Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысының және мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 392 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6387 болып енгізілді

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.03.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 226-бабының 5) тармақшасына, 227-бабының  5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес кедендік сарапшы қорытындысының нысаны;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысаны бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 18.03.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (Қ-К.Ж Кәрбозов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап пайда болған қатынастарда қолданылады.

      Министр                                    Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2010 жылғы 3 тамыздағы  
№ 392 бұйрығына     
1-қосымша        

Нысан

Кедендік сарапшының (сарапшының) қорытындысы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.03.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

_____________________________________________________________________
           (кедендік сараптаманы өткізетін ұйымның атауы)
_____________________________________________________________________
                            (өткізу орыны)
                 № _________ «____» __________20__ж.
Кедендік сараптаманы жүргізу үшін негіз _____________________________
_____________________________________________________________________
   (Кедендік сараптаманы тағайындау туралы мемлекеттік кірістер
                  органының шешімінің №, күні)
Кедендік сарапшылар (сарапшы) _______________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты бар болған жағдайда, лауазымы, біліктілігі)
 
Сарапшы біле тұра жалған қорытынды берген үшін «Әкімшілік құқық
бұзушылықтар туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы
Кодексінің 659-бабы және 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақастан
Республикасының Қылмыстық кодексінің 420-бабына сәйкес жауапкершілік
туралы ескертілді
_____________________________________________________________________
    (мекеменің мөрімен расталған кедендік сараптама жүргізген
             кедендік сарапшының (сарапшының) қолы)
Тауарды жөнелтуші: __________________________________________________
Тауарды алушы: ______________________________________________________
Тауардың атауы: _____________________________________________________
Кедендік сарапшының (сарапшы) алдына қойылған сұрақтар
_____________________________________________________________________
Ұсынылған құжаттар, материалдар, сынамалар мен үлгілер ______________
Зерттеу _____________________________________________________________
      (зерттеуде қолданылған әдістерді, пайдаланылған сынамалар мен
          жабдықтар, зерттеу нәтижелерінің мазмұны және бағасы)
Қорытындылар ________________________________________________________
Кедендік сарапшылар (сарапшы) ________________ _________________ М.О.
          (кедендік сараптама жүргізген ұйымның Т.А.Ә. бар болған
                            жағдайда, қолы)
мөрімен расталған
Басышысы
(жетекші) ___________________________________________________________
(кедендік сараптама жүргізген ұйымның мемлекеттік кірістер органының
            бөлімінің және Т.А.Ә. бар болған жағдайда, қолы)

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2010 жылғы 3 тамыздағы  
№ 392 бұйрығына     
2-қосымша        

Нысан

Кедендік сараптаманы тағайындау туралы
мемлекеттік кірістер органының
Шешімі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 18.03.2016 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

№ ______                                       «___» ________ 20___ж
Кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының атауы ___
_____________________________________________________________________
Кедендік сараптаманы жүргізу үшін негіз _____________________________
«Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30
маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 227-бабының 5-тармағына
сәйкес ШЕШЕЛДІ:
кедендік сараптама тағайындалсын ___________________________________;
                                   (бастапқы, қайта немесе қосымша)
жүргізу уәкілеттік берілсін _________________________________________
              (Т.А.Ә. (болған кезде) кедендік сарапшының (сарапшының)
немесе кедендік сараптама жүргізуге уәкілетті ұйымның
атауы)______________________________________________________________;
кедендік сарапшы біле тұра жалған қорытынды берген үшін «Әкімшілік
құқық бұзушылықтар туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан
Республикасы Кодексінің 659-бабы және 2014 жылғы 3 шілдедегі
Қазақастан Республикасының Қылмыстық кодексінің 420-бабына сәйкес
жауапкершілік туралы ескертілсін кедендік сараптаманы шешуге арналған
сұрақтарды қою:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тауардың атауы ______________________________________________________
Кедендік сарапшыға (сарапшыға) ұсынылған материалдар мен құжаттар
тізбесі
_____________________________________________________________________
                (тауарға ілеспе құжаттар)
Тауардың сынамалары мен үлгілері, олардың мөлшері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Кедендік сараптаманы тағайындаған мемлекеттік кірістер органының басшысы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы) (қолы) (тегі, аты-жөні бар
                         болған жағдайда)