Жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жеке кәсіпкерлік бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2011 жылғы 5 тамыздағы № 25-03-02/459 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2011 жылғы 12 тамыздағы N 238 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 31 тамызда № 7150 тіркелді

Қолданыстағы

      2004 жылғы 9 шілдедегі "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына және 2011 жылғы 6 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-тармағының және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жеке кәсіпкерлік бойынша тәуекелдер деңгейін бағалау критерийлері;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жеке кәсіпкерлік бойынша тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Нысанбаев Е.Н.):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықтың Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін оның ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. "Орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы тәуекелдер деңгейін бағалау критерийлері мен тексеру парағының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 133 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 111 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6127 нөмірмен тіркелген, 2010 жылғы 29 сәуірде № 61 (1683) "Заң газеті" газетінде жарияланған) күшін жойды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы                 Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы.                      Экономикалық даму және
      министрінің м.а.                       сауда министрінің м.а
      _______________Е. Аман                 __________ Д. Шаженова

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2011 жылғы 5 тамыздағы    
№ 25-03-02/459 және     
Қазақстан Республикасы    
Экономикалық даму және сауда 
министрінің м.а.      
2011 жылғы 12 тамыздағы   
№ 238 бірлескен бұйрығына  
1-қосымша         

Жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жеке кәсіпкерлік бойынша тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жеке кәсіпкерлік бойынша тәуекел деңгейін бағалау критерийлері (бұдан әрі - Критерийлер) "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" және "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тексеру мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарына сәйкес әзірленді және тексерілетін субъектінің тікелей қызметімен, салалық дамудың ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, тексерілетін субъектілерді әртүрлі тәуекел дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығын айқындайды.
      2. Осы Критерийлерде мынадай ұғымдар пайдаланылады.
      1) тәуекел – тексерілетін субъекті қызметінің салдарынан адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне нұқсан келтіру зардаптарының ауырлығы дәрежесін ескере отырып, оны келтірудің ықтималдылығы;
      2) тексеру субъекті - жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында қызмет атқаратын субъект.
      3. Критерийлер тексеру субъектілерінің маңыздылығы бойынша – объективті және Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын бұзушылықтар бойынша – субъективті критерийлер болып бөлінеді.
      4. Жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру субъектілерін бастапқы жатқызу объективті критерийлерді ескере отырып жүзеге асырылады.
      5. Жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тексеру субъектілерін әртүрлі тәуекел деңгейлеріне содан кейінгі жатқызу субъективті критерийлерді ескере отырып жүзеге асырылады.
      6. Тексеру субъектілері пайдаланатын жануарлар дүниесі объектілерінің құндылығы мен саны жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел деңгейін бағалаудың объективті критерийлері болып табылады.
      7. Тексеру субъектілері жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы тәуекел деңгейін бағалаудың объективті критерийлері ескеріле отырып, мынадай тәуекел топтарына жатады:
      1) жоспарлы тексерулерді жүргізу кезеңділігі жылына бір рет қана жоғары дәрежедегі тәуекел тобы – аңшылық ісін пайдаланушылар;
      2) жоспарлы тексерулерді жүргізу кезеңділігі үш жылда бір рет қана орташа дәрежедегі тәуекел тобыжануарлар дүниесі объектілерін қоршауда және жартылай еркін ұстаумен, өсірумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар, азаматтарды аңшылық минимумына оқытумен айналысатын ұйымдар;
      3) жоспарлы тексерулерді жүргізу кезеңділігі бес жылда бір рет қана болымсыз дәрежедегі тәуекел тобы – зоологиялық коллекциялардың иелері, хайуанаттар бақтары, биологиялық орталықтар.
      8. Өрескел, елеулі түрде және болымсыз бұзу деп жіктелетін Қазақстан Республикасының заңдары мен Үкіметінің қаулыларын бұзу субъективті критерийлер болып танылады.
       9. Өрескел тәртіп бұзуларға мыналар жатады:
