Радиациялық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 11 шілдедегі № 360 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 15 тамызда № 7125 тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексі 192-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Радиациялық бақылауды жүргізу ережесі бекітілсін.

      2. Мыналар:

      1) "Кеден органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік (кеден) шекарасы арқылы өткізу пункттерінде радиациялық бақылау жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігінің 2004 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3116 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2004 жылы № 41-44, 1042-құжатта жарияланған);

      2) "Кеден органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында радиациялық бақылау жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының 2004 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасы - Қаржы вице-министрінің 2005 жылғы 7 қыркүйектегі № 345 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3862 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 168 (792)жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (С.Н. Баймағанбетов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында оның кейінгі жариялауын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді және 2011 жылғы 1 шілдеден бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.

Министр

Б.Жәмішев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрі

      ____________С.Қайырбекова

      2011 жылғы 18 шілде


      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің орынбасары-

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және жаңа

      технологиялар министрі

      _____________ Ә.Исекешев

      2011 жылғы 19 шілде



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2011 жылғы 11 шілдедегі
№ 360 бұйрығымен бекітілген

Радиациялық бақылауды жүргізу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.04.2017 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      1. Осы Радиациялық бақылауды жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 192-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тауарлар мен көлік құралдары өткізілетін өзге де орындарда мемлекеттік кірістер органдарымен радиациялық бақылау жүргізу тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) иондандырушы сәулелену көздері – радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аппараттар немесе құрылғылар, сондай-ақ иондандырушы сәуле шығаратын немесе шығаруға қабілетті электрофизикалық аппараттар немесе құрылғылар;

      2) мөлшердің қуаты - уақыт бірлігі (секунд, минут, сағат) ішіндегі сәулелену мөлшері;

      3) орам - радиациялық қауіптің белгілері бар тасымалдау үшін ұсынылған түрдегі радиоактивті құрамы бар орау жиынтығы;

      4) радиациялық авария - адамдардың белгіленген нормалардан жоғары сәулеленуіне немесе қоршаған ортаның радиоактивтік ластануына әкеп соқтыруы мүмкін немесе әкеп соқтыратын радиоактивтік өнімдердің және/немесе иондаушы сәулелену жобада көзделген қалыпты пайдалану шегінен асып кететін атом энергиясын пайдалану объектісін қауіпсіз пайдалану шектерін бұзу;

      5) радиациялық бақылау – Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардан және (немесе) көліктік құралдардан шығатын иондалған сәулеленудің деңгейін тексеру және халықпен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оны табиғи фонмен салыстыру;

      6) радиоактивті заттар – құрамында радионуклидтер бар, кез келген агрегаттық жағдайдағы, шығу тегі табиғи немесе техногендік кез келген материалдар.

      3. Тауарлар мен көлік құралдарын радиациялық бақылау Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы кедендік бақылау түрлерінің бірі бола тұрып, Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кедендік аумағында халықтың радиациялық қауіпсіздігі, ядролық қару мен ядролық материалдарды таратпау халықаралық режимін сақтау, радиоактивтік материалдарды (бұдан әрі - РМ), гамма-сәулеленудің эквиваленттік дозасы қуатының, нейтрон, альфа-, бета- сәулеленудің ағымы тығыздығының (бұдан әрі - иондаушы сәулелену) жоғары деңгейі бар тауарлар мен көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері мен өткізілетін өзге де орындар арқылы өткізу кезінде кедендік ережелерін бұзушылықтарды болдырмау мақсатында жүзеге асырылады.

      Радиациялық бақылауға Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері мен өткізілетін өзге де орындарда өтетін жеке тұлғалар, тауарлар мен көлік құралдары жатады.

      4. Радиациялық бақылау үшін мемлекеттік кірістер органдары кедендік бақылаудың технологияларына бейімделген РЗ стационарлық және жылжымалы жүйелерін пайдаланады.

