Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010 жылғы 14 шілдеде № 183 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 16 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6394 болып енгізілді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 24.11.2015 № 711 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 01.08.2022 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 24.11.2015 № 711 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Тіркелімдер және сыныптамалар департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төрағаның м.а. Ж. Жарқынбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Бәсекелестікті қорғау

      (Монополияға қарсы агенттік)

      агенттігінің төрағасының м.а.

      Б. Парсегов ______________

      2010 жылғы 16 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік хатшысы-

      Сыртқы істер министрi

      Қ. Саудабев ______________

      2010 жылғы 15 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы

      Т. Мұсабаев ______________

      2010 жылғы 15 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрi

      Ж. Досқалиев ______________

      2010 жылғы 15 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Төтенше жағдайлар министрі

      В. Божко ______________

      2010 жылғы 20 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Көлiк және коммуникация министрі

      Ә. Кұсайынов ______________

      2010 жылғы 15 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет министрі

      М. Құл-Мұхаммед ______________

      2010 жылғы 16 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Бiлiм және ғылым министрі

      Ж. Түймебаев _____________

      2010 жылғы 15 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтiк

      қорғау министрі

      Г. Әбдіқалықова ______________

      2010 жылғы 15 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Байланыс және Ақпарат министрі

      А. Жұмағалиев ______________

      2010 жылғы 16 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Жер ресурстарын басқару жөнiндегi

      агенттiгiнің төрағасы

      Ө. Өзібеков ______________

      2010 жылғы 16 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі

      агенттігінің төрағасы

      Қ. Нұрпейісов ______________

      2010 жылғы 19 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкi iстер министрi

      С. Баймағанбетов ______________

      2010 жылғы 30 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және жаңа технологиялар

      бірінші Вице-министрі

      А. Рау ______________

      2010 жылғы 17 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қоршаған ортаны қорғау министрі

      Н. Әшімов ______________

      2010 жылғы 17 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрі

      А. Күрішбаев ______________

      2010 жылғы 16 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      Б. Жәмішев ______________

      2010 жылғы 19 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрі

      Т. Досмұханбетов ______________

      2010 жылғы 19 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      Ә. Жақсыбеков ______________

      2010 жылғы 19 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Экономикалық даму және сауда министрі

      Ж. Айтжанова ______________

      2010 жылғы 19 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Табиғи монополияларды реттеу

      агенттігінің төрағасы

      Н. Алдабергенов ______________

      2010 жылғы 20 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық

      шаруашылығы істері жөніндегі

      агенттігінің төрағасы

      С. Нокин ______________

      2010 жылғы 17 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуроры

      Қ. Мәми ______________

      2010 жылғы 27 шілде

  Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі
төрағасының
міндетін атқарушының
2010 жылғы 14 шілдедегі
№ 183 бұйрығымен
бекітілді

Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 28.12.2018 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 16-бабы 3-тармағының 2), 3) тармақшаларына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 01.08.2022 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қағидалар әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну, әкімшілік дереккөздердің мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен (бұдан әрі - уәкілетті орган ведомствосы) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды (бұдан әрі - әкімшілік деректердің нысандары), сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемесін келісу рәсімін, әкімшілік деректерді мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) орналастыру рәсімін, сонымен қатар қолда бар және әзірленетін әкімшілік деректер туралы ақпаратты ұсыну тәртібін айқындайды.

      3. Әкімшілік деректерді уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық органдары тек статистикалық мақсаттарда пайдаланады.

      4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Заңда айқындалған мәндерде қолданылады.

2-тарау. Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді ұсыну тәртібі

      5. Статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді өзектілендіру үшін әкімшілік деректерді пайдалану мақсатында уәкілетті органның ведомствосы тізілім деректерінің, сондай-ақ қолда бар әкімшілік деректер туралы ақпараттың негізінде, өзінің қажеттіліктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес "электрондық үкіметтің" веб-порталында сервистер тізілімінде интеграциялық сервистің бар болуы шартымен ақпараттандыру объектілерінің интеграциясын бастайды.

      Ақпараттық жүйелерді интеграциялаусыз жүзеге асырылатын өзара іс-қимылдар бойынша бірлескен актілер әзірленеді, оған орталық (немесе уәкілетті органның ведомстволары) немесе жергілікті атқарушы органдардың басшылары (не олардың міндеттерін атқаратын тұлғалар) қол қояды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 01.08.2022 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Уәкілетті органның ведомствосына әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін ұсыну Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6334 болып тіркелген, Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Алынған әкімшілік деректерді уәкілетті органның ведомствосы бекітілген статистикалық әдіснамаға сәйкес өңдейді және таратуға ресми статистикалық ақпарат түрінде ғана жатады.

