Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі N 173 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6459 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Стратегиялық даму департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                        Ә. Смайылов

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкi iстер министрi
      С. Баймағанбетов _________
      2010 жылғы 20 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрi
      Ж. Досқалиев ____________
      2010 жылғы 1 тамыз

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа технологиялар
      министрі
      Ә. Исекешев ______________
      2010 жылғы 5 тамыз

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қоршаған ортаны қорғау министрі
      Н. Әшімов ______________
      2010 жылғы 6 тамыз

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      А. Күрішбаев ______________
      2010 жылғы 2 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтiк
      қорғау министрі
      Г. Әбдіқалықова ______________
      2010 жылғы 30 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      Б. Жәмішев ______________
      2010 жылғы 10 тамыз

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Жер ресурстарын басқару
      жөнiндегi агенттiгiнің төрағасы
      Ө. Өзібеков______________
      2010 жылғы 29 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Экономикалық даму және
      сауда министрі
      Ж. Айтжанова ______________
      2010 жылғы 22 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрі
      С. Мыңбаев ______________
      2010 жылғы 30 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банкі төрағасы
      Г. Марченко ______________
      2010 жылғы 12 тамыз

       Қазақстан Республикасы    
Статистика агенттігі төрағасының
2010 жылғы 9 шілдедегі    
№ 173 бұйрығымен      
бекітілді           

Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Ереже мемлекеттік статистика органдарына алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін анықтайды.
      3. Ереже жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқауларды жүргізетін мемлекеттік статистика органдарында қолданылады.
      4. Осы Ережеде келесі негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) респондент – статистикалық әдіснамаға сәйкес статистикалық байқау объектісі бойынша деректерді ұсынатын жеке немесе заңды тұлға және оның құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері;
      2) алғашқы статистикалық деректер – статистикалық нысандарда алынған немесе тіркелген деректер;
      3) статистикалық нысан – статистикалық құжаттың алғашқы статистикалық деректерді алуға немесе тіркеуге арналған қағаз немесе электронды тасығыштағы формуляры (бланк, есептілік нысаны, сұрақнама, сауалнама, санақ парағы және басқа да формулярлар);
      4) мемлекеттік статистика органдары – статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізетін және (немесе) ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыратын уәкілетті орган, мемлекеттік органдар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
      5) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      6) статистикалық байқау – статистикалық байқау объектісі бойынша алғашқы статистикалық деректерді ғылыми-ұйымдастырып жинау;
      7) статистикалық әдіснама – статистикалық қызметте пайдаланылатын, белгіленген тәртіппен бекітілген ғылыми негізделген амалдардың, тәсілдер мен әдістердің жиынтығы;
      8) жалпымемлекеттік статистикалық байқау – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жүргізетін статистикалық байқау;
      10) ведомстволық статистикалық байқау – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органды қоспағанда, статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес статистикалық жұмыс жүргізуге уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін статистикалық байқау;
      11) статистикалық тіркелім – статистикалық байқау объектісі бірліктерінің сандық және (немесе) сапалық сипаттамаларымен қоса жүйеге түсірілген тізбесі;
      12) үй шаруашылығы – бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын бір немесе одан да көп жеке тұлғалардан құралған экономикалық субъект;
      13) шаруашылық бойынша есепке алу – үй шаруашылықтары бойынша әкімшілік деректерді қалыптастыру процесі;
      14) шаруа (фермер) қожалығы – адамдардың жеке кәсiпкерлiктi жүзеге асыруы ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру үшін ауыл шаруашылығына арналған жерлердi пайдаланумен, сондай-ақ осы өнiмдi қайта өңдеумен және өткiзумен тығыз байланысты отбасылық-еңбек бiрлестiгi.

2. Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібі

      5. Респонденттер жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарында көрсетілген статистикалық әдіснамаға сәйкес алғашқы статистикалық деректерді ұсынады.
      6. Статистикалық нысандарды ұсыну мерзімі және мекенжайы, респонденттердің тобы, статистикалық нысандарды бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен мерзімі олардың титулдық беттерінде көрсетіледі.
      7. Жалпымемлекеттік статистикалық байқауларға жататын респонденттердің тобы (жаппай немесе іріктеме) байқау әдістерін ескере отырып, статистикалық бизнес-тіркелімнің, ауыл шаруашылығының статистикалық тіркелімінің, тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімінің, халықтың статистикалық тіркелімінің деректері бойынша анықталады.
      8. Жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша респонденттер уәкілетті орган ұсынған толтыруға қажетті статистикалық нысандар тізбесін алады.
      9. Мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ведомстволық статистикалық байқауларға жататын респонденттердің тобын анықтайды.
      10. Ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша респонденттер мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынатын толтыруға қажетті статистикалық нысандар тізбесін алады.
      11. Статистикалық нысандарды өзінің орналасқан жері бойынша заңды тұлғалардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері, егер оларға заңды тұлғалардың статистикалық нысандарды тапсыру бойынша уәкілеттіктерді берген жағдайда, тапсырады. Егер құрылымдық және оқшауланған бөлімшелерде осындай уәкілеттіктер болмаған жағдайда, статистикалық нысандарды олардың орналасқан жерін көрсете отырып, өзінің құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері бөлінісінде заңды тұлғалар ұсынады. Байқауды өткізу статистикалық әдіснамамен статистикалық нысандарды тек қана заңды тұлғалар немесе тек қана құрылымдық және оқшауланған бөлімшелерінің ұсынуы көзделген жағдайда, статистикалық нысандар мемлекеттік статистика органдарына мемлекеттік статистика органдарының байқауды өткізудің статистикалық әдіснамасына сәйкес ұсынылады.
      12. Бас компаниялары Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан шетел заңды тұлғаларының құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері статистикалық нысандарды міндетті түрде құрылымдық және оқшауланған бөлімшенің орналасқан жері бойынша ұсынады.
      13. Үй шаруашылықтары халықтың тұрмыс деңгейі бойынша, жұмыспен қамту мәселелері, ақпараттық-коммуникациялық қызметтер, білім беру және денсаулық сақтау қызметтері және басқа да мәселелер бойынша алғашқы статистикалық деректерді уәкілетті органның аумақтық органына ұсынады.
      14. Шаруа (фермер) қожалықтары бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқауларды кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтердің әкімдері статистикалық нысандар бойынша тіркеу жазбаларын жүргізу арқылы жүзеге асырады. Шаруа (фермер) қожалықтары бойынша статистикалық байқаулар нәтижесінде алынған алғашқы статистикалық деректерді кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер Әкімдері Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес уәкілетті орғанға тапсырады.
      15. Жеке тұлғалар және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері хабарланатын мәліметтерді ұсынуға және оның дәйектілігіне жауапты тұлғалардың қолымен статистикалық нысандарды тапсырады. Заңды тұлғалар және олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері тапсырған статистикалық нысандар мөрмен куәландырылу тиіс.
      16. Хабарланатын мәліметті ұсынуға және оның дәйектілігіне жауапты және статистикалық нысандарға қол қоюға құқығы бар тұлғалар статистикалық нысан бойынша есепті құрастыру жөніндегі орындаушы, интервьюер, бухгалтер, бас бухгалтер, заңды тұлғаның, құрылымдық және жекелеген бөлімшенің басшысы болып табылады.
      17. Статистикалық нысандарды тапсыру мерзімі олардың титулдық беттерінде көрсетілген. Статистикалық нысандарды тапсыру күнін адресат тіркейді. Статистикалық нысандар почталық байланыс қызметтері арқылы жіберілген жағдайда, почталық кәсіпорынның штемпелінде көрсетілген жеткізу күні тапсыру күні болып табылады. Егер статистикалық нысанды тапсыру мерзімі жұмыс істемейтін күнге сәйкес келсе, статистикалық нысанды тапсыру мерзімінің соңғы күні болып келесі жұмыс күні есептеледі.
      18. Алғашқы статистикалық деректер келесі түрде ұсыныла алады:
      1) қағаз түрінде, қолма қол түрде, пошта қызметі бойынша және ұсынылған күн пошталық кәсіпорынның мөрінде көрсетіліп жіберілген күн болып табылады;
      2) электрондық цифрлік қолтаңбаны растау рәсімін сақтаумен рұқсатсыз қолжеткізушіден қорғалған байланыс арналары арқылы электронды түрде.
      19. Статистикалық нысандар:
      1) егер салық төлеушінің (салық агентінің) қызметтің тоқтатылуы туралы шешім қабылдауына байланысты салықтық есептіліктің тоқтатылуы туралы салық органының шешімін мемлекеттік статистика органына респондент ұсынған жағдайда.
      2) заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы туралы заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімінде жазбалар енгізілген жағдайда;
      3) егер құрылымдық және оқшауланған бөлімше (филиал, өкілдік) қызметінің тоқтатылуы туралы заңды тұлға шешімінің, есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің түпнұсқасының және құрылымдық және оқшауланған бөлімше туралы ереженің, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және құрылымдық және оқшауланған бөлімшенің есептік тіркегені үшін жинау төлеуді растайтын түбіртектің немесе құжаттың негізінде құрылымдық және оқшауланған бөлімше (филиалдың, өкілдіктің) есептен алуға жататын жағдайда ұсынылмайды.
      20. Статистикалық нысандарды тапсыру мерзімін бұзу статистикалық нысандарда көрсетілген мерзімде оларды тапсырмау болып табылады. Егер тапсыру мерзімінің соңғы күні жұмыс емес күнге келсе, онда мерзім келесі жұмыс күнінің соңында өтеді.
      21. Мемлекеттік статистика органдары «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 12-бабы 12)13) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, статистикалық ақпаратты өндіру кезінде бұрмалаушылықтарды, қателерді, ағаттықтарды анықтаған күнінен бастап бір жұмыс күнінің ішінде респонденттердің бұрын ұсынған деректерін растайтын құжаттарды сұратады.
      22. Мемлекеттік статистика органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қызметкерлерінің дербес жауапкершілігі негізінде алғашқы статистикалық деректерді жинау, пысықтау және сақтау кезінде олардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.