Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 5 сәуірдегі N 43-6 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Ережені" бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы мәслихатының 2008 жылғы 2 шілдедегі N 9-15 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 22 шілдеде N 7-7-107 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 12 наурыздағы N 27-12 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2010.03.12 N 27-12 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 28-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6, 7-баптарына сәйкес Орал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Орал қалалық мәслихатының "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Ережені" бекіту туралы" 2007 жылғы 5 сәуірдегі N 43-6 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 24 сәуірдегі N 7-1-67 нөмермен тіркелген, "Жайық үні" газетінің 2007 жылғы 3 мамырдағы N 18, "Пульс города" газетінің 2007 жылғы 17 мамырдағы N 20 жарияланған), Орал қалалық мәслихатының 2007 жылғы 16 шілдедегі N 47-9 "Орал қалалық мәслихатының "2007 жылғы 5 сәуірдегі N 43-6 "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Ережені" бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 31 шілдеде N 7-1-73 нөмермен тіркелген, "Жайық үні" газетінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 50, "Пульс города" газетінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 50 жарияланған) шешімімен енгізілген толықтыруларды ескере отырып, шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Ереженің" 4-тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Орал қалалық мәслихатының кезекті
      9-сессиясының төрайымы
      Орал қалалық мәслихатының хатшысы