      8. Әкімшілік дереккөздер әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелерін уәкілетті органның ведомствосымен келісу бойынша бекітеді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 28.09.2022 № 31 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Әкімшілік деректердің нысандары мынадай құрылымнан тұрады:

      1) титулдық бет;

      2) негізгі бөлік;

      3) толтыру жөніндегі түсіндірме;

      4) қосымша (қажет болған жағдайда).

      Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік деректер нысандарының титулдық беті ресімделеді.

      Әкімшілік деректер нысанының негізгі бөлігін әкімшілік дереккөздер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді және әкімшілік деректерді жинау үшін көрсеткіштер мен (немесе) сұрақтар тізбесі және типтік мекенжай бөлігінен тұрады.

      Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме әзірленеді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 01.08.2022 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Әкімшілік дереккөздер сапалы көрсеткіштерді қамтитын әкімшілік деректер нысандары бойынша көрсеткіштерді есептеу әдістемесін уәкілетті органның ведомствосына Заңның 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мәтін түрінде ұсынады.

      Сапалы көрсеткіштер зерттелетін объектілердің маңызды ерекшеліктері мен қасиеттерін көрсетеді. Еңбек өнімділігі, өзіндік құн, рентабельділік, экономикалық шамалардың үлесі немесе өзгерістерінің қарқындары сапалы көрсеткіштердің мысалы болып табылады.

      Көрсеткіштерді есептеу әдістемесі мыналардан тұрады:

      1) көрсеткіштерді қалыптастыру кезеңділігі және мерзімдері;

      2) ақпарат көздері (нысандар, ақпараттық жүйелер, басқа көздер);

      3) көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдістерінің сипаттамасы;

      4) ұйғарынды ақпараттың орналасу орны.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 07.09.2020 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Уәкілетті органның ведомствосы әкімшілік деректердің нысандарын бекіту туралы нормативтік құқықтық актінің жобасын "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштерге сәйкестігі, әкімшілік деректер нысандарында көрсетілген көрсеткіштерге жалпымемлекеттік, ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарының көрсеткіштерімен салыстырмалы талдау жүргізу арқылы қайталанатын көрсеткіштердің болуы мәніне түскен күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

      Қайталанатын көрсеткіштер болған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы оларды әкімшілік деректердің нысандарынан немесе жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулардың нысандарынан алып тастау мәселесін шешу үшін уәкілетті орган ведомствосының және әкімшілік дереккөздің лауазымды адамдарының қатарынан жұмыс кездесуіне бастамашылық етеді. Мәселе ұзақ мерзімде қаралған кезде мерзім тағы да отыз жұмыс күнге ұзартылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 01.08.2022 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Бекітілген әкімшілік нысандар негізінде уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган ведомствосының Интернет-ресурсында орналастырылатын әкімшілік дереккөздер бөлінісінде тізілім құрылымын тұрақты негізде жүргізеді.

      13. Уәкілетті органның ведомствосы әкімшілік дереккөздерден жылына бір рет осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес, нысан бойынша статистикалық қызметті қоспағанда стратегиялық, реттеуіш, іске асыру немесе бақылау функцияларын іске асыру процесінде қалыптастырылатын қолда бар және әзірленетін әкімшілік деректер туралы ақпаратты сұратады.

      14. Әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну тәртібін бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтырады.

  Әкімшілік дереккөздердің
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде ұсыну қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      Әкімшілік деректер нысанының титулдық беті

  ____________________________
20 __ жылғы "__" ______ № ___
бұйрығына /қаулыға __қосымша
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 07.09.2020 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұсынылады:

      Әкімшілік деректердің нысаны интернет - ресурста орналастырылған:

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы:

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі):

      Кезеңділік:

      Есепті кезең:

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы:

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі

      ____________________________

      1Әкімшілік дереккөздер қажет болған жағдайда нысанды мемлекеттік және орыс тілдерінде жеке әзірлейді

  Әкімшілік дереккөздердің
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде ұсыну қағидаларына
2-қосымша
Нысан2

      Әкімшілік деректер нысанының негізгі бөлімі

      Основная часть формы административных данных

      Кестенің атауы

      Наименование таблицы

Жолдар коды (шифры) Код (шифр) строк


Бағандар атауы Наименование граф


А

1

2

3

4

5

6


Жолдардың атауы Наименование строк















Сандық, әріптік және графикалық деректер Числовые, буквенные и графические данные















      Ескертпе:

      Кестенің атауында кестенің негізі мазмұны қысқа және нақты көрсетіледі. Бағандардың атауында - кезең, классификация, жолдардың атауында - зерттелетін объектілер, жекелеген бірліктер, оң жақ бөлігінде зерттелетін объектілерді сипаттайтын көрсеткіштер көрсетіледі.

