Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 жылғы 14 шілдеде № 183 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 16 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6394 болып енгізілді

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 24.11.2015 № 711 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2), 10), 24-1) тармақшаларына, 16-бабының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті төрағасының м.а. 17.05.2016 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 24.11.2015 № 711 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Тіркелімдер және сыныптамалар департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Төрағаның м.а.

Ж. Жарқынбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау

      (Монополияға қарсы агенттік)

      агенттігінің төрағасының м.а.

      Б. Парсегов ______________

      2010 жылғы 16 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік хатшысы-

      Сыртқы істер министрi

      Қ. Саудабев ______________

      2010 жылғы 15 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы

      Т. Мұсабаев ______________

      2010 жылғы 15 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрi

      Ж. Досқалиев ______________

      2010 жылғы 15 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрі

      В. Божко ______________

      2010 жылғы 20 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Көлiк және коммуникация министрі

      Ә. Кұсайынов ______________

      2010 жылғы 15 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет министрі

      М. Құл-Мұхаммед ______________

      2010 жылғы 16 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Бiлiм және ғылым министрі

      Ж. Түймебаев _____________

      2010 жылғы 15 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтiк

      қорғау министрі

      Г. Әбдіқалықова ______________

      2010 жылғы 15 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Байланыс және Ақпарат министрі

      А. Жұмағалиев ______________

      2010 жылғы 16 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Жер ресурстарын басқару жөнiндегi

      агенттiгiнің төрағасы

      Ө. Өзібеков ______________

      2010 жылғы 16 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі

      агенттігінің төрағасы

      Қ. Нұрпейісов ______________

      2010 жылғы 19 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкi iстер министрi

      С. Баймағанбетов ______________

      2010 жылғы 30 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және жаңа технологиялар

      бірінші Вице-министрі

      А. Рау ______________

      2010 жылғы 17 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қоршаған ортаны қорғау министрі

      Н. Әшімов ______________

      2010 жылғы 17 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      А. Күрішбаев ______________

      2010 жылғы 16 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      Б. Жәмішев ______________

      2010 жылғы 19 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрі

      Т. Досмұханбетов ______________

      2010 жылғы 19 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      Ә. Жақсыбеков ______________

      2010 жылғы 19 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Экономикалық даму және сауда министрі

      Ж. Айтжанова ______________

      2010 жылғы 19 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Табиғи монополияларды реттеу

      агенттігінің төрағасы

      Н. Алдабергенов ______________

      2010 жылғы 20 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық

      шаруашылығы істері жөніндегі

      агенттігінің төрағасы

      С. Нокин ______________

      2010 жылғы 17 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуроры

      Қ. Мәми ______________

      2010 жылғы 27 шілде

  Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
төрағасының м.а.
2010 жылғы 14 шілдедегі
№ 183 бұйрығымен бекітілген

Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 24.11.2015 № 711 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 2), 10), 24-1) тармақшаларына және 16-бабының 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті төрағасының м.а. 17.05.2016 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қағидалар мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган ведомствосымен (бұдан әрі – уәкілетті орган ведомствосы) келісілген, әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар бойынша алынған деректердің негізінде қалыптастырылған, бұдан кейін мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізіліміне орналастырылатын әкімшілік деректерді, сондай-ақ қолда бар және әзірленетін әкімшілік деректер туралы ақпараттарды әкімшілік дереккөздердің өтеусіз негізде ұсыну тәртібін айқындайды.

      3. Әкімшілік деректерді уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық органдары тек статистикалық мақсаттарда пайдаланады.

      4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Заңда айқындалған мәндерде қолданылады.

2. Қазақстан Республикасында әкімшілік дереккөздердің
әкімшілік деректерді ұсыну тәртібі

      5. "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес әкімшілік дереккөздер әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды (бұдан әрі – әкімшілік деректердің нысандары), сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін уәкілетті органның ведомствосымен келіседі.

      Әкімшілік дереккөздер әкімшілік деректердің нысандарын бекіту туралы актінің жобасын уәкілетті органның ведомствосына келісуге жолдау кезінде мыналарды:

      1) әкімшілік деректердің нысандарына титулдық бетінің мазмұнын осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) әкімшілік деректердің нысандарын толтыру жөніндегі түсіндірмені;

      3) әкімшілік деректердің нысандарының қолданылуын қамтамасыз етеді.

