Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 116-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Есеп саясаты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есептің, аудиторлық қызметтің әдістемесі департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Министр | Б. Жәмішев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығымен бекітілген |
Есеп саясаты
Ескерту. Есеп саясаты жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.03.2021 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Есеп саясаты Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Бухгалтерлік есепке алу қағидалары) сәйкес әзірленген.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 № 1342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Есеп саясаты мемлекеттік мекемелерде қаржы есептілігін құрастырғанда және ұсынғанда қолданылатын, барлық мемлекеттік мекемелерге бірыңғай болып табылатын принциптерді, негіздерді, ережелерді, қағидалар мен практиканы қамтиды.
2-тарау. Бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігін жасаудың принциптері мен негізгі сапалық сипаттамасы
3. Есептеу және қызметтің үздіксіздігі бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржы есептілігін жасаудың принциптері болып табылады.
4. Есептеу принципі төлем уақытына қарамастан, оларды жасау фактісі бойынша операция қорытындыларын танумен қамтамасыз етіледі.
5. Қызметтің үздіксіздік принципі мемлекеттік мекеме көз жетерлік болашақта жұмыс істеуге ниеті бар екенін, қызмет ауқымын тарату немесе елеулі қысқарту қажеттігі болмайтындығын білдіреді.
6. Қаржылық есептіліктің негізгі сапалық сипаттамалары түсініктілік, орындылық, сенімділік, салыстырмалылық және уақтылық болып табылады.
Түсініктілік-қаржылық есептілікте ұсынылатын ақпарат пайдаланушыларға түсінікті.
Орындылық-Ақпарат шешім қабылдайтын пайдаланушылар үшін орынды және оларға оқиғаларды бағалауға, олардың өткен бағаларын растауға немесе түзетуге көмектеседі.
Сенімділік-пайдаланушылар ақпаратқа шыншыл ретінде сене алатын елеулі қателер мен бұрмаланулардың болмауы.
Салыстырмалылық-әртүрлі кезеңдердегі және әртүрлі мемлекеттік мекемелердегі ақпаратты салыстыру мүмкіндігі. Осындай операциялардың қаржылық нәтижелері барлық мемлекеттік мекемелер үшін бірыңғай әдістеме бойынша есептеледі.
3-тарау. Қаржылық есептілік элементтері мен оларды тану
7. Активтер, міндеттемелер және таза активтер/капитал қаржы жағдайын бағалауға байланысты қаржылық есептілік элементтері болып табылады.
Активтерге өткен оқиғалар нәтижесінде мемлекеттік мекеменің бақылауындағы ресурстар жатқызылады, олардан болашақта экономикалық пайда немесе сервистік әлеует күтіледі.
Мемлекеттік мекеменің реттелуі экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті қамтитын ресурстардың шығып қалуына әкеп соқтыратын өткен оқиғалардан туындайтын елеулі міндеті міндеттеме болып табылады.
Барлық міндеттемелерді алып тастағаннан кейін қалатын активтердегі үлес таза активтер/капитал болып табылады.
8. Кірістер мен шығыстар қаржы қызметінің қорытындылары туралы есепте қызмет нәтижелерінің өлшемдеріне тікелей байланысты элементтері болып табылады.
Активтердің қосылуы немесе өсімі нысанында есепті кезең ішінде экономикалық пайданың немесе сервистік әлеуеттің өсуі немесе капиталға қатысатын тұлғалардың жарналарына байланысты өсуден өзгеше таза активтердің/капиталдың өсуіне әкеп соғатын міндеттемелердің азаюы кірістер болып табылады.
Активтердің азаюы немесе кетуі түрінде есепті кезең ішінде экономикалық пайданың немесе сервистік әлеуеттің азаюы немесе капиталға қатысатын тұлғалардың арасында бөлінуге байланысты азаюдан өзгеше таза активтердің/капиталдың азаюына әкелетін міндеттемелердің пайда болуы шығыстар болып табылады.
9. Қаржы есептілігі элементтерінің анықтамасына жауап беретін бап, егер:
1) бапқа байланысты кез келген болашақтағы экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті мемлекеттік мекеме алады деген ықтималдық болса;
2) сатып алуға арналған нақты шығындар немесе объектінің құны сенімді түрде өлшене алатын болса актив ретінде танылады.
Қаржылық есептілік элементінің анықтамасына жауап беретін бап, егер:
1) субъектінің өткен оқиғаның нәтижесінде қазіргі міндеттемелері бар болса;
2) міндеттемені өтеу үшін өзінде экономикалық пайданы немесе сервистік әлеуетті қамтитын ресурстарды шығару талап етіледі деген ықтималдық бар болса;
3) міндеттемені сенімді айқындау мүмкін болса, міндеттеме ретінде танылады.
10. Актив келесі кез келген критерийлерге сәйкес келген жағдайда айналымды ретінде жіктеледі:
1) оның өткізілуі немесе сатылуы немесе қалыпты операциялық топтама барысында тұтыну үшін болжанады;
2) ол негізінен сауда мақсатына арналған;
3) есепті күннен кейінгі 12 ай ішінде оны сату болжанады;
4) есепті күннен кейінгі ең болмағанда 12 айға оны айырбастауға немесе міндеттеме бойынша есептеу үшін қолдануға тыйым салынбаса, бұл ақшалай қаражаттар немесе ақша баламалары.
