Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.05.02 № 229 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 276-15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінуі қосылған құн салығын төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындау ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күннен қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға таралады.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2010 жылғы 16 шілдедегі
№ 350 бұйрығымен
бекітілген
Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінуі қосылған құн салығын төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінуі қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесін орындау ережесі (бұдан әрі – Ереже) тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінуі ҚҚС төлеуден босатылатын тауарлар тізбесінде көзделмеген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына олар уақытша әкелу кезінде ҚҚС бойынша салық міндеттемесін орындау тәртібін реттейді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2011.02.25 № 101 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2. Құжаттарды тапсыру және тіркеу есебіне тұру
2. Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға (бұдан әрі – резидент емес) тауарларды олар уақытша әкелген кезде уақытша әкелінген тауарлардың орналасқан орны бойынша салық органына келу тәртібінде уақытша әкелінген тауарларды әкелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей:
1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті;
2) нотариалды куәландырылған құрылтай құжаттарының көшірмесін;
3) нотариалды куәландырылған мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оның ұқсас) көрсете отырып, резиденттік еліндегі мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттардың көшірмесін;
4) осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысанда уақытша әкелінген тауарлар, оның ішінде көлік құралдары туралы мәліметті (бұдан әрі – Мәліметтер);
5) тауарлардың, көлік құралдарының әкелінуін растайтын құжаттарды:
оның негізінде уақытша әкелу жүзеге асырылған шартты (ол болған кезде);
тауарға ілеспе құжаттарды табыс етеді.
Егер уақытша әкелінген тауарлар әр жерде болған жағдайда резидент емес барлық осындай уақытша әкелінген тауарлардан бойынша аталған құжаттарды бір уақытша әкелінген тауардың орналасқан орны бойынша салық органына тапсырады.
Салық органдары осы тармақта көрсетілген құжаттардың негізінде резидент емес осындай құжаттарды тапсырған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оған белгіленген нысанда тіркеу куәлігін бере отырып, резидент еместі салық төлеуші ретінде тіркеуді жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2011.02.25 № 101 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. Егер тіркеу куәлігін бергеннен кейін резидент емес кейінгі тауарларды уақытша әкелуді жүзеге асырған жағдайда, аталған резидент емес уақытша әкелінген тауардың орналасқан орны бойынша салық органына келу тәртібінде уақытша әкелінген тауарларды әкелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ереженің 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ ҚҚС төлеу туралы төлем құжатын табыс етеді.
4. Егер тауарларды уақытша әкелуді жүзеге асырған резидент емес тауарды уақытша әкелген күннен бастап он жұмыс күні өткенге дейін Салық кодексінің 562-бабы 4-тармағының негізінде салық төлеуші ретінде тіркелген жағдайда, аталған резидент емес уақытша әкелінген тауардың орналасқан орны бойынша салық органына келу тәртібінде уақытша әкелінген тауарларды әкелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей осы Ереженің 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ ҚҚС төлеу туралы құжат (төлем құжатын көшірмесі) табыс етеді.
5. Мәліметтер Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттердің аумақтарынан уақытша әкелінген тауарлар, көлік құралдары туралы ақпаратты көрсетуге арналған және оның негізінде ҚҚС есептелетін құжат болып табылады.
6. Мәліметтер қағаз және электрондық тасығыштарда табыс етіледі. Мәліметтер қағаз тасығышта қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады.
Бұл ретте электронды тасығыштағы Мәліметте көрсетілген ақпарат қағаз тасығыштағы Мәліметтегі ақпаратқа сәйкес келуі тиіс.
Қағаз тасығыштағы Мәлімет екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады.
Қағаз тасығыштағы Мәліметтерге салық төлеуші не оның уәкілетті өкілі қол қояды және салық төлеушінің не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда өз атауы жазылған мөрі бар оның уәкілетті өкілінің мөрімен куәландырылады (бар болған жағдайда).