      Жобаны уәкілетті органның ведомствосы "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес ұлттық жіктеуіштерге сәйкестігі, әкімшілік деректер нысандарында көрсетілген көрсеткіштерді жалпымемлекеттік, ведомстволық статистикалық байқаулар нысандарының көрсеткіштерімен салыстырмалы талдау жүргізу арқылы қайталанатын көрсеткіштердің болуы мәніне он бес жұмыс күні ішінде қарайды.

      Қайталанатын көрсеткіштер болған жағдайда оларды әкімшілік деректердің нысандарынан немесе жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарынан алып тастау мәселесін шешу үшін уәкілетті орган ведомствосының және әкімшілік дереккөздің лауазымды адамдарының қатарынан жұмыс кездесуіне бастамашылық етеді.

      Егер де мәселенің шешілуі ұзақ қарауды қажет ететін болса, онда мерзімі тағы да отыз күнтізбелік күнге ұзартылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті төрағасының м.а. 17.05.2016 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Уәкілетті органның ведомствосы әкімшілік деректердің келісілген нысандарының негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган ведомствосының Интернет-ресурсында орналастырылатын әкімшілік дереккөздер бөлінісінде мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізілімінің (бұдан әрі – тізілім) құрылымы тұрақты негізде жүргізеді.

      Уәкілетті органның ведомствосы әкімшілік дереккөздерден жылына бір рет осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес, статистикалық қызметті қоспағанда стратегиялық, реттеуіш, іске асыру немесе бақылау функцияларын іске асыру процесінде қалыптастырылатын қолда бар және әзірленетін әкімшілік деректер туралы ақпаратты сұратады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті төрағасының м.а. 17.05.2016 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді өзектендіру үшін әкімшілік деректерді пайдалану мақсатында уәкілетті органның ведомствосы тізілім деректерінің, сондай-ақ қолда бар әкімшілік деректер туралы ақпараттың негізінде, өзінің қажеттіліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 104 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 13244 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Электрондық үкімет" шлюзінің, "электрондық үкіметтің" төлем шлюзінің ақпараттық жүйелермен интеграциясының қағидаларына сәйкес техникалық құжатты әзірлейді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті төрағасының м.а. 17.05.2016 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Уәкілетті органның ведомствосына әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін ұсыну Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6334 болып тіркелген, Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Алынған әкімшілік деректерді уәкілетті органның ведомствосы бекітілген статистикалық әдіснамаға сәйкес өңдейді және ресми статистикалық ақпарат түрінде ғана таратуға жатады.

      10. Әкімшілік деректер Заңның 8-бабының 4-тармағында келтірілген мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдарды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкін қоса алғанда, басқа жеке немесе заңды тұлғаларға берілмейді.

      11. Уәкілетті органның ведомствосы 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, мемлекеттік статистика саласындағы заңнамаға сәйкес тексерулерді және әкімшілік дереккөздерге қатысты бақылаудың өзге нысандарын жүргізу құқығымен мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

      Әкімшілік деректердің келісілмеген нысандарын, көрсеткіштерді есептеудің келісілмеген әдістемелерін, сондай-ақ әкімшілік дереккөздер ұсынған әкімшілік деректердің және әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігін анықтау мақсатында мемлекеттік бақылау жүргізіледі.

       Әкімшілік дереккөздердің
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде ұсыну қағидаларына
1-қосымша
Нысан

Әкімшілік деректердің нысандарына титулдық бетінің мазмұны

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті төрағасының м.а. 17.05.2016 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Әкімшілік деректердің нысаны мыналар көрсетілген титулдық беттен тұруы тиіс:

      нысан бекітілген бұйрықтың, (қаулының) күні мен нөмірі;

      нысан кімге ұсынылады;

      ақпаратты ұсыну кезеңділігі;

      ақпаратты ұсынатын адамдар тобы;

      нысан атауы;

      нысанның индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі);

      нысанды ұсыну мерзімі;

      есептік кезең;

      Нысанның үлгілік мекенжайлық бөлігі жауапты лауазымды адаммен қол қойылып, және қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда мөрмен бекітілуі (бар болған жағдайда) тиіс.


