РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.03.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 229-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшыларды (мамандарды) кедендік сараптама жүргізу үшін тарту туралы қағидасы бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.03.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (Қ-К.Ж. Кәрбозов) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап пайда болған қатынастарда қолданылады.
Министр | Б. Жәмішев |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 391 бұйрығымен бекітілді |
Мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшыларды (мамандарды) кедендік сараптама жүргізуге тартудың Қағидасы
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.03.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Қағида мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшыларды (мамандарды) кедендік сараптама жүргізу үшін тартудың тәртібін айқындайды және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 229-бабына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) мемлекеттік кірістер орган болып табылмайтын кедендік сараптама жүргізуге уәкілетті ұйым – кедендік мақсат үшін тауарларға сараптама жүргізетін ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);
2) мемлекеттік кірістер органының лауазымды тұлғасы болып табылмайтын сарапшы (маман) – сарапшы қорытындысын (бұдан әрі – сарапшы) беру үшін арнайы және (немесе) ғылыми танымдарға ие уәкілетті ұйымның маманы;
3) сарапшы қорытындысы – жүргізілген зерттеулердің нәтижесі және арнайы және (немесе) ғылыми танымдарды қолдана отырып қойылған сұрақтарға жауап түрінде кедендік сарапшының қорытындысы бар құжат.
3. Тәртіп сараптама қызметін ұйымдастыру үшін кедендік мақсатта тауарларды зерттеу аумағында тәуелсіз, кәсіби пікір алу үшін қолданылады.
4. Уәкілеттік ұйымдарда кедендік сараптама жүргізудің негізгі міндеттері:
кедендік сараптама бойынша кәсіби пікір білдіру мақсатында ұсынылған материалдарға, құжаттарға, сынамаларға және үлгілерге жан–жақты, толық және кешендік талдауды жүзеге асыру;
объективті және тәуелсіз сарапшы қорытындысын ұсыну болып табылады.
5. Мемлекеттік кірістер органы мұндай сараптаманы кедендік сарапшылар жүргізу мүмкін болмаған жағдайда ғана кедендік сараптаманы уәкілетті ұйымдарда тағайындайды. Кедендік сараптаманы жүргізу мүмкін болмаған жағдайда кедендік сараптама жүргізуге уәкілетті мемлекеттік кірістер органы кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органын кедендік сараптама жүргізу үшін материалдарды алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде бұл туралы хабардар етеді.
6. Кедендік сараптама тағайындаған мемлекеттік кірістер органы кедендік сараптама жүргізетін уәкілетті ұйыммен немесе сарапшымен кедендік сараптама жүргізу шарттары белгіленген шарт жасасады.
7. Кедендік сараптаманы жүргізуге арналған шығыстар кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының бюджет қаражаты есебінен өтеледі.
8. Сарапшы кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органына сарапшы қорытындысын беру үшін арнайы және (немесе) ғылыми танымының бар екендігін растайтын құжаттарын ұсынады.