      1) жануарлар дүниесі объектілерін пайдалану құқығын басқа біреуге заңсыз беру, сондай-ақ жануарлар дүниесіне мемлекеттік меншік құқығын тікелей немесе жасырын нысанда бұзатын басқа да мәмілелер жасау, сол сияқты пайдалануға рұқсат алу талап етілетін қорықтар мен ерекше қорғалатын басқа да табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз пайдалану;
      2) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық ережелердi бұзу;
      3) қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ аң аулау ережелерiн, сондай-ақ жануарлар дүниесін пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру ережелерiн бұзу;
      4) жарылғыш құрылғыларды, авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы қолданып заңсыз аң аулау, сондай-ақ әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған аң аулау ережелерін бұзу;
      5) мемлекеттiк инспекциялар мен мемлекеттiк тексеру және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өз құзыретiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауына қызмет туралы, кiрiстер туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы қажеттi құжаттарды, материалдарды, ақпаратты, атом энергиясын пайдалану туралы статистикалық және басқа мәлiметтердi беруден бас тарту арқылы, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптама және заңдармен көзделген басқа да әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту арқылы кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не жалған ақпарат беру;
      6) мемлекеттiк тексеру мен қадағалау органдары (лауазымды тұлғалар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарын немесе нұсқауларды, ұсынымдарын, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау.
      10. Елеулі түрде тәртіп бұзуларға мыналар жатады:
      1) сақтау, пайдалану немесе тасымалдау кезiнде улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, өсiмдiктердiң өсуiн күшейтетiн дәрiлермен және өзге де қауiптi химиялық, биологиялық және радиоактивтi заттармен жұмыс iстеу ережелерiн бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге де қызметтiң зиянды өнiмдерiмен жердi уландыру, ластау немесе өзге де бүлдiру, сол сияқты бактериялық-паразиттiк немесе ерекше зиянды организмдермен, бiрақ адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян тигiзуге әкеп соқпаған ластау;
      2) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, өсімдік қорғау құралдарын, олардың өсуiн жылдамдататын заттарды, минералдық тыңайтқыштарды және қоршаған ортаны ластауға не жануарлар дүниесiне залал келтiруге соқтырған немесе соқтыруы мүмкiн басқа да препараттарды тасымалдау, сақтау және қолдану ережелерiн бұзу;
      3) өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың тiршiлiк ортасын қорғау ережелерiн, жануарлардың өсiп-өну жағдайларын, орын ауыстыру жолдары мен шоғырланатын орындарын, зоологиялық және ботаникалық коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу мен пайдалану ережелерiн бұзу, сол сияқты жануарларды заңсыз қоныс аударту, жерсiндiру, керi жерсiндiру мен шағылыстыру;
      4) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, елдi мекендердi, кәсiпорындарды және басқа да объектiлердi орналастыру, жобалау мен салу, өндiрiс процестерiн жүзеге асыру және көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiк қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды және басқа да препараттарды қолдану кезiнде жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау ережелерiн бұзу.
      11. Болымсыз тәртіп бұзуға мыналар жатады:
      1) аңшылық алқаптарды бекітіп беру, пайдалану және қорғау тәртібін бұзу.
      12. Тәуекелдерді анықтау үшін мәліметтер ретінде тексеру субъектілері туралы бір жылға жинақталған деректер, оның ішінде жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша алынған деректер де пайдаланылады.
      13. Тексеру субъектісі жол берген өрескел бұзу 20 балға, елеулі түрде бұзу 10 балға және болымсыз бұзу 5 балға бағаланады.
      14. Тәртіп бұзудың ауырлығын ескере отырып тексеру субъектісі мынадай тәртіппен белгілі бір тәуекел дәрежесіне айқындалады:
      1) 20 және одан да көп балл жинаған тексеру субъектілері жоғары дәрежедегі тәуекел тобына ауыстырылады;
      2) 10 балдан 15 балға дейін жинаған тексеру субъектілері орташа дәрежедегі топқа ауыстырылады;
      3) 5 балл жинаған тексеру субъектілері болымсыз дәрежедегі топқа ауыстырылады.
      Бастапқыда жоғары дәрежедегі тәуекел тобына жатқызылған тексеру субъектілері белгіленген талаптарға жол бермеген бұзұлған жағдайда тәуекел деңгейі орташа топқа ауыстырылады.
      15. Бір тәуекел дәрежесі ішіндегі тексеру субъектілерін тексеруді жоспарлаудың бірінші кезектілігі үшін:
      1) тексерілмеген кезеңнің барынша ұзақ болуы;
      2) жануарлар дүниесі объектілері санының қысқаруы;
      3) осы аумақта браконьерлік фактілерінің көбеюі негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2011 жылғы 5 тамыздағы    
№ 25-03-02/459 және     
Қазақстан Республикасы    
Экономикалық даму және сауда 
министрінің м.а.      
2011 жылғы 12 тамыздағы   
№ 238 бірлескен бұйрығына  
2-қосымша         
нысан

