Жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 26/172-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 қаңтарда N 14-9-95 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2012 жылғы 07 тамыздағы № 5/39-V Шешімімен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2012.08.07 № 5/39-V Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 387-бабына сәйкес Отырар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына және казиноға бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 378379381383-баптарында белгіленген жер салығының базалық ставкалары 50 пайызға жоғарылатылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2010.12.24 N 36/237-IV (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады) шешімімен.
      2. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 382 бабының 2 тармақшасында көрсетілген «Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкалары (елді мекендер үшін)» 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метрі үшін 0,20 теңгеге төмендетілсін.
      3. «Жер салығының базалық ставкаларына түзету енгізу туралы» Отырар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 20 шілдедегі № 21/132-ІV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-9-90 нөмірімен тіркелген, «Отырар алқабы» газетінде 28.08.2009 жылы № 70-71 санында жарияланған) шешімнің күші жойылсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     Ә.Құртаев     

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Ә.Махатай