Өзге активтер ұзақ мерзімді ретінде жіктеледі.
11. Міндеттеме мына критерийлердің кез келгенін қанағаттандырғанда, қысқа мерзімді ретінде:
1) оны өтеу қалыпты операциялық цикл шегінде жүргізу болжанған болса;
2) негізінен сауда мақсатына арналған болса;
3) есеп мерзімінен кейін 12 ай ішінде өтелуі;
4) мемлекеттік мекеме есепті күннен кейінгі ең болмағанда, 12 айға міндеттемені өтеуді кейінге қалдырудың шартсыз құқығына ие болса жіктеледі.
Өзге активтер ұзақ мерзімді ретінде жіктеледі.
12. Есепті жылдың соңында ұзақ мерзімді берешек ұзақ мерзімді берешектің қысқа мерзімді (ағымдағы) бөлігін бөліп шығару мақсатымен қайта қаралады.
4-тарау. Қаржылық есептілік
13. Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілікті жасауы және ұсынуы "Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15594 болып тіркелген) бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасауы және ұсынуы "Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 640 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14624 болып тіркелген) Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi мен бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 № 1342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Жылдық қаржылық есептілік үшін есепті кезең қаржы жылы болып табылады.
Қайта құрылған мемлекеттік мекеме үшін бірінші есептілік жыл оның мемлекеттік тіркеу кезінен сол жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы кезден басталады.
Жылдық қаржылық есептілік ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жасалады. Жарты жылдық қаржылық есептілік ағымдағы қаржы жылының 30 маусымдағы жағдай бойынша жасалады.
Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ұсынылады.
5-тарау. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
15. Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу тәртібі "Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 281 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6314 болып тіркелген) бекітілген Бухгалтерлік есепке алу қағидаларына және Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу шоттарының жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 № 1342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісім бойынша өз жүйесінің мемлекеттік мекемелерінде олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып және мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізуді және осы есеп саясатын сақтай отырып, бухгалтерлік есеп жөніндегі жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар беруі мүмкін.
Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есепті Бухгалтерлік есеп қағидаларына сәйкес бухгалтерлік есептің мемориалдық-ордерлік нысаны бойынша жүзеге асырады.
6-тарау. Ақша қаражаттары мен олардың баламалары
17. Мемлекеттік мекемелермен ақшалай қаражаттарды қолдану қатаң мақсатты тағайындау бойынша жүзеге асырылады. Ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанының аяғына дейінгі мерзімді қоса алғандағы қолданылмаған жоспарлы тағайындаулардың қалдықтары жойылады. Мемлекеттік мекеме тура әдісті қолдана отырып, қаржыландыру көздері бойынша мемлекеттік мекеменің ақшалай қозғалысы туралы есепте операциялық қызметтен ақшалай қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді ұсынады.
18. Мемлекеттік мекемеде ақша қаражатын және олардың баламаларын есепке алу тәртібі Бухгалтерлік есеп қағидаларының "Ақша қаражатын және олардың баламаларын есепке алу тәртібі" 4-тарауында анықталған.
7-тарау. Қаржы инвестициялары
19. Қаржылық инвестициялар (квазимемлекеттік сектор субъектілеріне инвестициялардан басқа) бастапқы танылған кезде қаржылық нәтиже арқылы әділ құны бойынша есепке алынбайтын қаржылық актив жағдайында осы қаржылық активті сатып алумен тікелей байланысты мәміле бойынша шығындарды қосқанда әділ құны бойынша бағаланады.
20. Кейіннен бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі:
1) қаржылық нәтижені танығанда әділ құны бойынша ескерілетін қаржы инвестициялары;
2) таза активтерді\капиталды танығанда әділ құны бойынша – сатуға қолда бар қаржы инвестицияларының таза активтерді\капиталды;
3) пайыздың тиімді мөлшері әдісін қолдану арқылы амортизацияланған құн бойынша – өтегенге дейін ұсталатын қаржы инвестициялары;
4) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаржылық инвестициялар – нақты жұмсалған шығындар (өзіндік құны) бойынша;
5) бюджеттік кредиттеу бойынша берілген қарыздар – өзіндік құны бойынша.
21. Белсенді нарық болмаған жағдайда үлестік құралдарға қаржылық инвестициялар құнсызданудан болған шығындарға шегерім жасалғаннан кейін өзіндік құны бойынша ескеріледі
22. Мемлекеттік мекемелердің қаржы инвестициялары мен қаржы міндеттемелерін есепке алу тәртібі Бухгалтерлік есеп қағидаларының "Қаржы инвестициялары мен қаржы міндеттемелерін есепке алу тәртібі" 5-тарауында анықталған.
8-тарау. Дебиторлық берешек
23. Нысаналы трансферттер бойынша дебиторлық берешектің сомалары қаражаттардың мақсатты қолдануы бойынша есептерді ұсынғанға дейін төменде тұрған бюджеттерге аударған кезден бастап бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің есебінде танылады.
24. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысулар бойынша дебиторлық берешек сомалары республикалық бюджетті атқару саласындағы уәкілетті органның және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бухгалтерлік есебінде, басқа мемлекеттік мекемелерді, заңды және жеке тұлғаларды қоса алғанда, шаруашылық операцияларының салдарынан пайда болған, оған басқа тұлғалардан тиесілі сома ретінде танылады.
