Жүк және жолаушы вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызмет мерзімдерін ұзарту қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 26 ақпандағы № 93 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 28 наурызда № 6845 тіркелді

Жаңартылған

      «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабы 2-тармағының 24) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жүк және жолаушы вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызмет мерзімдерін ұзарту қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Ә.Н.Барменқұлов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын.
      3. Көлік және коммуникациялар министрінің және министрдің міндетін атқарушының мынадай бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:
      1) «Жолаушылар жылжымалы құрамының қызмет мерзімін ұзартуды реттейтін актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі № 136-І (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2292 тіркелген, Орталық және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2003 жылы, № 25-26, 862-бабымен жарияланған);
      2) «Жолаушылар жылжымалы құрамы қызметінің мерзімін ұзартуды реттейтін актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 136-І бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 353-І (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2630 тіркелген);
      3) «Жолаушылар жылжымалы құрамының қызмет мерзімін ұзартуды реттейтін актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 136-І бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 9 тамыздағы N 264-І (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3787 тіркелген, 2005 жылдың 28 қазанында «Заң газеті» N 135-136 (760) жарияланған);
      4) «Жүк және рефрижераторлық вагондарының қызмет мерзімін ұзарту ережесін және Тартқыш жылжымалы құрамның қызмет мерзімін ұзарту ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 28 шілдедегі № 236-1 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2463 тіркелген);
      5) «Жүк және рефрижераторлық вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 28 шілдедегі N 2463 болып тіркелген N 236-І бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы» Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 14-І (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2766 тіркелген).
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      Ә. Құсайынов

Қазақстан Республикасы Көлiк
және коммуникация министрiнiң
2011 жылғы 26 ақпандағы N 93
бұйрығымен бекітілген   

Жүк және жолаушы вагондарының және тартқыш жылжымалы
құрамның қызмет мерзімдерін ұзарту қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Жүк және жолаушы вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның қызмет мерзімін ұзарту қағидасы (бұдан әрі - Қағида) нормативті мерзімінен артық қызмет мерзімі бар жүк және жолаушы вагондарының және тартқыш жылжымалы құрамның тағайындалған қызмет мерзімін ұзарту бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейді, сондай-ақ қызмет мерзімін ұзартумен жөндеуді дайындау және жүргізуді реттейді.
      2. Қағида Қазақстан Республикасында жеке меншігінде жылжымалы құрамы бар, сондай-ақ осы Қағидада белгіленген талаптарға жауап беретін, жеке және заңды тұлғаларға, вагондарды жөндеумен айналысатын ұйымдарға таралады.
      3. Осы Қағидада пайданылатын негiзгi ұғымдар мен терминдер:
      1) күрделi жөндеу - вагон ресурсын, оның базалық бөлiгiн қоса алғанда, кез келген бөлiгiн ауыстыру немесе қалпына келтiру арқылы толық немесе толыққа жуық қалпына келтiру, түзу жағдайын қалпына келтiру үшiн орындалатын жөндеу;
      2) берілген қызмет ету мерзiмi - пайдаланудың күнтiзбелiк ұзақтығы, оған жеткен кезде объектiнi (бұйымды) пайдалану оның техникалық жай-күйiне қарамастан тоқтатылуы тиiс;
      3) қалдық ресурс - объектiнiң (жылжымалы құрамның, оның тораптары мен агрегаттарының) техникалық жай-күйiн бақылау сәтiнен бастап шектi жай-күйге өткенге дейiнгi жиынтық атқарылған жұмысы;
      4) жөндеу - бұйымдардың түзу жағдайын немесе жұмыс iстеу қабiлетiн қалпына келтiру жөнiндегi операциялар кешенi және бұйымдардың немесе олардың құрамдас бөлшектерiнiң ресурстарын қалпына келтiру;
      5) қызмет ету мерзiмi - объектiнi пайдалану немесе оны жөндеуден кейiн қайтадан жалғастырудан бастап шектi жай-күйге өткенге дейiн пайдаланудың күнтiзбелiк ұзақтығы;
      6) пайдалану - бұйымның сапасы iске асырылатын, қалпында ұсталатын және қалпына келтiрiлетiн, бұйымның мақсаты бойынша пайдаланылуы жүзеге асырылатын тiршiлiк циклының сатысы;
      7) шектелген күйi – жылжымалы құрамды одан әрi пайдалануға жiберiлмейтiн немесе орынды емес кезде, немесе оның жұмысқа қабiлеттi күйiн қалпына келтiру мүмкiн емес немесе орынды емес кездегi жылжымалы құрамның жай-күйi;
      8) қызмет мерзiмiн ұзарту – жылжымалы құрам қызметi жаңадан тағайындалған мерзiмiн белгiлеу;
      9) pecуpc - пайдаланудың басынан немесе жөндеуден кейiн пайдалануды жаңадан бастаудан ақырғы жай-күйін өткенге дейiн ЖЖҚ сандық жиынтығы;
      10) жөндеушi ұйым – жылжымалы темір жол құрамын жөндеумен айналысатын ұйым (бұдан әрі - жөндеуші ұйым);
      11) вагон иесі – заңды түрде жекеменшікте жылжымалы темір жол құрамы бар жеке немесе заңды тұлға;
      12) темір жол жылжымалы құрам - жолаушыларды, багажды, жүктi, жүк-багажды және почта жөнелтiлiмдерiн темiр жолдармен тасымалдауға арналған тартқыш көлiк құралдары (локомотивтер), вагондар, өздiгiнен жүретiн және өзге де көлiк құралдары;
      13) көлемі 8 күшейтілген техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі - ТҚК-8) – тозған және зақымдалған агрегаттарды, тораптарды, бөлшектерді ауыстыру және күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ішінара ауыстыру жолымен тартым жылжымалы құрамның (бұдан әрі – ТЖҚ) пайдалану сипаттамаларын, ақаусыздығын және толық ресурсын (қызмет мерзімін) қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу, осы жөндеу аяқталған соң ТЖҚ-ға жаңа қызмет мерзімі белгіленеді;
      14) көлемі 8 техникалық қызмет көрсету (бұдан әрі – ТҚ-8) - тексеру, жеке бөлшектерді, тораптарды және агрегаттарды жөндеу және ауыстыру, реттеу және сыннан өткізу жолымен негізгі пайдалану сипаттамаларын және жұмысқа қабілеттілігін (қызмет мерзімін) тиісті жөндеу аралық кезеңдерде қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу, осы жөндеу аяқталған соң ТЖҚ-ға жаңа қызмет мерзімі белгіленеді;
      15) вагонның деполық жөндеуі (бұдан әрі – ДЖ) - құрамдас бөлшектерінің шектелген номенклатурасын ауыстырып немесе қалпына келтіріп және құрамдас бөлшектерінің техникалық жағдайын бақылап вагонның ақаусыздығын қалпына келтіру және вагонның ресурсын ішінара қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу;
      16) пайдалы пайдалану мерзімін ұзартумен күрделі жөндеу (бұдан әрі - КЖҰ) - белгіленген ресурсын қалпына келтіріп кез келген, негізгілерін қоса алғанда, құрамдас бөлшектерін ауыстыру немесе қалпына келтіру және жаңа қызмет ету мерзімін белгілеумен вагон құрылымының барлық негізгі элементтерінің техникалық жағдайын бақылау.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.09.28 № 587 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Жүк вагондарының қызмет ету мерзiмiн ұзарту тәртiбi

