Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағиданы бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2010 жылғы 12 наурыздағы № 27-12 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әділет басқармасында 2010 жылғы 16 сәуірде № 7-1-183 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары" Заңының 97 бабына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы Қағида" 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. 2 қосымшаға сәйкес Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Орал қалалық мәслихатының кезекті
      27-ші сессиясының төрағасы             В. П. Любавин
      Орал қалалық мәслихатының хатшысы      Ә. Қ. Истелюев

Орал қалалық мәслихатының
2010 жылғы 12 наурыздағы
№ 27-12 шешіміне 1 қосымша

Орал қаласында аз қамтамасыз етілген
отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы
Қағида

      1. Орал қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы осы Қағида (одан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне" сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
      кондоминиум объектісін басқару органы – кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй - жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге беріледі.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      4. Тұрғын үй көмегін коммуналдық қызметтің есептеу құралы бар алушыларға есептеу кезінде жоғарыда белгіленген тарифтер пен нормативтерден аспайтын санауыш көрсеткіштері бойынша нақты шығындар қолданады.
      5. Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
      6. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекітілген, әлеуметтiк қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттiк ақы тарифтерiнiң арттырылуына өтемақы төлеу Ережесiне сәйкес орындалады және қолданыстағы абоненттiк ақы мен 2004 жылғы қыркүйекте қолданылған абоненттік ақы арасындағы айырма, яғни, телекоммуникация қызметтеріне абоненттік ақыны өсірудің айырмасын есептеу арқылы анықталады.
      7. Коммуналдық қызметтердi тұтыну ақысы сомасының құрамына мыналар енедi: пайдалану шығындары, су, канализациямен қамтамасыз ету, газ, электр, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару, лифт пайдалану және телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақыны ұлғайту бөлiгiндегi байланыс қызметi.
      8. Тұрғын үйдi күтiп ұстау және коммуналдық қызметтi пайдалану шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысынан 15%, ал жалғызбасты және ерлi-зайыпты жұптар үшiн: зейнеткерлер, мүгедектер үшін ауыру себебіне қарамастан және оларды күтетiн азаматтарға, тұл жетiм балалар, ата-анасыз қалған балалармен бiрге тұратын қамқоршылар, күндіз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте, кәмелетке толмаған балалармен бiрге тұратын немесе үш жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған баласымен бiрге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, жасы жиырма үш жастан аспайтын күндіз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқитын тұлғалармен бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, жасы 50-ден асқан жұмыссыз әйелдер, жасы 55-тен асқан жұмыссыз ерлер үшiн 10% көлемiнде белгіленеді.
      9. Жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін, сонымен қатар жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық табысынан 30 % көлемінде белгіленеді.