      Өлшем бірліктері егер зерттелетін объектілер кестесінің барлық көрсеткіштеріне қатысты болса, кестенің атауында, басқа жағдайларда бағандардың немесе жолдардың атауларында көрсетіледі. Кестенің жолдары кодтармен немесе шифрлармен белгіленеді. Кестенің деректерге арналған оң бөлігінің бағандары реттік нөмірлермен нөмірленеді. Зерттелетін бірліктер жолдардың коды немесе шифры орналасатын кестенің сол бөлігінің бағандары "А", "Б" әріптерімен және тағы сол сияқты белгіленеді.

      Примечание:

      В наименование таблицы кратко и точно отражается основное содержание таблицы. В наименовании граф указываются, период, классификации, наименовании строк - изучаемые объекты, отдельные единицы, в правой части - показатели, характеризующие изучаемые объекты.

      Единицы измерения указываются в наименовании таблицы, если относятся ко всем показателям таблицы изучаемых объектов, в других случаях - в наименованиях граф или строк. Строки таблицы обозначаются кодами или шифрами. Графы правой части таблицы, предназначенные для данных, нумеруются порядковыми номерами. Графы левой части таблицы, в которой находятся изучаемые объекты, код или шифр строк, обозначаются буквами "А", "Б" и так далее.

      Типтік мекенжай бөлігі

      Типовая адресная часть

      Атауы                                                Мекенжайы

      Наименование ______________________                  Адрес __________________________

      __________________________________                  ________________________________

      Телефоны

      Телефон ________________________________________________________________________

      Электрондық почта мекенжайы

      Адрес электронной почты _________________________________________________________

      Орындаушы

      Исполнитель __________________________________________ __________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)                  қолы, телефон

      фамилия, имя и отчество (при его наличии)                        подпись, телефон

      Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

      Руководитель или лицо, исполняющее его обязанности

      ________________________________________________ _______________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)                        қолы

      фамилия, имя и отчество (при его наличии)                              подпись

      Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

      Место для печати (за исключением лиц, являющихся субъектами

      частного предпринимательства)

      ____________________________

      2 Әкімшілік дереккөздер қажет болған жағдайда нысанды бөлек мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлейді. Әкімшілік дереккөздермен әзірленген әкімшілік деректер нысанының негізгі бөлімінің кестесі ұсынылған нұсқадан өзгеше болуы мүмкін.

  Әкімшілік дереккөздердің
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде ұсыну қағидаларына
3-қосымша
Нысан
________________________
________________________
201_ жылғы "_"________
№ __ бұйрығына/ қаулыға
қосымша

Әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме "Нысан атауы" (нысанның индексі және кезеңділігі)

      Әкімшілік деректер нысанында пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар

      Әдіснамалық түсіндірмелер

      Арифметикалық-логикалық бақылау (қажет болған жағдайда)

  Әкімшілік дереккөздердің
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде ұсыну қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік органдарда қалыптастырылатын есептіліктің бірыңғай тізілімінің құрылымы

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 07.09.2020 № 33 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Әкімшілік деректер нысанының атауы/Әкімшілік деректер нысанының индексі

Әкімшілік деректердің нысандары бекітілген/ әкімшілік деректердің нысандарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген құқықтық актінің атауы, күні және нөмірі

Әкімшілік деректердің нысандарын келісу күні

Әкімшілік деректер нысанын ұсынатын адамдар тобы/ Әкімшілік деректердің нысандары ұсынылатын орын

Әкімшілік деректерді жинау кезеңділігі/ Әкімшілік деректердің нысандарын тапсыру мерзімі

Әкімшілік деректер нысанының күші жойылған (тоқтатылған) күні

1

2

3

4

5

6

7

      Ескертпе:

      Уәкілетті орган ведомствосының тізілімді жүргізу жөніндегі түсіндірмесі:

      1-бағанда нөмір "№" ретімен толтырылады;

      2-бағанда әкімшілік деректер нысанының атауы/әкімшілік деректер нысанының индексі көрсетіледі;

      3-бағанда әкімшілік деректер нысандары бекітілген/әкімшілік деректер нысандарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген құқықтық актінің атауы, күні және нөмірі көрсетіледі;

      4-бағанда әкімшілік деректер нысандарын келісу күні көрсетіледі;

      5-бағанда әкімшілік деректер нысанын ұсынатын адамдар тобы/әкімшілік деректер нысандары ұсынылатын орын көрсетіледі;

      6-бағанда әкімшілік деректерді жинау кезеңділігі/әкімшілік деректер нысандарын тапсыру мерзімі көрсетіледі;

      7-бағанда әкімшілік деректер нысанының күші жойылған (тоқтатылған) күні көрсетіледі.

      Тізілім дегеніміз Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық, реттеуіш, іске асыру немесе бақылау функцияларын іске асыру процесінде әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерін жинауды көздейтін, есептіліктің бірыңғай есепке алу жүйесін, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуді білдіреді.