25. Әдеттегі операциялық цикл шеңберінде тіпті олардың есепті күннен бастап он екі айдың ішінде өтелуі күтілмесе де, дебиторлық берешек (атап айтқанда, сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің, қызметкерлердің алатын сыйақылары бойынша) айналым активтеріне жатады.
26. Зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыны төлеуге бағытталған қаражаттар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына аударған сәттен бастап жеке тұлғаларға зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыны төлеу туралы есептердің негізінде есептен шығарғанға дейін халықты әлеуметтік қорғау саласында реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органда көрсетіледі.
27. Мемлекеттік мекеме дебиторлармен есеп айырысуларды түгендеу нәтижелері бойынша есепті кезеңнің соңына сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен жасалған шарттар бойынша күмәнді берешекті өндіріп алу жөніндегі жұмыстың нәтижелерін ескере отырып, түгендеу комиссиясының актісіне сәйкес қабылданған мемлекеттік мекеме басшысының шешімі негізінде:
1) төлеу мерзімін кешіктіру туындаған кезде күмәнді борыштар бойынша резерв құрайды:
180 күннен 1 жылға дейін - берешек сомасынан 50% мөлшерінде;
1 жылдан асқанда - берешек сомасынан 100% мөлшерінде.
Егер кейіннен күмәндіге жатқызылған дебиторлық берешекті қайтару жүзеге асырылса, онда күмәнді дебиторлық берешек бойынша резервтерді құру жөніндегі бұрын танылған шығысты қалпына келтіру керек.
2) өндіріп алу үшін мынадай үмітсіз дебиторлық берешекті есептен шығарады:
өндіріп алудан сот бас тартқан, оның ішінде талап арыздың мерзімі өтіп кету себебі бойынша;
борышкердің мүлкінің жеткіліксіздігіне байланысты оны тарату кезінде, сондай-ақ тарату балансы бекітілгенге дейін кредитор мәлімдеген кезде қанағаттандырылмаған;
егер міндеттеме борышкердің қайтыс болуымен тоқтатылса, егер орындау борышкердің жеке қатысуынсыз жүргізілмесе не міндеттеме борышкердің жеке басымен өзгеше түрде тығыз байланысты болса;
төрелік шешімдерінің не тараптар арасында дауды бейбіт реттеу туралы келісім жасасу негізінде;
"Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 7-тармағына сәйкес, оқудан шығарылған курсанттар мен кадеттерден қаражатты мемлекет кірісіне өндіріп алу мәселелері бойынша 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін заңды күшіне енген сот актілері бойынша қозғалған атқарушылық іс жүргізуді тоқтату негізінде.
Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 № 1342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.28. Бюджеттік төлемдер, бюджетпен есеп айырысу, сатушылар мен тапсырыс берушілер, ведомстволық есеп айырысулар бойынша дебиторлық және кредиторлық берешекті есепке алу тәртібі Бухгалтерлік есеп қағидаларының "Дебиторлық және кредиторлық берешекті есепке алу тәртібі" 6-тарауында анықталған.
9-тарау. Қорлар
29. Қорлар бастапқы танылғанда, жас төлдің төлдеуі мен салмақ өсімін қоспағанда, олардың кіріске жазылуы жоспарланған өзіндік құн бойынша жүзеге асырылатын, олардың нағыз орны мен жағдайына қорлар келтіру үшін тартылған сатып алуға, қайта өндіруге және өзге де шығындарды қамтитын олардың нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі.
30. Басқа мемлекеттік мекемеден алынған қорлар тапсыратын мемлекеттік мекеме қорларының баланстық құны бойынша танылады. Мемлекеттік мекемелермен өтеусіз негізде үшінші тараптардан алынған қорлардың өзіндік құны болып оларды алған күнгі қорлардың әділ өзіндік құны танылады.
31. Ақысыз бөліп беру немесе номиналдық құны бойынша бөліп беру, өндіру процесінде ақысыз бөліп беру немесе номиналдық құны бойынша бөліп беруге жататын тауарларды тұтыну үшін сақталатын қорлар өзіндік құн мәндерінің ең азы бойынша және ағымдағы қалпына келтіру құны бойынша бағаланады. Қалған қорлар екі мәннің ең азы бойынша: өзіндік құны және таза сатылу құны бойынша бағаланады.
32. Қорларды сатудан, алмастырудан немесе беруден кейін олар есепке алынған сома тиісті табыс танылған кезеңде шығыс ретінде танылады. Егер осыған байланысты табыс жоқ болса, тауарлар берілген немесе қызметтер көрсетілген кезде шығыстар танылады.
33. Теңгерімнен қорларды есептен шығару таңдау бойынша мынадай:
1) ерекшелікті сәйкестендіру;
2) орташа өлшем құны әдістерін қолдана отырып жүргізіледі.
34. Қорларды есепке алу тәртібі Бухгалтерлік есеп қағидаларының "Қорларды есепке алу тәртібі" 8-тарауында анықталған.
10-тарау. Негізгі құралдар
35. Негізгі құралдардың объектісі бастапқы танылғанда өзіндік құны бойынша, яғни нақты шығындары бойынша көрсетіледі.
Мемлекеттік мекеме басқа мемлекеттік мекемеден алынған негізгі құралдардың өзіндік құны ретінде негізгі құралдардың тапсырылатын баланстық құнын таниды. Үшінші тараптан қайтарусыз негізде мемлекеттік мекемемен алынған негізгі құралдардың өзіндік құны болып негізгі құралдардың түсу күніндегі әділ құны танылады.