2. Тұрғын үй көмегін отбасыларға
(азаматтарға) тағайындау тәртібі

      10. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      отбасының табысын растайтын құжаттар;
      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
      жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондиминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісін басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
      коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      11. Тұрғын жайда бірнеше меншік иелері тұрған жағдайда тұрғын үй көмегі алғашқы өтініш берген тұлғаға отбасы құрамындағы басқа меншік иелерін есепке алып, тағайындалады. Егер құжаттардың тізімі толық болмаса, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      12. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесi бойынша шарт және тұрғын үйдi күтiп ұстау және коммуналдық қызметтi тұтыну шығындары, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналар, отбасының (азаматтың) жалдау ақысы жөнiнде мәлiмет жасалады. Мәлiметтерде көмек тағайындау есебi көрсетiледі. Шарттың бiр данасы тұрғын жайдың меншік иесінде (жалдаушыда) сақталады. Шарттың үлгісі бөліммен белгіленеді. Шарт тұрғын үй көмегін беруге негiз болып табылады.
      13. Азаматтардың келесi санаттары үшiн өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын жай алаңының нормалары, пайдаланып отырған тұрғын жайдың бiр бiрлiгiнің нақты аумағына, бiрақ 64 шаршы метрден аспайтын болып: зейнеткерлер, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және соларға теңестiрiлген адамдарға, жалпы ауру бойынша мүгедектер және оларды күтетiн азаматтар, тұл жетiм балалар, ата-анасыз қалған балалармен бiрге тұратын қамқоршылар күндіз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан аспайтын шекте, кәмелетке толмаған балалармен бiрге тұратын немесе үш жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған баласымен бiрге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, жасы жиырма үш жастан аспайтын күндіз оқу нысанындағы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жүйеде, жоғары білім беру жүйесінде оқитын тұлғалармен бірге тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы, ал басқа санаттағы азаматтар үшiн тұрғын үй заңнамасымен белгіленген тұрғын жай алаңының нормасы шегiнде белгіленеді.
      14. Тұрғын үй көмегі жарты жылдық бойына алты ай мерзiмге, жарты жылдық алдындағы өткен тоқсандағы кіріс және шығыс бойынша, егер ағымдағы тоқсанда тарифтерде өзгерістер болса, онда ағымдағы тоқсан тариф бойынша тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындауға арналған құжаттары тіркелген арыздарды қабылдау жартыжылдықтың соңғы айының 18 күніне дейін жүргізіледі.
      Тұрғын үй көмегі жартыжылдық сайын тоқсандарға бөле отырып тағайындалады. Бiрiншi жартыжылдықта I-ші тоқсан - жылу беру мерзiмi, II-ші тоқсан – жазғы мерзiм, екiншi жартыжылдықта III-ші тоқсан – жазғы мерзiм, IV-ші тоқсан - жылу беру мерзiмi. Жаңа мерзiмге көмекті ресімдеу ресімдеудің алғашқы процедурасына ұқсас.
      15. Тұтынушы жылу энергиясын тұрғын жайдың 1 шаршы метрiн жылумен қамтудың өзiндiк құны табиғи монополиялар субъектілері үшін белгiленген тарифтерден жоғары жылу көздерiнен алатын болса, уәкілетті орган өзiнiң есеп шотына түскен есептерге және тұрғындардың тіркелген тізіміне сәйкес қамтамасыз етушi мекемеге айырманы төлейдi. Жылумен қамтамасыз ететін сомманың айырмасы қызмет көрсетушінің есеп шотына содан кейінгі аударылыммен тұрғындардың жеке есеп шотына аударылады.
      16. Отбасының (азаматтың) тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтердi төлеуге арналған шекті жол берілетін шығыстар үлесі, отбасының табысы, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық қызметтің тарифтерi мен ставкалары өзгерген жағдайда алдыңғы тағайындауда уақытылы ескерілмеген табыстарды уәкілетті орган бұрын тағайындалған көмекті қайта есептейдi.
      17. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегiн тағайындауға қатысы бар қандай да болмасын өзгерiстер жөнiнде 10 күн мерзiм ішінде (отбасы құрамы, бюджетi, жылжымайтын мүлiк алуы және тағы басқа), сондай-ақ көмекті қате есептеу жайттары жөнiнде уәкілетті органға хабарлауға мiндеттi. Уәкілетті органға қасақана қате мәлiметтер бергендiгi салдарынан заңсыз көмек тағайындалып, тағайындалған көмек деңгейi заңсыз көтермеленген болса, меншiк иесіне (жалдаушыға) тұрғын жай көмегі бiр жылғы мерзімге дейін берілмеуі мүмкін, ал заңсыз түрде алынған тұрғын жай көмегі түріндегі сомалар ерікті түрде жергілікті бюджетке, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен қайтарылады.
      18. Уәкілетті органның қызметкері арыз иесiнiң тұрғылықты жеріне баруға құқылы.
      19. Тұрғын үй көмегі жылу беру мерзімі кезінде орталық жылуға қосылмаған және жылы сумен қамтамасыз етілмеген, пәтерді жылыту автономды жылыту құрылғысымен жүзеге асырылатын үйлердің меншік иелеріне тағайындалады. Бұл жерде электрқуатына төленетін соманы тұрғын жай ауданының нормасына және есептегі мерзімде қызмет көрсетушінің тарифіне сәйкес жылу мен ыстық су төлеміне баламалы сомамен есептейді.
      20. Жеке меншiгiнде бiр тұрғын жай бiрлiгiнен артық тұрғын жайы немесе тұрғын жайын жалға немесе жартылай жалға берген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды. 3 жасқа дейiнгi баланы тәрбиелеп отырған, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаларды, сонымен қатар емдеу мекемелерінде есепте тұрған психикалық аурулармен ауыратындар және уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы барларды қоспағанда, еңбекке жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскери қызмет атқармайтын және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген отбасы мүшелері бар отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі берілмеуі мүмкін.
      Жұмыссыз ретінде белгіленген тәртіппен тіркелген тұлғаларға тұрғын үй көмегі жұмыссыз мәртебесі берілген айдан бастап тағайындалады.

