Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Глубокое аудандық әділет басқармасында 2010 жылғы 09 қыркүйекте N 5-9-135 тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін беру Ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес Глубокое аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Глубокое аудандық мәслихатының 2012.11.20 № 10/4-V (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      1. Қосымша беріліп отырған аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі бекітілсін.
      2. Күштері жойылды деп танылсын:
      Глубокое аудандық мәслихатының «Аз қамтылған азаматтарға (отбасыларына) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 24 маусымдағы № 16/10-ІV шешімі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-108 болып тіркелген, 2009 жылғы 31 шілдедегі № 5 «Ақ бұлақ», 2009 жылғы 31 шілдедегі № 31 «Огни Прииртышья» газеттерінде жарияланған;
      Глубокое аудандық мәслихатының «Аз қамтылған азаматтарға (отбасыларына) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 24 маусымдағы № 16/10-ІV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 21 қазандағы № 18/10-ІV шешімі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-115 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 қарашадағы № 21 «Ақ бұлақ», 2009 жылғы 20 қарашадағы № 47 «Огни Прииртышья» газеттерінде жарияланған;
      Глубокое аудандық мәслихатының «Аз қамтылған азаматтарға (отбасыларына) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 24 маусымдағы № 16/10-ІV шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 23/7-ІV шешімі, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-9-130 болып тіркелген, 2010 жылғы 21 мамырдағы № 21 «Ақ бұлақ», 2010 жылғы 21 мамырдағы № 22 «Огни Прииртышья» газеттерінде жарияланған.
      3. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы                        Б. Сивко

      Глубокое аудандық
      мәслихатының хатшысы                   А. Брагинец

Глубокое аудандық мәслихатының  
2010 жылғы 30 шілдедегі № 25/11-ІV
шешімімен бекітілген       

Аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету
Ережесі

      Осы аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесі (бұдан әрі – Ереже) аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібін белгілейді.
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Глубокое аудандық мәслихатының 2012.11.20 № 10/4-V (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
      3) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      4) уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Глубокое аудандық мәслихатының 2012.03.14 № 4/15-V (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету көлемі мен тәртібі

