Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 61-бабының 2-тармағына, 63-бабының 1-тармағына, 64-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлікті алуға арналған сауалнаманың нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес, уәкілетті экономикалық операторлар тізілімінің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес, уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлігінің нысаны.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті (Кәрбозов Қ-К.Ж.) заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 26 шілдедегі
№ 372 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлікті алуға арналған сауалнама
__________________________________________________________
Заңды тұлғаның атауы
__________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі
__________________________________________________________
Заңды мекен-жайы
1-Бөлім. Бизнесті ұйымдастыру
1.01 кіші бөлім. Ұйымдастыру сипаттамалары
1.01 |
Сұрақ |
стандарт |
жауап |
1. |
Заңды тұлғаның аты-жөнін (заңды тұлғалар үшін ұйымдастыру - құқықтық нысаны, атауы), ЖСН мен акцияның бақылау пакетін иеленуші құрылтайшылардың, акционерлердің, ірі акция ұстаушылардың (акциялардың үлесі 10% артық) мекен-жайын көрсетіңіз. |
Мәртебесі (бақылау пакетін иеленуші құрылтайшы, акционер; ірі акция ұстаушы (үлесі 10% артық) - ТАӘ (заңды тұлғалар үшін ұйымдастыру - құқықтық нысаны, атауы), ЖСН мен мекен-жайын |
|
2. |
Басшыларының, орынбасарларының (оның ішінде филиалдар мен өкілдіктер басшылары мен орынбасарларының) ТАӘ, ЖСН көрсетіңіз? |
Атқаратын лауазымы - ТАӘ - ЖСН - мекен-жайы. |
|
3. |
Заңды тұлғаның негізгі қызметінің түрін көрсетіңіз? |
Керегінің асты сызылсын |
А. өндіріс және тауар экспорты |
4. |
Көрсетіңіз: |
А. санды көрсеткішін |
А. |
5. |
А. Сіз сіздермен аффилиирленген кәсіпорындарға тауарлар мен қызмет көрсетулерді сату/сатып алуды жүзеге асырасыз? |
А. Керегінің асты сызылсын |
А. иә/жоқ* |
1.02-Бөлім. Кеден мәселелері жөніндегі заңды тұлғаның ішкі ұйымы
1.02 |
сұрақ |
стандарт |
жауап |
1 |
Заңды тұлғаның штатында қанша адам жұмыс жасайды? |
Санды көрсеткіш |
|
2 |
Кедендік мәселелерге жауапты заңды тұлғаның басшысының немесе орынбасарының Т.А.Ә. ЖСН-ін көрсетіңіз? |
Лауазымы - Т.А.Ә. - ЖСН |
|
3 |
Сізде кедендік мәселелерге жауапты тұлғаның басшысы немесе орынбасары жоқ болған жағдайда өзара ауыстырылудың бекітілген регламенті бар ма? |
Керегінің асты сызылсын |
Иә/жок* |
1.03-кіші бөлім. Сыртқы сауда операцияларының көлемі
1.03 |
Сұрақ |
стандарт |
жауап |
1 |
Әрбір соңғы екі жылдағы сіз импорттаған немесе экспорттаған тауарлардың саны мен құнын көрсетіңіз? |
Жылы - салмағы - құны |
|
2 |
Әрбір соңғы екі жылдағы сіз төлеген кедендік баждың, акциздік алымның және ҚҚС жалпы сомасы қандай? |
жылы - кедендік баждың, акциздік алымның және ҚҚС жалпы сомасы |
1.04-кіші бөлім. Кеден мәселелері бойынша ақпарат
1.04 |
сұрақ |
стандарт |
жауап |
1. |
Занды тұлғаның сыртқы сауда қызметін жүзеге асыруының басталған күнін көрсетіңіз? |
Бірінші кедендік декларацияның тіркелу күні (кк:аа:жж) - бірінші кедендік декларацияның нөмірі |
|
2 |
Сіз олармен сыртқы сауданы жүзеге асыратын шетелдік серіктестердің елдерін атаңыз? |
Ел - импорт (экспорт) |
|
3 |
Сіз қашан да болмасын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсатты (куәлік, тізілімге енгізу туралы шешім) алдыңыз ба? |
Керегінің асты сызылсын |
Иә/жоқ* |
4 |
Иә болса, онда сіз қандай рұқсатты (куәлік, тізілімге енгізу туралы шешім) алдыңыз? |
Рұқсат (куәлік, тізілімге енгізу туралы шешім) түрі - кеден ісі саласындағы уәкілетті органымен берілген күні, бұйрықтың нөмірі |
|
5 |
Сіз кедендік рәсімдер бойынша кедендік құнды түзетуді ресімдедіңіз бе? |
Керегінің асты сызылсын |
Иә/жоқ* |
6 |
Сіз кедендік транзит рәсімін пайдаланасыз ба? |
Керегінің асты сызылсын |