36. Негізгі құралдардың келесі есебін мемлекеттік мекеме нақты шығындар бойынша есептеу моделін қолдана отырып жүзеге асырады: актив ретінде бастапқы танылғаннан кейін негізгі құралдар объектісін есепке алу оның кез келген амортизациясын немесе құнсызданудың нәтижесінде кез келген жинақталған шығындарды алып тастағанда оның өзіндік құны бойынша жүргізіледі.
37. Негізгі құралдардың алғашқы құнының өзгеруі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес жүргізілетін активтерді бағалау жағдайларында рұқсат етіледі.
38. Объектінің техникалық жәй-күйін сақтап қалу мақсатында жүргізілетін ағымдағы жөндеуге арналған негізгі құрал объектілеріне қызмет көрсетуге және негізгі құралдарды пайдалануға арналған шығындар бастапқы құнды ұлғайтпайды, ал олардың пайда болу кезінде ағымдағы шығыстар ретінде танылады.
Негізгі құрал объектілерін салып бітіру, жабдықтап бітіру немесе реконструкциялау бойынша жұмыстарды жүргізу кезіндегі мемлекеттік мекеменің шығындары олардың құнын ұлғайтады. Кейін күрделі салымдардың нәтижесінде негізгі құралдар объектілерінің баланстық құнын ұлғайту, егер бастапқы бағаланған нормалардан артық болашақтағы экономикалық пайда мемлекеттік мекемеге түскен жағдайда жүргізіледі.
Болашақ экономикалық пайданы (күрделі салымдар) ұлғайтатын шығындардың мысалы:
оның қуаттылығын арттыруды қоса алғанда, пайдалы қолданылу мерзімін ұзарту үшін негізгі құрал объектісін түрлендіруге;
өнім сапасын елеулі жақсартуға қол жеткізу үшін машиналардың бөлшектерін жетілдіруге;
бұрын бағаланған шығындарды елеулі қысқартуға мүмкіндік беретін жаңа өндірістік процестерді енгізуге жұмсалатын шығындар болып табылады.
39. Аяқталмаған құрылыс нақты шығындар бойынша өлшенеді.
Аяқталмаған және аяқталған, бірақ пайдалануға тапсырылмаған құрылыс және реконструкциялау объектілері бойынша шығындар келесі жылдың балансына ауысады. Пайдалануға тапсырылған және аяқталған құрылыстың объектілері қабылдау актілері негізінде оларға жүргізілген шығындардың толық көлемінде ұзақ мерзімді активтерді есепке алу шотына жатқызылады.
40. Мемлекеттік мекеме Бухгалтерлік есеп қағидаларында амортизацияның жылдық нормаларын қолдана отырып, біркелкі есептеу әдісі бойынша негізгі құралдардың амортизациясын ай сайын есептейді.
Сатып алынған негізгі құралдардың амортизациясын есептеу мынадай:
1) монтаж жүргізу талап етілмесе, сатып алулар;
2) егер монтаж өткізу керек болса, пайдалануға енгізу есептеу айының 1 бастап жүргізіледі.
Шығып қалған негізгі құралдардың амортизациясын есептеу негізгі құралдар объектісінің шығып қалған айынан, айдың 1 тоқтатылады.
41. Мемлекеттік мекеменің негізгі құралдарының таратушы құны нөлге тең.
Негізгі құралдың құнынан 100% асқан амортизацияға есептеу жүргізілмейді. Әрі қарай пайдалануға жарамды, негізгі құралдар объектілерінің құны 100% көлемде жинақталған амортизация толық тозу себебі бойынша есептен шығаруға негіз бола алмайды.
42. Негізгі құралдың объектісі тұрып қалса немесе белсенді қолданылмаса және шығып қалу үшін ұсталынса, амортизация толық амортизацияланғанға дейін тоқтатылмайды.
43. Негізгі құралдарды түгендеу мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Негізгі құралдар құнының құнсыздану есебі Бухгалтерлік есеп қағидаларының "Активтердің құнсыздануы" 24-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
44. Негізгі құралдарды баланстан шығару мемлекеттік мүлікті басқару және мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
45. Негізгі құралдарды есепке алу тәртібі Бухгалтерлік есеп қағидаларының "Негізгі құралдарды есепке алу тәртібі" 9-тарауында анықталған.
11-тарау. Инвестициялық жылжымайтын мүлік
46. Инвестициялық жылжымайтын мүлiк бастапқы танылғанда өзiндiк құн бойынша, яғни нақты шығындар бойынша көрсетіледі.
Егер объектінің бөлігі жалақы алу үшін немесе капиталды өсіру үшін қолданылса, ал бөлігі – әкімшілік мақсаттарға, онда объектінің мұндай бөліктері бір-біріне қатыссыз іске асырылуы мүмкін болса, мемлекеттік мекеме объектінің көрсетілген бөліктерін бөлек-бөлек ескереді. Егер де объект бөліктерін жеке-жеке іске асыру мүмкін болмаса, онда объект инвестициялық жылжымайтын мүлік болып, тек оның анағұрлым бөлігі әкімшілік мақсаттарға ғана арналады.
47. Инвестициялық жылжымайтын мүлікті келесі есепке алуды мемлекеттік мекеме нақты шығындар бойынша модельді қолдана отырып жүзеге асырады: актив ретінде танылғаннан кейін инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісін есепке алу кез келген жинақталған амортизацияны және шығындардың құнсыздануы нәтижесінде жинақталған кез келген оның өзіндік құны бойынша жүргізіледі.