3. Отбасының жиынтық табысын анықтау тәртібі

      21. Отбасының жиынтық табысын есептеу барысында өтініш білдірген кездегі отбасы құрамының табысы ескеріледі. Тұрғын үй көмегін тағайындау отбасы құрамынан нақты тіркеуден шыққан айдан бастап тағайындалады.
      22. Есептелген кезеңде бір тоқсаннан артық төлеуге тиісті біржолғы табыс алынғанда, жиынтық табыста алынған табыстың барлық сомасы есептеледі.
      23. Отбасының жиынтық табысын есептеу барысында:
      1) тұрғын үй көмегі;
      2) жерлеуге берiлетiн бiржолғы жәрдемақы;
      3) төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығы мен мүлкіне келген залалдың орнын толтыру;
      4) бала туғанда берiлетiн бiржолғы мемлекеттiк жәрдемақы.
      24. Отбасының жиынтық табысы алиментті қоспай есептеледі, егер төлеуші мына жағдайда:
      1) жұмыс істемейді және уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген (анықтама ұсынған кезде);
      2) бас бостандығынан айыратын орындарда немесе уақытша ұстау изоляторында отырса (сот орындаушысынан немесе түзету мекемесінен балаларға арналған алименттер бас бостандығынан айыратын орындарда немесе уақытша ұстау изоляторында болған кезең көрсетіліп аударылмайтыны жөнінде анықтама ұсынған кезде);
      3) туберкулез, психоневрологиялық, онкологиялық диспансерлерде (емдеу мекемесінде), еңбек-сауықтыру орнында (тиісті медициналық ұйымдардан анықтама ұсынған кезде) есепте тұрған немесе емделіп жатса;
      4) әділет органдары беретін Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеуден шығарылғанын растайтын анықтама негізінде, Қазақстан Республикасының тиісті келісімі жоқ мемлекетке тұрақты тұруға кетсе;
      5) Наркологиялық диспансердің анықтамасымен немесе учаскелік комиссияның қорытындысымен расталатын, спиртті ішімдіктер, есірткі заттарды шектен тыс пайдалануына байланысты балаларды және басқа да асырауындағыларды асыраудан бас тартса.
      25. Отбасының (азаматтың) бюджетiне (табыс) еңбекақы төлеу,кәсiпкерлiк қызмет, мүлiктiк табысы түріндегі барлық отбасы мүшелерiнiң, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес зейнетақысы балалар мен басқа асырауындағыларға алынатын алименттер, ақшалай және заттай түрiндегі ұтыстар, жеке қосалқы шаруашылығынан түскен нақты табыстары, мұрагерліктен алынған ақшалай қаражат және осы Қағиданың 23 тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, басқа да әлеуметтiк көмек түрлерi.
      26. Отбасының жиынтық табысы болмаған жағдайда, тұрғын үй көмегі жұмысқа қабілетті әр отбасы мүшесінің күнкөріс деңгейіне қарай есептеледі.