Иә/жоқ* |
2-Бөлім. Нормативтік талаптарды сақтауды есепке алу
1 |
Соңғы екі жылда кері қайтарылған кеден ісі саласындағы уәкілетті орган заңды тұлғаға ұсынған барлық рұқсаттарды (куәліктердің, тізілімге енгізу туралы шешімдердің) көрсетіңіз? |
Рұқсат түрі (куәлік, тізілімге енгізу туралы шешім) - мәртебесі (қанағаттандыры лды, кері қайтарылды, тоқтата тұрылды немесе бас тартылды) - себеп |
|
2 |
Сізге қатысты соңғы екі жылда кедендік тексеру жүргізілді ме, көрсетіңіз? |
Керегінің асты сызылсын |
Иә/жоқ* |
3 |
Иә болса, онда мұндай тексерулердің санын, түрін және өткізу мерзімін және олардың нәтижелерін көрсетіңіз? |
Саны - тексеру түрі - өткізу мерзімі - тексеру нәтижелері |
|
4 |
Заңды тұлғаның басшысы, құрылтайшылар, акциялардың бақылау пакеті бар акционерлер Қазақстан Республикасы Қылмыс кодексінің 209, 214, 250-баптарына сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке тартылды ма, көрсетіңіз? |
Керегінің асты сызылсын |
Иә/жоқ* |
5 |
Иә болса, онда олардың Т.А.Ә. ЖСН, заңды тұлғаның құрамындағы мәртебесін (басшы, құрылтайшы, акциялардың бақылау пакеті бар акционер) және ол тартылған бапты қылмыстық жауапкершілікке тартылған уақытымен көрсетіңіз? |
Т.А.Ә. - ЖСН - мәртебесі (басшы, ұйымдастырушы, акциялардың бақылау пакеті бар болған акционер) - ол тартылған бапты және қылмыстық жауапкершілікке тартылған уақыты |
|
6 |
Заңды тұлға «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 405, 410, 417, 421, 423, 424, 426 - 434, 438-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды ма, көрсетіңіз? |
Керегінің асты сызылсын |
Иә/жоқ* |
7 |
Иә болса «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің бабымен тартылған уақытын көрсетіңіз? |
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің бабы - тартылған уақыты |
3-Бөлім. Заңды тұлғаның логистика және бухгалтерлік есепке алу жүйесі
3.01-кіші бөлім. Логистика және есепке алу жүйесі
3.01 |
Сұрақ |
Стандарт |
жауап |
1 |
Сіз кедендік декларацияларды есепке алу мен бақылаудың, декларациялаудың автоматтандырылған жүйесін пайдаланасыз ба? |
Керегінің асты сызылсын |
Иә/жоқ* |
2 |
Сіздің декларациялаудың, бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің бағдарламалық өнімі кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнімге сәйкес келе ме? |
Керегінің асты сызылсын |
Иә/жоқ* |
3 |
Сізде тауарлар мен көлік құралдарының нақты санына құжаттар бойынша деректердің сәйкессіздіктерін анықтау үшін ішкі бақылау жүйесі бар ма? |
Керегінің асты сызылсын |
Иә/жоқ* |
4 |
Сіздің кәсіпорынында қандай бухгалтерлік және логистикалық бағдарламалық қосымшалар пайдаланылады? |
Бағдарламаның атауы |
|
5 |
Сізде бөгде адамдардың рұқсатсыз енуінен құжаттамаларды сақтау және компьютер жүйесін қорғау мақсатында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша технологиялық шаралар бар ма? |
Керегінің асты сызылсын |
Иә/жоқ* |
6 |
Сіз бөгде адамдардың рұқсатсыз енуінен құжаттамаларды сақтау және компьютер жүйесін қорғау мақсатында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қандай ақпараттық, технологиялық шараларды алдын ала қабылдадыңыз? |
Қабылданған шаралар |
3.02 - кіші бөлім. Кедендік өкілдерді пайдалану
3.02 |
Сұрақ |
Стандарт |
жауап |
1 |
Сіз кедендік өкілдердің қызмет көрсетулерін пайдаланасыз ба? |
Керегінің асты сызылсын |
Иә/жоқ* |
2 |
Иә болса, онда сіз қызмет көрсетулерін пайдаланатын кедеңдік өкілдердің атауын, ЖСН көрсетіңіз? |
Атауы, ұйымдастыру құқықтық нысаны - ЖСН |
4-Бөлім. Тауарларды уақытша сақтау орындары туралы ақпарат
4.01-кіші бөлім. Тауарлар мен көліктерді уақытша сақтау орындары туралы ақпарат
4.01 |
Сұрақ |
Стандарт |
жауап |
1 |
Сізде тауарларды сақтау үшін жайлар, ашық алаңдар және өзге аумақтар бар ма? |
Керегінің асты сызылсын |
Иә/жоқ* |
2 |