       Әкімшілік дереккөздердің
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде ұсыну қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізілімінің құрылымы

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті төрағасының м.а. 17.05.2016 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Әкімшілік деректер нысандарының атауы/Әкімшілік деректер нысандарының индексі

Әкімшілік деректер нысандары бекітілген/ әкімшілік деректер нысандарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген актінің атауы, күні және нөмірі

Әкімшілік деректер нысандарын келісу күні

Әкiмшiлiк деректер нысанын ұсынатын адамдар тобы/ Әкiмшiлiк деректер нысандары ұсынылатын орын


Әкiмшiлiк деректерді жинау кезеңділігі/ Әкiмшiлiк деректер нысандарын тапсыру мерзімі


Әкімшілік деректер нысанының күшін жою (тоқтату) күні


1

2

3

4

5

6

7

      Ескертпе:

      Уәкілетті орган ведомствосының тізілімді жүргізу жөніндегі түсіндірмесі:

      1-бағанда нөмір "№" ретімен толтырылады;

      2-бағанда Әкімшілік деректер нысандарының атауы/Әкімшілік деректер нысанының индексі көрсетіледі;

      3-бағанда Әкімшілік деректер нысаны бекітілген/Әкімшілік деректер нысанына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген актінің атауы, күні және нөмірі көрсетіледі;

      4-бағанда Әкімшілік деректер нысандарын келісу күні көрсетіледі;

      5-бағанда Әкiмшiлiк деректер нысанын ұсынатын адамдар тобы/Әкiмшiлiк деректер нысаны ұсынылатын орын көрсетіледі;

      6-бағанда әкiмшiлiк деректер нысандарын жинау кезеңділігі/Әкiмшiлiк деректер нысанын тапсыру мерзімі көрсетіледі;

      7-бағанда әкімшілік деректер нысанының күшін жою (тоқтату) күні көрсетіледі.

      Тізілім дегеніміз Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық, реттеуіш, іске асыру немесе бақылау функцияларын іске асыру үдерісінде әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді жинауын көздейтін, есептіліктің бірыңғай есепке алу жүйесін, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуді білдіреді.

      Тізілімге енгізуге мыналар жатады:

      мемлекеттік органдардың актілерімен бекітілген және Қазақстан Республикасының "Әділет" нормативтік құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген әкімшілік деректер нысандары бойынша деректер;

      мемлекеттік органдардың актілерімен бекітілген, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілген әкімшілік деректердің нысандары бойынша деректер;

      әкімшілік дереккөздердің "ерекше маңызды", "аса құпия", "құпия" деген белгілері бар әкімшілік деректері тізілімге енгізуге жатпайды.

      Тізілім ағымдағы өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ олардың қолданылуының жекелеген тоқтатылуларын тану арқылы өзекті жағдайда ұсталады.

      Тізілімді өзекті жағдайда ұстап тұру мақсатында уәкілетті органның ведомствосы әкімшілік дереккөздерден бұдан бұрын тізілімге енгізілген актілердің мәртебесі (өзгергені, толықтырылғаны немесе уақытша тоқтатылғаны, күші жойылғаны туралы) туралы ақпарат сұратады.

      Уәкілетті органның ведомствосы тиісті ақпаратты алған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде деректер мұрағатында ақпараттың жинақталуын ескере отырып, тізілімді өзектендіруді қамтамасыз етеді.

      Тізілімнің деректерін қолдану тізілім құрылымының белсенді 2-бағанының көмегімен жүзеге асырылады, оны басқан кезде әкімшілік деректер нысанының деректері PDF форматында автоматты түрде ашылады.

  Әкімшілік дереккөздердің
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде ұсыну қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Қолда бар және әзірленетін әкімшілік деректер туралы ақпарат

      Ескерту. Қағида 3-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитеті төрағасының м.а. 17.05.2016 № 89 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      __________________________________________________

      (Әкімшілік дереккөздің атауы)

Әкімшілік деректер атауы

Қалыптастыру кезеңділігі

Жинау нысаны (қағаз жеткізгіште, электрондық түрде)

Ақпараттық жүйенің болуы

Ұлттық жіктеуіштің коды және атауы

Ведомстволық жіктелімдердің коды және атауы

1

2

3

4

5

6

7

      Ескертпе:

      Осы кестені толтыру жөніндегі түсіндірмелер:

      1-бағанда нөмір № реті бойынша толтырылады.