48. Мемлекеттік мекеме Бухгалтерлік есеп қағидаларымен бекітілген негізгі құралдар үшін амортизацияның жылдық нормаларын қолдана отырып ай сайын инвестициялық жылжымайтын мүліктің амортизациясын біркелкі есептеу әдісімен есептейді.
49. Инвестициялық жылжымайтын мүліктің таратушы құны нөлге тең.
Инвестициялық жылжымайтын мүліктің құнынан 100% асқан амортизацияға есептеу жүргізілмейді.
50. Инвестициялық жылжымайтын мүліктің объектісі тұрып қалғанда немесе белсенді қолданылмаса және шығып қалу үшін ұсталынса, амортизация толық амортизацияланғанға дейін тоқтатылмайды.
51. Есеп жылының соңында өткізілген түгендеу қорытындылары бойынша, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен келісілген, мемлекеттік мекеме басшысы бұйрығына сәйкес құрылған түгендеу комиссиясының актісі негізінде егер орны толтырылатын құн осы активтің баланстық құнынан төмен болса, есепте инвестициялық жылжымайтын мүлік объектісінің құнсыздану фактісі жазылады. Түгендеу актісінде құнсызданудың себептері көрсетілу тиіс.
Негізгі инвестициялық жылжымайтын мүліктерді түгендеу мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Активтер құнының құнсыздану есебі Бухгалтерлік есеп қағидаларының "Активтердің құнсыздануы" 24-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
52. Инвестициялық жылжымайтын мүлік санатына ауыстыру немесе одан алып тастау тек оны қолдану тағайындауы өзгергенде жүргізіледі. Инвестициялық жылжымайтын мүлікті негізгі құралдар немесе қорлар не керісінше санатқа ауыстыру ауыстырылатын объектілердің баланстық құнын өзгертусіз жүргізіледі.
53. Негізгі инвестициялық жылжымайтын мүліктерді мемлекеттік мүлікті басқару және мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
54. Инвестициялық жылжымайтын мүлікті есепке алу тәртібі Бухгалтерлік есеп қағидаларының "Инвестициялық жылжымайтын мүлікті есепке алу тәртібі" 10-тарауында анықталған.
12-тарау. Биологиялық активтер
55. Бастапқы тану кезінде және әрбір есеп кезеңінде биологиялық актив сатуға қосымша шығындарды есептемегенде әділ құны бойынша өлшенеді.
Нарықтық баға немесе басқа да құн көрсеткіштері болмаған жағдайда биологиялық активті жинақталған амортизация мен оның құнсыздануынан шығындарды алып тастағандағы өзіндік құн бойынша бағалаған жөн (нақты шығындар бойынша есептеу моделі).
56. Биологиялық активтерді сату не тапсыру негізгі құралдармен жүргізілетін операцияларға ұқсас ескеріледі.
Малдың құны сойғанда алынған өнімді кейіннен кіріске жазу арқылы есептен шығарылады.
57. Негізгі биологиялық активтерді түгендеу мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
58. Биологиялық активтерді есепке алу тәртібі Бухгалтерлік есеп қағидаларының "Биологиялық активтерді есепке алу тәртібі" 11-тарауында анықталған.
13-тарау. Материалдық емес активтер
59. Материалдық емес активтер бастапқыда нақты баға бойынша, яғни нақты шығындар бойынша танылады.
Мемлекеттік мекеме материалдық емес активтердің құны ретінде басқа мемлекеттік мекемеден алынған материалдық емес активтердің тапсырылатын баланстық құнын таниды. Үшінші тараптан өтеусіз негізде мемлекеттік мекемемен алынған материалдық емес активтердің өзіндік құны болып материалдық емес активтерді алу күніндегі әділ құны танылады.
60. Мемлекеттік мекемемен материалдық емес актив құрылғанда:
1) зерттеу кезеңінде ғылыми әзірлемелер бойынша шығындар үнемі шығындар болып танылады;
2) әзірлеу сатысындағы ғылыми әзірлемелер бойынша жұмыстарға арналған шығындар активтерді танудың критерийлеріне сәйкес келген кезде күрделі салымдар есебінің шотына жатқызылады.
61. Күрделі салымдар нақты шығындар бойынша өлшенеді.
Аяқталмаған және аяқталған, бірақ ғылыми әзірлемелердің қабылданбаған нәтижелері бойынша күрделі шығындар келесі жылдың балансына ауысады.
Ғылыми жұмыстардың аяқталған және қабылданған қорытындылары қабылдау актілері негізінде тану критерийлерін сақтағанда материалдық емес есептің шотына жатады. Материалдық емес активтер тану критерийлеріне сәйкес болмаған жағдайда шегілген шығындар шығыстарға жатқызылады.
62. Материалдық емес активті кейіннен есепке алу нақты шығындар жөніндегі есептеу моделі бойынша: жинақталған амортизацияны және құнсызданудан жиналған шығындарды алып тастағанда өзіндік құн бойынша жүргізіледі.
63. Мемлекеттік мекеме Бухгалтерлік есеп қағидаларымен бекітілген негізгі құралдар үшін амортизацияның жылдық нормаларын қолдана отырып ай сайын материалдық емес активтердің амортизациясын біркелкі есептеу әдісімен есептейді.