Жануарлар дүниесін (балықтан және басқа су жануарларынан өзге) қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы жеке кәсіпкерлік бойынша тексеру парағы

__________                                      __________________
 (күні)                                         (толтырылған жер)
____________________________________________________________________
      (тексеруді жүзеге асыратын лауазымдық тұлғаның Т.А.Ж.)
____________________________________________________________________
      (заңды тұлғаның атауы немесе тексеру субъектісінің субъектінің                                  Т.А.Ж.)
____________________________________________________________________
                          (заңды мекен-жайы)

р/с

Талаптар

Мәселенің
құзыреті

Иә/Жок/
Қажет емес

Ескерту

1

2

3

4

5

1

Тексеру субъектісі орман өрттерiнiң алдын алу, оларды дер кезiнде байқау және жою жөнiнде iс-шаралар ұйымдастырған және жүргiзген

АП



2

Тексеру субъектісі Қазақстан Республикасының орман заңдары, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарды бұзу фактiлерi жөнiндегi ақпаратты, талап-арыздарды және өзге де материалдарды мемлекеттiк органдарға және құқық қорғау органдарына, сотқа жiбереді

АП



3

Тексеру субъектісі биотехникалық iс-шаралар жүргiзеді

АП



4

Тексеру субъектісі мемлекеттiк орман қopы аумағында аң және балық аулау ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз еткен

АП



5

Тексеру субъектісі мемлекеттiк орман қорының өздерiне орман пайдалану үшiн бөлiнiп берiлген учаскелерiнде өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтайды, өртке қарсы iс-шараларды жүргiзеді, ал орман өртi пайда болған жағдайда оны сөндiрудi қамтамасыз етеді

АП



6

Тексеру субъектісі ұзақ мерзiмдi орман пайдалану кезiнде мемлекеттiк орман иеленушiлермен келiсе отырып өртке қарсы iс-шаралар жоспарын әзiрлейді және бекiтеді

АП



7

Тексеру субъектісінде мемлекеттiк орман қоры аумағында өздерi мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк, спорттық және басқа да iс-шаралар мен жұмыстарды өткiзетiн жерлерде өрт сөндiретiн құралдар бар

ВС



8

Тексеру субъектісі мемлекеттiк орман қорының орман пайдалану үшiн бөлiнген учаскелерiнде заңсыз ағаш кесуге және Қазақстан Республикасының орман заңдарын, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану туралы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын өзге де бұзушылықтарға жол бермейді

АП, ЖТ



9

Тексеру мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жабайы жемiстер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер, дәрiлiк өсiмдiктер және техникалық шикiзат дайындау мен жинауды, марал шаруашылығын, аң шаруашылығын, ара ұялары мен омарталар орналастыруды, бау-бақша және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiруді орманға зиян келтiрiлмей жүзеге асырады.

ЖТ, АП



10

Тексеру субъектісі мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн аңшылық шаруашылығының қажетiне пайдалануды орманға нұқсан келтірмей және жабайы жануарлар үшін жайлы мекендеу ортасын сақтай отырып жүзеге асырады.

АП



11

Тексеру субъектісінде аң аулайтын алқаптарды бекітіп беру туралы құжаттар бар (облыстық атқарушы органның шешімі, аңшылық шаруашылығын жүргізу шарты)

АП



12

Тексеру субъектісі шаруашылықiшiлiк аңшылық iсiн ұйымдастыруды жүргізген

АП



13

Тексеру субъектісінде аумақтық уәкiлеттi органмен келiсілген Аңшылық шаруашылығын жүргізу жоспары бар

АП



14

Тексеру субъектісі аңшылық шаруашылығын жүргiзу жоспарын 100 % орындаған

АП



15

Тексеру субъектісі жануарлар объектiлерiн есепке алуды ұйымдастырады және өткізеді

