Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 жылғы 14 шілдеде № 183 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 16 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6394 болып енгізілді

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2) тармақшасына, 16-бабының 3–тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Тіркелімдер және сыныптамалар департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның м.а.                             Ж. Жарқынбаев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Бәсекелестікті қорғау
      (Монополияға қарсы агенттік)
      агенттігінің төрағасының м.а.
      Б. Парсегов ______________
      2010 жылғы 16 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік хатшысы-
      Сыртқы істер министрi
      Қ. Саудабев ______________
      2010 жылғы 15 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы
      Т. Мұсабаев ______________
      2010 жылғы 15 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрi
      Ж. Досқалиев ______________
      2010 жылғы 15 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар министрі
      В. Божко ______________
      2010 жылғы 20 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Көлiк және коммуникация министрі
      Ә. Кұсайынов ______________
      2010 жылғы 15 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет министрі
      М. Құл-Мұхаммед ______________
      2010 жылғы 16 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Бiлiм және ғылым министрі
      Ж. Түймебаев _____________
      2010 жылғы 15 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Еңбек және халықты әлеуметтiк
      қорғау министрі
      Г. Әбдіқалықова ______________
      2010 жылғы 15 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Байланыс және Ақпарат министрі
      А. Жұмағалиев ______________
      2010 жылғы 16 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Жер ресурстарын басқару жөнiндегi
      агенттiгiнің төрағасы
      Ө. Өзібеков ______________
      2010 жылғы 16 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі
      агенттігінің төрағасы
      Қ. Нұрпейісов ______________
      2010 жылғы 19 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкi iстер министрi
      С. Баймағанбетов ______________
      2010 жылғы 30 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және жаңа технологиялар
      бірінші Вице-министрі
      А. Рау ______________
      2010 жылғы 17 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қоршаған ортаны қорғау министрі
      Н. Әшімов ______________
      2010 жылғы 17 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      А. Күрішбаев ______________
      2010 жылғы 16 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      Б. Жәмішев ______________
      2010 жылғы 19 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Туризм және спорт министрі
      Т. Досмұханбетов ______________
      2010 жылғы 19 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қорғаныс министрі
      Ә. Жақсыбеков ______________
      2010 жылғы 19 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Экономикалық даму және сауда министрі
      Ж. Айтжанова ______________
      2010 жылғы 19 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Табиғи монополияларды реттеу
      агенттігінің төрағасы
      Н. Алдабергенов ______________
      2010 жылғы 20 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық
      шаруашылығы істері жөніндегі
      агенттігінің төрағасы
      С. Нокин ______________
      2010 жылғы 17 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Бас прокуроры
      Қ. Мәми ______________
      2010 жылғы 27 шілде

Қазақстан Республикасы    
Статистика агенттігі төрағасының
2010 жылғы 14 шілдедегі   
№ 183 бұйрығымен       
бекітілген          

Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) тармақшасына және 16-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Ереже мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну тәртібін айқындайды.
      3. Әкімшілік деректер уәкілетті органмен және оның аумақтық органдарымен айрықша статистикалық мақсатта қолданылады.

2. Осы ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар

       4. Осы ережеде келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) әкімшілік деректер – алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда, әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын жеке немесе заңды тұлға жөніндегі жеке-дара сандық және (немесе) сапалық деректер және шаруашылық бойынша есепке алу деректері;
      2) әкімшілік дереккөздер – статистикалық қызметті қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес стратегиялық, реттеуіш, іске асыру немесе бақылау функцияларын іске асыру процесінде есепке алу деректерін немесе өзге де деректерді жинауды жүзеге асыратын орталық және жергілікті атқарушы органдар, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және өзге де мемлекеттік органдар;
      3) статистикалық тіркелім – статистикалық байқау объектісі бірліктерінің сандық және (немесе) сапалық сипаттамаларымен қоса жүйеге түсірілген тізбесі;
      4) ресми статистикалық ақпарат – статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын статистикалық ақпарат;
      5) Әр шаруашылық бойынша есепке алу – үй шаруашылықтары бойынша әкімшілік деректерді қалыптастыру процесі;
      6) статистикалық ақпарат – алғашқы статистикалық деректерді және (немесе) әкімшілік деректерді өңдеу процесінде алынып, біріктірілген деректер;
      7) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      8) үй шаруашылығы – бірге тұратын, өз табыстары мен мүлкін толықтай немесе ішінара біріктіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді бірлесіп тұтынатын бір немесе одна көп жеке тұлғалардан тұратын экономикалық субъект.