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақтың 4-тармақшасы 2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі (2012.11.20 N 10/4-V шешімінің 2-т. қараңыз).
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
      4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
      Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Глубокое аудандық мәслихатының 2012.11.20 № 10/4-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) шешімімен.
      3. Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Глубокое аудандық мәслихатының 2012.11.20 № 10/4-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) шешімімен.
      5. Тұрғын үй көмегінің есебіне кіретін коммуналдық қызмет тұтыну нормалары келесі көлемдерде белгіленеді:
      1) тұрғын үйдің пайдалы ауданының нормалары:
      бір адам үшін – 15 шаршы метр;
      жалғыз басты тұратын адамдарға – 30 шаршы метр;
      бес және одан да көп адамнан тұратын отбасы үшін, 75 шаршы метрден аспауы тиіс;
      2) газды тұтыну нормасы:
      бір адамға - 5,5 килограмм;
      3) электр қуатын тұтыну нормасы:
      бір адамға – 90 кВт;
      4) көмір тұтыну нормасы:
      тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының бір шаршы метріне - 129,8 килограмм, бірақ бір үйге 5000 килограмнан аспауы тиіс.
      Ескерту. 5 тармақ жаңа редакцияда - Глубокое аудандық мәслихатының 2010.12.29 № 28/11-IV (бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      6. Шығындардың рұқсат етілетін үлесі отбасының жиынтық табысының 15 пайызы көлемінде анықталады.
      Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Глубокое аудандық мәслихатының 2012.03.14 № 4/15-V (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      7. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Ескерту. 7 тармақ жаңа редакцияда - Глубокое аудандық мәслихатының 2012.11.20 № 10/4-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      8-тармақтың 9-тармақшасы 2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі (2012.11.20 N 10/4-V шешімінің 2-т. қараңыз).
      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға немесе Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының Глубокое бөліміне өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
      5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
      6) коммуналды қ қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
      7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттардың көшірмесі;
      8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
      9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.
      Ескерту. 8 тармақ жаңа редакцияда - Глубокое аудандық мәслихатының 2012.11.20 № 10/4-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) шешімімен.
      9. Тұрғын үй көмегі тағайындалмайды:
      жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтерлері, үйлері) бар немесе тұрғын үй ғимаратын жалға (жалдауға) берген тұлғаларға;
      ата-аналары айырылысып, бірге тұратын балаларға алимент өндіріп алу туралы арыз бермеген отбасыларына;
      жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішіне 50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан), І-ші, ІІ-ші топтағы мүгедектерді күтетіндер, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды күтетіндер, 80 жастан асқандар немесе 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар кірмейді;
      белгісіз себептермен уәкілетті органдардың ұсынған жұмысқа орналастырудан бас тартқан, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмыстан, кәсіптік даярлаудан, қайта оқытудан, біліктілікті жетілдіруден, өз еркімен осы жұмыстар мен оқудан кеткен жұмыссыздарға.
      10. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына (азаматтарға), қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
      11. Тұрғын үй көмегін тағайындау оны алуға жүгінген айдан бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейінгі мерзімде іске асырылады. Жүгінген ай арыз бен қосымша құжаттар берген ай болып есептеледі.
      12. 12 тармақ алынып тасталды - Глубокое аудандық мәслихатының 2012.03.14 № 4/15-V (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      13. 13 тармақ алынып тасталды - Глубокое аудандық мәслихатының 2012.03.14 № 4/15-V (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен. 
      14. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) орталық жылу беру жүйесіне қосылмаған, үйді жылыту басқа да құралдардың көмегімен іске асырылатын пәтердегі тұратындарға беріледі. Осы жағдайда электр қуатының төлемін шығын нормасына және көмірдің бағасына және электр қуатының шығын нормасына, әлеуметтік нормаларға сәйкес эквивалентті есептеледі.
      15. Тұрғын үй көмегі пешпен жылытылатын жеке үйлерде тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) жылына бір рет беріледі, ондағы отынның шығын мөлшері жүгінген тоқсанның үш айына біржолы есептеледі.
      16. Бір тұрғын үйде бірнеше жекеменшік иесі болған жағдайда тұрғын үй көмегі осы мекенжай бойынша тіркелген жекеменшік иесіне тағайындалады. Егер де осы мекенжай бойынша бірнеше жекеменшік иесі (отбасылары) тіркелген жағдайда, тұрғын үй көмегі жүгінуіне қарай әр отбасының алатын ауданына пропорционалды түрде әр жекеменшік иесіне (отбасына) тағайындалады.
      17. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган есептейді.
      Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
      Ескерту. 17 тармақ жаңа редакцияда - Глубокое аудандық мәслихатының 2012.03.14 № 4/15-V (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      18. 18 тармақ алынып тасталды - Глубокое аудандық мәслихатының 2012.03.14 № 4/15-V (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен. 
      19. 19 тармақ алынып тасталды - Глубокое аудандық мәслихатының 2012.03.14 № 4/15-V (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен. 
      20. 20 тармақ алынып тасталды - Глубокое аудандық мәслихатының 2012.03.14 № 4/15-V (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен. 
      21. 21 тармақ алынып тасталды - Глубокое аудандық мәслихатының 2012.03.14 № 4/15-V (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      22. 22 тармақ алынып тасталды - Глубокое аудандық мәслихатының 2012.03.14 № 4/15-V (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      23. 23 тармақ алынып тасталды - Глубокое аудандық мәслихатының 2012.11.20 № 10/4-V (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      24. Тұрғын-үй көмегін беру үшін уәкілетті органның шешімі (Ереженің 3 қосымшасы) негіз болып табылады.
      25. Тұрғын үй көмегін алушылар уәкілетті органды тұрғын үй көмегінің мөлшерін өзгерту үшін негіз болатын немесе оны алуға құқық беретін мән-жайлар туралы он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
      Ескерту. 25 тармақ жаңа редакцияда - Глубокое аудандық мәслихатының 2012.11.20 № 10/4-V (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      26. Өтініш беруші ұсынған мәліметтің дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады. Уәкілетті органға әдейі жалған мәлімет беріп, артық немесе негізсіз тұрғын үй көмегі тағайындалған меншік иесі (жалға алушы) алған соманы заңнамада бекітілген тәртіпте қайтарады.

