Жолаушылар жылжымалы құрамының қызмет мерзiмiн ұзартуды реттейтiн актiлердi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 136-І бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2292. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 26 ақпандағы № 93 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Грозный қаласында (Шешен Республикасы, Ресей Федерациясы) көп пәтерлік тұрғын үй салу түрінде Ресей Федерациясына ізгілік көмек көрсету туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі:
      1) Ресей Федерациясының Шешен Республикасындағы құрылыс рыногын зерделеу жөніндегі қажетті іс-шараларды жүргізсін;
      2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесіп, 2003 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде Ресей Федерациясына ізгілік көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы өкімнің 1-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген іс-шараларды жүргізу кезінде жәрдем көрсетсін.

      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.

      Премьер-Министр