4. Тұрғын үй көмегін төлеу

      27. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу тұрғын үй көмегін көрсетуге көзделген бюджеттік қаражат есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы арызда көрсетілген тұрғын үй көмегін алушылардың жеке есеп шотына уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
      Келесі жартыжылдықта тұрғын үйді ұстауға (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) коммуналдық қызметті қызметтерді пайдаланғаны үшін, күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарды, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына тағайындалған сомалардың төленгені жөнінде түбіртекті ұсынады.
      28. Төленбеген немесе жартылай төлеген жағдайда, тұрғын үй көмегі, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналардың шығындарын төлеуге арналған көмек, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына тағайындалған өткен кезеңдегі сомаларды бекіткен құжат (түбіртек) болмаса, келесі кезеңде отбасының (азаматтың) жоғарыда көрсетілген көмектер берілмеуі мүмкін.
      Тағайындалған тұрғын үй көмегі жартыжылдыққа төленеді.
      29. Тұрғын үй көмегінің мөлшерi тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтердi пайдалану үшiн, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналардың шығындарын төлеуге, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы белгiленген нормаларға сәйкес нақты есептелген соммадан аспауы қажет.
      30. Жыл сайын уәкілетті органмен тұрғын үй көмегiн қаржыландыруға бюджеттiк сұраным дайындалып, Орал қалалық мәслихатының сессиясында бекiтiледi. Орал қаласының қаржы бөлiмi ақшалай қаражаттарды ай сайын уәкілетті органға аударады. Тұрғын үй көмегі бөлiмi ай сайын берілген соммасы көрсетілген тұрғын үй көмегінің тағайындалғаны және төленгені жөнінде ақпаратты мәлімет үшiн Орал қаласының қаржы бөлiмiне ұсынып отырады.
      31. Тұрғын үй көмегін тағайындау барысында туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер заңда белгіленген тәртіппен шешiледi.

Орал қалалық мәслихатының
2010 жылғы 12 наурыздағы
№ 27-12 шешіміне 2 қосымша

Орал қалалық мәслихатының күші
жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 5 сәуірдегі № 43-6 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Қағиданы" бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-67 тіркелген, 2007 жылғы 3 мамырдағы "Жайық үні" газетінде № 18 және 2007 жылғы 17 мамырдағы "Пульс города" газетінде № 20 жарияланған).
      2. Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 47-9 "Орал қалалық мәслихатының "2007 жылғы 5 сәуірдегі № 43-6 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Қағиданы" бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-73 тіркелген, 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "Жайық үні" газетінде № 50 және 2007 жылғы 13 желтоқсандағы "Пульс города" газетінде № 50 жарияланған).
      3. Орал қалалық мәслихатының 2008 жылғы 2 шілдедегі № 9-15 "Орал қалалық мәслихатының "2007 жылғы 5 сәуірдегі № 43-6 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Қағиданы" бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-107 тіркелген, 2008 жылғы 24 шілдедегі "Жайық үні" газетінде № 30 және 2008 жылғы 31 шілдедегі "Пульс города" газетінде № 31 жарияланған).
      4. Орал қалалық мәслихатының 2008 жылғы 29 қыркүйектегі № 11-19 "Орал қалалық мәслихатының "2007 жылғы 5 сәуірдегі № 43-6 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Қағиданы" бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-115 тіркелген, 2008 жылғы 9 қазандағы "Жайық үні" газетінде № 41 және 2008 жылғы 9 қазандағы "Пульс города" газетінде № 41 жарияланған).
      5. Орал қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы № 15-11 "Орал қалалық мәслихатының "2007 жылғы 5 сәуірдегі № 43-6 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Қағиданы" бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-137 тіркелген, 2009 жылғы 7 мамырдағы "Жайық үні" газетінде № 19 және 2009 жылғы 7 мамырдағы "Пульс города" газетінде № 19 жарияланған).
      6. Орал қалалық мәслихатының 2009 жылғы 8 қазандағы № 21-11 "Орал қалалық мәслихатының "2007 жылғы 5 сәуірдегі № 43-6 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Қағиданы" бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-1-156 тіркелген, 2009 жылғы 19 қарашадағы "Жайық үні" газетінде № 47 және 2009 жылғы 19 қарашадағы "Пульс города" газетінде № 47 жарияланған).