АП



16

Тексеру субъектісінде жануарлар дүниесi объектiлерiнiң өндiрiстiк мониторингi бойынша талдамалық анықтама бар

АП



17

Тексеру субъектісінде Уәкiлеттi органның аумақтық органына берген жылдық есеп бар

АП



18

Тексеру субъектісі жануарлардың мекендеу ортасын қорғау, көбею жағдайларын, қоныс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын ұйымдастырған

АП



19

Тексеру субъектісінде дамылдау аймақтары мен күндері бар

АП



20

Тексеру субъектісі жергiлiктi халық арасында жануарлар мен өсімдіктер дүниесiне жаңашырлықпен қарау идеяларын насихаттайды

АП



21

Тексеру субъектісі табиғи апаттар кезiнде және басқа да себептер салдарынан ауруға, өлiм-жiтiм қауiптерi жағдайында жануарларға көмек көрсетеді.

АП



22

Тексеру субъектісінде міндетті іс-шараларды қамтитын Iшкi тәртiп ережесi бар

АП



23

Тексеру субъектісі қорықшылық қызметті аңшылық шаруашылығының санатына сәйкес жасақтаған

АП



24

Тексеру субъектісі жабайы жануарларды қосымша қоректендiріп отырады

АП



25

Тексеру субъектісі жасанды суаттар құру жұмыстарын жүргізеді

АП



26

Тексеру субъектісі қорғаныштық өсiмдiктер отырғызады және жасанды ұялар салады.

АП



27

Тексеру субъектісі жыртқыш жануарлардың санын реттеу бойынша іс-шаралар жүргізеді.

АП



28

Тексеру субъектісі шартқа сәйкес iлме тақталар, трафареттер, плакаттар, аншлагтарды орнатады.

АП



29

Тексеру субъектісі аң аулайтын алқаптарды бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысу кезінде пайдаланушы мәлімдеген міндеттемелерді орындайды.

АП



30

Тексеру субъектісінің кәсіпшілік аң аулауды жүзеге асыруда аңшылық шаруашылығы ұйымымен жасалған шарты бар.

АП



31

Тексеру субъектісінің кәсiпшiлiк журналы бар (кәсіпшілік аң аулау үшін).

АП



32

Тексеру субъектісінің кәсiпшiлiк журналы күн сайын аң аулау аяқталғаннан кейін толтырылады.

АП



33

Тексеру субъектісінің кәсіпшілік аң аулау кезінде аңшылық шаруашылығы ұйымы берген жолдамасы бар.

АП



34

Тексеру субъектісінің иттермен және қыран құстармен аң аулау кезінде (кәсіпшілік аң аулау) - оларды тiркеу туралы құжаттары бар.

АП, ЖТ



35

Тексеру субъектісінің уәкілетті органның аумақтық органында жыл сайын тіркелген аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсырғаны және Қазақстан Республикасының салық заңнамасы белгілеген аң аулау құқығына рұқсат берiлгенi үшiн мемлекеттiк бажды төлегені туралы белгi қойылған аңшылық куәлігі бар (кәсіпшілік аң аулау кезінде).

АП



36

Тексеру субъектісінде кәсіпшілік кезінде аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулағанда - Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру құқығына берген рұқсаты бар.

АП



37

Тексеру субъектісінде жануарларды интродукциялауға және будандастыруға биологиялық негіздеме және мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар.

ЗОО, ЖТ, АП



38

Тексеру субъектісінде жануарлардың сатып алыну оларды иемдену заңдылығын растайтын шынайы фактілер, құжаттар бар (зоологиялық коллекцияның мазмұны)

ЗОО, ЖТ, АП



39

Тексеру субъектісі белгіленген тәртіппен тіркелген зоологиялық коллекцияларды және оның жекелеген экспонаттарын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкетуді және оның аумағына әкелуді тиісті уәкілетті органның рұқсаты негізінде жүзеге асырады.

ЗОО, ЖТ, АП



      Ескерту:
      АП –   аңшылық ісін пайдаланушылар
      ЖТ –   жануарлар дүниесі объектілерін қоршауда және жартылай
             ерікті жағдайда бағып-күтумен, өсірумен айналысатын жеке
             және заңды тұлғалар
      ЗОО –  зоологиялық коллекциялардың иелері, хайуанаттар бақтары,
             биологиялық орталықтар