64. Материалдық емес активтің жойылу бағасы нөлге тең.
Материалдық емес активтің құнынан 100% асқанда амортизацияны есептеу жүргізілмейді.
65. Есеп жылының соңында өткізілген түгендеу қорытындылары бойынша, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен келісілген, мемлекеттік мекеме басшысы бұйрығына сәйкес құрылған түгендеу комиссиясының актісі негізінде, егер орны толтырылатын құн осы активтің баланстық құнынан төмен болса, есепте материалдық емес активтің құнсыздану фактісі жазылады. Түгендеу актісінде құнсыздану себептері көрсетіледі.
Негізгі материалдық емес активтерді түгендеу мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
66. Материалдық емес активтерді есепке алу тәртібі Бухгалтерлік есеп қағидаларының "Материалдық емес активтерді есепке алу тәртібі" 12-тарауында анықталған.
Материалдық емес активтер құнының құнсыздануын есепке алу Бухгалтерлік есеп қағидаларының "Активтердің құнсыздануы" 24-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
67. Негізгі материалдық емес активтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлікті басқару және Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
14-тарау. Қаржылық міндеттемелер
68. Қаржылық міндеттемелер бастапқы танылған кезде қаржылық нәтиже арқылы әділ құны бойынша есепке алынбайтын қаржылық міндеттеме жағдайында осы қаржылық міндеттемені сатып алумен тікелей байланысты мәміле бойынша шығындарды қосқанда әділ құны бойынша бағаланады.
69. Мемлекеттік мекеме бастапқы танығаннан кейін қаржылық міндеттемелер ескерілген қаржылық нәтижеге арналған қаржылық міндеттемелерді қоспағанда пайыздың тиімді ставкасы әдісін пайдалана отырып амортизациялық құны және алынған қарыздар бойынша бағаланады. Алынған қарыздарды есепке алу өзіндік құны бойынша және/немесе номиналдық құны бойынша жүргізіледі.
70. Мемлекеттік мекеме қаржылық міндеттемені (немесе қаржылық міндеттеменің бөлігін) ол толық өтелгенде, яғни шартта көрсетілген міндеттеме орындалғанда, жойылғанда немесе қызмет ету мерзімі өтіп кеткенде есептен шығарып тастайды.
71. Қаржылық міндеттемелерді есепке алу тәртібі Бухгалтерлік есеп қағидаларының "Қаржы инвестициялары мен қаржы міндеттемелерін есепке алу тәртібі" 5-тарауында анықталған.
15-тарау. Кредиторлық берешек
72. Мемлекеттік мекеме салықтар мен басқа да төлемдер сомаларын есептеуді Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Жалақы және басқа операциялық шығындар сияқты қысқа мерзімді міндеттемелер мемлекеттік мекеменің операциялық циклында пайдаланылатын айналым капиталының бір бөлігін құрайды. Мұндай операциялық баптар, тіпті егер оларды есепті күннен бастап он екі айдан астамнан кейін өтеуге жатса да қысқа мерзімді міндеттемелер ретінде жіктеледі.
73. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысулар бойынша кредиторлық берешек сомалары республикалық бюджетті атқару саласындағы уәкілетті органның және бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бухгалтерлік есебінде уәкілетті орган заңды және жеке тұлғаларға шаруашылық операцияларының салдарынан пайда болған сома ретінде танылады.
74. Мемлекеттік мекеменің басшысы Есеп айырудың түгендеу актісі дебиторлармен және кредиторлармен Есеп айырудың актісіне анықтама сондай-ақ Түгендеу комиссиясының хаттамасы негізінде кредиторлық берешекті есептен шығару туралы бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне ол туралы он күннің мерзімінде хабарлай отырып шешім қабылдайды.
Түгендеу комиссиясының актісіне сәйкес мемлекеттік мекеме басшысының қабылданған шешімі негізінде мемлекеттік мекеме есеп жылының соңында өндіріп мүмкін емес кредиторлық берешекті есептен шығарады:
1) кредитор жойылған жағдайда;
2) егер қарыздан босату туралы шешім кредитор мүлігінің иесімен немесе соған уәкілетті тұлғамен қабылданған жағдайда кредитормен берешек кешірілгенде;
3) мемлекеттік мекемеден өндіріп алудан сот бас тартқанда, оның ішінде талаптың мерзімі өтіп кету себебіне байланысты.
75. Кредиторлық берешекті есепке алу тәртібі Бухгалтерлік есеп қағидаларының "Дебиторлық және кредиторлық берешектерді есепке алу тәртібі" 6-тарауында анықталған.
16-тарау. Қызметкерлермен есеп айырысу
76. Мемлекеттік мекеме есепті жылдың соңында қызметкерлердің пайдаланылмаған демалыстары бойынша резервті таниды.
Резервтің мөлшері ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына демалыстың пайдаланылмаған күндері үшін демалыс күндерінің сомасын есептеу арқылы айқындалады.
77. Қызметкерлер алдындағы кредиторлық берешекті есепке алу тәртібі Бухгалтерлік есеп қағидаларының "Қызметкерлермен айырысуды есепке алу тәртібі" 7-тарауында анықталған.
17-тарау. Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер мен шартты активтер
78. Бағалау міндеттемелері жыл соңында қайта қаралады және ағымдағы ең жақсы есептеу бағасын көрсету үшін түзетіледі. Егер бағалау міндеттемелері тану талаптарына жауап бермесе, онда бағалау міндеттемелері жойылады.