      2-бағанда әкімшілік дереккөздердің статистикалық қызметті қоспағанда алатын (жинайтын) ақпараттарының қысқаша сипаттамасы толтырылады. Яғни, ведомстволық статистикалық байқаулар шеңберінде жинақталатын ақпараттар қосылмайды.

      3-бағанда әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді алуының (жинауының) кезеңділігі көрсетіледі (осы бағанда мынадай мәндерге жол беріледі – түсуіне қарай, – қажеттілігі бойынша, – күн сайын, – апта сайын, – ай сайын, – тоқсан сайын, – жарты жылда 1 рет, – жыл сайын);

      4-бағанда алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда, әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын ақпаратты алу (жинау) нысаны көрсетіледі.

      Мынадай мәндерге рұқсат етіледі:

      "электронды түрде" (егер әкімшілік деректерді жинау электронды түрде жүзеге асырылатын болса);

      "қағаз жеткізгіштерде" (егер әкімшілік деректерді жинау қағаз жеткізгіштерде жүзеге асырылатын болса);

      Егер ақпарат жинау қағаз жеткізгіштерде және электронды түрде де жүргізілген жағдайда, екі мәннің бір уақытта болуына рұқсат беріледі.

      5-бағанда әкімшілік деректерді алу (жинау) үшін ақпараттық жүйенің болуы көрсетіледі. "Иә" немесе "жоқ" деген мәндерге рұқсат етіледі;

      6-бағанда Жіктелім тізілімі (жіктелімдерді "КЛАСС" АЖ-да ретке келтіру мақсатында қалыптастырылған жіктелімдердің жүйелендірілген тізбесі) бойынша коды және әкімшілік деректерді алу (жинау) кезінде қолданылатын жіктеуіштердің атауы (техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген ұлттық жіктеуіштер көрсетіледі) атап көрсетіледі;

      7-бағанда Жіктелім тізілімі бойынша коды және әкімшілік деректерді алу (жинау) кезінде қолданылған жіктеуіштердің атауы көрсетіледі (әкімшілік дереккөздер әзірлеген және бекіткен ведомстволық жіктелімдер (министрліктер мен ведомстволардың белгілі саласында ресми статистикалық ақпаратты түзуде қолдану үшін белгіленген тәртіппен енгізілген жіктеуіш, номенклатура және анықтамалық) көрсетіледі).

      1. Жіктелім әдісі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 50 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10779 болып тіркелген, ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің үлгілік әдістемесіне сәйкес сатылы немесе фасеттік болуы тиіс;

      2. Ведомстволық жіктелімдерді кодтау кезінде кодтаудың мынадай түрлері қолданылуы қажет:

      1) тізбектілік;

      2) параллельдік;

      3) реттік;

      4) сериялық-реттік.

      3. Ведомстволық жіктелімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде ведомстволық жіктелімдер айқындамасының әр коды үшін келесі директивалар қолданылады:

      1) "К" – "Күші жойылған", айқындаманың күшін жою;

      2) "Е" – "Енгізу", жаңа айқындама енгізу;

      3) "Ө" – "Өзгерту", айқындама атауын өзгерту.

      4. Ведомстволық жіктелімнің әр элементі бойынша элементтің "басталған күні" және "аяқталған күні" көрсетіледі.

      5. Ведомстволық жіктелімдерді қайта қарастырғанда немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізгенде сәйкестендіру кестелерін (ауыспалы кілттерін) қоса беру қажет.

      6. Ведомстволық жіктелімдер және сәйкестендіру кестелері мемлекеттік және орыс тілдерінде EXCEL форматында беріледі.

      7. Ведомстволық жіктелімдердің күші жойылған жағдайда әкімшілік дереккөздер жіктелімнің күші жойылған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде уәкілетті органның ведомствосына жазбаша түрде хабарлауға міндетті.