2-тарау. Тауарлар мен көлік құралдарына радиациялық бақылауды жүргізу тәртібі

      5. Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭҚ СЭҚ ТН) келесі тауарлық позицияларына кіретін тауарлар басым радиациялық бақылауға жатады:

      1) 2612 - урандық немесе торийлік кендер мен концентраттар;

      2) 2844 - химиялық радиоактивті элементтер және радиоактивті изотоптар (бөлінетін және химиялық элементтерді шығаратын, изотоптарды қоса алғанда) және олардың қосындылары; осы өнімдерді қамтитын қосындылар мен қалдықтар;

      3) 2845 - 2844 тауар позициясының изотоптарынан басқа изотоптар; белгілі немесе белгісіз химиялық құрамдағы органикалық емес немесе органикалық қосындылар;

      кіші субпозицияға кіретін тауарлар:

      4) 8401 30 000 0 - жылу бөлетін элементтер (твэлдар), сәулеленбеген (ядролық реакторлар үшін);

      5) 9022 тауар позициясының құралдары мен жабдықтарының құрамына кіретін радиоизотоптық бұйымдар - альфа-, бета-, гамма- немесе нейтрондық сәулелерді пайдалануға негізделген аппаратура.

      6. Пайдаланылатын аппаратураның класын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және өткізілетін өзге де орындарда радиациялық бақылау мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) бастапқы радиациялық бақылау;

      2) қосымша радиациялық бақылау;

      3) тереңдетілген радиациялық зерттеу;

      4) сараптама.

      7. Бастапқы радиациялық бақылаудың мақсаты тауарлар мен көлік құралдар ағымынан сәулелену мөлшерінің (бұдан әрі - объектілер) деңгейі жоғары (табиғи радиациялық фонға қарағанда) объектілерді жедел анықтау және жою болып табылады, оны тауарлар мен көлік құралдарының кедендік бақылау аймағына орналасуды бақылайтын және кедендік тексеруді жүзеге асыратын кеден органдарының лауазымды адамдары жүзеге асырады.

      8. РЗ радиациялық бақылаудың автоматтандырылған жүйелерін (бұдан әрі – РЗ РБАЖ) – РЗ табудың стационарлық аппаратурасын, ал ол болмаған кезде немесе жарамсыз болғанда – жылжымалы радиациялық бақылау аппаратурасын пайдалану бастапқы радиациялық бақылаудың негізгі нысаны болып табылады.

      9. РЗ радиациялық бақылау жүйелерімен жұмыс істеуге мемлекеттік кірістер органдарының:

      радиациялық бақылауды жүзеге асыру бойынша оқудан өткен;

      медициналық қарама-қайшылығы жоқ;

      қажетті техникалық қажеттіліктен өткен дербес жұмыс істеу құқығы бар лауазымды тұлғалары тартылады.

      Мемлекеттік кірістер органдарының иондалған сәулеленудің көздерімен жұмыс істейтін немесе РЗ қарауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалары жеке дозиметриялық бақылаудан өтеді.

      Бастапқы радиациялық бақылау аппаратурасының қайталап пайдаланылғандығын растайтын РЗ РБАЖ-ң тұрақты (жалған емес) жұмыс істеуі жоғары сәулелену деңгейіндегі мөлшер ретінде тексерілетін объект жіктелудің критерийі болып табылады.

      Бастапқы радиациялық бақылау кезінде анықталған сәулелену деңгейі жоғары мөлшердегі объектілер тауарлар мен көлік құралдарының жалпы ағымынан бөлінеді. Бөлінген объектілер мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы белгілейтін белгілі бір кедендік бақылау аймағының учаскесінде (тауарлар мен көлік құралдарының жалпы массасынан 15-20 метр қашықтыққа алшақтатылған ашық алаң, жеке үй-жай) 3 метрден кем емес қашықтықтан айқын көрінетін радиациялық қауіпті ескерту белгілерін қоя отырып қосымша радиациялық бақылауды жүргізу үшін орналастырылады.

      10. РЗ анықтаудың стационарлық аппаратурасы нейтрон арнасы бойынша іске қосылған жағдайда иондаушы сәулелену көздерін локализациялау мен сәйкестендіру бойынша мемлекеттік кірістер органы қызметкерлерінің одан әрі іс-қимылдары нейтрондық сәулелену детекторлары бар РМ РБАЖ өлшеу құралдарын пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.

      11. РМ анықтаудың стационарлық жүйесінің немесе радиациялық бақылаудың жылжымалы аппаратураның әрбір дыбыстық немесе жарықтық сигнализациясының іске қосылуы осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша РЗ анықтаудың стационарлық жүйесінің және радиациялық бақылаудың жылжымалы аппаратураның іске қосылуы туралы мәліметтерді тіркеу журналына енгізіледі.