Мәліметтіерді толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
7. Мәліметтерде сонымен қатар:
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі/жеке идентификациялық (бизнес идентификациялық) нөмірі (бұдан әрі – СТН/ЖСН/БСН).
«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жол 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Міндеттемені табыс ету кезінде міндетті түрде толтырылуы тиіс;
2) резидент емес заңды тұлғаның атауы;
3) уақытша әкелінген тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағындағы, оның ішінде Қазақстан Республикасының салық төлеушісі мен кеден одағына мүше басқа мемлекеттің салық төлеушісі (төлеушісі) арасында жасалған шартта (келісімшартта) көзделген орналасқан орны;
4) оның негізінде уақытша әкелінген тауарларды немесе көлік құралдарын әкелу жүзеге асырылған құжат, сондай-ақ оның нөмірі мен күні;
5) уақытша әкелінген тауарлардың, көлік құралдарының атауы;
6) уақытша әкелінген тауарлардың сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының коды;
7) тауарларды өлшеу бірлігі;
8) уақытша әкелінген тауарлардың, көлік құралдарының саны;
9) валюта коды, курс;
10) көліктік (көліктік ілеспе) құжаттар (сериясы және күні, нөмірі);
11) уақытша әкелу мерзімі (уақытша әкелінген тауарларды әкелу және әкету күні);
12) уақытша әкелу мақсаты мен жағдаяты;
13) уақытша әкелінген тауарлардың Салық кодексінің 276-8-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалған құны;
14) уақытша әкелінген тауарлар бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімдерде әкетілмеген жағдайда төленуге тиіс ҚҚС сомасы көрсетіледі;
15) салық салу базасы көрсетіледі.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2011.02.25 № 101 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3. ҚҚС төлеу
8. Тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар тауарларды, көлік құралдарды уақытша әкелген кезде импортталған тауарларға, көлік құралдарға ҚҚС аталған резидент емеске тіркеу куәлігін берген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей уақытша әкелінген тауардың орналасқан орны бойынша төленеді.
Бұл ретте резидент емес уақытша әкелінген тауардың орналасқан орны бойынша салық органына ҚҚС төленгені туралы төлем құжатын табыс етеді.
Тұрақты мекеме құрмай қызметін
жүзеге асыратын резидент емес заңды
тұлғалардың Қазақстан Республикасының
аумағына уақытша әкелінуі қосылған құн
салығын төлеуден босатылатын тауарлар
тізбесінде көзделмеген тауарларды
Қазақстан Республикасының аумағына
уақытша әкелу кезінде қосылған құн
салығы бойынша салық міндеттемесін
орындау ережесіне қосымша
нысан
Уақытша әкелінген тауарлар, оның ішінде көлік құралдары
туралы мәлімет
Нөмір Күні Айы Жылы
Беті
1 |
Тауарларды, оның ішінде көлік құралдарын уақытша әкелуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының салық төлеушісі СТН/(БСН|ЖСН) |
01 ______________________________________________________ |
02 ______________________________________________________ |
03 Шарттың (келісімшарттың) № ______ Шарттың (келісімшарттың) күні 20 ___ж. __________ сертификациялау № _______,_______ сертификациялау күні ____,____ |
№ р/с |
Тауардың атауы |
СЭҚ ТН коды |
Тауардың өлшем бірлігі |
Тауар саны |
Тауардың құны |
Валюта |
Көлік (тауарға ілеспе) құжат |
Әкелу күні |
Болжамды әкету күні |
||
Коды |
Бағамы |
Сериясы, нөмірі |
Күні |
||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
ЖИЫНЫ: |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
Х |
_______________________________/______/«__» ______ 20 __ жылғы М.О.
(салық төлеушінің атауы) (қолы) (күні)
___________________________________________/_________/
(нысанды қабылдаған қызметкердің аты-жөні) (қолы)
Нысанды қабылдау күні «_» ____ 20__ жылғы салық қызметі органның М.О.