Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 26/172-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 қаңтарда N 14-9-95 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 387-бабына сәйкес Отырар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 378, 379, 381, 383 баптарында белгіленген, автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөлуге шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкалары 50 процентке жоғарылатылсын.
      2. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 382 бабының 2 тармақшасында көрсетілген «Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкалары (елді мекендер үшін)» 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метрі үшін 0,20 теңгеге төмендетілсін.
      3. «Жер салығының базалық ставкаларына түзету енгізу туралы» Отырар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 20 шілдедегі № 21/132-ІV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-9-90 нөмірімен тіркелген, «Отырар алқабы» газетінде 28.08.2009 жылы № 70-71 санында жарияланған) шешімнің күші жойылсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Ә.Құртаев     

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Ә.Махатай