      4. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi аумақтық бөлiмшесiнiң басшымен Жүк вагондарының қызмет ету мерзiмiн ұзарту жөнiндегi комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылады және Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi аумақтық бөлiмшесiнiң лауазымды тұлғасымен басқарылады.
      5. Жылжымалы құрамның қызмет ету мерзiмiн ұзарту келесі тәртiппен белгiленедi:
      1) вагонның иесі Комиссияға жүк вагондарының қызмет ету мерзiмiн ұзарту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге өтiнiм жiбередi;
      2) өтiнiм Комиссиямен он жұмыс күн ішінде қаралады;
      3) өтiнiм келісілгеннен кейін Комиссия оны жөндеушi ұйымға жібереді;
      4) өтiнiмді алғаннан кейін жөндеушi ұйым вагонның меншiк иесiмен шарт жасасады және оны өтiнiмде берілген жүк вагонның техникалық жағдайына тексеріс және техникалық диагностикалау, сондай-ақ сынау өткізеді;
      5) жүк вагондарының техникалық жағдайына тексеріс және техникалық диагностикалау, сондай-ақ сынаудың нәтижелерi бойынша жөндеушi ұйым осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша техникалық шешiмдi (бұдан әрi - Техникалық шешiм) жөндеудiң қажеттi түрi мен көлемi көрсетіледі;
      6) Техникалық шешiм 3 данада дайындалады және бiреуі Комиссияға, бiреуi вагон иесiне жіберіледі, ал бiреуi жөндеу ұйымында қалады;
      7) жөндеушi ұйым Техникалық шешiмде көрсетiлген жөндеу жұмыстарын орындап, жүк вагондарына қызмет ету мерзiмiн ұзарту актісі (бұдан әрі – акт) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес толтырылады;
      8) актi 3 данада дайындалады және бiреуі Комиссияға, бiреуi вагон иесiне жіберіледі, ал бiреуi жөндеу ұйымында қалады;
      9) жөндеуші ұйым актіні алған соң үш жұмыс күні ішінде Темір жол көлігі орталық кеңесі келісімдеріне қатысушы темір жол әкімшіліктерінің ақпараттық-есептеу орталығына (бұдан әрі – ТӘ АЕО) вагонның қызмет ету мерзімін ұзарту және вагондардың жөндеуден шығарылғаны туралы ақпаратты жібереді. Вагонның қызмет ету мерзімі ұзартылғаны жөніндегі барлық құжаттар вагонның ұзартылған қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейін жөндеуші ұйымда сақталады.
      Вагондардың техникалық жағдайына диагностика жүргізу кезінде жөндеу көлемі және жаңа қызмет ету мерзімі белгіленеді. Вагонның белгіленген жалпы қызмет ету мерзімі, ұзартуды ескергенде, шығарушы зауыттың базалық вагонға арналған техникалық шарттарында (бұдан әрі – ТШ) көрсетілген белгіленген қызмет ету мерзімінің біржарымдық мөлшерінен аспайды.
      ТШ-ны әзірлеуші КЖҰ-ға негізделген материалдар ұсынғанда, жалпы қызмет ету мерзімі, ұзартуды ескергенде, егер бұл КЖҰ ТШ-да ескертілсе шығарушы зауыттың базалық вагонға арналған ТШ-да көрсетілген белгіленген қызмет ету мерзімінің біржарымдық мөлшерінен асуына мүмкіндік береді.
      Шығарушы зауыттың ТШ бойынша қызмет ету мерзімі 40 жылды құрайтын вагондар үшін қызмет ету мерзімі КЖҰ-да ұзартылады, бұл ретте вагонның жалпы қызмет ету мерзімі, ұзартуды ескергенде, шығарушы зауыттың базалық вагонға арналған ТШ-да көрсетілген белгіленген қызмет ету мерзімінің біржарымдық мөлшерінен аспайды.
      Вагонның жаңа қызмет ету мерзімі вагонның қызмет ету мерзімін ұзарту туралы техникалық шешім (бұдан әрі – Техникалық шешім) берілген күннен бастап белгіленеді. Техникалық шешім бойынша белгіленген жұмыстар Техникалық шешім берілген күнінен бастап 6 ай ішінде орындалады.
      Қызмет ету мерзімі өткен вагондарға деполық және күрделі жөндеу жүргізу олардың техникалық жағдайын Техникалық шешім бойынша диагностикадан өткізген соң орындалады, бұл ретте ұзартылған қызмет ету мерзімі 5 жылдан аспайды, вагондардың жалпы белгіленген қызмет ету мерзімі, ұзартуды ескергенде, шығарушы зауыттың базалық вагонға арналған техникалық шарттарында (бұдан әрі - ТШ) көрсетілген қызмет ету мерзімінің біржарымдық мөлшерінен аспайды.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.09.28 № 587 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Жүк вагондарының қызмет ету мерзiмiн ұзарту туралы ақпарат төрт белгiден тұратын құрылымы бойынша ТЖӘ АЕО-ға берiледi:
      1) бiрiншi белгi – «8» цифры - вагонның қызмет ету мерзiмi ұзартылғанын;
      2) екiншi белгi – «0» цифры - темiр жол әкiмшiлiгiмен келiсiлген құжаттама (техникалық шарттар) бойынша вагонға күрделi жөндеу жүргiзiлгенiн;
      3) «1» цифры - жүк вагондарының қызмет ету мерзiмiн ұзарту құқығы бар ұйымға берiлген осы жұмысқа арналған Техникалық шешiмге сәйкес вагонға деполық немесе күрделi жөндеу жүргiзiлгенiн;
      4) үшiншi және төртiншi белгiлер - вагонның қызмет ету мерзiмi ұзартылған жылдар санын көрсетедi.