Иә болса, онда алаң қандай құқықта сізге тиесілі екенін (жеке меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жайды және (немесе) ашық алаңдарды жалға алу шарты) және қайда орналасқанын көрсетіңіз? |
Уақытша сақтау орны - қандай құқықта сізге тиесілі (жеке меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жайды және (немесе) ашық аландарды жалға алу шарты) - алаң - орналасқан жерінің дәл мекен-жайы |
|
3 |
4.01.2-тармағында көрсетілген жерлерде қажетті тиеу-түсіру және арнайы техника, сондай-ақ орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығы (газды арнайы қоймаға орналастырған жағдайда - тиісті есепке алу құралы) бар ма? |
Уақытша сақтау орны - бар екендігі туралы ақпарат |
|
4 |
4.01.2-тармағында көрсетілген орындардың, жалғасып жатқан тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, бетон немесе альфальт жабындысы бар ма, көрсетіңіз? |
Керегінің асты сызылсын |
Иә/жоқ* |
5 |
4.01.2-тармағында көрсетілген орындардың техникалық өңделген кіру жолдары, сондай-ақ тауарларды тексеріп қарау үшін орындары, электр жарығымен жарақтандырылған жабылған алаңдары бар ма? |
Уақытша сақтау орны - бар екендігі туралы ақпарат |
|
6 |
4.01.2-тармағында көрсетілген орындардың аумағы, жалғасып жатқан тиеу-түсіру алаңдарды (бір немесе бірнеше қойма жайлары мен алаңдар) қоса алғанда, бірыңғай және бөлінбес кешен болып табыла ма? |
Уақытша сақтау орны - бөлінбейтіндігі туралы ақпарат |
|
7 |
4.01.2-тармағында көрсетілген орындар бір почта мекен-жайы бойынша орналасқан ба және олардың бүкіл периметрі бойынша үздіксіз қоршаулары бар ма? |
Уақытша сақтау орны - почта мекен-жайы туралы ақпарат - үздіксіз қоршауы бар екендігі туралы ақпарат |
|
8 |
Сіз қызметіңізде әдетте көліктің қай түрін пайдаланасыз? |
Көлік түрі (автомобиль, темір жол, әуе жолы) |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 26 шілдедегі
№ 372 бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Уәкілетті экономикалық операторлар тізілімі
№ р/с |
Уәкілетті экономикалық операторды тізілімге енгізу туралы куәліктің нөмірі мен берілген күні |
Уәкілетті экономикалық оператордың атауы |
Уәкілетті экономикалық оператордың тұрған жерінің мекенжайы |
Уәкілетті экономикалық оператордың жеке сәйкестендіру нөмірі |
Уәкілетті экономикалық операторға куәлік беру туралы ҚР ҚМ КБК бұйрығының нөмірі және күні |
Уәкілетті экономикалық оператор тіркелген кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі |
Уәкілетті экономикалық оператордың тауарларын сақтауға арналған үй-жайдың тұрған орнының мекенжайы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
кестенің жалғасы
Уәкілетті экономикалық оператордың куәлігін тоқтата тұру туралы ҚР ҚМ КБК бұйрығының нөмірі |
Уәкілетті экономикалық оператор куәлігінің қолданылуын жаңғырту туралы ҚР ҚМ КБК бұйрығының нөмірі |
Уәкілетті экономикалық оператордың куәлігін кері қайтару туралы ҚР ҚМ КБК бұйрығының нөмірі |
Уәкілетті экономикалық оператордың құрылымдық бөлімшесінің атауы, ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны және тұрған орнының мекенжайы |
Уәкілетті экономикалық оператордың құрылымдық бөлімшесінің жеке сәйкестендіру нөмірі |
Уәкілетті экономикалық оператордың құрылымдық бөлімшесі белгілеген тауарларды сақтауға арналған үй-жайдың тұрған орнының мекенжайы |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 26 шілдедегі
№ 372 бұйрығына
3-қосымша
Нысан
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ
Уәкілеттік экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы
№ ____ КУӘЛІК
_____________________________________________________ берілді
Заңды тұлғаның атауы
__________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі
__________________________________________________________
Заңды мекен-жайы
Төраға _______________________________ Қ-К. Кәрбозов
ҚР ҚМ КБК
_______ жылғы № _____ бұйрығы М.О. Берілген күні 201_ ж.«__»______
Астана қ.