      12. Тауарлар мен көлік құралдарына қосымша радиациялық бақылау жүргізу үшін келесілер негіздеме болып табылады:

      1) бастапқы радиациялық бақылаудың нәтижелері;

      2) жедел іздестіру қызметінің субъектілерінен жедел ақпараттар алу;

      3) тауарға ілеспе құжаттарды тексерудің нәтижелері;

      4) РЗ және радионуклидтердің жоғары мөлшері бар тауарлардың болуының белгілерін, оның ішінде қорғаушы контейнерлерге (орамдарға) тән радиациялық қауіптілік белгілерінің анықталуы.

      13. Қосымша радиациялық бақылаудың мақсаттары:

      1) РЗ анықтау аппаратурасының іске қосылу себептерін айқындау;

      2) сәулелену мөлшері жоғары деңгейдегі объектілерді іздестіру және локализациялау, объектінің радиациялық сипаттамаларын орау ыдыстарын немесе көлік құралын ашпастан гамма және нейтронды сәулелері бойынша өлшеу;

      3) объектінің радиациялық қауіптілігі дәрежесін бағалау болып табылады.

      14. Қосымша радиациялық бақылауды бір тәуліктің ішінде арнайы даярлықтан өткен мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.

      Қосымша радиациялық бақылауды жүргізу үшін мемлекеттік тексеруден өткен дозиметрлік және радиометрлік аппаратура пайдаланылады.

      Сәулелену мөлшері жоғары деңгейдегі объектілерді іздеу және локализациялау кезінде көлік құралдарының бөліктерін, жүк ыдыстарын ашу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 261 бұйрығымен бекітілген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптары" санитариялық қағидалары (бұдан әрі - Санитариялық қағидалары) талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11205 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 155 бұйрығымен бекітілген "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" гигиеналық нормативтері (бұдан әрі - Гигиеналық нормативтер) талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10671 болып тіркелген) қатаң сәйкес келуі жүргізіледі. Орамдарды ашуға жол берілмейді.

      Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қосымша радиациялық бақылау жүргізу барысында келесі талаптар орындалады:

      1) сәулелену мөлшері жоғары деңгейдегі объект тұрғын үйлер мен қызметтік үй-жайлардан мүмкіндігінше 20 метрден кем емес қашықтыққа алыстатылады;

      2) мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының сәулелену мөлшері жоғары деңгейдегі объектілерінің маңайында болу уақыты шектеулі болуы тиіс;

      3) 3 метрден кем емес қашықтықтан айқын көрінетін қойылған қоршауында радиациялық қауіпсіздікті ескерту белгілерінің болуы.

      15. Тауарлар мен көлік құралдарына қосымша радиациялық бақылау мынадай тәртіппен жүргізіледі.

      Сәулелену деңгейі жоғары, елеулі ұзындығы бар (теміржол вагоны, жүк автомобилі, контейнер) және біртекті жүк тиелген (қиыршықтас, ұнтақ, ұсақ бөлшектер) объектіні өлшеу бүкіл периметр бойынша іздеу режимінде объектінің бүйір қабырғасы ұзындығының орта сызығы бойынша (биіктігі бойынша) жүргізіледі.

      Құрал көрсеткіші ең көп болып тұрған нүктеде өлшеулер олардың арасындағы аралықтардың ортасында және көршілес екі өлшеу нүктелерінде жүргізіледі. Бұл рәсім онда өлшелетін шама ең көп болатын нүктені өлшеу сызығы бойынша шаманы анықтағанша бірнеше рет қайталанады. Осы нүкте үшін осыған ұқсас өлшеу рәсімі тік бағытта да жүргізіледі.

      Осындай рәсім қарама-қарсы бүйір беті үшін де қайталанады. Егер құралдың осы өлшеу серияларындағы ең көп және ең аз көрсеткіштері бір-бірінен 10 еседен астам ерекшеленетін болса, радиацияның көздің локальді сипаты бар және өлшенетін шаманың максимумы анықталған орында орналасқан деген болжам жасалады. Егер ең көп және ең аз шамалар 2 есе мөлшерде ерекшеленетін болса, радиацияның көзі жүктің барлық көлемі бойынша бөлінді деп санау қажет. Аралық жағдайларда радиация көзінің мөлшерлерін объектің мөлшерлерімен теңдес деп санауға болады.