3. Жолаушылар вагондардың қызмет мерзiмiн ұзарту тәртібі

      7. Қызметтік пайдалануға арналған жолаушылар вагонының нақты қызмет мерзiмi мен темір жол инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету жасап шығарушы зауыттың техникалық құжаттамасына сәйкес белгiленедi.
      8. Жолаушылар вагонын пайдалану кезiнде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесiне сәйкес вагон жөндеу ұйымдарымен деполық жөндеу, күрделi жөндеу және күрделi-қалпына келтiре жөндеудi жүргiзу көзделінген.
      9. Жолаушылар вагонының қызмет ету мерзімін ұзарту бойынша жұмыстарды жүргізу үшін вагон иесі жөндеуші ұйымға өтінімді береді.
      Жөндеуші ұйым өтінімді он жұмыс күні ішінде қарайды. Жолаушылар вагонының мерзімін ұзартумен жөндеу жүргізуден бас тартқан жағдайда өтінім берушіге үш жұмыс күн ішінде дәлелді жауап береді.
      Жолаушылар вагоны үшін қызмет ету мерзімін ұзарту туралы шешім нақты қызмет мерзіміне қарай қабылданады, бұл ретте қызмет ету мерзімі:
      5 жылға дейін ұзартуды ескергенде, күрделі жөндеу кезінде жалпы 33 жылдан аспайды;
      16 жылға дейін ұзартуды ескергенде, күрделі-қалпына келтіру жөндеу кезінде жалпы 44 жылдан аспайды.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.09.28 № 587 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Жолаушылар вагондары қызмет ету мерзiмiн ұзартумен жөндеу жұмыстарын жүргiзу үшін жөндеу ұйымдары нақты істен шыққан қызмет ету мерзімін көздейді және жөндеу жұмыстарының көлемін тағайындайды.
      Жолаушылар вагонын тексеру нәтижелерi бойынша жөндеу ұйымы осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес қызметтiң мерзiмiн ұзарту жөнiндегі жұмыстар жүргiзу туралы актiнiң (бұдан әрi - акті) 2-тармағын толтырумен ресiмдейдi.
      Жұмыстарды жүргiзу туралы актi екі данада жасалады. Бір данасы вагонның иесіне одан әрі пайдалану негізі ретінде беріледі, ал екінші данасы жөндеу ұйымында сақталады.
      Қызметтiк пайдалану үшін арналған жолаушылар вагондары және темір жол инфрақұрылымына техникалық қызмет көрсету бойынша қызмет ету мерзiмiн ұзарту туралы шешiм нақты қызмет ету мерзiмiне қарамастан қабылданады және 16 жыл мерзiмiне жасалады.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.09.28 № 587 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Жөндеу ұйымы жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес жолаушылар вагондарының техникалық жай-күйін тексеріс жүргізу әдістемесін басшылыққа алады.
      12. Жөндеу ұйымы жолаушылар вагонының қапталдық қабырғасына жөндеу түрлерін жүргізу күні мен қызмет мерзімінің ұзартылуы көрсетілген арнайы трафарет басады.

