исекешев

Қазақстан Республикасы    
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің 2011 жылғы   
21 қыркүйектегі № 335 бұйрығына
1 қосымша          

Нысан

Кімге:____________________________
(АЭА басқару органының атауы)

Арнайы экономикалық аймақ
қатысушысы ретінде тіркеуге арналған
өтінім
________________________________ ______________________________
      (заңды тұлғаның атауы)     (арнайы экономикалық аймақтың атауы)

арнайы экономикалық аймағының қатысушысы ретінде тіркеуді сұраймыз.
      Арнайы экономикалық аймақ аумағында іске асыруға жоспарланған инвестициялық жоба туралы ақпарат:
      қызмет түрі: ______________________________________________;
      шығарылған өнім және/немесе көрсетілетін қызмет атауы: ______;
      жобаның жалпы құны, теңге: __________________________________;
      меншікті капитал көлемі, теңге: ______________________________;
      несиелік қаражат көлемі, теңге: ______________________________;
      тұрақты жұмыс орын саны, адам: _________________________;
      қосымша ақпарат: _____________________________________

      Бірінші басшының аты-жөні: _______________________

      Қолы: _______________________

                  М.О.

      20__ жылғы «___»__________

Қазақстан Республикасы    
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының 
Индустрия және жаңа технологиялар
министрінің 2011 жылғы   
21 қыркүйектегі № 335 бұйрығына
2 қосымша        

Нысан

Арнайы экономикалық аймақ
қатысушысы ретінде тіркеуге арналған сауалнама

      Ескерту. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 12.12.2013 № 412 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы мәлiметтер:

Заңды тұлғаның толық атауы


Құрылтайшылар туралы мәліметтер (атау, тегі, аты-жөні, әкесінің аты, қатысу бөлігі)


Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) күні


Бизнес теңестірілген нөмірі


2. Мекенжайы:

Өңір (ел, облыс, аудан)


Елді мекен


Көше


Үй №


Индекс


e-mail


Телефон


Факс


3. Банктiк деректемелерi:

Қызмет көрсетуші банк


Есеп шот №


Бірінші басшы (Тегі Аты Әкесінің аты)


Байланушы тұлға (Тегі Аты Әкесінің аты), телефоны


4. Арнайы экономикалық аймақтағы инвестициялық жоба туралы ақпарат:

Сала


Кіші сала


Өнім түрі


Қызмет түрi


Жылдық айналым, теңге


Тұрақты жұмыс орын саны, адам


Қосымша ақпарат


5. Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Заңының 9-бабының 2-тармақшасының талаптарына сәйкес өтініш беруші туралы ақпарат:

Жер қойнауын пайдаланушылар


«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 279-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, жинауды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдар


арнайы салық режимдерін қолданатын ұйымдар


инвестициялық салықтық преференцияларды қолданған ұйымдар


ойын бизнесін ұйымдастырушылар


Бірінші басшының тегі, аты-жөні әкесінің аты: _______________________

                                        Қолы: _______________________

                                                      М.О.       

                                           20__ жылғы «___»________