      Объектідегі радиоактивтік көзі бар екендігі анықталғаннан және оның локализациялану дәрежесі бағаланғаннан кейін гамма сәулелену мөлшерінің қуатын, нейтрондар ағымының тығыздығын, объектінің бетіндегі максимум нүктесінде объектінің альфа- және бета- сәулелену радионуклидтермен ластану бетінің тығыздығы өлшенеді.

      Егер объектінің көлемі шағын болса (шабадан, сөмке), онда оның бетінде жоғары иондаушы сәулелену деңгейінің шын мәнінде бар екендігіне көз жеткізу, ол ең көп орналасқан нүктені анықтау және гамма сәулелену мөлшерінің қуатын, нейтрондар ағымының тығыздығын және объектінің альфа- және бета- сәулелену радионуклидтермен ластану бетінің деңгейін анықтау қажет.

      16. Қосымша радиациялық бақылаудың нәтижелері осы Ереженің 2 сәйкес нысаны бойынша Сәулелену мөлшері жоғары деңгейдегі тауарлар мен көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері мен өткізілетін өзге де орындар арқылы өткізу туралы мәліметтер журналына (бұдан әрі - Журнал) енгізіледі.

      Қосымша радиациялық бақылаудың нәтижелері бойынша келесі шешімдердің біреуі тез арада қабылданады:

      1) тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізу жөнінде;

      2) тауардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу жөнінде.

      17. Тексерілетін объектінің сәулелену мөлшері жоғары деңгейдегі және онда РЗ бар екендігін растайтын қосымша радиациялық бақылаудың нәтижелері тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізу үшін негіздеме болып табылады.

      18. Объект бетіндегі гамма-сәулелену мөлшерінің үш қуат өлшемінің (Нөлш) орташа арифметикалық мәні шамасының 0,2 Нф шамасына кедендік бақылау аймағында өлшенген табиғи фоны мәнінен (Нф) артығын қабылдау терең радиациялық зерттеу жүргізу қажеттігін айқындайтын ден қою өлшемі болып табылады, яғни Нөлш = 0,2+ Нф,

      мұнда, Нөлш - гамма сәулелену мөлшерінің үш қуат өлшемінің орташа арифметикалық мәнінің шамасы, мкЗв/сағ., ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      Нөлш = 1/3 Нөлш.і, (і = 3 болғанда)

      мұнда Нөлш.і - і-ші өлшеу кезінде объект бетіндегі гамма сәулелену мөлшері қуатының мәні, мкЗв/сағ.;

      Нф - кедендік бақылау аймағында өлшенген табиғи фон гамма сәулелену мөлшері қуатының мәні, мкЗв/сағ.

      Осы ден қою критерийлері құрамында табиғи радионуклидтар бар тауарларға арналған, оларға мынадай тауарлар жатады: құрылыс материалдары (құм, балшық, қиыршықты масса, щебень, инертты материалдар, кірпіш, керамзит, темірбетон бұйымдары, металл сынығы, орман), химиялық тыңайтқыштар, ауыр және жеңіл өнеркәсіп өнімдері, азық-түлік өнімдері (отандық және шетел), ауыл шаруашылығы өнімдері және материалдардың қосымша топтары.

      Өзге тауарлар үшін объект бетіндегі гамма сәулелену мөлшерінің үш қуат өлшемінің (Нөлш) орташа арифметикалық мәні шамасының 0,2 Нф шамасына кедендік бақылау аймағында өлшенген табиғи фоны мәнінен (Нф) асыруын қабылдауы, яғни Нөлш>=0,2+Нф, және/немесе объектінің Санитариялық қағидалар мен Гигиеналық нормативтер белгіленген рұқсат деңгейлерінен асырылған альфа-және бета-сәулеленетін нуклидтарымен сыртқы ластануы тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізу қажеттілігін айқындайтын ден қою критерийі болып табылады.

      Нейтрон сәулелену ағымы тығыздығының деңгейі жоғары көздерін жайылдырмау және сәйкестендіру бойынша тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізуді айқындайтын ден қою критерийі Санитариялық қағидалармен және Гигиеналық нормативтермен белгіленген рұқсат берілген мәндерінің ауысуы болып табылады.

      19. Тереңдетілген радиациялық зерттеудің мақсаты барынша мүмкін болатын локализациялау мен тексерілетін объектідегі РЗ-ны бастапқы сәйкестендіру болып табылады.