4. Тартымдық жылжымалы құрамның қызмет ету мерзiмiн ұзарту

      13. Тартымды жылжымалы құрамның қызметiнің тағайындалған мерзiмi (бұдан әрі – ТЖҚ) ТЖҚ жасаушының нормативтiк құжаттарымен белгiленедi.
      14. Тағайындалған қызмет ету мерзiмiн ұзарту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудiң мақсаттылығы туралы шешiмдi ТЖҚ иесi қабылдайды, ол жөндеу ұйымына негiзгi бөлiктерiнiң тозу дәрежесiн, тораптарындағы және агрегаттарындағы бар зақымданулар мен қызмет ету мерзiмi өтiп кеткен ТЖҚ-ның техникалық жай-күйiн зерттеу негізінде өтініш жасайды.
      15. Күрделі жөндеуді (бұдан әрi - КЖ), ТЖҚ-ға ТҚК-8, ТҚ-8 техникалық қызмет көрсетуді, жаңғыртуды, жол машиналарымен және механизмдерімен жұмыс істеу үшін қайта жабдықтауды, сондай-ақ қызмет ету мерзімін ұзартып қайта жабдықтауды орындау үшін ТЖҚ иесі мен жөндеуші ұйым арасында жасалатын шарт негіз болып табылады.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.09.28 № 587 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16. Жаңа қызмет ету мерзімі КЖ орындалғаннан кейін де, күшейтілген көлемдегі ТҚК-8, ТҚ-8, жаңғыртудан, жол машиналарымен және механизмдерімен жұмыс істеу үшін қайта жабдықтаудан, сондай-ақ жолаушыларды тасымалдауға қатыспайтын жылжымалы құрамды қайта жабдықтаудан кейін де белгіленеді.
      Жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін КЖ, ТҚК-8, ТҚ-8 немесе жаңғыртудан өткен тартқыш жылжымалы құрамға белгіленген жаңа қызмет мерзімінің нормативтеріне сәйкес (осы Қағидағы 7-қосымша) ТЖҚ жаңа белгіленген қызмет ету мерзімі қабылданады.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.09.28 № 587 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. <*>
      Ескерту. 17-тармақ алынып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.09.28 № 587 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      18. <*>
      Ескерту. 18-тармақ алынып тасталды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.09.28 № 587 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен..
      19. Жөндеу ұйымы мынадай актілер құрады:
      1) осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес тартымды жылжымалы құрамның қабылдау актiсі, оны жөндеу ұйымы ТЖҚ иесімен бірге екі данада толтырады;
      2) осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес тартымды жылжымалы құрамның жаңа қызмет ету мерзiмiн тағайындау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу туралы актiсі, оны жөндеу ұйымы екі данада толтырады.
      20. Жөндеу ұйымы тартымды жылжымалы құрамның қабылдау актiсi мен ТЖҚ-ның жаңа қызмет ету мерзiмiн тағайындау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу туралы актiсінiң бiр-бiр данасын ТЖҚ иесiне бередi, екiншi даналарын өзiне қалдырады.
      21. Жұмыс түрлері жүргiзiлгенге және жаңа тағайындалған қызмет ету мерзiмi белгiленгенге дейiн қызмет ету мерзiмi өткен ТЖҚ-ны пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
      22. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң жөндеуші ұйым ТЖҚ сериясына «Р» әрпі түріндегі, ал жаңғыртылған ТЖҚ сериясына «К» әрпі түріндегі әріптік белгіні тағайындайды.
      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.09.28 № 587 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жүк және жолаушы вагондарының 
және тартқыш жылжымалы құрамның
қызмет мерзімдерін ұзарту     
қағидасына 1-қосымша      

Үлгі

Келiсiлген:                                   Бекiтемiн:
Жүк вагонының қызмет ету мерзiмiн ұзарту      Жөндеу ұйымының басшысы
жөнiндегi комиссия төрағасы

М.О.

20___ жылғы « __ » _________               20___ жылғы « __ » ______

Вагон қызметі мерзімін ұзарту туралы
№________ техникалық шешiм

________________________________________________________ меншiгiндегi
             (вагондар иесiнің толық атауы)
және ______________________________________________________ станцияға
      (станцияны, вагон депосын, темiр жолды көрсету керек)
тiркелген ___________________________________________________________
              (орындаушы-мамандандырылған ұйымның толық атауы)
вагондардың қызмет ету мерзiмiн ұзарту туралы. Техникалық жай-күйiн тексерудiң, техникалық диагностикалаудың және өткiзiлген сынақтар нәтижелерiнiң негiзiнде қажеттi жөндеу жұмыстарының түрi мен көлемiн тағайындайды және олар орындалғаннан кейiн келесi вагондардың (бiрлiк) қызмет ету мерзiмiн ұзартады

Р/с

Вагон нөмірі

Вагон моделі

Жасалған күні

Ұсынылатын жөндеудің түрі мен көлемі

Жобалар нөмірі, ТШ, басшылықтар

Қызмет ету мерзімі ұзартылды (айы, жылы)

Тасымалдайтын жүктің түрі

Жөндеу жүргізудің күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Вагондардың ауысымды тораптары: арбашалар, автотiркеме және автотежегiш жабдық жүйелi қаралып отырады және оларды ауыстыру белгiленген тәртiппен жүргiзiледi, осы техникалық шешiм бойынша ауысымды тораптардың қызмет ету мерзiмi ұзартылмайды.
      Техникалық шешiм тағайындалған жөндеу орындалған және ТӘ АЕО-ға вагондардың жөндеуден шығуы туралы хабарлама берiлген сәттен бастап қана күшiнде болады.