Мемлекеттік мекеме бағалау міндеттемелері мен шартты активтерді танымайды, қаржылық есептілікке олар туралы ақпаратты түсініктеме жазбада береді.
79. Бағалау міндеттемелерін есепке алу тәртібі Бухгалтерлік есеп қағидаларының "Бағалау міндеттемелерін, шартты міндеттемелерді және шартты активтерді анықтау" 18-тарауында анықталған.
18-тарау. Өзге активтер мен өзге де міндеттемелер
80. Мемлекеттік мекеменің өзге активтеріне берілген аванстар, болашақ кезеңдердің шығыстары мен өзге де активтер кіреді.
Мемлекеттік мекеменің өзге міндеттемелеріне алынған аванстар, болашақ кезеңдердің кірістері мен өзге де міндеттемелер кіреді.
81. Мемлекеттік мекемелер өзге активтер мен міндеттемелерді есепке алу тәртібін Бухгалтерлік есеп қағидаларының "Өзге активтер мен міндеттемелерді есепке алу тәртібі" 14-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
82. Концессия шарттары бойынша активтер мен міндеттемелерді есепке алу тәртібі Бухгалтерлік есеп қағидаларының "Концессия шарттары бойынша активтер мен міндеттемелерді есепке алу тәртібі" 28-тарауына сәйкес жүзеге асырылады.
19-тарау. Валюталық бағамдардың өзгеруінің ықпалы
83. Бастапқыда бухгалтерлік есепте көрсетілгенде шетел валютасындағы операциялар шетел валютасындағы сомаға операция жасалған күнге валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдану жолымен функционалдық валютада көрсетіледі.
Әрбір есепті күнге мемлекеттік мекеме есепте:
түпкі бағамды (есеп күндегі ағымдағы валюта бағамын) пайдалана отырып қайта есептелген - ақшалай (монетарлық) баптарды;
операция жасалған күнге айырбастау бағамы бойынша – шетел валютасындағы ақшалай емес (монетарлық емес) баптарды;
әділ құнын айқындау күніне қолданыстағы болған айырбастау бағамы бойынша қайта есептелген, әділ құны бойынша бағаланған шетел валютасындағы ақшалай емес (монетарлық емес) баптарды көрсетеді.
Шетел валютасындағы операцияларды және шетелдік қызметті есепке алу тәртібі Бухгалтерлік есепке алу қағидаларының "Валюта бағамдары өзгерістерінің әсері" 19-тарауында айқындалған.
20-тарау. Жалдық операциялар
84. Қаржылық жалға актив алған мемлекеттік мекеме жал мерзімінің басында өз балансында:
1) активтердің объектілері ретінде – қаржылық жал шегінде сатып алынған активтерді;
2) жалдың міндеттемелеріне қатысты міндеттемелер ретінде таниды.
Активтер мен міндеттемелер жыл басындағы мерзімдегі жалданатын мүліктің әділ құнына тең сомада танылады.
Қаржылық жалға алынған актив өзіндік амортизациялау активтері үшін қабылданған амортизациялық саясатқа сәйкес жалға алушымен амортизацияланады.
85. Мемлекеттік мекемемен активті жалға тапсыру операциялық жал ретінде ескеріледі. Операциялық жалға берілген активтер жалға берушінің балансында ескеріледі. Операциялық жалдан жалдық кіріс бюджеттің кірісі болып табылады.
Жалға алушылар жалдық төлемдерді жал мерзімі бойы тура негізде бөлінген шығыстар ретінде таниды.
Жалға алушыда жалданған активтер жалға берушімен берілген түгендеу нөмірлерімен балансталған 01 "Жалданған активтер" шотында ескеріледі.
86. Жалдық операцияларды есепке алу тәртібі Бухгалтерлік есеп қағидаларының "Жалдауды есепке алу тәртібі" 13-тарауында анықталған.
21-тарау. Қаржыландыру мен резервтер
87. Сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен күрделі салымдарды қаржыландыру мемлекеттік мекемеге сыртқы қарыздар мен күрделі сипаттағы байланысты гранттар есебінен жобалар бойынша міндеттемелер қабылдауға жоспарлы тағайындауларды бөлген кезде танылады.
88. Ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалауға резервтерді мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ұзақ мерзімді активтерді қайта бағалау кезінде қалыптастырады.
89. Күрделі салымдар мен мемлекеттік мекеменің ұзақ мерзімді активтерін қайта бағалауға резервтерді қаржыландырудың есепке алу тәртібі Бухгалтерлік есеп қағидаларының "Таза активтер\капиталдарды есепке алу тәртібі" 20-тарауында анықталған.
22-тарау. Кірістер мен шығыстар
90. Мемлекеттік мекеме айырбасталмайтын және айырбасталатын операциялардан кірістер алады.
Айырбасталмайтын операциялардан түсетін кірістерге мыналар:
ағымдағы қызметті қаржыландыру;
күрделі салымдарды қаржыландыру;
сыртқы қарыздар есебінен қаржыландыру;
трансферттер мен субсидиялар;
гранттар;
салықтық және салықтық емес түсімдер;
демеушілік және қайырымдылық көмек;
өзге де айырбасталмайтын операциялар жатады.