      Тізілімге енгізуге мыналар жатады:

      мемлекеттік органдардың құқықтық актілерімен бекітілген және оларды ресми жариялаған күннен бастап Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастырылған әкімшілік деректер нысандары бойынша деректер.

      мемлекеттік органдардың актілерімен бекітілген, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілген әкімшілік деректердің нысандары бойынша деректер.

      Әкімшілік дереккөздердің "Ерекше маңызды", "Аса құпия", "Құпия" деген белгілері бар әкімшілік деректері тізілімге енгізуге жатпайды.

      Тізілім ағымдағы өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ олардың қолданысының жекелеген тоқтатылуларын тану арқылы өзекті жағдайда ұсталады.

      Тізілімді өзекті жағдайда ұстап тұру мақсатында уәкілетті органның ведомствосы әкімшілік дереккөздерден бұдан бұрын тізілімге енгізілген актілердің мәртебесі (өзгергені, толықтырылғаны немесе уақытша тоқтатылғаны, күші жойылғаны туралы) туралы ақпарат сұратады.

      Уәкілетті органның ведомствосы тиісті ақпаратты алған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде деректер архивіндегі ақпараттың жинақталуын ескере отырып, тізілімді өзектілендіруді қамтамасыз етеді.

      Тізілімнің деректерін пайдалану PDF форматындағы әкімшілік деректердің келісілген нысандары орналастырылған әкімшілік дереккөздің белсенді сілтемесіне өту арқылы жүзеге асырылады.

  Әкімшілік дереккөздердің
әкімшілік деректерді өтеусіз
негізде ұсыну қағидаларына
5-қосымша

Нысан

Қолда бар және әзірленетін әкімшілік деректер туралы ақпарат ______________________________
(Әкімшілік дереккөздің атауы)

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 01.08.2022 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Әкімшілік деректер
атауы

Қалыптастырукезеңділігі

Жинау нысаны (қағаз жеткізгіште, электрондық түрде)

Ақпараттық
жүйенің болуы

Ұлттық жіктеуіш коды және атауы

Ведомстволық жіктелімнің коды және атауы

1

2

3

4

5

6

7

      Ескертпе:

      Осы кестені толтыру жөніндегі түсіндірмелер:

      1-бағанда нөмір "№" реті бойынша толтырылады.

      2-бағанда әкімшілік дереккөздердің статистикалық қызметті қоспағанда алатын (жинайтын) ақпаратының қысқаша сипаттамасы толтырылады. Яғни, ведомстволық статистикалық байқаулар шеңберінде жиналатын ақпарат қосылмайды.

      3-бағанда әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді алу (жинау) кезеңділігі көрсетіледі (осы бағанда мынадай мәндерге жол беріледі түсуіне қарай, қажеттілігі бойынша, күн сайын, апта сайын, ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет, - жыл сайын);

      4-бағанда алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда, әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын ақпаратты алу (жинау) нысаны көрсетіледі.

      Мынадай мәндерге жол беріледі:

      "электрондық түрде" (егер әкімшілік деректерді жинау электрондық түрде жүзеге асырылатын болса);

      "қағаз жеткізгіштерде" (егер әкімшілік деректерді жинау қағаз жеткізгіштерде жүзеге асырылатын болса);

      ақпаратты жинау қағаз жеткізгіштерде және электрондық түрде де жүргізілген жағдайда, екі мәннің бір уақытта бар болуына да жол беріледі.

      5-бағанда әкімшілік деректерді алуға (жинауға) арналған ақпараттық жүйенің бар-жоқтығы көрсетіледі. "Иә" немесе "жоқ" деген мәндерге рұқсат етіледі;

      6-бағанда Жіктелімдер тізілімі ("КЛАСС" ақпараттық жүйесінде ретке келтіру мақсатында қалыптастырылған жіктелімдердің жүйелендірілген тізбесі) бойынша коды және әкімшілік деректерді алу (жинау) кезінде пайдаланылатын жіктеуіштердің атауы ("Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 7) тармақшасында белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық жіктеуіштері көрсетіледі) атап көрсетіледі;

      7-бағанда Жіктелім тізілімі бойынша коды және әкімшілік деректерді алу (жинау) кезінде пайдаланылатын жіктелімдер атауы көрсетіледі (әкімшілік дереккөздер әзірлеген және бекіткен салалық (ведомстволық) жіктеуіштер (министрліктер мен ведомстволардың белгілі бір саласында ресми статистикалық ақпаратты түзуде қолдану үшін белгіленген тәртіппен енгізілген жіктеуіш, номенклатура, анықтамалық) көрсетіледі).

      Салалық ведомстволық жіктелімдерді әзірлеу, бекіту, қолдану және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 18 наурыздағы № 50 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10779 болып тіркелген) Ведомстволық жіктелімдерді жүргізудің үлгілік әдістемесінде (ВЖЖҮӘ) айқындалған.