Жүк және жолаушы вагондарының 
және тартқыш жылжымалы құрамның
қызмет мерзімдерін ұзарту     
қағидасына 2-қосымша      

Үлгі

20___жылғы " "________ акт

қызмет ету мерзiмiн ұзарту мақсатында _______________________________ ________________________________ меншiгiндегi жүк вагондарын жөндеу
(вагон иесi - кәсiпорынның толық атауы) және жаңғырту бойынша жұмыстарды жүргiзу туралы.
Осы Акт _____________________________________________________________
                 (жұмысты орындаған кәсiпорынның атауы)
20__жылғы "___"___ № ___ техникалық шешiмге сәйкес мына жұмыстар жүргiзiлгендiлiгi жайында жасалды:

Р/с

Вагон нөмірі

Орындалған жұмыстар

Ескертпе

1

2

3

4

Вагондар техникалық түзу күйде және темiр жолдардың жалпы желiсiнiң жолдары бойынша пайдалануға беруге болады.

Вагонның иесi
_____________

      М.О.

20__жылғы " "_____

Жөндеу ұйымынының                       Жөндеу ұйымының
вагон қабылдаушысы                      басшысы

М.О.                             

20 ____ жылғы "__" ________             20 ____ жылғы "__" _________

Жүк және жолаушы вагондарының 
және тартқыш жылжымалы құрамның
қызмет мерзімдерін ұзарту     
қағидасына 3-қосымша      

Үлгі

Жолаушылар вагондарының қызмет мерзiмiн ұзарту бойынша
жұмыстар жүргiзу туралы № ______ акті

      1. Осы акті жолаушылардың жылжымалы құрамының қызмет мерзімін ұзарту бойынша жөндеу түрлерін жүргізуге вагонның иесімен құрылды

вагонның № ______________, түрі _________, арбашықтарда _____________
жасалған, ___________________ тежегіш түрі _________________________,
соңғы жөндеу: жөндеу түрі _______________________ күні _____________.
тіркелген __________________________________________________________,
және қызмет мерзiмiн ұзарту бойынша жұмыстарды жүргiзу үшiн ұсынады.

      Вагон иесі ____________________________________________________

20 ____ ж. «______» _______________                            М.О.
                                         _______________________
                                                  (қолы)
Жөндеу ұйымының қабылдаушысы ________________________________________

20 ____ ж. «______» _______________                            М.О.
                                         _______________________
                                                  (қолы)
2. ______________________________________________ жөндеу жүргiзгеннен
                   (жөндеу түрi)
кейiн техникалық жай-күйi негiзiнде вагон жөндеу ұйымы ____________ № вагонға жаңа тағайындалған қызмет мерзiмiн ____________________ дейiн белгiлейдi.                                        (күні)

Жөндеу ұйымының бастығы __________________ /__________________
                              (қолы)             Т.А.Ә.

Ескерту: Акт 2 данада жасалады.

Жүк және жолаушы вагондарының 
және тартқыш жылжымалы құрамның
қызмет мерзімдерін ұзарту     
қағидасына 4-қосымша      