      20. Тереңдетілген радиациялық тексеру, егер экспозициялық мөлшердің қуаты 1 мкЗв/сағ асып түсетін болса, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган ведомстволарының аумақтық бөлімшелерінің келісімі бойынша радиациялық бақылауды жүргізуге уәкілетті лауазымды тұлғалар бір тәулік ішінде жүзеге асырады.

      21. Тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізу үшін мемлекеттік тексеруден өткен спектрометриялық және радиометриялық аппаратурасы пайдаланылады.

      22. Сәулелену көзін іздестіру және локализациялау іздестіру режиміндегі радиометриялық аппаратурасының көмегімен жүргізіледі.

      23. Сәулелену деңгейі жоғары мөлшердегі объектілерді іздеу және локализациялау кезінде көлік құралдарының бөліктерін, жүк орындарын және орау ыдыстарын ашуы Санитариялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      24. Тауарлар мен көлік құралдарына тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізу мынадай тәртіпті көздейді.

      Елеулі ұзындығы бар (теміржол вагоны, жүк автомобилі, контейнер) және жүк ыдысы (қораптар, жәшіктер, канистрлер) жүкпен толтырылған объектіні өлшеу әрбір жүк ыдысының бетінде жүргізіледі.

      Радиоактивтік көзі дәл осы ыдыста бар екендігінің болжамы ретінде оны табылған объектіден объектінің ең үлкен төрт көлденең мөлшерінен кем емес шамаға тең қашықтыққа алыстату кезіндегі құралдың көрсеткіштерінің азаюы бола алады.

      Егер ыдыс жеткілікті дәрежеде үлкен болса, радиоактивтік көзді анықталған объектінің шегінде мүмкін болатын ең көп локализациялау және нейтрондар ағымы тығыздығының максималды мәндері мен оның бетіндегі гамма сәулелену мөлшерінің қуатын, сондай-ақ альфа- және бета- сәулелену радионуклидтерімен ластану бетін анықтау мақсатында жоғарыда сипатталған схема бойынша қосымша өлшемдер жүргізіледі.

      Зерттелетін объектідегі сәулелену көзін локализацияланғаннан кейін ондағы РМ бастапқы бірдейлендіру жүргізіледі. Алдымен объектінің бетінде нейтрондық сәулеленудің бар-жоқтығын айқындайды (егер локализация гамма сәулелену бойынша жүргізілсе). Ол үшін гамма сәулелену мөлшері қуатының абсолюттік максимум нүктесінде нейтронды ағымының тығыздығын өлшейді. Егер көзді локализациялау нейтрондық сәулелену бойынша жүргізілсе, онда абсолюттік максимум нүктесінде гамма сәулелену мөлшерінің қуаты өлшенеді.

      Елеулі нейтрондықтың болуы (фоннан 2-3 есе асатын) зерттелетін объектінің құрамында бөлінетін материалдардың болу мүмкіндігін куәландырады.

      Объектінің бетінде нейтрондардың тіркелетін ағымы болмаған жағдайда жылжымалы гамма-спектрометр немесе спектрометрлік арнасы бар радиометр болса, объектіге орамды ашпастан спектрометриялық зерттеу жүргізіледі. Өлшегішті арнайы штативке гамма сәулелену мөлшерінің абсолюттік максимум қуаты нүктесіне қарама-қарсы объекті бетіне жақын немесе одан спектрометрдің қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қашықтыққа орналастырады. Сәулеленудің үдемелілігіне және спектрометрдің сезімталдығына тәуелді болатын спектрді жинау уақытын таңдау радионуклидтерді сенімді бірдейлендіруге арналған жеткілікті статистикалық деректер алуды қамтамасыз ету тиіс.

      25. Тереңдетілген радиациялық зерттеу нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің біреуі тез арада қабылданады:

      1) тауарды әкелу кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан оны әкету туралы, немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарды әкету жағдайда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан оны әкетуге тыйым салу туралы;

      2) тауарды сараптамаға жіберу туралы;

      3) тауарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы.

      26. Радиациялық жүкке сараптама Кодекстің нормаларына сәйкес және тауарды тереңдетілген радиациялық зерттеудің нәтижелері бойынша Тауарлар мен көлік құралдарына кедендік сараптама тағайындау туралы шешімі негізінде жүргізіледі немесе үлестік белсенділігінің белгіленген радиациялық қауіпсіздіктің нормаларына сәйкестігін анықтау үшін зертханалық зерттеулерді жүргізуге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган ведомстволарының аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі.