3. Тұрғын-үй көмегін төлеу

      27. Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын-үй көмегін төлеуді уәкілетті органдар екінші деңгейдегі банк арқылы жүзеге асырады.

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне  
1 қосымша               

ӨТІНІШ 1. ОТБАСЫ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТТЕР

Отбасы иесінің аты-жөні_____________________________________

Мекенжайы___________________________________________________

Үй телефоны ________________ Жұмыс телефоны ________________

Төлқұжат (жеке куәлік) №_____________ берілген _____________

СТН ____________________

2. ТҰРҒЫН ҮЙ ТИПІ, ТҰРҒЫН ҮЙ МЕНШІГІНІҢ НЫСАНЫ

Жекешелендіру келісімшарты № _______________________________

Тұрғын үй ғимаратына ордер № _______________________________

Сату-сатып алу келісімшарты № ______________________________

Сыйға тарту келісімшарты № _________________________________

Жалдау (жалға беру) келісімшарты ___________________________

Жекеменшік тұрғын үйінің басқа түрі ________________________

Тұрғын үйдің жалпы ауданы ____ Бөлме саны ____ Тіркелген адам
____

3. ОТБАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

№ р/с Аты - жөні Отбасының иесіне қатынасы Туған жылы Табыс Ескерту
Көзі Сомасы






































































Барлығы ________________________________________________________

4. ШАҒЫЛҒАН КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ

№ р/н Коммуналдық қызметтің атауы Айлар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

Жылу беру













2

Ыстық су













3

Суық су













4

Қоқыс













5

Кәріз













6

Электр қуаты













7

Телефон













8

Күрделі жөндеу және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинауға жарналар














Барлығы













5. ОТБАСЫН ЕСКЕРТУ

      1. Отбасына (азаматқа) тұрғын үй көмегін көрсету мынадай жағдайда тоқтатылады:
      а) отбасына артық немесе негізсіз тұрғын үй көмегін көрсету тағайындауда қате мәліметтер берілгенде;
      б) тұрғын үй көмегін есептеу үшін берілген ақпараттағы кез келген өзгерістер туындағаны туралы уәкілеттік органдарға уақтылы хабарламағанда;
      в) қызметтердің ақысын уақтылы төлемеген кезде.
      2. Жекеменшік иесінің (жалдаушының) кінәсінен артық немесе негізсіз тұрғын үй көмегі тағайындалған жағдайда, алынған соманы заңнамада белгіленген тәртіпте қайтарады.

      Екінші үйім (пәтерім)жоқ _____________
                                (бар/ жоқ)

Отбасы өкілдерінің қолы               Маманның қолы

____________________________    __________________________

Мерзімі «___» ________20___ ж Мерзімі «___» _______20__ ж

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне  
2 қосымша               

      Ескерту. 2 қосымша алынып тасталды - Глубокое аудандық мәслихатының 2012.03.14 № 4/15-V (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіне  
3 қосымша                 

Тұрғын үй көмегін тағайындау көлемі туралы
(немесе тағайындаудан бас тарту туралы) ШЕШІМ № ___________

Істің № ______ 20___ жылғы «____»_____________

1. Аз қамтылған азаматтарға (отбасыларына) тұрғын үй көмегін
көрсету Ережесіне сәйкес тағайындалсын

ТЕГІ _______________________________________________________

АТЫ_________________________________________________________

ӘКЕСІНІҢ АТЫ _______________________________________________

Туған уақыты ____________ жынысы (ер/әйел)  ________________

Мекенжайы __________________________________________________

Жеке куәлігі _______________________________________________

Кім берген _________________________________________________

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі _____________________________

Отбасы мүшесінің саны ______________________________ адам

Жүгінген мерзімі 20___ жылы «____» _____________________

Төлемге тұрғын үй көмегінің көлемі

«___»___________ жылдан «___»________ жылға дейін сомасында 

____________________________________________________________

____________________________________________________________
                      (санмен және жазумен)

Қызмет көрсететін банктегі жеке есепшоты № _________________

2. Тұрғын үй көмегін беруден бас тарту______________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________
                      (себебін түсіндіру)


Глубокое ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы ________________ Аты-жөні
 

Глубокое ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің маманы ________________ Аты-жөні