Жолаушылар вагондарының техникалық
жай-күйiн тексерудi жүргiзу әдiстемесi

      1. Қызмет мерзiмiн ұзарту мақсатында жолаушылар жылжымалы құрамының техникалық жай-күйiн тексеруге жолаушылар вагондары үлгiсiндегi барлық вагондар ұсынылады, оның iшiнде: почта, багаж, почта-багаж, арнайы құрам үшiн вагондар, қызметтiк тежегiш өлшеу, дәрiгерлiк-санитарлық, вагон-клубтар, динамометрикалық, рельстi егеу, ақаутапқыштар, жол өлшегiш, турлық вагондар, қалпына келтiру және өрт сөндiру поездары, жол тексеру мен көпiр тексеру, жол қызметiнiң зертханасы, вагон-дүкендер.
      2. Жолаушылар вагонының техникалық жай-күйiн тексеру құрамға тән бүлiнулердi, пайдалануда көтергiш бөлшектер мен буындардың тоттану дәрежесiн анықтау мақсатында жүргiзiледi, олар бұдан арғы пайдалану мүмкiндiгiн, жөндеу немесе есептен шығару қажеттiлiгi мен дәрежесiн анықтау үшiн бұдан әрi бастапқы дерек ретiнде пайдаланады.
      3. Қызмет мерзiмiн ұзарту мүмкiндiгi туралы шешiм жолаушылар вагонының негiзгi көтергiш элементтердiң жай-күйiн талдау негiзiнде қабылданады: белдеулi арқалық пен раманың, аралық пен шүберiн арқалығын бүйiрден орап байлау, қаңқа элементтерi және шанақты қаптау.
      4. Жолаушылар вагонының негiзгi буындары мен жүйелерiнiң жай-күйi (электр жабдығы, желдеткiш, жылыту, сумен жабдықтау, автотежегiштiк пен автотiркегiш жабдықтары, қозғалыс бөлшектерi) қолданыстағы нормативтiк актiлерге сәйкес болуы тиiс.
      5. Жолаушылар вагонының ақаулықтары пайдалану, деполық және күрделi жөндеу жөнiндегi басшылықтарға сәйкес белгiленген тәртiппен жойылады.
      6. Тексерiс жүргiзу кезiнде орындалмау немесе шектi жай-күйiнiң өлшемдерi ретiнде жолаушылар вагонының көтергiш элементтерiнiң, онда олардың жолаушылар поездарының құрамында болуы мен жол жүруiне тыйым салынатын сондай техникалық жай күйi қабылданады.
      7. Жолаушылар вагонының жұмысқа жарамсыз жай-күйi қозғалыс қауiпсiздiгiне қауiптi, жолаушылар мен қызмет көрсететiн персоналдың денсаулығына қауiп төндiретiн, тасымалданатын багаж бен жүк-багаждың сақталуын қамтамасыз етпейтiн, жолаушылар вагонының габариттiк кескiнiн бұзатын ақаулықтардың болуымен сипатталады.
      8. Жолаушылар вагонының негiзгi көтергiш элементтерiнiң техникалық жай-күйiн тексеру кезiнде анықталуға жататын бүлiну мен орындалу түрлерi 1-кестеде берiлген:
      9. Бiр ғана жөндеулiк жапсырмасы бар белдеулiк арқалық және арбашықтардың арқалық рамасы жолаушылар вагонының бiрлiктерi қызмет мерзiмiн ұзартуға жiберiлмейдi.
      10. Сызаттар, сынулар, иiлiмдер, майысулар, саңылаулар кейiннен көзбен шолып өлшеу арқылы анықталады. Бекiтудi босату балғамен соғу, тоттану элементтердiң қалыңдығын өлшеу жолымен анықталады.
      11. Жолаушылар вагонының көтергiш конструкцияларының тоттану арқылы тозуының көлемi мыналарды ескере отырып анықталады:
      1) Жолаушылар вагонының металл конструкциясына қоршаған ортаның тигiзген әсерi нәтижесiнде қорғаныс қабының бүлiнуiне, тоттану салдарынан көтергiш элементтердiң қалыңдығы азаюына әкеп соғады, бұл өз кезегiнде олардың берiктiгiн нашарлатады;
      2) толассыз тоттану жерлерiнде жылуды оқшаулау материалдарының берiктiгi бұзылады, артық жылуды жоғалтуға әкелетiн "жылу көпiрлерi" пайда болады;
      3) Жолаушылар вагонының шанақтың көтергiш қабiлетiне тiкелей әсер ететiн конструкциялар элементтерi топтануға неғұрлым ұшыраған болып табылады: раманың бүйiрлiк ұзынынан арқалығы; дәретхана маңында, қызметтiк пен қазандық бөлмелерi мен тамбурлардағы еден төсемi; бүйiрлiк қабырғаның терезе алды белдемшесi;
      4) көрсетiлген элементтерден басқа жолаушылар вагонының техникалық тексерiсi кезiнде сөрелер мен қабырғаларының қалыңдығын бақылау жүргiзiледi;
      5) өлшеу орындарында жолаушылар вагонының шанағы ультрадыбыстық қалыңдық өлшегiштердi пайдалану мүмкiндiгi үшiн металдың жылтырауына дейiн тазаланады;
      6) Жолаушылар вагонының қызмет мерзiмiн ұзарту мүмкiндiгiн анықтау үшiн тоттанудың нақты жылдамдығын анықтау қажет:
               Sном - Sф
      V коp = ------------,
               Т, мм/жыл

      мұнда: Sном - элементтiң номиналдық қалыңдығы, мм. тоттанумен зақымдалмаған орындарда элементтердi өлшеу нәтижелерi бойынша не альбомдық өлшемдер бойынша анықталады, бұл ретте альбомдық мөлшерлер оң жiберумен берiктiк қорына алынады;
      Sф - өлшеу нәтижелерi бойынша ЖЖҚ конструкциясы элементтерiнiң нақты қалыңдығы, мм;
      T - өлшеулер жүргiзу кезiнде ЖЖҚ қызмет мерзiмi, жыл.
      7) қалған қызмет мерзiмi мына Формула бойынша анықталады:

           Sф - Smin
      T = -----------
             V кор

      мұнда: Smin - берiктiлiк пен орнықтылық жағдайлары бойынша элементтiң ең аз мүмкiндiктi қалыңдығы 2-кесте бойынша қабылданады.
      8) Жолаушылар вагонының құрылымның тексерiлетiн элементтердiң атаулы мөлшерлерi туралы шүбасыз мәлiметтер болмаған кезде қалған қызмет мерзiмiн анықтау үшiн басшылыққа 3-кесте алынуы тиiс:
      12. Тексерiлiп отырған элементтер ластанған кезде болжамды ақаулықтар орындары қырнауыш немесе қырғышпен тазартылады.
      13. Жолаушылар вагонының өлшеу кезiнде мына құралдар пайдаланылады: металдан жасалған өлшеу сызғышы; металдан жасалған өлшеу рулеткасы; ультрадыбыстық қалыңдық өлшеуiш.
      14. Жолаушылар вагонының электр сымдарының жай-күйiн бағалау үшiн өлшем өрiстерi 4 МОм-нан кем емес мегометр немесе цифрлық мультиметр көмегiмен вагон iшiндегi және вагон астындағы электр тiзбегiнiң оқшаулау кедергiсi бақыланады.
      15. Жолаушылар вагонының оқшаулау кедергiсi кемiнде 2 МОм-ден болуы тиiс, ол генератор жұмыс iстемейтiн және аккумуляторлық батарея ажыратылған кезде өлшенедi.
      16. Тексеруге жататын жолаушылар вагонының тыйым салынатын сигналдармен қоршалады, ал тексеру бойынша жұмыстарды кем дегенде екi қызметкер жүргiзедi, оның бiреуi жапсарлас аймақ пен темiр жолдарды жеткiлiктi шолуды қамтамасыз ететiн және елеулi қауiптi уақтылы анықтауға, қалған қызметкерлердi ескертуге мүмкiндiк беретiн аймақта болады.

