Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі N 173 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6459 болып енгізілді.

Жаңартылған

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                        Ә. Смайылов

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкi iстер министрi
      С. Баймағанбетов _________
      2010 жылғы 20 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрi
      Ж. Досқалиев ____________
      2010 жылғы 1 тамыз

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа технологиялар
      министрі
      Ә. Исекешев ______________
      2010 жылғы 5 тамыз

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қоршаған ортаны қорғау министрі
      Н. Әшімов ______________
      2010 жылғы 6 тамыз

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      А. Күрішбаев ______________
      2010 жылғы 2 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтiк
      қорғау министрі
      Г. Әбдіқалықова ______________
      2010 жылғы 30 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      Б. Жәмішев ______________
      2010 жылғы 10 тамыз

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Жер ресурстарын басқару
      жөнiндегi агенттiгiнің төрағасы
      Ө. Өзібеков______________
      2010 жылғы 29 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Экономикалық даму және
      сауда министрі
      Ж. Айтжанова ______________
      2010 жылғы 22 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрі
      С. Мыңбаев ______________
      2010 жылғы 30 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкі төрағасы
      Г. Марченко ______________
      2010 жылғы 12 тамыз

       Қазақстан Республикасы    
Статистика агенттігі төрағасының
2010 жылғы 9 шілдедегі    
№ 173 бұйрығымен      
бекітілді           

Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесі

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 18.06.2013 № 136 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1. Жалпы ережелер

      1. Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік статистика органдарына алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін анықтайды.
      2. Ереже жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізетін мемлекеттік статистика органдарында қолданылады.
      3. Осы Ережеде қолданылатын барлық түсініктер Заңда көрсетілген мазмұнда қолданылады.

2. Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібі

      4. Респонденттер жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтар бойынша статистикалық әдіснамаға сәйкес алғашқы статистикалық деректерді ұсынады.
      5. Статистикалық нысандарды ұсыну мерзімі және мекенжайы, респонденттердің тобы, статистикалық нысандарды бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен мерзімі олардың титулдық беттерінде көрсетіледі.
      6. Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларға жататын респонденттердің тобы (жаппай немесе іріктеме) байқау әдістерін ескере отырып, статистикалық бизнес-тіркелімнің, ауыл шаруашылығының
статистикалық тіркелімінің, тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімінің, халықтың статистикалық тіркелімінің деректері бойынша анықталады.
      7. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша респонденттер уәкілетті орган ұсынған толтыруға қажетті статистикалық нысандар тізбесін алады.
      8. Мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ведомстволық статистикалық байқауларға жататын респонденттердің тобын анықтайды.
      9. Ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша респонденттер мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынатын толтыруға қажетті статистикалық нысандар тізбесін алады.
      10. Статистикалық нысандарды өзінің тұрған жері бойынша заңды тұлғалардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, егер оларға заңды тұлғалардың статистикалық нысандарды тапсыру бойынша уәкілеттіктерді берген жағдайда, тапсырады. Егер құрылымдық және оқшауланған бөлімшелерде осындай уәкілеттіктер болмаған жағдайда, статистикалық нысандарды олардың орналасқан жерін көрсете отырып, өзінің құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері бөлінісінде заңды тұлғалар ұсынады. Байқауды өткізу статистикалық әдіснамамен статистикалық нысандарды тек қана заңды тұлғалар немесе тек қана құрылымдық және оқшауланған бөлімшелерінің ұсынуы көзделген жағдайда, статистикалық нысандар мемлекеттік статистика органдарына мемлекеттік статистика органдарының байқауды өткізудің статистикалық әдіснамасына сәйкес ұсынылады.
      11. Бас компаниялары Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетел заңды тұлғаларының құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері статистикалық нысандарды міндетті түрде құрылымдық және оқшауланған бөлімшенің орналасқан жері бойынша ұсынады.
      12. Есепті кезеңде құрылымдық бөлімше немесе объект жойылған жағдайда, оған қатысты барлық деректер статистикалық нысаннан алынып тасталады. Егер есептік кезеңде заңды тұлғаның қайта құру немесе құрылымы өзгерген жағдайда статистикалық нысандарда деректер заңды тұлғаның жаңа құрылымы бойынша сәйкес келтіріледі.
      Заңды тұлға жойылған немесе банкротқа ұшырады деп танылған жағдайда өз қызметінің соңғы есепті кезеңіне есеп беретін заңды тұлға кезеңділігі жылдық статистикалық нысандар бойынша алғашқы статистикалық деректерді ұсынады.
      Жаңадан құрылған заңды тұлғалар алғашқы статистикалық деректерді тіркелген күннен бастап есепті кезеңнің соңына дейінгі кезеңге ұсынады. Егер қызметі болмаған жағдайда заңды тұлғалар осы Ереженің 19-тармағына сәйкес хабарлама ұсынады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 31.12.2013 № 340 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      13. Үй шаруашылықтары алғашқы статистикалық деректерді аумақтық статистика органдарының қызметкерлеріне (интервьюерлеріне) тапсырады.
      14. Шаруа немесе фермер қожалықтары бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері статистикалық нысандар бойынша тіркеу жазбаларын жүргізу арқылы жүзеге асырады. Шаруа (фермер) қожалықтары бойынша статистикалық байқаулар нәтижесінде алынған алғашқы статистикалық деректерді кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер Әкімдері Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес уәкілетті органға тапсырады.
      Кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері алғашқы статистикалық деректерді Заңның 16-бабының 2-тармағына сәйкес тапсырады.
      15. Жеке тұлғалар және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері хабарланатын мәліметтерді ұсынуға және оның дәйектілігіне жауапты тұлғалардың қолымен статистикалық нысандарды тапсырады. Статистикалық нысандар қажет болған жағдайда мөрмен куәландырылуы тиіс.
      16. Хабарланатын мәліметті ұсынуға және оның дәйектілігіне жауапты және статистикалық нысандарға қол қоюға құқығы бар тұлғалар: статистикалық нысанды толтыру жөніндегі орындаушы, сонымен қатар басшылар - егер статистикалық нысанның мекенжай бөлігінде қарастырылған жағдайда.
      17. Статистикалық нысандарды тапсыру мерзімі олардың титулдық беттерінде көрсетілген. Статистикалық нысандарды тапсыру күнін адресат тіркейді. Статистикалық нысандар почталық байланыс қызметтері арқылы жіберілген жағдайда, почталық кәсіпорынның штемпелінде көрсетілген жеткізу күні тапсыру күні болып табылады. Егер статистикалық нысанды тапсыру мерзімі жұмыс істемейтін күнге сәйкес келсе, статистикалық нысанды тапсыру мерзімінің соңғы күні болып келесі жұмыс күні есептеледі.
      18. Алғашқы статистикалық деректер келесі түрде ұсыныла алады:
      1) қағаз түрінде, қолма қол түрде, пошта қызметі бойынша және ұсынылған күн пошталық кәсіпорынның мөрінде көрсетіліп жіберілген күн болып табылады;
      2) электрондық цифрлік қолтаңбаны растау рәсімін сақтау байланыс арналары арқылы электронды түрде.
      19. Егер респонденттің бір айдан астам уақыт кезеңділігі айлық жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша қызметі болмаған жағдайда статистикалық нысанның орнына қызметінің болмау себептерін, осы қызметтің қанша уақыт бойы жүзеге асырылмайтын мерзімдерін және осы Ережеге қосымшаға сәйкес өзінің негізгі сипаттамаларын көрсете отырып, аумақтық статистика органдарына хабарлама ұсынады.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 31.12.2013 № 340 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      20. Хатта көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін респондент жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын аумақтық статистика органына тапсырады.
      21. Статистикалық нысандарды тапсыру мерзімін бұзу статистикалық нысандарда көрсетілген мерзімде оларды тапсырмау болып табылады.
      22. Статистикалық ақпаратты түзу кезінде бұрмалаушылықтар, қателер, ағаттықтар анықталғанда уәкілетті органның аумақтық статистика органдары «Мемлекеттік статистика туралы» Заңның 12-бабының 12)13) тармақшаларын және 13-бабының 4) тармақшасын басшылыққа ала отырып, респонденттерден бұдан бұрын ұсынылған деректері бойынша қосымша ақпаратты, сондай-ақ алғашқы статистикалық деректерден тұратын статистикалық нысандарға түзетулер енгізуді талап етеді.
      23. Респонденттер айлық және тоқсандық кезеңділіктегі жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары бойынша қателерді бір жұмыс күні ішінде, басқа кезеңділіктің статистикалық нысандары бойынша мемлекеттік статистика органдарының лауазымды тұлғалары хабарлама берген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде түзетеді.
      Респонденттер ведомстволық статистикалық байқаулардағы қателерді ведомстволық статистикалық байқау жүргізетін мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің хабарландыруында көрсетілген мерзімде түзетеді.
      24. Респондент қағаз тасығыштағы статистикалық нысанға түзетулер енгізген кезде, нысанға «түзетулерге сену» деген сөзді жазып, қолын және күнін қояды. Мекенжай бөлігіне басшы қол қоятын статистикалық нысанға түзетулер енгізілген жағдайда, респондент басшысының қолы қойылған түзетілген статистикалық нысанды ұсынады.
      25. Қайтадан ұсынылған статистикалық нысан осы Ереженің 1516-тармақтарына сәйкес қол қойған тұлғалардың қол қоюымен тапсырылады.

Қазақстан Республикасы     
Статистика агенттігі төрағасының
2010 жылғы 9 шілдедегі     
№ 173 Респонденттердің     
алғашқы статистикалық деректерді
ұсыну ережесіне қосымша    

Нысан       

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Статистика агенттігі төрағасының 31.12.2013 № 340 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Хабарлама

______________________ облысының
(қаласы)_Статистика департаменті

      Жеке (заңды) тұлғаның атауы, БСН (ЖСН) коды, ЭҚЖЖ, «_(атауы)_» (индексі______, кезеңділігі________) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша _____ ішінде ________ жағдайға байланысты қызмет жүрмейтінін хабарлайды.
      Жоғарыда баяндалғанға сәйкес статистикалық нысан _____________ облысының (қаласы)_Статистика департаментіне ________ айынан бастап ұсынылатын болады.

Басшының қолы       
Бас бухгалтердің қолы
Мөр