3. Қазақстан Республикасында әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді ұсыну тәртібі

      5. Әкімшілік дереккөздер уәкілетті органға статистикалық қызметті қоспағанда стратегиялық, реттеуші, өткізушілік немесе бақылау қызметтерін іске асыру барысында қалыптасатын өзінде бар әкімшілік деректер туралы ақпаратты ұсынады. Ақпаратты ұсыну нысаны осы ереженің қосымшасында келтірілген.
      6. 5 тармақта көрсетілген ақпараттың негізінде уәкілетті орган өз бетінше әкімшілік көздермен әкімшілік деректерді беру тізімі, мерзімі, нысаны, байланыс арнасы және беру тәсілі бар сұрау салу жібереді.
      7. Ақпаратты беру тәсілдері келесі тәсілдермен іске асырылады:
      1) электрондық алмасу:
      электронды байланыс арнасы арқылы;
      электронды тасымалдауышта.
      2) қағаз тасымалдағышта.
      8. Электронды тасымалдауышта беру тәсілі электронды байланыс болмаған жағдайда және курьерлік пошта көмегімен іске асырылады.
      9. Әкімшілік дереккөздер техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті орган әзірлеген мемлекеттік жіктеуіштерді қолданады.
      10. Әкімшілік дереккөздер әкімшілік деректерді статистикалық тіркелімдерді жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдардың (құжаттардың) талаптарын ескере отырып статистикалық тіркелімдер үшін, сондай-ақ статистикалық көрсеткіштерді әзірлеу үшін қалыптастырады.
      11. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректері негізінде уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелерімен, ауыл шаруашылығы статистикалық тіркелімі және тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімі деректерін көкейкесті ету жүзеге асырылады.
      12. Статистиканың аумақтық органдарына әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін ұсыну электрондық немесе қағаз тасығышта статистикалық есептілік нысандарын толтыру арқылы үй шаруашылығы бойынша ауыл шаруашылығы тіркелімін көкейкесті ету үшін ұсынуды кенттің, ауылдың (селоның), аулдық (селолық) округтің Әкімдері жүзеге асырады.
      13. Есепті тоқсаннан кейінгі келесі айдың 15-күніне дейін тоқсан сайын кенттің, ауылдың (селоның), аулдық (селолық) округтің Әкімдері тұрғын үй қорының статистиқалық тіркелімін көкейкесті ету үшін әр шаруашылық бойынша есепке алу ақпаратын ұсынады.

4. Әкімшілік деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету

      14. Алынған әкімшілік деректер бекітілген статистикалық әдіснамаға сәйкес уәкілетті органмен өңделеді және тек қана ресми статистикалық ақпарат түрінде жариялауға жатады.
      15. Әкімшілік деректер Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» заңының 8-бабы 4-тармағында келтірілген мәліметтерді қоспағанда мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкін қоса өзге заңды немесе жеке тұлғаларға беріле алмайды.

Әкімшілік дереккөздердің  
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде ұсыну ережесіне  
қосымша          

Нысан

Қолда бар және әзірленетін әкімшілік деректер туралы ақпарат
____________________________________________________________
(Мемлекеттік орган атауы)
 

Әкімшілік деректер атауы

Қалыптастыру кезеңділігі

Жинау нысаны (электронды түрде, қағазда)

Ақпараттық жүйенің бар болуы

Қолданылатын жіктеуіштер

1

2

3

4

5

6













      Осы кестені толтыру бойынша түсініктемелер.
      1) 2 бағанда әкімшілік дереккөздердің статистикалық қызметті қоспағанда алатын (жиналатын) ақпараттардың қысқаша сипаттамасы. Яғни ведомстволық статистикалық байқаулар шеңберінде жинақталатын ақпараттар қосылмайды.
      2) 3 бағанда әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді алу (жинаудың) кезеңділігі көрсетіледі (осы бағанда келесі мәндерге жол беріледі - түсу шамасы бойынша, - қажеттілік бойынша, - күн сайын, - апта сайын, - ай сайын, - тоқсан сайын, - жарты жылда 1 рет, - жыл сайын);
      3) 4 бағанда алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда әкімшілік дереккөздермен құрылған ақпаратты алу нысаны көрсетіледі.
      Келесі мәндер рұқсат етіледі:
      «электронды түрде» (егер әкімшілік деректер жинау электронды түрде іске асатын болса);
      «қағаз тасығышта» (егер әкімшілік деректер жинау қағаз тасымалдауышта жүзеге асырылатын болса);
      Егер ақпарат жинау қағаз тасығышта және электронды тасығышта да жүргізілетін болса, екіеуінің бір кезде болуына рұқсат беріледі.
      4) 5 бағанда әкімшілік деректер алу (жинау) үшін ақпараттық жүйенің бар болуы көрсетіледі. «Иә» немесе «жоқ» деген мағыналарға рұқсат етіледі;
      5) 6 бағанда әкімшілік деректер алу (жинау) кезінде қолданылған жіктеуіштер тізіледі (техникалық реттеу саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген мемлекеттік жіктеуіштер ғана көрсетіледі).