Жолаушылар вагондарының техникалық
жай-күйiн тексерудi жүргiзу  
әдiстемесiне 1-қосымша     

Буынның атауы

Элементтiң атауы

Шектi жай-күйiнiң немесе орындалмаудың сипаттамасы

1. Шанақ рамасы

1. Белдеулiк арқалық

Сызаттану жiберiлмейдi
Иiлiмi > 25 мм
Тоттануы > 15%

2. Шүберiндi арқалық

Сызаттану жiберiлмейдi
Иiлiмi > 15 мм
Тоттануы > 15%

3. Белдеулiк және шүберiндi бөлшектеу буыны

Сызаттану жiберiлмейдi
Иiлiмi > 200 мм
Тоттануы > 30%

4. Соңғы арқалық

Иiлiмi > 100 мм

5. Бүйiрдегi арқалық

Тоттануы > 30%
Иiлiмi > 25 мм

6. Аралық арқалық

Иiлiмi > 100 мм
Тоттануы > 30%
Иiлiмi > 15 мм

2. Бүйiрлiк қабырға

1. Қаңқа элементi

Қаптама бетiне шығатын,
сызаттама
Сызаттану > 30%

2. Қаптама

Сызаттану > 30%

3. Қақпақ

1. Қаңқа элементi

Қаптама бетiне шығатын,
сызаттама
Сызаттану > 30%

2. Қаптама

Сызаттану > 30%

4. Арбашық (жолаушылар арбашығы түрiне ғана)

1. Серiппегiш үстiндегi арқалық

сызаттану > 100 мм
тоттану > 30%
иiлiмi > 10 мм


2. Арқалық рамасы

Сызаттану жiберiлмейдi
Тоттану > 30%
Иiлiмi > 10 мм

Жолаушылар вагондарының техникалық
жай-күйiн тексерудi жүргiзу  
әдiстемесiне 2-қосымша     

№ п/п

Элементы конструкции

Толщина элемента (мм)

Номинальная

Минимально допустимая

1

Белдеулiк арқалық,
 

Консольдiк бөлiгi

Тiк қабырға

9,5  +0,4

-0,9

7,0

Сөрелер

13,5

-0,8

10,0

2

Белдеулiк арқалық

Тiк қабырға

+0,3

6,5

-0,7

4,5

Сөрелер

11

-0,7

8,0

3

Раманың бүйiрлiк орамасы  

Тiк қабырға

+0,5

6,5

-1,0

4,5

Сөрелер

-0,5

6,5

-1,0

4,5

4

Шүберiн       

Жоғарғы және төменгi парақ  

+0,3

10

-0,5

7,5

Сөрелер

0,3

10

-0,5

7,5

5

Аралық арқалық  

Тiк қабырға

+0,4

9,5

-0,9

7,0

Сөрелер

13,5

-0,8

10,5

6

Еден беттерi

2+/-0,1

1,5

7

Бүйiр қабырғаның төменгi белдеуiнiң беттерi    

2,5+/-0,1

2,0

Жолаушылар вагондарының техникалық
жай-күйiн тексерудi жүргiзу  
әдiстемесiне 3-қосымша     

Құрылым элементтерi

Тоттану жылдамдығы мм/жыл

Бүйiр қабырғаның еденi және терезе астындағы белдеу


- вагон ортасы (шүберiндi арқалықтар аралығы)

0,1

- консоль

0,2

- дәретхана аймағы

0,3

Вагонның жанындағы ұзына арқылы рамасы


- вагон орталығы

0,15

- консолi

0,25

- дәретхана өңiрi

0,3

Белдеулiк арқалық

0,1

Қаптал қабырғалар және аралық арқалық Арба рамасының бойлық және көлденең

0,15

Арқалықтар

0,1

Ceрiппегiш үстiндегi арқалық

0,1

Жүк және жолаушы вагондарының 
және тартқыш жылжымалы құрамның
қызмет мерзімдерін ұзарту     
қағидасына 5-қосымша      

      Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.09.28 № 587 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Үлгі

Тартқыш жылжымалы құрамын күрделі жөндеуден, техникалық қызмет көрсету (ТҚК-8, ТҚ-8) және жаңғыртудан кейін қабылдаудың № ____ актісі

20___ жылғы "__"___________ ______________________________________ қ.
Осы актi ____________________________________________________ тиесiлi
                   (иеленушi ұйымның толық атауы)
_____________________________________________________________________
(ТЖҚ-ның түрi, сериясы, нөмiрi) _______________________________ циклы бойынша күрделi (ҰКЖ-1 немесе ҰКЖ-2) жөндеуден кейiн қабылдау жүргiзiлгенi туралы жасалды. Объект зауыт жолдарында, стендтерде сынақтан өттi, магистралдық жолдарда жүргiзiп байқау жүргiзiлдi (жүргiзiлмедi).