      27. Тауарды сараптамаға жіберу және оны тасымалдау Санитариялық қағидаларды сақтай отырып радиациялық бақылауды жүргізуге мемлекеттік кірістер органдарының уәкілетті лауазымды тұлғаларының бақылауымен жүзеге асырылады.

      Сараптаманың/зертханалық зертеулердің нәтижелері Журналға енгізіледі.

      28. Сараптаманың/зертханалық зертеулердің нәтижелері бойынша кеден органы келесі шешімді бір тәуліктің ішінде қабылдайды:

      1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау немесе қылмыстық істер бойынша анықтау жүргізу туралы;

      2) тауарды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері мен өткізілетін өзге де орындар арқылы өткізу туралы;

      3) тауарды әкелу кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан оны әкету туралы, немесе Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс тауарды әкету жағдайда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан оны әкетуге тыйым салу туралы.

3-тарау. РМ, тауарлар мен көлік құралдарын радиациялық бақылаудың жүйелері

      29. РМ, тауарлар мен көлік құралдарын радиациялық бақылау жүйелеріне арналу және қолдану сипаты бойынша үш топқа бөлінетін дозиметриялық және радиометриялық радиациялық бақылау құралдары жатады:

      1 топ - бастапқы радиациялық бақылауды жүргізуге арналған РМ радиациялық бақылаудың жүйелері;

      2 топ - қосымша радиациялық бақылауды жүргізуге арналған РМ радиациялық бақылаудың жүйелері;

      3 топ - РМ сәйкестендіруге арналған РМ радиациялық бақылаудың көшпелі аспаптары.

      30. Бастапқы радиациялық бақылауды жүргізу үшін РМ радиациялық бақылаудың стационарлық жүйелері индикация құралдары (детекторлар) болып табылады және тексеруге жатпайды.

      Жалған іске қосылуды болдырмау мақсатында стационарлық РЗ РБАЖ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және өзге де орналасу орындарында табиғи радиациялық қор деңгейін ескере отырып калибрленуі тиіс.

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өлшеуді жүргізу кезінде өлшегіш құралдары болып табылатын қосымша радиациялық бақылау және РЗ-ны сәйкестендіруді жүргізу үшін жылжымалы радиациялық бақылау құралдары тексерілуі тиіс.

      31. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдарына бастапқы радиациялық бақылау РМ анықтаудың стационарлық кедендік жүйелерінің әр түрлі модификацияларының (теміржол, автомобиль, жаяу жүруші және қойма) немесе жылжымалы іздестіру дозиметрлерінің көмегімен жүргізіледі.

      32. Стационарлық жүйелер бақыланатын объектінің екі жағында орналасатын нейтрондық және гамма сәулелену детекторларымен, сондай-ақ дыбыстық және жарықтық сигнализациясымен және ақпараттарды бейнелеу құрылғысымен жабықталады. Көрсетілген жүйелерде РМ жедел бастапқы бірдейлендіруге арналған, атап айтқанда,тексерілетін объектіде РМ болуының мүмкіндігі туралы ақпарат беруге арналған датчиктердің сигналдарын өңдеудің арнайы құрылғыларының бар болуы рұқсат.

      Тауарлардың немесе көлік құралдарының бетіндегі гамма сәулеленудің эквиваленттік мөлшерінің қуатын өлшеу үшін гамма сәулелену дозиметрлері қолданылады.

      33. Қосымша радиациялық бақылау жүргізу үшін мынадай жылжымалы құралдар пайдаланылады: микропроцессорлық іздестіру дозиметрлері, радиометр-дозиметрлер, іздестіру режиміндегі және сәулеленудің әрбір түрі үшін датчиктермен өлшеу режиміндегі радиометр-спектрометрлері, рентгендік гамма сәулелену дозиметрлері.