Айырбасталатын операциялардан түсетін кірістерге мыналар:
активтерді басқару операциялары;
тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін түсімдер;
Активті және кірістерді тану сәті салық операциясының нәтижесінде туындайды және өткен оқиға активке бақылау бойынша негіз болатын сәт болып табылады.
Корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі – КТС) бойынша кірістер сомасын бағалау үшін уәкілетті орган кірістерді жеке шоттардан алынатын тиісті мәліметтердің есепті күнге КТС бойынша негізінде таниды.
Қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) бойынша кірістер сомасын бағалау үшін есепке алуға есепті кезеңдегі салық төлеушілердің декларациялары бойынша ҚҚС-тен түсетін кірістерді есептеу фактісін тіркейтін жеке шоттардағы жазбалар болып табылады.
Дәл осындай тәсіл салық кезеңі күнтізбелік ай немесе күнтізбелік тоқсан болып белгіленген салық түсімдерінің басқа да түрлеріне қолданылады (мысалы, акциздер, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, ойын бизнесі салығы).
91. Тиісті бюджетке салық түсімдері есептеу жүйесінде есептеледі және биржадан тыс операциялардан түсетін кірістер ретінде танылады.
Салық активі салық оқиғасы болған кезде және мойындау критерийлері орындалған кезде танылады.
Салық оқиғасынан бұрын алынған салықтар бойынша кірістер актив пен міндеттеме ретінде мойындалады (аванстық түсімдер), өйткені есеп беруші ұйымға салық түсімдерін алуға мүмкіндік беретін оқиға әлі пайда болған жоқ, және салықтық кірістерді тану критерийлері орындалмайды.
Аванстық салық түсімдері басқа аванстардан айтарлықтай ерекшеленбейді. Міндеттеме салық оқиғасына дейін танылады. Салық оқиғасының басталуымен міндеттеме жойылады және кіріс танылады.
Негізгі капиталды сатудан, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін кірістерді уәкілетті орган бюджетке қаражат түскен кезде кіріс ретінде таниды.
Негізгі капиталды сатудан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, айыппұлдар мен өсімпұлдардан басқа салықтық емес түсімдер бухгалтерлік есепте Бухгалтерлік есеп қағидаларында көзделген тәртіппен тиісті ақпарат негізінде көрсетіледі.
92. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден түскен кірістер (мемлекеттік баж, алымдар мен төлемақылар) уәкілетті мемлекеттік органдар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген тиісті декларацияларды, мәліметтерді немесе есеп айырысуларды ұсынған кезде туындайды.
Салықтық емес түсімдер (айыппұлдар мен өсімпұлдар) бюджетке ақшалай қаражат түскен кезде кіріс деп танылады.
Алынатын сома активті айқындауды қанағаттандыратын және активті тану өлшемшарттарын қанағаттандыратын жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдар кіріс ретінде танылады.
Ескерту. 92-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 28.12.2021 № 1342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.93. Активтерді сатудан түскен, түгендеу барысында анықталған жетіспеушіліктерді өтеу мен келтірілген залалдардан түскен, өткен жылдардың дебиторлық берешегін өтеуден түскен, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен ақшаның түсуі мен жұмсалуы жоспарымен қарастырылған сомалардан тыс түскен қаражаттар бюджет кірісі болып табылады.
94. Активтерді басқарудан кірістер, оның ішінде инвестиция объектісінің таза кірісі бөлігінің, акцияның мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердің түсімі мен заңды тұлғаларда қатысудың үлесіне кірістер, мүлікті жалға беруден түскен кірістер Қазақстан Республикасы бюджетінің кірістері болып табылады.
95. Мемлекеттік мекеме операциялық шығыстарды, бюджеттік төлемдер бойынша шығыстарды, активтерді басқару бойынша шығыстарды және өзге де шығыстарды жүргізеді.
Қарыздар бойынша шығындар олар жүргізілген кезеңдегі шығыстардың құрамында танылады.
96. Есеп кезеңі аяқталған соң мемлекеттік мекеме есеп кезеңінің қаржылық қорытындысына кірістер мен шығыстар шоттарының жабылуын жүргізеді.
97. Ақылы қызметтер көрсетуге байланысты кірістерді, шығыстар мен шығындарды, есепке алу тәртібі Бухгалтерлік есеп қағидаларының "Кірістерді есепке алу тәртібі", 15-тарауында, "Шығыстарды есепке алу тәртібі" 16-тарауында және "Өндіріске шығындар мен басқа мақсаттарды есепке алу тәртібі" 17-тарауында анықталған.
23-тарау. Есепті күннен кейінгі оқиғалар
98. Мемлекеттік мекеменің міндеттемелеріне немесе активтеріне елеулі қаржылық ықпалы бар есепті күннен кейінгі түзетпейтін оқиғалар Бухгалтерлік есепке алу қағидаларының "Есепті күннен кейінгі оқиғалар" 22-тарауына сәйкес тиісті ақпаратты ашып көрсету жолымен көрсетіледі. Қаржылық есептілікте есепті күннен кейінгі түзетуші оқиғаларды көрсету үшін танылған сомалар түзетілуге жатады.
24-тарау. Баланстан тыс шоттар
99. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекемедегі уақытша және оған тиесілі емес, балансталған шоттардағы активтердің есебін жүргізеді.
Баланстан тыс шоттардағы есеп жалғыз (қарапайым) жазу бойынша жүргізіледі.
Негізгі баланстан тыс шоттарда есепке алынған активтерді түгендеу мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.