Қорытынды:___________________________________________________________
(ТЖҚ атауы) күрделi жөндеуден кейiн қабылданды және пайдалануға ______________ жарамды (жарамсыз)) деп танылды және ___________________________________________ (пайдалану үшiн, жүргiзiп байқауға) тiркелу депосына жiберiлдi.

      Комиссия төрағасы: _____________________________
                            (Тегi, аты-жөнi, қолы)
      Комиссия мүшелерi: _____________________________
                            (Тегi, аты-жөнi, қолы)
                         _____________________________
                            (Тегi, аты-жөнi, қолы)
                         _____________________________
                            (Тегi, аты-жөнi, қолы)

Жүк және жолаушы вагондарының 
және тартқыш жылжымалы құрамның
қызмет мерзімдерін ұзарту     
қағидасына 6-қосымша      

Үлгі

Тартымдық жылжымалы құрамның қызмет
етуiнiң жаңа мерзiмiн тағайындау
жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу туралы
№ ___ АКТI

20___ жылғы "__"___________ ______________________________________ қ.
________________________________________________ жөндеу кәсiпорнында
          (жөндеу ұйымының атауы)
_____________________________________________________________ тиесiлi
        (иеленушi ұйымның толық атауы)
__________________________________________________________ тартымдық,
        (ТЖҚ-ның түрi, сериясы, нөмiрi)
мотор-вагондық, арнайы өздiгiнен жүретiн жылжымалы құрамда мынадай жұмыстар орындалды:

Р/с

Орындалған жұмыстардың тiзбесi N

Ескертпе

1

2

3

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
      Орындалған жұмыстардың негiзiнде ______________________ жылға
                                           (саны жазбаша)
_______________________________________________ жаңа тағайындалған
        (ТЖҚ-ның түрi, сериясы, нөмiрi)
қызмет ету мерзiмi белгiленедi.

      Жөндеу мекемесінің басшысы: _____________________________
                                      (Тегi, аты-жөнi, қолы)
      Жөндеу мекемесінің жұмыскерлері: _____________________________
                                         (Тегi, аты-жөнi, қолы)
                                       _____________________________
                                          (Тегi, аты-жөнi, қолы)
                                       _____________________________
                                          (Тегi, аты-жөнi, қолы)

Жүк және жолаушылар вагондарының 
және тартқыш жылжымалы құрамының 
қызмет мерзімдерін ұзарту қағидасына
7-қосымша              

      Ескерту. 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.09.28 № 587 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

КЖ, ТҚК-8, ТҚ-8 немесе жаңғыртудан өткен тартқыш жылжымалы құрамға белгіленген жаңа қызмет мерзімінің нормативтері

ТЖҚ, үлгісі мен сериясы

КЖ, ТҚ көрсетуден немесе жаңғыртудан өткен сәттен басталатын жаңа белгіленген қызмет ету мерзімі

Жөндеу немесе жаңғырту көлемі

1. Магистральдық тепловоздар

1.

Барлық түрлендірудегі ТЭ10

15

рельсмайлағыш етіп қайта жабдықтау

2.

Барлық түрлендірудегі, сондай-ақ жол машиналарымен және қар тазалағыштармен жұмыс істеу үшін рельсмайлағыш етіп қайта жабдықталған ТЭП70, ТЭ10

15

КЖ орындап, күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ауыстырып, дизель-генераторлық қондырғы мен қосымша жабдықтарды жаңасымен ауыстырып жаңғырту

7

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ауыстырып КЖ

6

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ішінара ауыстырып ТҚК-8

3

ТҚ-8

2. Маневрлік тепловоздар

1.

Барлық түрлендірудегі ЧМЭ, ТЭМ

15

КЖ орындап, күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ауыстырып, дизель-генераторлық қондырғы мен қосымша жабдықтарды жаңасымен ауыстырып жаңғырту

10

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ауыстырып КЖ

7

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ішінара ауыстырып ТҚК-8

3

ТҚ-8

3. Электровоздар

1.

Барлық түрлендірудегі ВЛ

20

КЖ орындап, негізгі тораптарды, электр жабдықтарды және аппарттарды аусытырып, элетр схемасын және басқару жүйесін жаңғыртып жаңғырту

15

рельсмайлағыш етіп қайта жабдықтау

7

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ауыстырып КЖ

6

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасына ішінара ауыстырып ТҚК-8

2.

Барлық түрлендірудегі, сондай-ақ рельсмайлағыш етіп қайта жабдықталған ВЛ

3

ТҚ-8

4. Электр поездар

1.

Барлық түрлендірудегі ЭР, ЭД

9

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасымен ауыстырып КЖ

7

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасымен ішінара ауыстырып ТҚК-8

5. Дизель поездар

1.

Барлық түрлендірудегі ДР

12

КЖ орындап, күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасымен ауыстырып, дизель-генераторлық қондырғы мен қосымша жабдықтарды жаңасымен ауыстырып жаңғырту

9

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасымен ауыстырып КЖ

7

күш қуатты және төмен вольтты электр сымдарын жаңасымен ішінара ауыстырып ТҚК-8