"Жолаушылар жылжымалы құрамы қызметінің мерзімін ұзартуды реттейтін актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 136-І бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 353-І бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 23 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2630. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 26 ақпандағы № 93 бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.02.26 № 93 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының темір жол көлігінде жолаушылар поездары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:

      1. "Жолаушылар жылжымалы құрамы қызметінің мерзімін ұзартуды реттейтін актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 136-І бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жолаушылар жылжымалы құрамы және оларға теңестірілген үлгідегі вагондар қызметінің мерзімін ұзарту ережесінде:
      5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Техника-экономикалық есеп айырысу және ЖЖҚ қызметінің мерзімін ұзарту қажеттігі туралы негіздемені теңгерім ұстаушының өтініші негізінде ЖЖҚ қызметінің мерзімін ұзарту жөніндегі шешім қызметтің іс жүзіндегі мерзіміне байланысты ережеге сәйкес қабылданады, бұл ретте қызметтің сомалық мерзімі 5 жылға ұзартылуды есепке алумен 33 жылдан аспауы тиіс.
      Қызметтік вагондар және оларға теңестірілген үлгідегі вагондар бойынша қызмет мерзімін ұзарту туралы шешім Ережеге сәйкес, іс жүзіндегі қызмет мерзіміне қарамастан қабылданады.
      ЖЖҚ-на күрделі қалпына келтіру жөндеуді жұмыстарының (КҚЖ) жүргізу туралы комиссия шешімі бойынша нормативті бекітілген мерзімге қызмет мерзімін ұзарту 16 жыл мерзіміне жасалады.".

      2. Темір жол көлігі комитеті (Н.Т. Байдәулетов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

      Министр