Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 387-бабына сәйкес Отырар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2010.12.24 N 36/237-IV (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады) шешімімен.
2. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 382 бабының 2 тармақшасында көрсетілген «Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкалары (елді мекендер үшін)» 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метрі үшін 0,20 теңгеге төмендетілсін.
3. «Жер салығының базалық ставкаларына түзету енгізу туралы» Отырар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 20 шілдедегі № 21/132-ІV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-9-90 нөмірімен тіркелген, «Отырар алқабы» газетінде 28.08.2009 жылы № 70-71 санында жарияланған) шешімнің күші жойылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Ә.Құртаев
Аудандық мәслихаттың хатшысы Ә.Махатай