      34. РМ-ның табиғилығы немесе жасандылығы туралы мәселені шешу үшін тереңдетілген радиациялық зерттеу жүргізуге арналған радиометр-спектрометрлері, жылжымалы сцинтиляциялық гамма-спектрометрлері, жартылай өткізгішті гамма-спектрометрлері пайдаланылады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      35. РЗ тасымалдау, не сәулелену мөлшерінің жоғары деңгейімен тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау кезінде радиациялық аварияны анықтаған жағдайда, радиациялық бақылауды жүргізуге уәкілетті лауазымды тұлғалар 100 мкЗв/сағ қауіпсіздік периметрін айқындайды және шұғыл шараларды жүзеге асырады:

      1) периметрі бойынша мөлшерінің қуаты 2 мкЗв/сағ болатын қауіпті объектінің орналасқан аймағы қоршалады;

      2) 3 метрден кем емес қашықтықта көрінетін қоршалған радиациялық қауіптілік белгілерін қоршалған аймақтың периметрі бойынша ілінеді;

      3) аймақта және қоршау периметрі бойынша тұрған адамдар көшіріледі;

      4) объектіні алып жүретін адамдармен (егер ондайлар болса) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесі мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 ақпандағы № 75 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13586 болып тіркелген) Радиоактивті заттарды және радиоактивті қалдықтарды тасымалдау қағидалары талаптарына сәйкес радиоактивті материалдарды қауіпсіз тасымалдау жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.

      5) тиісті уәкілетті органдарға, сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына хабарланады;

      6) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де шаралар қабылданады.

      36. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және өткізілетін өзге де орындарда РМ және жоғары сәулелену мөлшері деңгейі жоғары тауарларды өткізу кезінде бұзудың әрбір фактісі бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органы ақпаратты талдағаннан кейін бір тәуліктің ішінде ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің тиісті бөлімшесіне (Электрондық құжат айналымының бірынғай жүйесі бойынша кейіннен жібере отырып, электронды мекенжайға арнайы хабарлама түрінде) хабарлайды.

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органды және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелер, ведомстволар 10 жұмыс күн ішінде хабардар етеді.

      37. РБАЖ-ң жай-күйі және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және өткізілетін өзге де орындарда өткізілген РЗ және сәулелену мөлшері жоғары деңгейдегі тауарлар анықталған кезде қабылданған шаралар туралы мәліметтерді кеден органының бөлімшесі есеп беру тәртібімен ай сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің тиісті бөлімшесіне береді.

  Радиациялық бақылауды
жүргізу қағидасына
1-қосымша
  Нысан

РЗ анықтаудың стационарлық жүйесінің және радиациялық бақылаудың жылжымалы аппаратураның іске қосылуы туралы мәліметтерді тіркеу журналы

№ п/п

Іске қосылғаны жабдықтың атауы

Дабылдың түрі (жалған/расталған)

Іске қосылу күні, уақыты

Іске қосылған арнаның түрі

Табиғи фонның деңгейі

Обьекттен өзгеше фонның деңгейі


      кестенің жалғасы

Зерттелетін обьект (жеке тұлға, көлік құрал, теміржол вагоны, поята-багажды жіберілу және тағы сол сияқты)

Тауардың атауы (орындар саны, орау түрі, ЕАЭҚ ТН СЭҚ коды)

Жөнелтуші (жөнелтуші елі)

Алушы (межелі елі)

Радияциялық бақылау кезеңдеріне сәйкес қабылданған шаралар

Қосымша қолданған БРМ РБАЖ


      кестенің жалғасы

Бақылау нәтижелері бойынша белгіленген

Ұсынылған құжаттар

Қабылданған шешім

Іске қосылумен жұмыс істеген маманның аты-жөні

Ескерту


  Радиациялық бақылауды
жүргізу қағидасына
2-қосымша
  Нысан

Сәулелену мөлшерінің деңгейі жоғары тауарлар мен көлік құралдарын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері мен өткізілетін өзге де орындар арқылы өткізу туралы мәліметтер журналы

      1. Анықталған күні:_______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      2. Өткізу пункті/өткізілетін өзге де орындар:__________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      3. Анықтау тәсілі:_________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      4. Тауардың атауы:________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      5. Жөнелтуші:____________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      6. Алушы:_______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      7. Көлік құралы:__________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      8. Кедендік рәсім:_________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      9. Анықтаудың егжей-тегжейі:______________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      10. Қосымша радиациялық бақылаудың нәтижелері:___________________________________

      ________________________________________________________________________________

      11. Тереңдетілген радиациялық зерттеудің нәтижелері:_________________________________

      ________________________________________________________________________________

      12. Сараптама/зертханалық зерттеулер нәтижелері:____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      13. Анықталған заттың түрі:________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      14. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының мазмұны:_________________

      ________________________________________________________________________________

      15. Ескерту:______________________________________________________________________

________________________________________________________________________________