Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 5 сәуірдегі N 43-6 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Ережені" бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы мәслихаттың 2008 жылғы 29 қыркүйектегі N 11-19 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 1 қазанда N 7-1-115 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 12 наурыздағы N 27-12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметті" дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1155-1 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметті" дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметті" дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 8-бөлімде:
      "Электрондық үкіметті" дамытудың нормативтік құқықтық базасын қамтамасыз ету" деген 6-кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 5-жолдың "Орындалу мерзімі" деген бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "2009 жылғы желтоқсан".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов